Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Atameken Business Channel өз оқырмандарының назарына алдағы аптада (20-24 наурыз) теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамы қандай болатындығы туралы кезекті апталық валюта болжамын ұсынады.
Өткен аптада Федералды резервтік жүйе алдын ала күтілгендей базалық мөлшерлеме шегін 0,75-1% деңгейіне көтерді. Бұл шешім америкалық доллардың көптеген активтер мен валюталарға қатысты әлсіреуіне әкеп соққаны қызық болды. Мұнай бағасы теңге құнына әсер ететін шешуші фактор болады деп болжайды сарапшылар. Келер аптада Наурыз мерекесіне байланысты Қазақстанның қаржы нарығы тек жұма күні, 24 наурызда ғана жұмыс істейді. Сарапшылардың валюта болжамы қандай болатыны туралы біздің дәстүрлі сауалнамамызды оқыңыздар.
Максим Романчук, Альпари компаниясының сарапшысы:
Теңге бағамының динамикасына екі негізгі фактор әсер етеді: доллар құны мен мұнай бағасының белгіленуі. Доллар/теңге бағамына келсек, біздің болжамымыз бойынша, жақын арада бұл жұп 314-320 аралығында саудаланады.
Ал рубль мен теңге жұбына ФРЖ әрекетінің ықпалымен нығайған мұнай бағасы негізгі әсер етеді. Рубль де, теңге де қара алтын бағасының ықпалында болса да, Ресей валютасы теңгеге қарағанда мықтырақ екені байқалады. Біздің болжамымызға сәйкес, алдағы сауда аптасында да аталған жағдай сақталады.
Рубль/теңге жұбындағы баға белгілеу диапазоны 5,35-5,60 шамасында болады деп болжаймыз. Бұл жағдайда мұнай нарығына мұқият зер салу керек, қазіргі кезде онда үлкен тұрақсыздық байқалады, ол өз кезегінде, Қазақстан ваютасының құнына қысым көрсетуі мүмкін.
Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» Инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:
Мұнай бағасы мен Ресейдің қаржы министрлігінің саясаты басты назарда. ФРЖ-нің мөлшерлеме бойынша шешіміне орай мұнай өз құлдырауының есесін алды деп бағамдасақ, қаржы министрлігінің саясатына Ресей президентінің мөлшерлемені төмендету уақытынан бұрын жасалған амал деген 15 наурыздағы пікірін қарсы қоюға болады. Осының арқасында рубль күрт нығайып кетті. Ортамерзімді келешекте теңге мен рубль қазіргіден қарағанда әлсіз болады деп есептейміз. Келесі аптаға берілген біздің болжамымыз: бір долларға 315-320 теңге, бір ресейлік рубльге 5,4-5,5 теңге.
Валерий Полховский, FOREX CLUB КТ сарапшысы:
Осы аптаның басында мұнай бағасы құлдырап кетті, онымен қоса рубль мен теңге деп төмендеді. Алайда апта соңына қарай рубльдің долларға қатысты құны қалпына келіп, сәйкесінше теңге бағамы да орнына түсті.
Нарық қатысушылары АҚШ мұнай қорының өсуі мен өндірісіне қатысты алаңдаушылық танытуына байланысты мұнай бағасына қысым көрсетілуде. Алайда, айта кету керек, бұл өсім МЭЕҰ мен МЭЕҰ кірмейтін елдер арасындағы келісім бойынша қысқарту мөлшерінен әлдеқайда төмен. Келісімнің өзі шамамен 90%-ға енгізілді және оның әрекет ету мерзімі ұзартылса, ол нарықты ретке келтіре алады.
Мұнай бағасы біртіндеп төмендей береді деп ойлаймын, бірақ Brent 49 доллардан артық төмен түспейді. Осыған сәйкес, теңге долларға қатысты шамамен бір долларға 317 тенге шамасында ауытқиды, мұнай бағасының өсуіне байланысты аздап нығаюы да мүмкін. Рубль теңгеге қатысты шамамен 5,5 деңгейінде болады. Жалпы, валюта нарығында қандай да бір қарқынды қозғалыстар күтілмейді.
Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:
Мұнай бағасы әлемдік деңгейде тұрақтағандықтан теңге нығайды. МЭЕҰ мұнай өндіруге қойған шектеуін биылғы жылдың екінші жартысында да ұзартуы мүмкін. Менің пайымдауымша, Қазақстан валютасының бағамы бір долларға 311-321 теңге шамасында ауытқып отырады. Қаржы министрлігі рубльді әлсіреткісі келген ниетіне қарамастан бұл Ресей рубліне еш әсер етіп отырған жоқ. Батыс экономистерінен алынған сауалнамаға сәйкес, 24 наурызда өтетін РФ Орталық банкінің кезекті отырысында негізгі мөлшерлемені төмендету ықтималдығы бар-жоғы 40%-ды құрайды. Менің ойымша, теңгенің рубльге қатысты бағамы бір рубльге 5,4 теңге шамасында болады.
Богдан Зварич, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:
Келесі аптада теңгеге ықпал ететін негізгі фактор энергия тасымалдаушылар нарығының динамикасы болады. Ал бұл жағдайда инвесторлардыың назары АҚШ-тың мұнай және мұнай өнімерінің қоры жөніндегі мәліметке ауады, ол өткен аптада былтырғы жылдың желтоқсанынан бастап алғаш рет төмендеді. Егер аталған үрдіс жалғасын тапса, бұл энергия тасымалдаушы нарығының дамуына серпін беріп, Brent маркалы мұнай бағасының 54 долларға дейін қымбаттауына мүмкіндік береді, бұл, өз кезегінде, Қазақстан валютасына қолдау көрсетеді. Сондай-ақ ойыншылар алдағы аптада жарияланатын тұрғын үй нарығы мен ұзақ мерзімді пайдаланылатын тауар тапсырысы бойынша АҚШ-тың статистикасына назар аударады. Бұл жағдайда теңге сәл нығаяды деп болжап отырмыз, бұл доллардың шамамен 310 теңгеге дейін төмендеуіне әкеп соғады. Ал теңгенің рубльге қатысты динамикасына келер болсақ, Ресей валютасы шамамен 5,5 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін.
Әли Сағындықов, «Еуразиялық Капитал» АҚ сарапшысы: