Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Atameken Business Channel теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (21 мамыр-25 мамыр).
Мұнай нарығындағы жалғасып жатқан ралли барысында теңгені нығайтып ұстап тұрған негізгі фактор - бұл күшті АҚШ доллары. Аbctv.kz сауалнамасына қатысқан сарапшылар, негізінен, тап осы екі триггерге басымдық жасады. Доллардың негізгі әлемдік валюталарға қатысты бағамының нығайып келе жатқанын барлық сарапшы атап өтті. «ФИНАМ», Wall Street Invest Partners және «Телетрейд Групп» компаниясының сарапшылары америкалық валютаның нығаюына АҚШ-тың10 жылдық облигациялары табыстылығының көтерілуінің жалғасуы себеп болып отырғанын ерекше атап кетті.
Энергия тасымалдаушылар нарығына тоқталар болсақ, сарапшылардың пікірінше, «қара алтынның» бағасына тап қазіргі уақытта АҚШ-тың Иранмен арадағы ядролық келісімнен шығуы мен Американың осы елге қатысты санкцияларды қайта жаңғыртуы әсер етіп отыр. Иранға қарсы санкция ол елден мұнай жеткізуде іркіліс тудырады. Сондай-ақ Wall Street Invest Partners компаниясының сарапшылары өндіруді қысқаруы мен Венесуэладағы жеткізудегі кідірісті еске салып кетті.
Шыны керек, алдағы уақытта жағдай қалай өрбитіні туралы пікірге келгенде сарапшыладың ойы екіге жарылды. «ФИНАМ» және Wall Street Invest Partners компаниясындағылар алдағы аптада мұнай нарығындағы ралли жалғасып, тіпті мұнай котировкасы бір баррель үшін 100 долларға дейін жететініне сенімді. Ал Gerchik&Co және «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ сарапшылары болса мұнай нарығындағы трендтің аяқталуын болжап отыр.
Сарапшылар алдағы аптада валюта бағамын қалыптастыруға әсер ететін басқа да факторлар ішінде Қазақстандағы 2018 жылдың қаңтар-сәуір айларындағы ЖІӨ-нің өсу қарқыны бойынша статистиканың жариялануын («Альпари»), АҚШ пен Қытайдың сауда мәселелері бойынша келіссөзін («ФИНАМ»), Ресей қаржы министрлігінің валютаны сатып алуы («Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ) мен Дональд Трамптың Ресейге қатысты қосымша санкцияны әзірлеуге тапсыра бергенін (Wall Street Invest Partners) атап кетті.
Сарапшылардың толық пікірін аbctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.
Наталья Мильчакова, «Альпари» сараптамалық компаниясы департаменті директорының орынбасары:
Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-сәуір айларындағы ЖІӨ-нің өсу қарқыны бойынша статистиканың жарияланды, осыған сәйкес экономиканың өсуі осы кезең үшін жылдық есептеуде 3,8%-ға дейін баяулаған. Өсуді баяулауы құрылыс саласындағы құлдыраумен байланысты болып отыр. Сонымен қатар 3,6%-ға өскен қызмет көрсету секторы ЖІӨ-нің өсуіне басты драйвер болды.
Теңгенің долларға шаққандағы бағамы бір доллар үшін 328-331 теңгеге дейін, ал рубльге қатысты бағам 5,29-5,33 теңгеге дейін өзгереді деп отырмыз.
Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:
Бейсенбі күні америкалық биржа алаңдары Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда қатынастарының шешілмеген мәселелері негізінде сауда сессиясын төмен көрсеткішпен жапты. Reuters агенттігінің хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамптың Қытай «саудамен өте еркінсіп кетті» дегені оның екі ірі әлемдік экономика арасындағы тарифтік соғысты болдырмауға қатысты салып жатқан күшіне күмән келтіреді.
S&P500 нарығының индексі 0,10%-ды жоғалтып, сауданы 2720,13 көрсеткіш белгісімен жапты. Ал Dow Jones өндірістік индекс 0,22%,-ға, жоғарытехнологиялық NASDAQ 0,21%-ға төмендеді. 10 жылдық қазынашылық облигациялар 3,11%-ға дейін өсті.
Өткен сауда қорытындысы бойынша мұнай бағасы 79,31 доллар шамасында болды
Goldman Sachs бағалауынша, тап осы кезеңдегі жағдай шикізат тауарына инвестииция салуға әкеліп тұр. Себебі америкалық қатпарлы мұнай саласы мен ОПЕК Ираннан мұнай жеткізу кідірісен қатысты мәселені бірден шеше алмайды.
Келесі аптада теңгенің негізгі үш валютаға қатысты бағамы бір рубль үшін 5,2-5,5 теңге, доллар 325-328 теңге, еуро 386-340 теңге болады деп болжап отырмыз.
Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:
Мұнай бағасының өсуіне қарамастан, рубль мен теңге «күшейіп» кеткен жоқ. Бұған нығайып келе жатқан доллар себеп болып отыр. Бүгінгі күні рубль бағамына, соған сәйкес, теңге бағамына әсер ететін негізгі екі фактор бар. Бұл - негізгі әлемдік валюталарға қатыстты бағамы нығайып кеткен доллар мен болжанып отырған жаңа санкциялар алдындағы қорқыныш. Ресей қаржы министрлігінің валютаны сатып алуы рубльге қосымша қысым болады. 25 мамыр күні Ресейде салық төлемдерінің қарбаласы басталады. Бұл рубльге шамалы болса да қолдау болуы мүмкін.
