Валюта болжамы: 13 қаңтар – 17 қаңтар

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
378,000

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
11.1.2020
376-378,50
Forex Club
11.1.2020
377-378,5
ГК «ФИНАМ»
11.1.2020
375-379
Евразийский Капитал
11.1.2020
377-380
DAMU Capital Management
11.1.2020
377-382
SoftLink
11.1.2020
374-382
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
6,146

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
11.1.2020
6,10-6,18
Forex Club
11.1.2020
6-6,5
ГК «ФИНАМ»
11.1.2020
5,95-6,2
Евразийский Капитал
11.1.2020
6,11-6,20
DAMU Capital Management
11.1.2020
6,05-6,15
SoftLink
11.1.2020
6,1-6,21
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
420,833

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
11.1.2020
418-422
Forex Club
11.1.2020
419-421
ГК «ФИНАМ»
11.1.2020
418-422
Евразийский Капитал
11.1.2020
418,0-424,0
DAMU Capital Management
11.1.2020
420-425
SoftLink
11.1.2020
415-428
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
54,492

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
11.1.2020
54-55
Forex Club
11.1.2020
54-55
ГК «ФИНАМ»
11.1.2020
54-55
Евразийский Капитал
11.1.2020
54,3-55,0
DAMU Capital Management
11.1.2020
54-54,5
SoftLink
11.1.2020
54-55,1

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (13 қаңтар – 17 қаңтар).

13 қаңтар – 17 қаңтар

 

30 желтоқсан – 3 қаңтарға арналған валюта болжамы

 

 

 

Жыл теңге мен басқа да дамушы елдердің валюталарына макроэкономикалық факторлар әсер етуімен басталды. Соңғы аптада әлемнің назары АҚШ пен Иран арасындағы шиеленісте болды. Бірақ қазір Таяу Шығыстағы жағдай тұрақталып келеді. Сәйкесінше бұл фактор мұнай бағасына ықпалын тигізуде. Сондай-ақ шикізат құнына америкалық мұнай қорының көбеюі де әсер етіп отыр. 

Сарапшылар АҚШ пен Қытай арасындағы сауда тартысының бәсеңдеп келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар олар 2019 жылы Қазақстанда мұнай мен газ өндірісінің өскенін және макроэкономикалық көрсеткіштердің жоғарылағанын сөз етті. 

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

Анна Бодрова, «Альпари» аналитигі:

13 қаңтар – 17 қаңтарТеңге мен басқа дамушы елдердің валютасына АҚШ пен Иран арасындағы текетірес әсер етіп жатқаны анық. Әзірге қос тарап арасындағы шиеленіс баяулағандай болды, бірақ нақты осы жайында қорытынды айту ерте. Екі ел тағы да қандай да бір қадам жасаса,  оның салдары мұнай нарығына міндетті түрде ықпал етеді. Егер мұнай бағасы өссе, теңге бағамы да нығаяды. 

Келесі аптаға болжамым: доллар 376-378,50 теңге, еуро 418-422 теңге, рубль 6,10-6,18 теңге, юань 54-55 теңге болады деп ойлаймын.

 

 

 

 

Сергей Дроздов, «Финам» компаниялар тобының аналитигі:

13 қаңтар – 17 қаңтар

Таяу Шығыстағы геосаяси шиеленістің басылуы және Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда келіссөздерінің алға жылжуы америкалық бенчмарктардың өсуіне сеп болып отыр. Келесі аптада Қытайдың сауда өкілі АҚШ-қа сауда келісімінің бірінші бөліміне қол қою үшін сапарлай барады. Трамптың айтуынша, құжатқа 15 қаңтарда Ақ үйде қол қойылады. 

Өткен сауда қорытындысы бойынша, мұнай бағасы 0,61 пайызға кеміп, бір баррелі 65,43 доллар деңгейінде қалды. Нарыққа америкалық-ирандық шиеленіс әсер етіп келді. Енді инвесторлар сала жаңалықтары мен макроэкономикалық көрсеткіштерге назар аударатын болады.  

Біздің болжам: келесі аптада АҚШ доллары 375-379 теңге, еуро 418-422 теңге, рубль 5,95-6,2 теңге, юань 54-55 теңге болады.

 

 

Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:
13 қаңтар – 17 қаңтар

Өткен аптаның басты жаңалығы – Иран мен АҚШ арасындағы шиеленіс. Бұл қаржы нарығын бір сілкіндіріп алғандай болды. Мұнай нарығы Таяу Шығыстағы жағдай ушыққаннан кейін 71 доллардан 65 долларға дейін арзандап кетті. Салдарынан мұнай өндіруші елдердің валюталары нығайып, алтын бағасы өсіп кетті. Сондай-ақ рубль мен теңге бағамдары да нығая түсті. 

АҚШ Иранға соғыс жарияламады, дегенмен қазір аймақтағы жағдай тұрақталды деуге келмейді. Иранның украиналық ұшақты өзімізден абайсызда қағып түсірдік деп кінәсін мойындауы отқа май құйғандай болды. Инвесторлар қазір тіпті АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келісіміне онша қатты көңіл бөліп отырған жоқ. 

Біздің ойымызша, келесі аптада бір доллар 377-382 теңге, бір еуро 420-425 теңге, бір рубль 6,05-6,15 теңге, бір юань 54-54,5 теңге болады.

 

 

Дмитрий Лукашов, IFC Markets аналитигі:
13 қаңтар – 17 қаңтар

Өткен аптада теңгенің рубльден басқа негізгі валюталарға қатысты бағамы нығайды. Бұған Қазақстандағы макроэкономикалық көрсеткіштер әсер етті. 2019 жылғы қорытынды бойынша инфляция 5,4 пайыз болды, 2018 жылы 5,3 пайыз болған еді. Ал елдің ЖІӨ 4,5 пайызға жетті, 2018 жылы 4,1 пайыз болған. Ұлттық банк экономикалық өсімнің 2020 жылға арналған болжамын 3,5-ден 3,8 пайызға өсірді. Теңгенің нығаюына Brent барррелінің 8,5 пайызға арзандауы кедергі болмады.

Келесі аптада АҚШ доллары 374-382 теңге, еуро 415-428 теңге, рубль 6,1-6,28 теңге, юань 54-55,1 теңге болады.

 

 

 

 

Әли Сағындықов, «Евразийский капитал» АҚ аналитигі:
13 қаңтар – 17 қаңтар

Келесі аптада теңге бағамы мұнай құны мен рубльге байланысты өзгереді. Бейсенбі күні Brent баррелі 65 долларға дейін арзандады. Бұған себеп болып отырған Таяу Шығыстағы шиеленістің бәсеңдеуі және америкалық мұнай қорының өсуі. Сәрсенбіге дейін шикізат құны арзандауы мүмкін. Содан кейін қара алтын бағасы америкалық мұнай қоры бойынша деректерге байланысты өзгереді. Егер де Таяу Шығыстағы жағдай ушықпаса, теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы әлсіреуі ықтимал. 

Келесі аптада АҚШ доллары 377-380 теңге, еуро 418,0-424,0 теңге, рубль 6,11-6,20 теңге, юань 54,3-55,0 теңге болады.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу