Валюта болжамы: 21 тамыз – 25 тамыз

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

Atameken Business Channel оқырмандарға алдағы аптаға ( 21 - 25 тамыз аралығына) теңгенің доллар мен рубльге қатысты валюта болжамын ұсынады.

21 тамыз – 25 тамыз21-25 тамызға арналған валюта болжамы

Аbctv.kz-ке пікір білдірген сарапшылардың дені теңге бағамы алдағы аптада мұнай бағасына байланысты анықталады деген ойда. Яғни, өткен аптадағы жағымсыз тенденция қайталануы мүмкін деген қауіп бар. Бұл ретте, өткен аптада бағаның парқына Ливия мен Нигериядағы және АҚШ-тағы мұнай қорының азаюуы, осыған байланысты АҚШ-та мұнай өндірісінің ұлғаюы секілді негативті факторлар мен индикаторлар кері әсер етті. «Қазақстандық Қаржы Орталығы» ЖШС, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшылары осы мәселеге қатысты өз пікірлерін білдірді.

Алдағы аптада рубльдің әлі де нығая түсуі теңгенің жағдайын біршама жақсартуы мүмкін. Салықтық кезеңде ресейлік рубльге қолдау көрсету туралы «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ, TeleTradeCentralAsia сараптамалық тобы, «Еуразиялық капитал» және «Аналитика Онлайн Қазақстан» АҚ-ның мамандары ой айтты. Сондай-ақ, рубльге Ресей мен АҚШ арасындағы геосаяси ахуал («Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ) және АҚШ-тың қиын жағдайғы ішкі саяси ахуалы («Қазақстандық Қаржы Орталығы» ЖШС және TeleTradeCentralAsia) әсер етуі мүмкін.

Сарапшылар шілде айында еліміздегі инфляцияның төмендігін («Альпари» және IFC Markets), демалыс маусымына байланысты трейдерлер белсенділігінің төмендеуін (TeleTradeCentralAsia), еуропалық және америкалық қор алаңдарында болатын түзетулерді («ФИНАМ»), сондай-ақ ҚР Ұлттық банктің алдағы уақытта өтетін отырысын (IFC Markets) келер аптада теңгеге әсер ететін факторлар ретінде атады.

Әдеттегідей сарапшылардың пікірін толығырақ abctv.kz әзірлеген сауалнамадан оқи аласыз.

Наталья Мильчакова, «Альпари» сараптама департаменті директорының орынбасары:

21 тамыз – 25 тамызҰлттық банктің бағасы бойынша шілдеде еліміздегі тұтынушылық баға инфляциясы 0,1%-ға өскен. Бұл соңғы екі жылдағы аталған көрсеткіштің ең

төменгі мәні. Алайда, Қазақстанның Ұлттық банкі жүргізген инфляциялық таргеттеу елеулі көрсеткіштер байқатты деп айтуға әлі ерте. Әзірше Ұлттық банктің 2017 жылы еліміздегі жылдық инфляцияға байланысты болжамы бұрынғыдай 6-8%-ды құрады. Аталған көрсеткіштер теңгеге айтарлықтай ықпал ете алмады.

Теңгенің долларға қатысты бағамы бойынша болжамымызды бір долларға 332-333 теңге деп өзгертеміз, теңгенің рубльге қатысты бағамы бойынша бір рубль 5,46-5,63 теңгеге саудаланады деп болжам жасаймыз.

Әліби Нұрбаев, «Қазақстан қаржылық орталығы» ЖШС бас сарапшысы:

21 тамыз – 25 тамызӨткен аптаның қорытындысы бойынша мұнай бағасы қысымның астында болды. Алайда, мұнай бағасының үш күндік төмендеуі аяқталды. Нарықтың қатысушылары сәрсенбіде орын алған құлдыраудан кейінгі төмен бағаны пайдаланып қалды. EIA агенттігі 4 - 11 тамыз аралығында АҚШ-тағы мұнай қоры шамамен аптасына 8,9 млн баррелге азайғандығын көрсеткен еді. Десе де, ЕІА деректерінше, АҚШ-тағы мұнай өндірісі тәулігіне 9,502 млн баррелге дейін ұлғайған. Бұл 2015 жылдың шілде айынан бергі ең ауқымды апаталық көлем. АҚШ-тағы және Ливия мен Нигериядағы мұнай өндірісінің артуы әлемдік нарықтағы мұнай осы жылдың екінші жартыжылдығында мол болады деген қауіпті одан әрі күшейте түспек. Оның үстіне ОПЕК мүшелерінің мұндай өндірісі көлемін азайту туралы міндеттемені орындау деңгейі шілде айында 75%-ға дейін төмендеді. Бұл қаңтар айында аталған міндеттеменің күшіне енген уақытынан бергі ең төмен көрсеткіш. Техникалық тұрғыдан алар болсақ, Brent сұрыпты мұнай бағасы барреліне 50 доллар деңгейінен өтті. Қазір аталған мұнай сұрпынің бір баррелі 51 доллар көлемінде саудалануда.

