Валюта болжамы: 18 маусым – 22 маусым

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

Atameken Business Channel теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (18 маусым – 22 маусым).

Аbctv.kz-тің дәстүрлі сауалнамасына қатысқан сарапшылардың пікірінше, валюта бағамының құрылуына әсер ететін басты фактордың бірі – Еуроодақ пен АҚШ-тың орталық банктерінің өткен аптада қабылдаған шешімі. «Альпари», «Телетрейд Групп» және IFC Markets компаниясының өкілдері валюта нарығы АҚШ-тың пайыздық мөлшерлемені 2%-ға дейін арттыруын күтіп отырғанын тілге тиек етсе, «ФИНАМ» және Wall Street Invest Partners сарапшылары еуропалық реттеушінің негізгі мөлшерлемені нөлге теңестіру туралы шешімін еске салды.  

Бұдан бөлек, сарапшылардың пікірінше, валюта бағамының құрылуына доллардың әлемдік валюталарға қатысты бағамының нығаюы және Еуропа орталық банкінің сандық жұмсарту мөлшерін азайту ниеті туралы мәлімдемелері әсер етпек. Сондай-ақ, энергия тасымалдаушылар нарығындағы жағдайды да естен шығаруға болмайды. ОПЕК елдері мен ұйымның одақтастары мұнай өндіруді бірте-бірте ұлғайтуға келісуі ықтимал екендігі де сарапшылар назарынан тыс қалмады («ФИНАМ», Wall Street Invest Partners, IFC Markets).

Сарапшылардың толық пікірін аbctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.

Наталья Мильчакова, «Альпари» компаниясының сараптамалық департамент директорының орынбасары:

18 маусым – 22 маусым

АҚШ-тағы базалық пайыздық мөлшерлеменің 0,25 пайыздық пунктке 2%-ға дейін көтерілуін нарық әлдеқашан күткен еді және бұл өзгеріс бағаларға да енгізілген болатын. Доллардың нығаюы барлық дамушы елдердің валюталарына соққы боп тиді. Онда да соққының күші әр елге әрқалай сезілді. Brent сұрыпты мұндайдың бағасы бір апта ішінде 1%-ға өсті. Бірақ, бағаның өсімін валюталардың бәрі елеген жоқ.

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев үкімет отырысында елдегі инфляция туралы баяндады. Оның айтуынша, мамыр айында Қазақстандағы тұтыну бағаларының жылдық инфляциясы 6,2%-ға дейін баяулаған. Жыл қорытындысы бойынша тұтыну бағаларының инфляциясы 5-7% деңгейінде болады деп күтілуде. Алайда, мұндай оптимистік мәлімдеме теңге бағамына әсер ете қойған жоқ.

Келер аптада теңгенің долларға қатысты бағамы бір доллар үшін 332-337 теңге, ал рубльге шаққандағы бағамы бір рубль үшін 5,34-5,35 теңге деңгейінде болады деп болжам жасап отырмыз.

Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:

18 маусым – 22 маусым

Бейсенбі күні Американың қор биржалары сауда сессиясын Еуропа орталық банкінің шешімінен соң күтілгендей емес, әр түрлі бағытта бірқалыпты аяқтады.

S&P500 нарығының индексі 0,25%-ға көбейіп, 2782,49 пункт деңгейінде жабылды. Dow Jones өндірістік индексі 0,1% жоғалтты. Ал жоғары технологиялық NASDAQ индексі 0,85%-ға ұлғайды. 10 жылдық қазынашылық облигациялар үш базистік көрсеткішке 2,93%-ға дейін төмендеді.

Әлемдік екі ірі орталық банк жақсы және жаман кейіптегі полицейлер секілді инвесторлармен «ойнап» отыр. Сәрсенбі күні АҚШ-тың федералды қор жүйесі пайыздық мөлшерлемені ұлғайтты. Жыл соңына дейін тағы да екі мәрте арттыратынын мәлімдеді. Ал бейсенбі күні еуропалық реттеуші негізгі мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды және ойыншылардың болжамына сәйкес, 30 млрд еуро көлеміндегі активтерді сатып алу мерзімін осы жылдың қыркүйек айының соңына дейін ұзартты. 2018 жылдың қазанынан желтоқсан айының соңына дейін ай сайынға көлем 15 млрд еуроның құрайтын болады. Осылайша, жыл соңына дейін бағдарламаның сатып алуы көрсеткіші 135 млрд еуроға тең болмақ. Бұл ретте, баспасөз мәслихатында еуропалық реттушінің басшысы Марио Драги активтерді сатып алу бағдарламасы жойылмайтынын және Еуропа орталық банкінің монетарлы саясатының бірден-бір құралы ретінде қалатынын мәлімдеді. Ол төтенше жағдайлар кезінде қолданылатын болады.  

Өткен сауда сессиясының қорытындысы бойынша мұнай бағалары Сауд Арабияның энергетика министрі Халид әл-Фалихтің ОПЕК-тің алдағы саммитінде және келесі аптада өткізілетін одақтастар отырысында мұнай өндірісін біртіндеп ұлғайту туралы шешім қабылдануының сөзсіз екендігі туралы мәлімдемесі жағдайында 0,82%-ға төмендеп, 75,90 доллар деңгейінде жабылды.

«Қара алтын» нарығының динамикасына сүйенсек, аталған шешімді қабылдау ешкімді де қорқыта алмайды. Писсимистік тұрғыдан алған күннің өзінде ОПЕК+ кездесуінің қорытындысынан соң Brent бағасы 70-71 доллар деңгейінде төмендейтінін көруіміз мүмкін. Ал бұдан кейін мұнай бағалары жазғы уақытта 71-80 доллар деңгейінде қала бермек.    

Келесі аптаға арналған болжам мынадай: бір рубль 5,2-5,5 теңге, доллар 332-335 теңге, еуро 395-398 теңге.

Ілияс  Басшығұл,  Wall Street Invest Partners шеф-сарапшысы:

18 маусым – 22 маусым

Алдын ала күтілгендей АҚШ-тың федералды қор жүйесі пайыздық мөлшерлемені 2%-ға арттырды. Шенеуніктердің сөзінше, АҚШ-тың экономикалық жағдайы орташа қарқынмен жақсарып келеді. Жұмыссыздық деңгейі 3,6%-ды құрап отыр. Бұл еңбек нарығындағы жақсы көрсеткіш. Инфляция мақсатты дәлізге жақын маңда қалыптасып отыр. Сондай-ақ, федералды қор жүйесі 2018 жылдың соңына дейін мөлшерлемені кем дегенде екі рет, ал 2013 жылы үш рет арттыруы мүмкін екенін аңғартты.

Ал Еуропа орталық банкі өзінің мөлшерлемесін өзгеріссіз, яғни 0% деңгейінде қалдырды. Алайда сандық жұмсарту көлемін (QE) 2018 жылдың қазан айынан бастап жыл соңына дейін 15 млрд еуроға дейін қысқартуға ниетті екенін байқатты. Еуроның 1%-дан астам деңгейдегі қарқынды әлсіреуі түріндегі нарықтың бастапқы реакциясы еуроға 1,16 доллар деңгейімен түзетілді.

Мұнай бағасы да тұрақты болмай, Brent сұрыпты мұнайдың бағасы барреліне 75 долларға дейін төмендеді. Бұған Қытайдағы өңдеу деңгейінің төмендеуі, АҚШ-тың мұнай өндіру бойынша рекордтық деңгейге – тәулігіне 10,9 млн баррельге жетуі, сондай-ақ, мұнай өндіру көлемін біртіндеп қалпына келтіруге қатысты ОПЕК қатысушыларының әртүрлі пікірде болуы әсер етті. Нарықтағы тепе-теңдік ОПЕК-тің 22 маусымда Венада өтетін отырысына дейін сақталуы әбден мүмкін. Онда ОПЕК Ресеймен бірлесіп мұнай өндіру көлемін қықсарту туралы қазіргі келісімді қайта қарамақ.

