Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
16.3.2019 |
377-379 |
ГК «ФИНАМ»
16.3.2019 |
375-380 |
Астана-Инвест
16.3.2019 |
375-380 |
IFC Markets
16.3.2019 |
375-382 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
16.3.2019 |
5,75-5,82 |
ГК «ФИНАМ»
16.3.2019 |
5,5-5,8 |
Астана-Инвест
16.3.2019 |
5,5-5,75 |
IFC Markets
16.3.2019 |
5,68-5,86 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
16.3.2019 |
425,80-427,00 |
ГК «ФИНАМ»
16.3.2019 |
425-429 |
Астана-Инвест
16.3.2019 |
415-430 |
IFC Markets
16.3.2019 |
424-433 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
16.3.2019 |
|
ГК «ФИНАМ»
16.3.2019 |
|
Астана-Инвест
16.3.2019 |
|
IFC Markets
16.3.2019 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (18 наурыз – 22 наурыз).
Inbusiness.kz сауалнамасына қатысқан сарапшылардың пікірінше, теңге үшін сыртқы факторлар тағы шешуші рөл атқарады. Сарапшылар әдеттегідей энергия тасымалдаушылар нарығындағы жағдайға, оның ішінде Венесуэладағы мұнай өндірісінің қысқарғаны және АҚШ мұнай қорының мәліметтеріне тоқталды («Альпари»). Сондай-ақ ОПЕК-тің ай сайынғы баяндамасының ойдағыдай болғанын («ФИНАМ») атап өтті.
Басқа факторлар ішінен сарапшылар Қытайдың өнеркәсіптік өнідірісіне қатысты есебінің көңілден шықпағанын («Альпари»), Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда келісіміне қол қою мерзімінің ауысқанын («ФИНАМ»), сондай-ақ АҚШ ФРЖ басшысының алдағы баяндамасына, Қазақстан халқының долларға деген сұранысына («Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ) және рубльдің нығаюына (IFC Markets, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ) тоқталды.
Сарапшылардың толық пікірін Inbusiness.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.
Анна Бодрова, «Альпари» компаниясының аға сарапшысы:
Теңге шикізат бағасының өзгеруінен қысым көріп отыр. Көп жағдайда Қазақстан теңгесіне айрықша әсер ететін мұнай бағасы наурыз айының екінші аптасында біршама құбылмалы болды. Басында нарыққа қатысушылар Венесэула тарапынан болған жаңалықтардан қолдау алды. Содан кейін нарық АҚШ-тағы қара алтын қоры бойынша мәліметтер жарияланған соң шамалы еңсе тіктеді. Brent сұрыпты мұнай бағасы 2018 жылдың 16 қарашасынан бері біршама көтерілді. Дегенмен, инвесторлар сатып алуды тоқтатты. Содан кейін баға да нығайды.
Теңге шикізат бағасының реттелуі мен әлемдік инвесторлардың дамушы елдердің валютасына қатысты ұстамды позицияға көшуінен қысым астында қалды. Қытайдың өнеркәсіптік өндіріс бойынша есебі әлсіз болғаннан кейін, дамушы елдірдің валютасына деген сұраныс төмендеді. Өйткені нарық Қытай экономикасының одан әрі әлсіреу қаупінен секем алып қалды.
Алдағы аптада валюталар құбылмалығы бойынша болжам: АҚШ доллары 377-379 теңге, еуро 425,80-427,00 теңге, рубль 5,75-5,82 теңге.
Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:
Өткен сауда қорытындысы бойынша Америка биржа индикаторлары әртүрлі деңгейде жабылды. Оған Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда келісімдеріне қол қою мерзімінің ауысуы себеп болды.
Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап берілген мағлұматқа сүйенсек, ҚХР төрағасы мен АҚШ президенті сауда мәселесіне қатысты келісімге сәуірде қол қоюы мүмкін.
S&P 500 индексінің фьючерсі 0,9%-ға төмендеді де, сауданы 2808,48 көрсеткішімен жапты. Өндірістік Dow Jones индексі 0,03%-ды қосып алды, ал жоғары технологиялық NASDAQ болса 0,16%-ға түсті. 10 жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігі бір базистік көрсеткішке 2,63%-ға дейін түсті. Дамушы нарықтардың MSCI индексі 0,3%-ға төмендеді.
Жұма күні инвесторлар реттеушінің алдағы ақша-несие саясатына қатысты жоспарын мәлім еткен Жапония банк төрағасы Харухико Куроданың сөзіне құлақ салды. 20 наурыз күні тап осы мәселе бойынша АҚШ ФРЖ басшысы Джером Пауэлл мәлімдеме жасайды.
Сәрсенбі күні S&P 500 индексі өзінің төрт айлық максимумына қол жеткізіп, бечмарктің 2800 көрсеткіш деңгейінде бекуі бұл индекстің 2850-2900 көрсеткішке өсетінін байқатты.
Өткен сауда қорытындысы бойынша мұнай котировкасы 0,64%-ға төмендеп, сауданы 67,21 доллар шамасында жапты.
Бейсенбі күні жарияланған ОПЕК-тің ай сайынғы баяндамасы нарықтарға жағымды әсер етті. Онда картель құрамына кіретін елдер ақпанда мұнай өндіруді тәулігіне 221 мың баррельге төмендеткені, алайда ойыншылар 68 доллар деңгейінен аса алмай, үзіліс алғаны айтылған.
Алдағы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,5-5,8 теңге, долларға қатысты бағамы 375-380 теңге және еуроға қатысты бағамы 425-429 теңге болады деп болжап отырмыз.
Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ-ның инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:
Соңғы күндері теңгеге қарағанда долларға қатысты бағамы біршама нығайған рубльдің жағдайы жақсы. Рубль мұнай бағасының көтерілуі нәтижесінде нығаюда және оған Ресей Орталық банкінің интервенциясы да қолдау болуы мүмкін.
Халық әлі күнге дейін теңгенің әлсіреуін елдегі үкіметтің ауысуымен байланыстырады. Тек жаңа үкімет қаржы реттеушісінің ақша-несие саясатын түбегейлі өзгертіп тастамаса, ұлттық валюта бағамына үкіметтің ауысуы еш әсер етпейтінін айтқым келеді.
Теңге бағамы мұнай бағасына, рубльдің долларға шаққандағы бағамына, Қазақстан мен АҚШ-тағы инфляция деңгейіне, төлем, сауда балансының жағдайына және басқа да факторларға тәуелді. Бірақ үкімет ауысқанымен, ақша-несие саясаты өзгеріссіз қалады. Сондықтан теңге бағамына аталған жағдай мүлдем әсер етпейді. Сол себепті теңге/доллар бағамы төмен болуы керек. Алайда халықтың долларға деген сұранысынан аталған бағам қазіргі деңгейде саудалануы мүмкін.
Алдағы аптада бір АҚШ доллары 63-66 рубль, бір рубль 5,5-5,75 теңге, бір доллар 375-380 теңге, бір еуро 415-430 теңге, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 66-68 доллар, бір биткойн 3700-4200 доллар болады деп болжап отырмын.
Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:
Өткен аптада теңгенің рульге шаққандағы бағамы арзандады, ал еуро мен долларға қатысты бағамы мұнайдың қымбаттағанына қарамастан, мүлдем өзгерген жоқ. Меніңше, бұған Қазақстанның аса біркелкі маркоэкономикалық мәліметтері мен Ресей валютасы үшін айтарлықтай позитивтің болуы себеп. 2019 жылдың қаңтар-ақпанында Қазақстанның ЖІӨ-сінің өсімі жылдық көрсеткіште 3,5% болды. Осылайша, ол үкіметтің болжағанынан 3,8%-ға, ал 2018 жылғы ЖІӨ-нің нақты артуынан 4%-ға кем болып отыр.
Қазақстандағы өнеркәсіптік өндірістің өсуі қаңтар-ақпанда 2,7%-болды, алайда өңдеуші өнеркәсіпте 2,1%-ға төмендеу болғаны байқалды. Құрылыс көлемі тек 2%-ға ғана артты.
Өткен аптада Ресей рублінің долларға қатысты бағамы 4 айлық максимумға дейін нығайды. Негізінен, бұл наурыз айында болған салықтық төлемдермен байланысты. Наурыз айында 2018 жылғы табыс салығы төленетіндіктен, салықтық төлемдер ақпан айындағы төлемдерге қарағанда 1,5-2 есе жоғары болады деп болжанып отыр. Сонымен қатар РФ Орталық банк басшысы Эльвира Набиуллина «доллармен есепайырысуға тыйым салу Ресей экономикасын валютасыздандыру процесін ынталандыратынын» айтты. Сондай-ақ бұл рубльге де қолдау болатын еді.
Алдағы аптада құбылмалық бағамы бір рубль үшін 5,68-5,86 теңге, бір доллар үшін 375-382 теңге, бір еуро 424-433 теңге болады деп болжап отырмыз.