Ресей рубльінің АҚШ долларына шаққандағы бағамы АҚШ-тағы тұрақсыз саяси ахуалға, АҚШ пен КХДР арасында ұлғайып келе жатқан шиеленіске, сондай-ақ Федрезер пайыздық мөлшерлемесінің алдағы уақытта өсуіне ешқандай тұспалдың жоқтығына қарамастан нығая түсуде.

Валюта жұптары бойынша алдағы аптаға берер болжамымыз: USD/KZT жұбы бойынша бір долларға – 329-334 теңге, RUB/KZT жұбы бойынша бір рубльге – 5,53-5,58 теңге.

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:

21 тамыз – 25 тамызӨткен аптада АҚШ пен КХДР арасындағы шиеленіске қарамастан нарық қатысушыларының реакциясы әлсіреді. Доллар индексі комитет мүшелерінің инфляция мақсатты деңгейге жетеді деген қаупін дөп басқан ФРС хаттамаларының жариялануына байланысты төмендеді. Рубль салықтық аптаның басталуымен және мұнай бағасының орынды өсуімен нығайды. Мұнай бағасы 50 доллардан артық деңгейде сақталуына қарамастан, шикізатқа деген қысым артып келеді. Бұл АҚШ-тағы мұнай қорына қатысты статискамен нақтылануда. АҚШ-тағы мұнай қоры 8,9 млн баррелге дейін азайды. Негізі әуелгі болжам 3 млн баррел көлемінде еді. Инвесторлар рубльдік инвестицияларға жақтасып отыр. Бұған өткен аптада РФ қаржы министрлігі жариялаған федеральды займның бағалы қағаздары да дәлел. Федеральды займның бағалы қағаздары толық көлемде орналастырылды және сұранысқа ие.

Алдағы аптада рубль салықтық аптадан қолдау көруді жалғастырады. Бұл қолдау 25 тамызда аяқталады. Ол мұнай бағасының динамикасына қолайлы. Десе де, геосаяси шиеленістерге байланысты қауіп әлі де сақталады.

Келесі аптада рубльдің бір долларға шаққандағы бағасы 58-60 рубль болады, USD/KZT бағамы 331-335 теңге, RUB/KZT 5,50-5,60 теңге болады деп болжап отырмыз.

Сергей Полыгалов, TeleTradeCentralAsia сараптау тобының жетекшісі:

21 тамыз – 25 тамызАғымдағы апта теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы тұрақты болды. KASE валюталық нарығындағы теңгенің дәлізі бір долларға шаққанда 331,00-332,40 диапазонында құбылды. Тұрақтылыққа мұнай нарығындағы тыныштық оң әсер етті. Бір баррель мұнайдың бағасы 50 доллардан жоғары деңгейде сақталды.

Сонымен қатар, теңгенің тұрақтылығына демалыс маусымы кезінде келер жылға деп қоң жинап алатын трейдерлер белсенділігінің төмендеуі де ықпал етті.

Ағымдағы жағдай әлемдік нарықта аяқ астынан ауқымды күйзелістер орын алмаса, келер аптада да сақталады деген болжам бар.

USD/KZT жұбы 330-335 теңге көлемінде саудаланады.

Ресей валютасына қатысты нығаю тенденциясы әлемдік нарықта АҚШ долларының төмендеуіне байланысты келер аптада да жалғасады. Бұған ФРС-тің Вашингтондағы ішкі саяси тұрақсыздық қатысты өткен отырыс хаттамаларының жариялауы әсер етпек. Сондай-ақ, рубльге салықтар мен акциздерді төлеу үшін рубльді сатып алатын экспортерлер қолдау көрсетеді. Келесі аптада салықтың кезең аяқталады.

USD/RUB жұбы 58,50-59,50 рубль болады деп ойлаймыз. Ал RUB/KZT жұбы 5,55-5,65 шамасында болуы мүмкін.

Әли Сағындықов, «Еуразиялық капитал» АҚ сарапшысы:

21 тамыз – 25 тамызАҚШ-тағы мұнай өндірісінің ұлғаюы әлемдік нарықтағы сұранысты жоғары екендігін көрсетеді. Біздіңше, келесі аптада Brent сұрыпты мұнайдың бағасы 51-52 доллар деңгейінде құбылмақ. Мұнай бағасының тұрақтылығы және ресейлік рубльдің одан әрі нығая түсуі теңгеге оң әсер етеді. Осылайша, алдағы аптада теңгенің долларға шаққандағы бағамы 330-333 деңгейінде болады. Сондай-ақ рубль салық кезеңіне байланысты әлі де нығая түсуі мүмкін. Теңгенің рубльге шаққандағы бағамы 5,56-5,62 болады деген ойдамыз.

 

Михаил Цой, «Аналитика Онлайн Қазақстан» компаниясының бас қаржы сарапшысы:

21 тамыз – 25 тамызӨткен аптада теңге ресейлік рубль секілді долларға шаққандағы бағамын едәуір нығайтты. Ресей валютасы АҚШ долларына шаққандағы бағамын 1,19%-ға өсуіне байланысты теңгені де өзімен бірге өрге сүйреді. Осылайша, теңге апта басында долларға шаққандағы бағамын 0,23%-ға нығайтты. Мұнай бағасының төмендеуіне қарамастан, рубль Ресей мен АҚШ арасындағы шиеленістің бәсеңдеуіне байланысты жағдайын біршама жақсартып алды.

Бұл ретте, РФ Орталық банкінің ресейлік нарықтың өтімділігін арттыру жөніндегі қадамы да маңызды факторға айналды.

Келесі апта аса құбылмалы болмайды. Бірақ, рубльдің арқасында теңгенің АҚШ доллары қатысты бағамының қымбаттай түсуіне мүмкіндік бар. Алдағы аптада салықтық кезең рубльге қолдау көрсетпек. Яғни, экспортерлердің салықтарды рубльмен төлеуі ресейлік валютаның жағдайын жақсартпақ.

Осыған байланысты USD/KZT бағамы бойынша баға белгілеу 329-334 теңге шамасында, RUB/KZT жұбы 5,5-5,65 теңге деңгейінде болады деп отырмыз.

Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:

21 тамыз – 25 тамызҚазақстан Ұлттық банкінің 21 тамыз күні өтетін кезекті отырысы алдында теңгенің долларға шаққандағы бағамы тұрақты болмақ. Нарықтың қатысушыларының көбі 10,5% ағымдық деңгейіндегі мөлшерлеме сақталатынын алға тартады. Brent сұрыпты мұнай бағасының тұрақтылығы теңгеге қолдау көрсетеді. Меніңше, Brent мұнайының бағасы барреліне 50 доллар деңгейінде болып тұрғанда теңгеге ешқандай қауіп төнбейді. Егер Ұлттық банк мөлшерлемені төмендететін болса, теңге де құлдырауы мүмкін. Менің пікірімше, шілде айында орын алған инфляция мен тұрақты экономикалық өсім Ұлттық банктің қазан айындағы отырысына дейін теңгенің төмендемеуінің алғы шарты болмақ. Әзірше, апталық болжам төмендегідей: доллар 325-335 теңгеге саудаланса, теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,57-5,67 деңгейінде болмақ.

Алексей Коренев, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:

21 тамыз – 25 тамызӨткен аптада америкалық биржа индекстерінің қозғалысы әлемдік нарықта елеулі әсер етті. Мұхиттың арғы жағындағы сауда алаңдары шілденің соңынан тоқтаусыз өсіп, тек 8 тамызда ғана қалпына келді. Бұл нақты сатылым. Алайда, жедел түрде қалпына түсті. Негативті жаңалықтар да аз болды. Оның үстіне АҚШ пен КХДР арасындағы шиеленіс сәл болса да бәсеңдеді. Соның арқасында осы аптаның басында америкалық нарық тағы да өсуді көздеген. Алайда, ғажайып оқиға орын алған жоқ. Экономиканы өсіруге бағытталған өзінің саяси бастамаларын жүзеге асыруды көздейтін АҚШ президенті Дональд Трамптың қабілетіне күдікпен қараған

инвесторлар да ықпал етті. Сонымен қатар, GoldmanSachs экс-президенті Гэри Кон ұлттық экономикалық кеңестің басшысы қызметінен босағысы келетіндігі алып-қашпа әңгімелер айтылды. Естеріңізге сала кетейік, Кон - салықтық реформаның басты идеологы.

Аптаның соңы АҚШ нарығындағы, еуропалық қор алаңдарындағы ауқымды өзгерістермен өте шығады. Жұма күнгі, Астана уақытымен 20:00-дегі DJIA индексі 21705 п. мәнін көрсетті. S&P500 2426 п. деңгейіне дейін төмендеді. Немістің DAХ 12150 п. ауданында тұрды, франциялық CAC40 5098 п. дейін құлдырады. Ал британиялық FTSE100 7314 п. дейін төмендеді. Ұлттық валюталарға айрықша әсер ететін мұнай бағасы апта бойы тұрақтылығын сақтады. Құбылулар болған жоқ. Тіпті, сәрсенбі күні жарияланған АҚШ мұнай қорына қатысты деректер де «қара алтынның» бағасына айтарлықтай әсер ете алған жоқ. Соның нәтижесінде жұма күні Астана уақытымен сағат 20:00-де Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 50,91 долларды, ал WTI маркалы мұнай 46,94 долларды құрады. Егер қор нарығы келесі аптада дәл осы қарқынмен төмендейтін болса, мұнай бағасы ұзақ уақытқа дейін бір қалыпты сақталуы мүмкін. Ал егер қор индексіне өзгерістер еніп, сәрсенбі күнгі деректер АҚШ мұнай қорының ұлғайғандығын көрсетсе, онда мұнай бағасы қатысты өзгерістер болмақ. Бұл, әрине, энергия тасымалдаушы елдердің валютасында айқын көрініс табады. Мұндай жағдайда алдағы аптада теңгенің долларға шаққандағы бағамы 332-337, ал рубльге шаққандағы бағамы 5,56-5,62 деңгейінде болмақ.

21 тамыз – 25 тамыз

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу