Валюта болжамы: 16 наурыз – 20 наурыз

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
402,917

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
13.3.2020
395-410
ГК «ФИНАМ»
13.3.2020
381-389
SoftLink
13.3.2020
398-410
DAMU Capital Management
13.3.2020
395-410
Астана-Инвест
13.3.2020
405-417
Forex Club
13.3.2020
410-415
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,650

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
13.3.2020
5,30-5,85
ГК «ФИНАМ»
13.3.2020
5,5-5,7
SoftLink
13.3.2020
5,35-5,7
DAMU Capital Management
13.3.2020
5,45-5,75
Астана-Инвест
13.3.2020
5,3-5,7
Forex Club
13.3.2020
6-6,2
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
466,333

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
13.3.2020
430-460
ГК «ФИНАМ»
13.3.2020
430-441
SoftLink
13.3.2020
445-465
DAMU Capital Management
13.3.2020
545-565
Астана-Инвест
13.3.2020
445-465
Forex Club
13.3.2020
450-455
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
56,900

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
13.3.2020
56-59
ГК «ФИНАМ»
13.3.2020
54-56
SoftLink
13.3.2020
56,8-58,5
DAMU Capital Management
13.3.2020
55-55,5
Астана-Инвест
13.3.2020
56,5-57,5
Forex Club
13.3.2020
58-60

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (16 наурыз – 20 наурыз).

16 наурыз – 20 наурыз

 

10 наурыз – 13 наурыз 

 

 

Осы апта қазақстандық теңге үшін де, әлем экономикасы үшін ауыр болды. Инвесторлар ОПЕК+ ұйымы елдерінің келісімге келе алмауын бақылап отыр. Inbusiness.kz сайтында болжамдарымен бөліскен сарапшылардың айтуынша, келесі аптада мұнай бағасының құлдырауы теңге бағамына қатты әсер етпек. Шикізат құнына Сауд Арабиясының алдағы уақытта қабылдайтын шаралары мен ОПЕК+ ұйымының техникалық комитетінің кездесуі ықпал етеді. 

Сарапшылар бұл жолы әлемдік орталық банктердің экономиканы ынталандыру шаралары сияқты макроэкономикалық факторларды сөз етті. Сонымен қатар ҚР Ұлттық Банкінің пайыздық мөлшерлемені көтеруі мен оның алдағы уақытта жүргізетін интервенциясына да тоқталды. 

Жаңа коронавирус пандемиясы да ескерусіз қалмады. Ақ үй басшысы Дональд Трамптың еурпалықтардың АҚШ-қа келуін уақытша тоқтатуы, Қытайда коронавирус жұқтырғандар санының азаюы, осы вирустың Қазақстанға жетуі де талқыланды. Аналитиктердің басым бөлігі келесі аптада валюта нарығында құбылмалалық болады деген пікір білдірді. 

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

Анна Бодрова, «Альпари» бас аналитигі:

16 наурыз – 20 наурызBrent сұрыпты мұнайдың арзандауы шикізатқа тәуелді валюталарға кері әсерін тигізді. Олардың қатарында теңге де бар. Жаһандық капитал нарығында айтарлықтай түзетулер енгізіледі деуге негіз жоқ. 

Әлемдік экономикалар қазіргі жағдайда қол қусырып отырған жоқ. Федералды қор жүйесі мен Еуропаның орталық банкі бірқатар шара қабылдап жатыр. Қазақстан аптаның басында негізгі пайыздық мөлшерлемені көтеріп тастады. Ұлттық Банк қазір ішкі нарықта интервенция жүргізіп жатыр деген болжам бар, бірақ ресми түрде мұндай ақпарат жарияланбады. 

Келесі аптаға болжамым: доллар 395-410 теңге, еуро 430-460 теңге, рубль 5,30-5,85 теңге, юань 56-59 теңге болады деп ойлаймын.

 

 

 

Сергей Дроздов, «Финам» компаниялар тобының аналитигі:

16 наурыз – 20 наурызСауда қорытындысы бойынша, америкалық биржа алаңдары 1987 жылдан бергі ең төмен көрсеткіштерге ие болды. 

S&P 500 индексі 9,5 пайызға төмендеп, 2480,64 пунктте, Dow Jones индексі 9,99 пайызға, Nasdaq индексі 9,43 пайызға кеміді. АҚШ-тың 10-жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігі бір базистік пунктке көтеріліп, 0,88 пайыз болды. Германияның 10-жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігі бір базистік пунктке төмендеп, -0,75 пайыз болды. 

Уолл-Стриттегі көрсеткіштерге Ақ үйдің еуропалықтардың АҚШ-қа келуіне 30 күндік тыйым салуы кері әсерін берді. VIX құбылмалылық индексі 2008 жылдан бергі ең жоғары көрсеткішке жетті. Қазір инвесторлар әлемдік орталық банктерінің коронавирус салдарымен күресте тиісті шаралар қабылдауын күтіп отыр. 
Өткен сауда қорытындысы бойынша, мұнай бағасы 8,29 пайызға арзандап, бір баррелі 32,88 доллар деңгейінде қалды. Бүгінгі таңда Brent сұрыпты мұнайдың бір баррелі 31-39 доллар тұруы ықтимал, бірақ оның құны 25-27 долларға дейін күрт арзандап кетуі де мүмкін. 

Біздің болжам: келесі аптада АҚШ доллары 381-389 теңге, еуро 430-441 теңге, рубль 5,5-5,7 теңге, юань 54-56 теңге болады.

 

Дмитрий Лукашов, SoftLink аналитигі:

16 наурыз – 20 наурызОсы аптада Brent cұрыпты мұнай құны шамамен 20 пайызға түсіп кетті. Бұған түрткі болған Ресейдің ОПЕК+ келісімінен шығып кетуі. Қазір мұнай құны 35 долларға дейін сәл көтерілді. Бұл фактор шикізатқа тәуелді рубль және теңге сияқты валюталарға оң әсерін берері сөзсіз. Инвестициялық банктің болжамынша, сәуір айында мұнай қоры 6 млн баррельге артылып, әлемдік шикізат тұтыну деңгейі өзгеріссіз қалуы мүмкін.

Ресейдің Энергетика министрлігі қосымша өндіріс көлемі күніне 0,3-0,5 млн баррельді құрайтынын мәлімдеді. Сауд Арабиясы болса, мұнай сатылымын күніне 3 млн баррельге дейін өсіруі ықтимал. 

Қазақстандағы экономикалық жағдайға келер болсақ, үкімет коронавирус пандемиясы мен мұнай бағасы төмендеуінің кері әсерін айтуда. Осы орайда ЖІӨ өсімі, бюджеттік дефицит сияқты көрсеткіштер төмендеуі мүмкін.

Келесі аптада АҚШ доллары 398-410 теңге, еуро 445-465 теңге, рубль 5,35-5,7 теңге, юань 56,8-58,5 теңге болады.

 

Серік Қозыбаев, «Инвестиционный дом «Астана-Инвест» АҚ инвестициялық сараптама бөлімінің басшысы:

16 наурыз – 20 наурызКоронавирус әлем елдерінің басым бөлігіне таралып үлгерді. Жетекші елдердің орталық банктері пандемия салдарымен күресті бастап кетті. Олар экономиканы ынталандыруы мақсатында негізгі пайыздық мөлшерлемені төмендетіп жатыр. Әзірге бұл шаралардың әсері байқалмайды. Өйткені қор және мұнай нарықтары құлдырап жатыр. Қытайда вирусты жұқтырғандардың саны азайып жатыр, бірақ өзге елдердегі жағдай басқаша: науқастардың қатары артуда. Бұл өз кезегінде әлемдік экономикаға кері ықпалын тигізуде. 

Мұнай қазіргі бағамен саудаланады. Егер де оң факторлар пайда болмаса, сәуір айында шикізаттың нарықтағы ұсынымы өте жоғары болады. Сол кезде мұнай бағасы өзгеруі мүмкін.

Келесі аптаға болжамым: бір доллар 405-417 теңге, бір еуро 445-465 теңге, бір рубль 5,3-5,7 теңге, бір юань 56,5-57,5 теңге болады.

 

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:

16 наурыз – 20 наурызҚазақстандық қор биржасындағы сауда нәтижесі бойынша, теңгенің долларға қатысты бағамы 4 теңгеге арзандап, 398,6 теңге болды. 

Ал рубль (5,5 рубль)мен юаньға (57,21 юань) қатысты бағамдары айтарлықтай әлсірей қоймады. 

Коронавирус пандемиясының кесірінен әлемдік нарықтағы көрсеткіштер төмендеп кетті. Бұл фактор Қазақстанның ішкі нарығына да әсер етті. Әлемдік орталық банктердің шараларына қарамастан, қор нарығы мен мұнай бағасы құлдырап жатыр. ҚР Ұлттық банкі пайыздық мөлшерлемені 9,25 пайыздан 12 пайызға дейін көтерді. Дегенмен оның көмегі сезілмеді. Келесі аптада қазақстандық валюта нарығында құбылмалылық байқалуы мүмкін.

Келесі аптаға болжамым: бір доллар 410-415 теңге, бір еуро 450-455 теңге, бір рубль 6,-6,2 теңге, бір юань 58-60 теңге болады.

 

Бауыржан Ысқақов, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент:

16 наурыз – 20 наурызӘлемдік нарықтағы Brent сұрыпты мұнайдың бағасының құлдырауы, соңғы 30 жылда болмаған төменгі дәрежеге дейін жетуінің өзі біздегі ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағасының төмендеуіне алып келгені белгілі. Өткен аптада теңгенің максималды тарихи шегіне жеткенін көрдік, бірақ та бұл шегі деп айта алмаймыз.Өйткені доллардың қымбаттауына тек қана мұнайдың арзандауы емес, сонымен қатар әлемді жайлаған Қытайдан шыққан коронавирус эпидемиясының да ықпалы бар. Қытайдың, жалпы, әлемнің, соның ішінде Қазақстанның ішкі нарығындағы үлесі өте үлкен. Ал Қытайдың қазіргі уақытта экспортқа шығаратын кәсіпорындарының 70 пайызға жуығы карантинге жабылғандықтан, яғни Қытай Қазақстанның арзан тауарларға, азық-түліктерге деген сұранысын толыққанды қамтамасыз етпегендіктен еліміз осы сұранысты басқа да импорттармен толтырудың жолдарын қарастырады. Бұл қосымша шығынның өсуіне алып келеді. Алайда үкімет мұның салдарын біліп отыр.

Қазір ұлттық қордан ақша бөліну арқылы доллардың теңгеге шаққандағы бағасын 410-ға дейін шектеп қоюы мүмкін. Одан әрі қарай өсіру халықтың қалтасындағы қаражаттың инфляцияға ұшырауына алып келеді. Сол үшін билік ол дәрежені қазір еркін айналымдағы дәрежеге дейін, яғни 406-407 дейін көтерді ғой. Сол дәреженің мөлшерінде осылайша ұстап қалуға тырысады. 

Алдыңғы аптада теңгенің долларға шаққандағы бағамы 408-410 теңгеге дейін баруы мүмкін, ал бір еуро 444-450 теңге, бір рубль 5,21-5,59 теңге, юань 56-57 теңге болады.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу