Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
18.1.2020 |
375-378 |
ГК «ФИНАМ»
18.1.2020 |
375-379 |
Forex Club
18.1.2020 |
374-376 |
Астана-Инвест
18.1.2020 |
373-378 |
DAMU Capital Management
18.1.2020 |
375-380 |
SoftLink
18.1.2020 |
373-381 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
18.1.2020 |
6,1-6,15 |
ГК «ФИНАМ»
18.1.2020 |
5,95-6,2 |
Forex Club
18.1.2020 |
5,8-6,25 |
Астана-Инвест
18.1.2020 |
6,05-6,20 |
DAMU Capital Management
18.1.2020 |
6,05-6,15 |
SoftLink
18.1.2020 |
6,07-6,2 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
18.1.2020 |
418-420 |
ГК «ФИНАМ»
18.1.2020 |
418-422 |
Forex Club
18.1.2020 |
419-420,5 |
Астана-Инвест
18.1.2020 |
415-425 |
DAMU Capital Management
18.1.2020 |
410-420 |
SoftLink
18.1.2020 |
414-425 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
18.1.2020 |
54,8-54,94 |
ГК «ФИНАМ»
18.1.2020 |
54-55 |
Forex Club
18.1.2020 |
53,5-54 |
Астана-Инвест
18.1.2020 |
54,0-55,0 |
DAMU Capital Management
18.1.2020 |
54-54,5 |
SoftLink
18.1.2020 |
54,4-55,4 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (20 қаңтар – 24 қаңтар).
13 қаңтар – 17 қаңтарға арналған валюта болжамы
Өткен апта теңге үшін өте қолайлы кезең болды. Әлемде болған соңғы өзгерістер жағдайында ұлттық валютамыз нығайды. Бұған АҚШ пен Қытайдың сауда келісімінің бірінші кезеңіне қатысты құжатқа қол қоюы әсер етті. Сондай-ақ сарапшылар 2019 жылы төмен нәтиже көрсеткен Қытайдың ЖІӨ-не назар аударды.
Және Ресей үкіметінің отставкаға кетуі де ескерілді. Аналитиктер мұнай нарығындағы жағдайды да әдеттегідей шолып өтті.
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Наталья Мильчакова, «Альпари» аналитикалық бөлімі директорының орынбасары:
10 және 16 қаңтар аралығында теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы әркелкі болды. Аптаның басында нығайды, ортасында әлсіреді, ал соңында қайтадан оң көрсеткіштерге ие болды.
Соңғы аптада Brent сұрыпты мұнай бағасы 0,8 пайызға арзандап, бағасы 64,21 доллар болды. Ресей үкіметінің отставкаға кетуі тек Ресейде ғана емес, әлемдік нарыққа да ықпалын тигізбек. Өйткені жаңа басшылық ОПЕК+ келісіміне қатысты басқа шешім қабылдап қалуы мүмкін. Апта ортасында Бейжің мен Вашингтон сауда келісімінің алғашқы кезеңіне қатысты құжатқа қол қоюы бағаларға өз әсерін берді.
Келесі аптаға болжамым: доллар 375-378 теңге, еуро 418-420 теңге, рубль 6,1-6,15 теңге, юань 54,8-54,94 теңге болады деп ойлаймын.
Сергей Дроздов, «Финам» компаниялар тобының аналитигі:
Бейсенбі саудасының қорытындысы бойынша, америкалық биржа алаңдары өсім көрсетті. S&P 500 индексі 0,84 пайызға өсіп, 3316,81 пунктке жетті. Dow Jones индексі 0,92 пайызға, NASDAQ 1.06 пайызға көтерілді. АҚШ-тың 10 жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігі екі базистік пунктке артып, 1,80 пайыз болды. Германияның 10 жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігі -0,22 пайызға төмендеді.
Өткен сауда қорытындысы бойынша, мұнай бағасы 0,64 пайызға өсіп, бір баррелі 64,68 доллар деңгейінде қалды. АҚШ пен Қытайдың бірте-бірте сауда келісіміне келуі мұнай бағасының өсуіне әсер етуде.
Біздің болжам: келесі аптада АҚШ доллары 375-379 теңге, еуро 418-422 теңге, рубль 5,95-6,2 теңге, юань 54-55 теңге болады.
Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры
Өткен апта әлемдік нарық үшін жағымды жаңалыққа толы болды. Қос алпауыт АҚШ пен Қытай сауда келісіміне келіп, Таяу Шығыстағы жағдай сәл де болса басылды. Салдарынан доллар арзандап, шикізат бағасы өсіп, дамушы елдердің валюталары нығайып жатыр. Қазір әлемдік экономикалық өсімнің әлеуеті жоғары.
Ресей үкіметінің отставкаға кетуі рубльдің арзандауына әкеліп соқты. Бірақ кейін валюта қайтадан бұрынғы деңгейіне оралды.
Біздің ойымызша, келесі аптада бір доллар 375-380 теңге, бір еуро 410-420 теңге, бір рубль 6,05-6,15 теңге, бір юань 54-54,5 теңге болады.
Дмитрий Лукашов, IFC Markets аналитигі:
Өткен аптада теңгенің юаньнен басқа негізгі валюталарға қатысты бағамы нығайды. Бұған Brent сұрыпты мұнай бағасының тұрақталуы әсер етті. Америкалық-қытайлық қарым-қатынастың реттелуі нарыққа оң әсерін беріп, шикізат құнының арзандауын тежеді.
Теңге бағамының нығаюына ішкі факторлар, нақтырық айтқанда, экономикалық көрсеткіштер де әсер етіп отыр. 2019 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанның валюталық қоры 2,3 пайызға өсті. 11 айда мемлекеттік бюджеттің кірісі 15,5 пайызға артты. Бөлшектік сауда 5,9 пайызға артып отыр.
Келесі аптада АҚШ доллары 373-381 теңге, еуро 414-428 теңге, рубль 6,07-6,2 теңге, юань 54,4-55,4 теңге болады.
Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
Теңге өткен аптада негізгі валюталарға қатысты нығайды. Бұған әсер еткен факторлардың ішінде елдің өндірістік көрсеткіштерінің өсімі бар. 2019 жылы Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі 0,9 пайызға өсіп, 13,9 млрд долларға жеткен. Сондай-ақ еліміздің негізгі капиталына құйылған инвестиция көлемі 2019 жылдың қаңтар және желтоқсан айларында 33,2 млрд долларға жеткен. Бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 8,5 пайызға артық. Сонымен қатар АҚШ пен Қытайдың сауда келісімінің нарыққа оң әсерін тигізіп отырғаны анық.
Біздің болжам: келесі аптада АҚШ доллары 374-376 теңге, еуро 419-420,5 теңге, рубль 5,8-6,25 теңге, юань 53,5-54 теңге болады.
Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» Инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық анализ бөлімінің басшысы:
Рубль Ресей үкіметінің отставкасы мен премьер-министрдің ауысуынан кейін өзгере қоймады. Оған мұнай бағасының төмендеуі де әсер етпеді. Вашингтон мен Бейжің сауда келісіміне келген соң, инвесторлар мұнай құны артады деп болжап отыр. Бұл өз кезегінде теңге бағамына оң әсерін бермек.
Келесі аптаға болжамым: доллар 375-378 теңге, еуро 418-420 теңге, рубль 6,1-6,15 теңге, юань 54,8-54,94 теңге болады деп ойлаймын.