Алдағы аптада федералды қор жүйесі мен Еуропа орталық банкінің шенеуніктері ақша-несие және елдердің экономикалық жағдайына қатысты мәлімдемелер жасайды деп күтілуде. Алайда, Еуропа орталық банкінің 14 маусымдағы отырысынан соң жарияланған саясатқа қатысты қандай да бір түбегейлі өзгерістер күту қиындау. Англия банкі пайыздық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдамақ. Алайда 0,50%-ды құрап отырған қазіргі деңгейге өзгеріс енуі екіталай.

Доллардың одан әрі нығая түсуі теңгенің бағамына айтарлықтай қысым көрсетпек. Онда теңгенің долларға қатысты бағамы жаңа – 340-342 деңгейіне жетуі әбден мүмкін. Алдағы аптада теңгенің америкалық валютаға қатысты бағамы 338-341 деңгейінде қалыптасады деген ойдамыз. Ал теңгенің Ресей валютасына қатысты бағамы футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатына байланысты шамалы әлсіреуі мүмкін. Болжам – 1 рубль – 5,32-5,5 теңге.  

Олег Богданов, «Телетрейд Групп» компаниясының бас сарапшысы:

18 маусым – 22 маусым

Қазіргі жағдай дамушы елдердің валюталары үшін қолайсыз болып отыр. Федералды қор жүйесінің мөлшерлемені арттыруы және америкалық орталық банктің қатаң пікірлері дамушы елдердің нарығына қысым боп тиюде. Нақтырақ айтсақ, бразилия реалының, түріктің лирасының және тағы да басқа валюталардың төмендеуі жалғасуда. Бұл тенденция қазақстандық теңгеге де қатысты. Соңғы аптада теңге долларға қатысты бағамының 3%-ын жоғалтып алды. Төмендеу қарқыны көп жағдайда Қазақстанның Ұлттық банкінің әрекетіне байланысты болмақ. Әзірше қаржылық реттеуші инвесторлар үшін тәуекелдерді арттыратындай операцияларды қабылдаған жоқ. Алайда, жақын уақытта USD/KZT жұбы 343 деңгейіне жетеді деп болжам жасауға болады. Тіпті, бағам 350-352 деңгейіне дейін баруы да ықтимал. Ал теңгенің еуроға шаққандағы бағамы 408 деңгейіне дейін құламақ. Теңге мен рубль жұбы 5,2-5,5 деңгейінде қала бермек.

Дмитрий Лукашов, IFC Markets компаниясының сарапшысы:

18 маусым – 22 маусым

Өткен аптада қазақстандық валютаның АҚШ долларына қатысты бағамы айтарлықтай әлсіреді. Бұған федералды қор жүйесінің пайыздық мөлшерлемені 1,75%-дан 2%-ға дейін арттыруы әсер етті. Бірқатар экономистердің пікірінше, америкалық реттеуші алдағы уақытта мөлшерлемені тағы да 1%-ға арттыруы мүмкін. Сондай-ақ, теңгеге кері әсер еткен фактордың бірі – мұнай бағасының төмендеуі. 22 маусымда өтетін ОПЕК-тің кезекті отырысының алдында әлемдік мұнай бағалары төмендей бастады. Нарықтың қатысушылары мұнай өндіру көлемі 1 шілдеден бастап артуы мүмкін екенін де жоққа шығарып отырған жоқ. Теңгенің ресейлік рубльге қатысты бағамы да төмендеді. Бірақ, доллармен салыстырғанда әлдеқайда аз. Теңге бағамына жақсы макроэкономикалық көрсеткіштер қолдау болып отыр. 2018 жылдың қаңтар-мамырында Қазақстандағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,4%-ға ұлғайды. Мұнай өндірісі 6,4%-ға, табиғи газ 6,5%-ға көбейді. Жалпы ішкі өнімнің өсімі 3,9%-ды құрады.    

Келер аптадағы бағамның құбылмалығы жайлы айтар болсақ, рубль 5,34-5,45 теңге, доллар 331-338 теңге болуы мүмкін.

18 маусым – 22 маусым

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу