Валюта болжамы: 19 шілде – 23 шілде

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
426,792

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
18.7.2021
425,00-427,50
ГК «ФИНАМ»
18.7.2021
420-435
Forex Club
18.7.2021
427-429
Swissquote Bank
18.7.2021
423-429
SoftLink
18.7.2021
424-431
DAMU Capital Management
18.7.2021
424-427
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,805

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
18.7.2021
5,70-5,77
ГК «ФИНАМ»
18.7.2021
5,50-6,00
Forex Club
18.7.2021
5,9-6,2
Swissquote Bank
18.7.2021
5,7-5,9
SoftLink
18.7.2021
5,69-5,85
DAMU Capital Management
18.7.2021
5,7-5,75
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
504,333

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
18.7.2021
500-512
ГК «ФИНАМ»
18.7.2021
502-510
Forex Club
18.7.2021
504-506
Swissquote Bank
18.7.2021
502-507
SoftLink
18.7.2021
500-514
DAMU Capital Management
18.7.2021
495-500
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
66,046

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
18.7.2021
65-67
ГК «ФИНАМ»
18.7.2021
65,85-66,50
Forex Club
18.7.2021
66-66,5
Swissquote Bank
18.7.2021
65,8-66,4
SoftLink
18.7.2021
65,7-66,3
DAMU Capital Management
18.7.2021
65,5-66

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (19 шілде – 23 шілде).

19 шілде – 23 шілде

 

12 шілде – 16 шілдеге арналған валюта болжамы.

 

 

 

Мұнай нарығындағы жағдай әдеттегідей негізгі факторлардың бірі болып қалды.  Inbusiness.kz басылымында пікірлерімен бөліскен сарапшылардың пікірінше, теңге бағамының қалыптасуына ОПЕК+ шешімі әсер етеді. Дельта штамының таралуы кесірінен нашарлаған эпидемиологиялық жағдай да ықпалын тигізбек. Басқа сыртқы факторлардың қатарында АҚШ-тағы жоғары инфляция аясында доллардың нығаюы және Федералды қор жүйесінің монетарлық саясатты қатаңдату туралы деректері бар.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

 

 

Анна Бодрова, «Альпари» бас сарапшысы:

19 шілде – 23 шілде

Шілденің жаңа аптасында барлық нарықтық катализаторлар өз күшінде қалады. Теңге бағамының бағытын қалыптастыру үшін мұнай нарығындағы ахуал, доллардың тұрақтылығы және қатер активтеріне қатысты нарық көңіл-күйдің күрт өзгермеуі маңызды.

Шикізат секторы ОПЕК+ альянсының әрекетін бақылайды. БАӘ мен Сауд Арабиясы арасындағы мұнай өндірісі мәселелерінде консенсус маңызды. Естеріңізге сала кетейін,тамыз айындағы өндіріс параметрлері туралы шешім әлі жарияланбады.Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 425,00-427,50 теңге, бір еуро 500-512 теңге, бір рубль 5,70-5,77 теңге, бір юань 65-67 теңге болады.

 

 

 

Андрей Маслов, «ФИНАМ» КТ сарапшысы:

19 шілде – 23 шілде Өткен аптада ұлттық валютаның рубльдан басқа негізгі валюталарға қатысты бағамы нығайды. Мұнайдың бір баррелінің бағасы 74 доллардан төмендеді. Шикізат нарығына бірқатар елдегі эпидемиологиялық жағдай әсер етіп отыр. ОПЕК+мәмілесіне қатысты белгісіздік сақталуда. Сауд Арабиясы мен БАӘ алдын-ала келісімге келді, бірақ комитеттің қашан кездесетіні жарияланбады.  Сарапшылардың пікірінше, 2021 жылда сұраныс 96,6 млн баррель, 2022 жылы 99,86 млн баррельге дейін өсуі мүмкін. ҚР ҰБ басшысы Ерболат Досаев шілдеде инфляция 7,9% - ға (г/г) дейін көтерілуі мүмкін деп мәлімдеді.Сонымен қатар, үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Асқар Мамин 2020 жылдың қаңтар және шілде айлары аралығында ЖІӨ-нің 2,2%-ға өскенін хабарлады. Сыртқы тауар айналымы 36,4 млрд доллар, қаңтар және мамыр айларында сауда балансының профициті 7 млрд доллар болды.

Келесі аптада бір доллар 420-435 теңге, бір еуро 502-510 теңге, бір рубль 5,50-6,00 теңге, бір юань 65,85-66,50 теңге шамасында болуы ықтимал.

 

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:

19 шілде – 23 шілде

Қазақстан қор биржасындағы теңге бағамы аптаның қорытындысы бойынша басқа валюталарға қатысты нығайды. Ұлттық валютаға ішкі және сыртқы жағымсыз факторлар кері ықпалын тигізбек. Қазақстанда коронавирустық инфекцияның таралып жатыр және күн сайын жұқтыру фактілерінің саны артуда. Теңгенің арзандауына шикізат бағасының төмендеуі әсер етпек. Өйткені ОПЕК+ тамыздағы өндіріске қатысты шешім қабылдаған жоқ.

Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар  427-429 теңге, бір еуро  504-506 теңге, бір юань  66-66,5 теңге, бір рубль 5,9-6,2 теңге болады.

 

 

 

 

Дмитрий Лукашов, SoftLink сарапшысы:

19 шілде – 23 шілде

Өткен аптада теңгенің еуро мен юаньға қатысты бағамы нығайып, рубль мен долларға қатысты бағамы өзгермеді. ОПЕК+ келіссөздері аясында мұнай бағасы құбылды. Тамыздағы өндіріс мөлшеріне қатысты шешім қабылданбады. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордың жинақтау режимінен тұтыну режиміне өткенін атап өтті. Өткен жылы Ұлттық қордың трансферті мемлекеттік бюджет кірісінің 40%-ын құрады, ал биыл 36% жоспарланған. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері 2020 жылдың қаңтарынан мамырына дейін тек 2,2%-ға қысқарды. Бұл іс жүзінде теңге бағамына әсер еткен жоқ.Менің болжамым бойынша, алдағы аптада бір доллар 424-431 теңге, бір еуро 500-514 теңге, бір рубль 5,69-5,85 теңге, бір юань 65,7-66,3 теңге болады.

 

 

 

Ерлан Айтек, Swissquote Bank серіктесі:

19 шілде – 23 шілде АҚШ-тағы бөлшек сауда туралы деректер долларға оң ықпалын тигізді, бірақ тұтынушылық туралы көрсеткіш тежеп отыр. Маусым айында АҚШ-тағы бөлшек сауда мөлшері өсті. Соңғы апталарда доллар нығайды. АҚШ Конгресінің алдында сөйлеген Федералды қор жүйесінің төрағасы Джером Пауэлл АҚШ экономикасы тиісті деңгейден "әлі алыс" екенін айтты. Келесі аптада бір доллар 423-429 теңге, бір еуро 502-507 теңге, бір рубль 5,7-5,9 теңге, бір юань 65,8-66,4 теңге шамасында болуы ықтимал.

 

 

 

 

 

Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:

19 шілде – 23 шілде

Brent баррелінің бағасы 72 және 76 доллар аралығында. ОПЕК + елдері ымыраға келді. Олар БАӘ-ке жеңілдік жасады. Жалпы, мұнай өндірудің қазіргі деңгейі сақту туралы шешім қабылданды.Осы уақытта коронавирустың дельта штамының жаңа толқыны күшейе түсуде. Дамыған елдерде вакцинация қарқынының жоғары болуына қарамастан, біздің ойымызша, нарық жаңа карантиндік шектеулердің қаупін толыққанды ескеріп отырған жоқ. Өйткені тауарлар мен қор нарықтарының бағасы өсуде.Қазақстанда инфляция көтерілуде және маусым айында 7,2%-днн 7,9%-ға дейін өсті. Егер бағаның өсу қарқыны төмендемесе, ҚР Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені көтеруі мүмкін.

Менің болжамым бойынша, алдағы аптада бір доллар 424-427 теңге, бір еуро 495-500 теңге, бір рубль 5,7-5,75 теңге, бір юань 65,5-66 теңге болады.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу