Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Wall Street Invest Partners
19.1.2019 |
378-383 |
ARUM Capital
19.1.2019 |
376-381 |
ГК «ФИНАМ»
19.1.2019 |
375-381 |
Астана-Инвест
19.1.2019 |
375-380 |
Gold Mining Capital
19.1.2019 |
375-380 |
IFC Markets
19.1.2019 |
376-382 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Wall Street Invest Partners
19.1.2019 |
5,48-5,68 |
ARUM Capital
19.1.2019 |
5,70-5,75 |
ГК «ФИНАМ»
19.1.2019 |
5,4-5,7 |
Астана-Инвест
19.1.2019 |
5,5-5,7 |
Gold Mining Capital
19.1.2019 |
5,65-5,80 |
IFC Markets
19.1.2019 |
5,63-5,77 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Wall Street Invest Partners
19.1.2019 |
430-435 |
ARUM Capital
19.1.2019 |
429-434 |
ГК «ФИНАМ»
19.1.2019 |
427-432 |
Астана-Инвест
19.1.2019 |
430-440 |
Gold Mining Capital
19.1.2019 |
431-436 |
IFC Markets
19.1.2019 |
428-437 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Wall Street Invest Partners
19.1.2019 |
|
ARUM Capital
19.1.2019 |
|
ГК «ФИНАМ»
19.1.2019 |
|
Астана-Инвест
19.1.2019 |
|
Gold Mining Capital
19.1.2019 |
|
IFC Markets
19.1.2019 |
Atameken Business теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (21 қаңтар – 25 қаңтар).
21 қаңтар-25 қаңтарға арналған валюта болжамы
Алдағы аптада қазақстандық теңгенің қозғалысы үйреншікті болған сыртқы фактор арқылы анықталады. Аbctv.kz сауалнамасына қатысқан сарапшылар әсер етуші сыртқы факторлар ішінен екінші апта қатарынан АҚШ пен Қытай арасындағы сауда байланысының реттелу келешегін (ARUM Capital, Wall Street Invest Partners), сондай-ақ АҚШ ФРЖ-сының пайыздық мөлшерлемені жұмсарту мәселесі бойынша позициясын («ФИНАМ», ARUM Capital) ерекше атап отыр.
Барлық сарапшы энергия тасымладаушылар нарығындағы жағдайға тоқталып өтті. Сарапшылар Саудияның АҚШ пен Азия елдеріне экспорттайтын мұнай бағасын арттыруы (ARUM Capital) және ОПЕК елдері мен Саудияда өндіру қысқарғанына да («Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ) мән берді.
Сонымен қатар сарапшылар америкалық валютаның әлсіреуінің байқалып отырғанына және Ресей қаржы министрлігінің бюджеттік ереже аясында валюталарды сатып алатынына («Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ, Wall Street Invest Partners, ARUM Capital) және Ұлыбритания парламентінде Brexit бойынша дауыс беру мен Францияның ІЖӨ бойынша жаңа мәліметтеріне, қазақстандық және ресейлік реттеушілердің ақша-несие саясатына, Бүкіләлемдік банктің Қазақстан ІЖӨ-сінің өсуі туралы жағымсыз болжамына (IFC Markets) мән берді
Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.
Данияр Джумекенов, аналитик Wall Street Invest Partners:
Өткен аптада әлемдік экономиканың даму әлеуетінде тұрақсыздық күшейді. Біріншіден, АҚШ-тағы биліктің әр түрлі салаларының қарсыласуына жол берілмейді, ал шатдауынның ұзақтығы алдағы рекордтардан асып түсті. Екіншіден,Ұлыбритания парламентінде Brexit келісімін қабылдауға дауыс беру сәтсіз аяқталды. Мқнай бағасы әзер қалықа келуде. Мұнай бағасына деген қысымның қатты болуы АҚШ-та мұнай өндіру көлемін арттыруға көмек болып отыр. Тұрақтылық тек алтын нарығында ғана байқалуда. Алтын бағасы бір троя унициясы үшін 1300 доллар белгісіне жетті. Қолайсыз жағдайлар орын алғанына қарамастан, өткен аптада америкалық индекстер қор алаңында өсуге тырысып бақты. Бірыңғай еуропалық валюта бір апта бұрын қол жеткізген шамасын ұстап тұра алмады. Нәтижесінде еуро бір доллар үшін 1,14 шамасында саудаланып жатыр.
