Валюта болжамы: 16 шілде – 20 шілде

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

Atameken Business Channel теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (16 шілде - 20 шілде).

Сарапшылардың алдағы аптада қазақстандық ұлттық валютаның қандай болатыны жайлы болжамы көңіл көншітпейді. Аbctv.kz сауалнамасына қатысқан сарапшылар өздерінің болжамдарында, ең бірінші, тағы  сыртқы факторларға назар аударды. «Альпари» және «Астана-Инвест» инвестициялық үй» компанияларының сарапшылары дүйсенбіге жоспарланып отырған Владимир Путин мен Дональд Трамптың кездесуіне ерекше тоқталды. Ал олардың «ФИНАМ» және «Телетрейд Групп» компанияларындағы әріптестері АҚШ пен Қытай арасындағы сауда бойынша таластарына тағы да назар аударды. Сондай-ақ сарапшылар энергия тасымалдаушылар нарығындағы жағдайға тоқталды.

Сарапшылар басқа да әсер етуші сыртқа факторлар арасынан америкалық компаниялардың есеп беру маусымының басталатынын («ФИНАМ»), доллар индексінің өсуі мен Ресейдегі салықтық төлемді («Астана-Инвест» инвестиициялық үй» АҚ) атап көрсетті.

Ал ішкі факторларға келер болсақ, сарапшылар Ұлттық банктің пайыздық мөлшерлемені бұрынғы +/-1дәлізбен  9% деңгейінде қалдыруын атап кетті.

Сарапшылардың толық пікірі abctv.kz дайындаған кезекті сауалнамада жарияланған.

Наталья Мильчакова, «Альпари» департамені директорының орынбасары:

16  шілде – 20 шілде

Бүгінгі күннің басты тақырыбы 16 шілде күні өтетін Дональд Трамп пен Владимир Путиннің кездесуі.

Ұлттық банк 9 шілде күні өткен отырыста пайыздық мөлшерлемені +/-1 дәлізбен 9% деңгейінде қалдыруға шешім қабылдады. Мұндай шешімге инфляциялық болжам тәуекелінің өсуі, мұнай бағасының төмендеуі, дамушы нарықтардағы жағдайдың нашарлауы мен геосаяси қауіп себеп болды. Ұлттық банктің шешімі валюта нарығында қалыптасқан жағымсыз әсерді ретке келтіре алмады.

Теңгенің долларға шаққандағы бағамы бір доллар үшін 343-347 теңге, теңгенің рубльге қатысты бағамы бір рубль үшін 5,5-5,53 теңгеге дейін жетеді деген болжам ұсынып отырмыз.

Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:

16  шілде – 20 шілде

Қытайдың сауда текетіресі бойынша АҚШ-пен кезекті келіссөз жасауға дайындығы барысында америкалық биржа алаңдары бейсенбі күнгі сауда сессиясын өсіммен аяқтады.

S&P500 нарығының индексі 0,87%-ды қосып алып, сауданы 2798,29 көрсеткіш белгісінде жапты. Өндірістік Dow Jones индексі 0,91%-ға өскен, ал жоғары технологиялық NASDAQ болса 1,39%-ға артқан. 10 жылдық қазынашылық облигациялар табыстылығы бір базистік көрсеткішке 2,85%-ға дейін өсті.

Сауда соғысы қаупі нарықты әлі толқытып отыр, алайда Вашингтон тарапынан қытайлық тауарға қатысты жаңа тарифтерді іске асыру үшін шамамен сегіз апта бар, сондықтан инвесторлар тараптар ымыраға келеді деп үміттенеді. Тап қазіргі уақытта ойыншылар америкалық компаниялардың есептік маусымының басталуына дайындалуда. Сарапшылардың бағалауынша, бұл маңызды мәселе. Алайда S&P500 индексінің одан әрі өсуінің артында 20800 көрсеткіштердің қатты қақтығысуы тұр және теңіздің арғы жағындағы елдер динамикасының одан әрі қалай болатыны осыған байланысты.

Халықаралық энергетикалық агенттіктің 2018-2019 жылдары қара алтынға деген әлемдік сұранысы тәулігіне 1,4 млн баррельге дейін өсу мүмкін деген болжамының негізінде өткен сауда қорытындысы бойынша мұнай бағасы 0,51%-ға өсіп, 74,49 доллар шамасында болды.

Қазіргі таңда Brent маркалы мұнай бағасы 73 доллар шамасында болып отыр, ал жергілікті қолдаумен 75,45 доллар шамасына жетуі мүмкін.

Алдағы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,4-5,8 теңге, долларға қатысты бағамы 342-347 теңге және еуроға қатысты бағамы  401-407 теңге болады деп болжап отырмыз. 

Олег Богданов, «Телетрейд Групп» компаниясының бас сарапшысы:

16  шілде – 20 шілде

Экономикасы дамушы елдердің нарығындағы жалпы жағдай қазақстандық теңге үшін бұрынғыша қолайсыз болып қала бермек. АҚШ-тың 200 млрд-қа жаңа тарифтік жоспар қоюы Қытай экономикасының өсу қарқынына үлкен нұқсан келтіруі мүмкін. Ал бұл барлық өңірге және шикізат активтеріне әсер етеді. Сондықтан теңге алдағы уақытта да қысым көреді.  Бұған қоса, АҚШ-тағы қысқа мөлшерлемелер өсуін жалғастыруда, ал бұл жалпы беталысқа жағымсыз әсер қалыптастырады. Теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы төмендейді деп ойлаймын. Теңгенің доллармен арадағы бағамы 352 теңге, EUR/KZT жұбы 410 теңге болады, ал теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,2-5,55 теңге шамасына тұрақтайды.

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» Инвестициялық үй» компаниясының инвестициялық сараптама бөлімінің бастығы:

16  шілде – 20 шілде

Доллардың негізгі әлемдік алты валютаға қатысты индексі өсуді жалғастыруы мүмкін. Ал бұл ресейлік руьбльге жағымсыз әсер етеді. Мұның теңгеге де әсері болады. Бірақ та теңге мен рубльге мұнай бағасы мен Путин мен Трамп кездесуінің қорытындысы қолдау болуы мүмкін. Егер кездесу қорытындысы жақсы болса, тап қазіргі жағдайда Ресей үшін батыс елдері тарапынан санкция түріндегі қысым азайып, ресейлік активтерге инвестиция салуға деген қызқығушылық оянып, рубль нығаюы мүмкін.  

Алдағы уақытта Ресейде салық төлеу мерзімі басталады, бұл да рубльге аз уақыт болса да қолдау болады. Жалпы келесі аптада валюта бағамы күрт өсіп кетуі мүмкін дей алмаймын, нақтырақ айтсақ, рубль мен теңге.

Осының алдында айтқанымдай, биткоинның жылдам өсуіне сенетін инвесторлар саны азайып барады. Бұрынғыша, кәсіби емес, тәжірибесі жоқ инвесторларға криптовалюта сатуға кеңес бермеймін. Өйткен бұл нарық өте құбылмалы. Оның келешегін болжау қиын.

Алдағы аптада бір АҚШ доллары 61-64 рубль, бір доллар 340-345 теңге, ресейлік рубль 5,4-5,6 теңге, Brent маркалы мұнай бағасы 71-76 доллар, бір биткоин 6000-6800 доллар болады деп болжап отырмыз.    

Дмитрий Лукашов, IFC Markets компаниясының сарапшысы:

16  шілде – 20 шілде

Өткен аптада қазақстандық валютаның долларға қатысты бағамы шамалы нығайды. Бұған Ұлттық банктың мөлшерлемені 9% деңгейінде сақтауы көмек болды. Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев ақша-несие саясаты күшеюі мүмкін екенін жоққа шығармады.

Теңгенің ресейлік рубльге қатысты бағамы өткен аптада әлсіреуін жалғастырды. Бұл жоғары инфляциямен байланысты болуы мүмкін. Қазақстанда маусым айындағы инфляция деңгейі жылдық көрсеткіште 5,9% болған, ал Ресейде тек 2,3% ғана. Екі есе айырмашылық бар. Бұл ретте Ресейдің Орталық банкінің мөлшерлемесін Ұлттық банктің мөлшерлемесімен салыстыратын болсақ, үлкен айырмашылық жоқ, 7,25%.Теңге-рубль бағамының құбылмалығы болуы мүмкін екенін айтқым келеді.

Алдағы аптада құбылмалық шамасы бір рубль үшін 5,45-5,59 теңге, бір доллар үшін 340-345 теңгені құрауы мүмкін.

16  шілде – 20 шілде

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу