Валюта болжамы: 17 – 21 сәуір

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

Atameken Business Channel оқырмандарға алдағы аптадағы (17-21 сәуір) теңгенің долларға және рубльге қатысты апта сайынғы кезекті валюта болжамын ұсынады.

Сарапшылардың басым бөлігі алдағы апта тосын жайттарсыз тыныш өтеді деп болжайды және Сириядағы оқиғаларға байланысты әлсіреп бара жатқан долларға қатысты теңге біртіндеп нығая бастайды дейді. Теңге бағамына әсер ететін негізгі фактор мұнай бағасы болып қала бермек. Одан бөлек, келер аптада салық кезеңі басталады, бұл да валюталардың бағамына әсер етуі мүмкін. Шиеленіске геосаяси жағдайды ескерсек, рублдің ауытқуы байқалуы мүмкін. Толығырақ мәліметті abctv.kz. дайындаған сарапшылардан алынған кезекті сауалнамамыздан біле аласыздар.

Сергей Полыгалов, TeleTradeCentralAsia сараптамалық тобының басшысы:

17 – 21 сәуірӨткен апта доллар үшін де, рубль үшін де қиын болғанына қарамастан, теңгенің долларға (311,5-312,3) және ресей рубліне(5,45-5,55) қатысты ауытқу диапазоны тар болды.

Қазақстанның теңгесі өзіне ыңғайлы баға дәлізін қалыптастырып алды. ҚР ҰБ 2017 жылдың 10 сәуірінде өткен отырыста базалық пайыздық мөлшерлемені 11% деңгейінде қалдыру туралы шешім қабылдады. Ресей ОБ өкілдері Қазақстанның экономиклық жағдайын айтарлықтай тұрақты және пайыздық мөлшерлемені төмендету секілді шаралардың қолданылуын талап етпейді деп бағалап отыр.

РФ ОБ 24 наурызда өткен отырыста пайыздық мөлшерлемені 9,75%-ға төмендетті. Ресей мен Қазақстандағы мөлшерлеме айырмашылығы 1,25%-ды құрап, қазіргі Рубль/Теңге жұбының бағамын белгілеп отыр.

Алдағы апта теңге үшін айтарлықтай тыныш өтеді. Қазақстан валютасының бағамын түбегейлі өзгертетіндей қауырт жағдай байқалмайды. Бағамның белгіленуіне, негізінен, шикізат нарығы әсер етеді.

Келесі аптада мұнай бағасы бір барреліне 55,5-58 доллар шамасында болады, бұл қазіргі әлемдегі саяси және экономикалық ахуалға, сондай-ақ мұнай нарығындағы сұраныс пен ұсыныс айырмашылығына байланысты.

Осыған орай теңгенің АҚШ доллары мен ресейлік рубльге қатысты бағамы бұдан бұрын қалыптасқан диапазонда саудаланады деп ойлаймын. АҚШ доллары/теңге жұбы – американың бір долларына 311-313 теңге, рубль/теңге жұбы –  5,4-5,6 теңге.

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» Инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің бастығы:

17 – 21 сәуірКапиталдың дамушы нарықтардан кетуі жөніндегі күдігіміз жартылай ғана расталды.Шиеленіскен геосаяси жағдай инвесторлардың Ресей нарығынан кетуіне әкеп соқты, соңғы өткен сауда-саттықта федеральді қарыз облигацияларына деген сұраныстың төмендігі осыған дәлел. Дегенмен нарықта дүрбелең салатындай оқиға болған жоқ. Рубль өзін айтарлықтай сенімді ұстады, мұнай бағасының өсуі оған АҚШ-тың Сирияға шабуылына дейінгі деңгейіне оралуға мүмкіндік берді. Одан бөлек АҚШ мемлекеттік хатшысының Ресейге келуі де оң нәтиже берді, Трамп тым «күшті» долларға назар аударды, Ресейдің ірі экспорттаушылары валюта сатуды бастап, салық аптасына дайындықты бастап кетті. Осы факторлар ағымдағы аптада рубльге қолдау көрсетіп отырды. Ал алдағы аптада, геосаяси жағдай шиеленіспесе, салық кезеңінің басталуы мен мұнай бағасының өсуін ескере келе рубль одан әрі нығаюы мүмкін деп ойлаймыз. Салық аптасының басталуы мен мұнай нарығындағы жағымды жағдайға байланысты USD/KZT жұбы да нығаяды. USD/KZT жұбы бойынша диапазон – 308-312, RUB/KZT жұбы бойынша – 5,50-5,55.

Дархан Лұқпанов, «Цесна Капитал» АҚ сарапшысы:

17 – 21 сәуірБіздің болжамдарымызға сәйкес, теңгенің нығаю үрдісі жалғасын табады. Алайда соңғы апталарда теңгенің нығаюы біз күткеннен гөрі әлдеқайда баяу жүріп келеді. Шетел ойыншылары үшін ыңғайлы нарық инфрақұрылымының жоқтығын ескерсек, теңге бағамының мұнай бағасы мен рубльдің нығаюына қатысты төзімділігі түсінікті. Наурыз айының бірінші жартысындағы салық төлемдерінің кезеңі секілді әлдебір триггерлер жақын арада теңгенің нығаюына әсер етуі мүмкін.

Алдағы аптада теңгенің нығаюы жалғасады деген пікірімізден айнымаймыз. Келесі аптаға беретін болжамымыз USD/KZT жұбы бойынша - 307-310, RUB/KZT жұбы бойынша – 5,45-5,5.

Әли Сағындықов, «Еуразиялық Капитал» АҚ сарапшысы:

17 – 21 сәуірМұнай бағасының күрт өзгеруіне әсер ететін фактор жоқ болғандықтан, теңге мен рубль бірқалыпты нығаю үрдісін жалғасытарды деп топшылаймыз. Таяу Шығыстағы шиеленіскен геосаяси ахуалға байланысты, ресейлік валюта ауытқушылыққа бейім болады. Теңгенің долларға қатысты бағамы 309-312 шегінде болады деп ойлаймыз. Осыған сәйкес теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,42-5,62 шегінде болмақ.

 

 

 

Ерлан Қойшыбаев, Gerchik&Co компаниясының веб-серіктесі:

17 – 21 сәуірАҚШ президенті Дональд Трамптың АҚШ долларын әлсірету қажеттілігі туралы ауызша сөздері, сондай-ақ ҚР Ұлттық банкінің ұлттық валютаны тұрақтандыруға деген белсенді әрекеті теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбас бағамының 309-316 шегіне жылжуына септігін тигізеді. Ал рубльдің бағамына келсек, үлкен өзгерістердің орын алмауына қарай бағам сол бұрынғы 5,3-5,6 теңге деңгейінде сақталады.

 

 

Наталья Мильчакова, «Альпари» талдау департаменті директорының орынбасары:

17 – 21 сәуірТеңгенің долларға қатысты бағамы бойынша біздің болжамымыз бір долларға 310-312 теңге, ал теңгенің рубльге қатысты бағамы бір рубльге 5,47-5,5 теңге диапазонында болады. Мұнай әлі де бір барреліне 55-57 доллар шамасында саудаланып жатыр, бұл рубль мен теңге секілді мұнай валюталарына оң әсерін тигізуде.

АҚШ президенті Дональд Трамптың геосаясатқа қатысты мәлімдемесі және АҚШ ФРЖ атына деген сын-айыптаулары доллардың әлемдік валюталарға қатысты уақытша әлсіреуіне жол ашады. Бар әлемнің валюталық трейдерлері Трамптың ендігі экономикалық саясаты қандай болмақ екенін түсіне алмай отыр, сол себепті доллардың төмендеуіне ойнауды жөн көреді.

Қазақстан сәуір айының соңында жарияламақ болып отырған банк секторын қалпына келтіру бағдарламасы теңгенің нығаюына қосымша септігін тигізуі мүмкін.

Иван Капустянский, ForexOptimum сарапшысы:

17 – 21 сәуірUSD/KZT валюталық жұбы бойынша техникалық ахуал өзгерген жоқ. 310  теңге деңгейіне жету мақсаты өзекті болып қала бермек, осыған орай, жақын арада алдыңғысы 315 деңгейіне жылжыды, келесісі 320 көрсеткішінде тұр. Алдағы аптада бағаның белгіленуі қазіргі диапазонда сақталады деп ойлаймыз. Brent маркалы мұнай бағасы қаңтар айындағы деңгейіне келді, мұнда ол 2-4% серпінмен шоғырланады. Осындай жағдай МЭЕҰ+ елдерінің кезекті отырысы өтетін 2017 жылдың 25 мамырына дейін сақталуы мүмкін. Алайда қазіргі геосаяси жағдайды ескерсек, бұл факторды есепке алмасақ та болады. Егер Таяу Шығыста тағы да жанжал өрши түссе, мұнай күрт қымбаттауы мүмкін.

RUB/KZT валюталық жұбы бойынша 5,63 деңгейінде болады деген божамымызды өзгертпейміз. Ал ортамерзімді мақсат 5,67 көрсеткішіне жету болып табылады. Өткен аптада бұл мақсатқа жетуге геосаяси фактор кедергі келтірді. Ал қазіргі кезде жағдай тұрақталды және өсім жалғасуы мүмкін деп ойлаймыз.

Евгений Чекай, «АНАЛИТИКА Онлайн Қазақстан» компаниясының бас қаржылық сарапшысы:

17 – 21 сәуірӨткен апта валюта нарығы үшін жаңа оқиғаларға байланысты ауытқушылықпен есте қалды. Мысалға президентДональд Трамптың мәлімдемесінен кейін АҚШ доллары құлдырады.  Ол CNBC телеарнасына берген сұхбатында «адамдар маған сенгендіктен», доллар тым күшейіп барады деген болатын.

Доллар бұған дейінгі жеткен жетістіктерінің барлығын-дерлік жоғалтты, себебі АҚШ әрекеттері туралы жаңалықтан кейін табыс күрт төмендеп кетті. Өкінішке қарай, геосаяси тәуекелдер бірінші кезекте тұр, себебі АҚШ тарихтағы ең үлкен бомбаны Ауғанстандағы ДАИШ-қа (Ресейде тыйым салынған ұйым) лақтырды. Доналдь Трамп айбарын көрсетуде, бұл инвесторлардың күйгелектенуіне әкелуде. Менің болжамым бойынша, бағам бір долларға 312-314 теңгені құрайды.

Сирияда орын алған жағдайлардан кейін, әлемдегі геосаяси ахуал өрши түсті. Ресей Сирияда атысты тоқтату туралы меморандумнан шықты, тіпті Құрама Штаттарға «жауапты күш көрсетеміз» деп сес көрсетті. Осыдан соң Еуропа  қайтадан Ресейге қатысты санкцияларды кеңейту туралы сөз қозғай бастады. Жағдайдың одан әрі ушығуы доллар/рубль бағамының 56-дан 57-ге дейін және рубль/теңге бағамының 5,3-тен 5,5-ке дейін төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Бұдан бұрын шыққан МЭЕҰ есебі жағымды сипатқа ие болған еді, онда биылғы жылы мұнайға деген сұраныстың артатыны айтылған болатын, сондай-ақ жалпы әлемдік мұнай қорларының қысқаруы (АҚШ-тан басқа) баяндалған. Осылайша, жақын арада Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 54-56 долларды құрайды.

Богдан Зварич, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:

17 – 21 сәуірКелесі аптада доллардың теңгеге қатысты ауытқуына әсер ететін негізгі фактор қуат тасымалдаушылар нарығындағы жағдай болмақ. Таяу Шығыстағы шиеленіс және АҚШ мұнай қорының азаюы мұнай бағасының өсуіне жол ашады, бұл, өз кезегінде, теңгенің Америка валютасына қатысты нығаюына мүмкіндік береді. Нәтижесінде доллар 310 теңге көрсеткішінен де төмен түсуі мүмкін. Ал ресейлік рубльдің динамикасына келер болсақ, менің ойымша, ол 5,6 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін.

 

 

Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:

17 – 21 сәуірСенбі, 15 сәуір күні,  КХДР өз ядролық қаруын сынақтан өткізуі мүмкін. Осындай жағдай орын алса Солтүстік Кореяның атомдық инфрақұрылымына ракетамен соққы берем деп АҚШ-тың әскери-теңіз флоты Солтүстік Кореяның жағалауына жақындады. Шын мәнісінде не болады деп болжап айту қиын. Егер жанжал реттелмесе,мұнай бағасының белгіленуі өзгеруі мүмкін. Бұдан бұрын, наурыз айында, Оңтүстік Корея мұнай импортын 10,4%-ға арттырған болатын. Өзге көршілес елдер де солай істеген болар, бұл үрдіс сәуір айында да жалғасын табуы мүмкін. Жалпы, алдағы аптаға теңге-доллар бағамы бойынша болжалды диапазон – 306-316, теңге-рубль жұбы бойынша 5,42-5,62 құрайды.

17 – 21 сәуір

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу