Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Atameken Business Channel оқырмандарға алдағы аптаға (19-23 маусым аралығына) теңгенің доллар мен рубльге қатысты валюта болжамын ұсынады.
Өткен апта бойы теңге бағамы құлдырап бара жатқан мұнай бағасына сәйкес келді, қазіргі кездегі мұнай бағасы сарапшылар атап өткендей, соңғы бес айдағы ең төменгі көрсеткішті көрсетіп отыр. Сонымен бірге өткен аптада АҚШ федералды резервтік жүйесінің пайыздық мөлшерлемені 0,25%-ға төмендету туралы қабылдаған шешімі де валюта бағамына әсер етпей қоймады
Аbctv.kz сауалнама жүргізген сарапшылардың пікірінше, жақын болашақта энергия тасымалдаушылар нарығындағы жағдай Қазақстан валютасының бағамына едәуір әсер етеді. Алайда «қара алтын» бағасы қалайша өзгереді деген мәселеде сарапшылардың пікірі бір жерден шықпады. Сарапшылардың бір бөлігі баға төменгі деңгейде сақталады десе, енді бір бөлігі керісінше, Brent маркалы мұнай барреліне 50 долларға дейін көтеріле алады деп ойлайды. Ойыншылардың пікірін abctv.kz әзірлеген сауалнамадан толығырақ оқи аласыздар.
Наталья Мильчакова, «Альпари» талдау департаменті директорының орынбасары:
12-14 маусым аралығындағы қысқа ғана кезеңде дамушы елдердің валюта нарығында жақсы нышан пайда болды, дегенмен «мұнайлы» валюталарда жағымсыз әсер сақталуда. Аталған кезеңде тағы да 3,6%-ға арзандаған, сондай-ақ АҚШ ФРЖ-ның пайыздық мөлшерлемені көтеру туралы шешімінің әсерінен құлдырап бара жатқан мұнай бағасы тепе-теңдікті бұзды.
Қазақстанда валюта трейдерлері маңызды жаңалық болмағандықтан теңгеден доллар мен еуроға ауысты. Теңгенің бағамына қазір мұнай бағасының құлдырауы жағымсыз әсер етіп отыр, егер одан әрі де мұнай бағасы төмендей берсе, теңге бағамы да әлсірей беруі мүмкін.
Теңгенің долларға қатысты бағамы бойынша біздің божамымыз бір долларға 316-319 теңгені құрайды, ал еуро бойынша 352-355 теңге деңгейі сақталады. Теңгенің рубльге қатысты бағамы бойынша бір рубль 5,55-5,58 теңгеде саудаланады деп күтілуде.
Евгений Чекай, «Аналитика Онлайн Казахстан» компаниясының бас қары сарапшысы:
Brent маркалы мұнай бағасы күрт төмендеп, барреліне 47 доллар көрсеткішімен саудаланып тұр, бұл маңызды белгі, болашақта баға қазіргі деңгейден барреліне 50 доллар шамасына жетуі ықтимал. Аптаның басты оқиғасы өтті – ФРЖ +0,25% мөлшерлемесін 1,125%-ға дейін көтерді және АҚШ-тың 2019 жылға дейінгі экономикасы жөніндегі болжамын жариялады. Бұл ретте іргелі мәліметтер жақсы үрдісті көрсеткен жоқ, АҚШ бойынша макроэкономикалық статистикалық мәліметтердің басым бөлігі теріс көрсеткішке өтті. Теңге долларға қатысты әлсіреуін жалғастырып, 315-320 шегінде саудаланатын болады. Рубль жағдайдың не боларын күтіп тұр және оның қазіргі деңгейі көпшіліктің ойынан шығып отырғанға ұқсайды. Ұзақмерзімдік болашақта рубль долларға қатысты 61-ге дейін әлсірейді деп ойлаймын. Рубль теңгеге қатысты 5,5-5,6 шамасында саудаланады.
Сергей Полыгалов, TeleTradeCentralAsia талдау тобының басшысы:
ФРЖ-ның пайыздық мөлшерлемені көтеру туралы шешімі мен құлдырап бара жатқан мұнай бағасының әсерінен доллар қазақстандық теңгеге қатысты өсімін жалғастыруы мүмкін. Сәрсенбі, 14 маусымда ФРЖ пайыздық мөлшерлемені 25 базистік тармаққа, 1,25-1,50% көрсеткішіне дейін көтеру туралы шешім қабылдады, сондай-ақ ФРЖ басшысы Джанет Йеллен есептік жұмсарту бағдарламасы қысқаруы мүмкін екенін мәлімдеді. Жақын арада нарық осы оқиғаны барынша кең талқылайды, себебі менің ойымша, бұл биылғы жылы Америка реттеушісінің жасаған соңғы маңызды қадамы. 2016 жылдың желтоқсан айында және биылғы наурыз айында көтерілген мөлшерлеме Құрама штаттардағы экономикалық үдерістерге жағымсыз әсер етті, ал маусым айында несиелік-ақша саясатын қаталдандыру жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін.
Мұнай бағасы ең төменгі деңгейде саудалануын жалғастырады. Мұнай нарығындағы қазіргі ахуалды ескерсек теңге АҚШ долларына қатысты арзандауға мәжбүр болады. USD/KZT жұбы бойынша болжалатын көрсеткіш алдағы аптада бір АҚШ долларына 315-320 теңге шамасында саудаланады.
Ал Ресейдің валютасы АҚШ долларына қатысты да, Қазақстан теңгесіне қатысты да арзандауы мүмкін. Долларға қатысты алатын болсақ, ол бірнеше факторлардың әсерінен арзандауы мүмкін, олар: арзан мұнай, демалыс маусымында долларға деген сұраныстың өсуі, РФ ОБ-ның пайыздық мөлшерлемені 0,5%-ға төмендетуі (болжам жазылған кезде нәтиже белгісіз еді). Рубльдің теңгеге қатысты әлсіреуі де Ресейде пайыздық мөлшерлеменің төмендеуінен орын алуы мүмкін.
Бірақ екі валютаның да мұнай бағасына тәуелді болуы салдарынан RUB/KZT жұбында үлкен құбылмалыққа жол берілмейді. Аталмыш валюталық жұб бойынша болжамымыз бір ресейлік валютаға 5,45-5,55 теңге шамасында қалыптасады.
Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:
Құлдырап бара жатқан мұнай бағасының ықпалынан теңге америкалық валютаға қатысты әлсіреуін жалғастырды. Менің ойымша, апта соңында бұл үрдіс сәл жеделдеді. ФРЖ-ның пайыздық мөлшерлемені жоғарылатуы мен осыдан соң доллардың көптеген әлемдік валюталарға қатысты нығаюы валюта нарығының қатысушыларына осылайша әсер еткен сыңайлы. Қазақстан валютасының ауытқу диапазоны бір АҚШ долларына 317-322 теңгені құрауы мүмкін. РФ ОБ мөлшерлемені 0,25%-ға төмендетті. Мұндай сәл төмендету рубльге қолдау көрсетті. Алдағы аптадағы ауытқушылық диапазоны бір рубльге 5,5-5,6 теңгені құрауы мүмкін.
Әли Сағындықов, «Еуразиялық Капитал» АҚ сарапшысы:
Мұнай бағасы соңғы бес айдағы ең төменгі көрсеткішпен саудаланып тұр. Тек жұма, 16 маусым күні ғана сәл жоғарылады, бірақ АҚШ-тың мұнай өндірісін үдетуі жақын арада Brent маркалы мұнайдың барреліне 50-51 долладан жоғары деңгейге көтерілуге мүмкіндік бермейді. Осыған орай теңге мен рубльдің бағамы бірте-бірте төмендей береді. Алдағы аптаға берер болжамымыз: теңгенің долларға қатысты бағасы 319-320 деңгейінде, теңгенің рубльге қатысты бағамы – 5,52-5,58
Богдан Зварич, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:
Алдағы апта туралы сөз қозғасақ, теңгеге әсер ететін бірнеше негізгі фактор бар екенін айтуымыз керек. Алғашқысы энергия тасмалдаушылар нарығы болып қала бермек, оның өткен аптадағы құлдырауынан кейін сәл ілгерілеуі орын алуы мүмкін. АҚШ-тағы мұнай қорлары туралы мәлімет оған қолдау көрсетуі ықтимал. Сонымен бірге ойыншылар АҚШ-тың макроэкономикалық мәліметтері туралы да ұмытпағаны жөн, ол Америка реттеушісінің жақын арадағы отырыстарда мөлшерлемені көтеруі туралы инвесторлардың бағасына әсер етеді, демеу жоғары қатерлі активтер динамикасына да ықпал етпей қоймайды.
Қазіргі жағдайда теңге сәл нығаюы мүмкін, нәтижесінде доллар 316 теңге шамасына дейін қысқаруы мүмкін. Ал рубль 5,5 теңге деңгейінен түспейді.