Келесі аптаның басында Қытай экономикасының өсуі туралы жаңа мәліметтер мұнай бағасын белгілеуге әсер етуі мүмкін. Инвесторлар Қытайдың өткен тоқсандағы ІЖӨ-сіне және қытайлық өнеркәсіптік өндірістің өсуіне мән беретін болады. Алдағы бейсенбіде еуропалық және америкалық валюта қозғалысында құбылмалық болуы мүмкін. Еуропалық орталық банктің пайыздық мөлшерлемеге қатысты шешімі белгілі болады. Сондай-ақ еуропалық орталық банткің баспасөз- конференциясының қорытындысы да мәселені ушықтыруы мүмкін. Бұған қоса, АҚШ энергетика ақпараттық агенттігінен мұнай қоры бойынша мәлімет шығатынын да естен шығармау керек.
Ресейлік рубльге салықтық төлемдер мен сауда балансының оң сальдосы қолдау болады. Теңгенің ұстанымы ресей рублі мен мұнай бағасына тәуелді.
21 қаңтар мен 27 қаңтар аралығында бір доллар 378-383 теңге, бір еуро 430-435 теңге және ресей рублі 5,48-5,68 теңге болады деп отырмыз.
Владислав Воробьёв, ARUM Capital компаниясының аға сарапшысы:
Шикізат және дамушы валюталар нарығындағы жағдай ұқсас болып отыр. Дүйсенбі күні желтоқсанда қытайлық экспорттың 4,4%-ға және импорт екі жыл ішінде 7,6% төмендегені туралы ақпарат шықаннан кейін, инвесторлар тәуекелді активтерді жаппай сатуға кірісті. Дегенмен, кешке қарай валюта бағамы тұрақталды, ал сейсенбі күні тәңертең мүлдем нығайды. ең басты драйвер - АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленістің әлсіреуіне қатысты оптимистік болжамдар болып отыр. Келіссөздер жалғасып жатыр, яғни баж салығын көтеруге қатысты кезекті раундты жоюға қатысты үміт сол қалпында қалып отыр, бұл жаһандық экономикада жағымды көрініс табуы мүмкін.
Апта соңына қарай тағы біраз жақсы жаңалық шықты. Есепке сәйкес, ОПЕК желтоқсандағы келісім аясында шикізатты өндіруді едәуір қысқартты, ол мұнай бағасына деген қысымды азайтуға мүмкіндік берді. Алайда теңге сол қалпына көтеріле алмай, бір АҚШ доллары үшін 379,50 теңге шамасына жуық болып қала берді. Бұл инвесторлардың пессимистік көңіл-күйі сақталып қалғанын көрсетеді.
Теңге бағамы бір доллар үшін 376-381 теңге, еуро 429-434 және рубль 5,70-5,75 теңге болады деп отырмыз.
Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялары тобының сарапшысы:
Америкалық биржа алаңдары бейсенбі күні өсуді жалғастырды. S&P индексі 3 желтоқсаннан бері бірінші рет 50-ден жоғары көрсеткіш көрсетті.
S&P 500 индексінің фьючерсі 0,76 %-ға өсіп, сауданы 2635,96 көрсеткішімен жапты. Өндірістік Dow Jones индексі 0,67 %-ды қосып алды, ал жоғары технологиялық NASDAQ болса 0,71 %-ға көтерілді. 10 жылдық қазынашылық облигациялардың кірістілігі екі базистік көрсеткішке 2,74%-ға дейін өсті, ал дамушы нарықтардың MSCI индексі 0,2 % жоғалтты.
Теңіздің арғы бетіндегі биржалардағы сауданың қызуына Трамп әкімшілігінде қаржы министрі Стивен Мнучин бастаған кейбір лауазымды тұлғалар бұған дейін қытайлық тауарларға енгізілген сауда бажын жұмсартуды қолдаушылар болып табылады деген сыбыс (кейін америкалық қаржы министрлігі аталған ақпарды жоққа шығарды) себеп болды.
Қаңтардағы саудамен әлек болған ойыншылар АҚШ үкіметінің жартылай жабық болуына мән берер емес. Осыған байланысты шатдаунның одан әрі созылуы экономикалық көрсеткіштердің өсуіне кері әсерін тигізуі мүмкін деп алаңдаушылық танытуда.
Өткен сауда қорытындысы бойынша мұнай Brent эталондық маркасы 0,2%-ға төмендеп, 61,18 доллар болды
Биылғы жылдың басындағы 62,57 доллар жоғарғы көрсеткіштен кейін, қара алтын бағасы төмендеді және оның алдағы уақытита көтерілуіне америкалық биржалардан келетін жаңалық әсер етеді.
Қазір жергілікті қолдаумен Brent маркалы мұнай 59 доллар болып тұр.
Алдағы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,4-5,7 теңге, долларға қатысты бағамы 375-381 теңге және еуроға қатысты бағамы 427-432 теңге болады деп болжап отырмыз.
Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ-ның инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:
Өткен аптада рубль үшін жақсы жаңалық көп болды. Атап айтсақ, Ресей қаржы министрлігі Федеральдық қарыз облигацияларының соңғы жарты жылдағы ең көп көлемін жария етті. Салықтық төлем аптасы мен мұнай бағасы рубльге қолдау болды. ОПЕК-тың өндіруді қысқартуға қатысты статистикалық мәліметі шыққаннан кейін, сондай-ақ әлемдік экономикалық өсуіге деген оң көзқарастың арқасында мұнай бағасы өсті. Өкінішке қарай, теңгенің долларға шаққандағы бағамы нығаймады. Жұма күні кешке бір рубль 5,7 теңге шамасында саудаланды.
Алдағы аптада баға қатты өзгере қояды деп ойламаймын. Рубль мен теңге қазіргі шамада саудаланады.
Алдағы аптада бір АҚШ доллары 66-67 рубль, бір рубль 5,5-5,7 теңге, бір доллар 375-380 теңге, бір еуро 430-440 теңге, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 60-63 доллар, биткойн 3100-3600 доллар болады деген болжам жасап отырмын.
Ерлан Қойшыбаев, Gold Mining Capital сарапшысы:
Мұнай бағасына жасалған техникалық сараптама қозғалыстың жоғары екенін көрсетіп отыр, ал бұл алдағы аптада қазақстандық теңгеге қолдау болады. АҚШ долларына қатысты айтарлықтай оқиғаның болмауы USD/KZT жұбының айырбас бағамын бір доллар үшін 375-380 теңге шамасында ұстауға көмектеседі.
EuroCurrencyIndex-тің көрсеткіші 170 шамасында қарай түзелетін болса, еуроның теңгеге қатысты бағамы нығаятынын көреміз. Бір еуро 431-436 теңге шамасында саудалануы мүмкін.
Мұнай котировкасының көтерілуі және ресейлік RTS акцияларының қаңтарда өсуі ресейлік рубльге қолдау болады. Бір ресей рублі 5,65-5,80 теңге шамасында саудаланады деп күтіліп отыр.
Америкалық акциялар құнының өсуі қорғаныш активтерінен қаражаттың жылыстауына әкеледі, оның бірі алтын. Бір троя унициясының бағасы 1300 долларға жетпей төмендеуде. Алтын бағасының қозғалысы 1280 доллардан 1250 долларға дейін болады деп болжап отырмыз.
Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:
Өткен аптада теңгенің үш негізгі валютаға қатысты бағамы әлсіреді. Инвесторларға Ұлттық банктің мөлшерлемені бұрынғы 9,25% шамасында сақтап қалуы жағымысз болған сияқты. Бұл ретте реттеуші 2020 жылға қарай инфляция 2018 жылғы 5,3%-дан 4%-ға дейін төмендейтінін айтты.
Қазақстандық теңгенің ресейлік рубльге қатысты бағамы төрт апта қатарынан әлсіреп тұр. Ресей Орталық банкі Ресейде инфляция биыл 5-5,5%-ға дейін өседі деп отыр. Осыған сәйкес көптеген нарық қатысушысы рубль бойынша мөлшерлеменің жоғары болып қалатынын жоққа шығармайды. Қазір Ресей ОБ-ның негізгі мөлшерлемесі 7,75%.
Әлемдік мұнай бағасының өсуі мен оны өндіру 4,8%-ға өскеніне қарамастан, Қазақстанның жалпы валюта қорының 2018 жылы 0,8%-ға қысқаруы теңге үшін қосымша қысым болды.
Құбылмалық бағамы бір рубль үшін 5,63-5,77 теңге, бір доллар үшін 376-382 теңге, бір еуро 428-437 теңге болады деп болжап отырмыз.