Мұнай бағасы өсіп барады, бірақ та менің осы өсуге қатысты пікірім бұрынғыша жақсы емес. Иранға қатысты америкалық санкциялар мұнай бағасына ұзақ уақыт ұстап тұруға қолдау бола алмайды деп ойлаймын.
Алдағы аптаға ұсынып отырған болжамымыз: Bitcoin – 6500-9500 доллар, ресейлік рубль бір доллар үшін 61,5-63,5 рубль, бір рубль- 5,2-5,4 теңге, бір доллар 327-332 теңге, Brent маркалы мұнай бағасының бір баррелі 75-80 доллар.
Ілияс Басшығұл, Wall Street Invest Partners жетекші сарапшысы:
Мұнай нарығындағы ралли барысында ұлттық валюта тұрақтылық көрсетті. «Қара алтын» бағасы геосаяси шиелініс пен АҚШ-тағы мұнай қорының қысқаруы есебінен өсуін жалғастыруда. АҚШ-тың энергетика министрлігінің энергетикалық ақпаратты басқармасының апталық есебінде, АҚШ-тағы шикі мұнай қоры бір апта ішінде 1,404 млн баррельге төмендегені айтылды.
8 мамыр күні АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-тың Иранмен арадағы ядролық келісімнен шығатынын мәлім етті де, осы елге қатысты санкцияны қайта бастады. Нарыққа қатысушылар АҚШ-тың әрекеті ирандық мұнайды экспорттауда қиындық тудыратынын және жаһандық қорлардың қысқаруына әкелетінін айтып отыр.
Венесуэладағы президенттік сайлау алдында қарсылық өріс алып отыр. Бұл инвесторлардың мұнай жеткізуге қатысты алаңдаушылығын тудыруда. 2018 жылдың сәуірінде Венесуэлада тәулігіне 1,5 млн баррель мұнай өндірілді, бұл өткен он жыл ішіндегі ең төмен көрсеткіш болды. Экономикалық дағдарыс мұнай өндіруді қысқартуға және жеткізуде кідірістің туындауына себеп болды. Өткен аптаның екінші жартысында мұнай 80 долларға жуық бағада саудаланды, тіпті кей кезде бір баррель үшін 80,4 долларға жетті. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, мұнай нарығындағы өсу үрдісі алдағы аптада да жалғасады деуге болады. Көптеген сарапшының пікірінше, мұнай бағасы 90 долларға жетуі мүмкін, кейбірі тіпті баға бір баррель үшін 100 доллар болады деп отыр.
Қазақстандық валютаның айтарлықтай нығаюына күшті АҚШ доллары кедергі. 10 жылдық облигациялар табыстылығының өсуінің жалғасуы арқасында доллар ақырындап, бірақ сенімді түрде өсіп келеді. Оң экономикалық есеп пен инфляцияның жылдамдауы ФРЖ-ның пайыздық мөлшерлемені одан әрі көтеруі мен ақша-несие саясатының күшеюі туралы болжам жасауға негіз болып отыр. Теңге бағамының өзгеруіне, негізінен, сыртқы фактор әсер етеді. Болжанып отырған бағам бір доллар 325-329 теңге.
Ал теңгенің рубльге қатысты бағамы біршама нығаюы мүмкін. Бұған АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресей тарапының орташа және аз қашықтықтағы зымырандарды жою туралы келісімшартты орындамауына қатысты мемлекеттік хатшы Майку Помпеоға Ресейге қатысты қосымша санкцияларды енгізу жоспарын әзірлеуге тапсырма беруі себеп болады. Осыған байланысты теңгенің рубльге шаққандағы бағамы 5,15-5,30 теңге болуы мүмкін деген болжам бар.
Олег Богданов, «Телетрейд Групп» бас сарапшысы:
Әзірге нарықта тұрақтылық байқалып отыр. USD/KZT жұбы 330 теңгеден жоғары көтерілмейді. Ал еуроға қатысты бағамда теңге еуроның долларға қатысты жағымсыз динамикасы негізінде тіпті қосып алды десе болады. Инвесторлардың emerging markets-тен шығуының бірінші кезеңі аяқталды деуге болады. Мамыр - нарық үшін тыныш ай. Алайда АҚШ облигацияларының өсуі жалғасып жатқан қазіргі жағдайда экономикасы дамушы елдердің валютасы саудасының екінші толқыны кез келген уақытта болуы мүмкін.
Сондықтан теңге үшін болжам жағымсыз болады. USD/KZT жұбы тағы да 330 теңге шамасында саудалануы мүмкін, ал EUR/KZT жұбы болса 390-400 шамасына қайтып келеді. Ал рубльмен арадағы бағамда теңге жақсы саудалануы мүмкін. Өйткені рубльге валюталық өтімділік пен қаржы министрлігінің валютаны сатып алу бойынша операциялар жасауы сияқты ішкі факторлар жағымсыз әсер ететін болады. Осыған орай бір рубль 5,1 және 5 теңге шамасында болуы мүмкін.
Ерлан Қойшыбаев, Gerchik&Co компаниясының веб-серіктесі:
Алдағы аптада бір баррель үшін 80 долларға дейін жеткен Brent маркалы мұнай бағасының өсу тренді қысқаруы мүмкін. Бұл көрсеткіштердің әртүрлі бағыттағы қозғалысы алдағы аптадағы мұнай бағасын жасауға негіз болады. Сауданың қазіргі көлемін сақтаумен теңгенің долларға қатысты бағамы 326-331 теңге шамасында саудаланады деп болжай аламыз.
Ресейлік рубльдің теңгеге шаққандағы айырбас бағамы бойынша болжам бұрынғыша 5,2-5,6 теңге шамасында қала береді.