Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
20.7.2019 |
382-385,50 |
ГК «ФИНАМ»
20.7.2019 |
380-385 |
Forex Club
20.7.2019 |
385-386 |
DAMU Capital Management
20.7.2019 |
381-385 |
IFC Markets
20.7.2019 |
380-388 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
20.7.2019 |
6,07-6,13 |
ГК «ФИНАМ»
20.7.2019 |
5,95-6,15 |
Forex Club
20.7.2019 |
6,10-6,20 |
DAMU Capital Management
20.7.2019 |
6,05-6,15 |
IFC Markets
20.7.2019 |
6,06-6,17 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
20.7.2019 |
429-432 |
ГК «ФИНАМ»
20.7.2019 |
428-433 |
Forex Club
20.7.2019 |
431-432 |
DAMU Capital Management
20.7.2019 |
428-432 |
IFC Markets
20.7.2019 |
427-436 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
20.7.2019 |
|
ГК «ФИНАМ»
20.7.2019 |
|
Forex Club
20.7.2019 |
|
DAMU Capital Management
20.7.2019 |
|
IFC Markets
20.7.2019 |
Іnbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (22 шілде-26 шілде).
15 шілде – 19 шілдеге арналған валюта болжамы
Өткен аптадағыдай inbusiness.kz сауалнамасына қатысқан сарапшылар осы аптада да теңге бағамына әсер етуі мүмкін дәстүрлі факторларды атап кетті.
Сарапшылар АҚШ ФРЖ-сының монетарлық саясатына және шілде айының соңында негізгі мөлшерлеменің түсуі мүмкін екендігіне тағы бір тоқталып өтті («ФИНАМ» КТ, Forex Club). Бұдан басқа, Еуропалық орталық банктің негізгі пайыздық мөлшерлемені бекіту бойынша отырысы өтетіні (Forex Club, «DAMU Capital Management» ЖШС) және ҚР Ұлттық банкі мөлшерлемені бұрынғы деңгейде сақтап қалғаны да («DAMU Capital Management» ЖШС, IFC Markets) сөз болды.
Сонымен қатар сарапшылар өткен аптада төмендеп кеткен мұнайға бағаның әсер етуіне тоқталды. Сондай-ақ америкалық доллар мен ресейліі рубльдің қозғалысына мән берді.
Сарапшылардың толық пікірін inbusiness.kz.әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.
Анна Бодрова, «Альпари» ақпараттық-сараптамалық орталықтың аға сарапшысы:
Егер әлемдік инвесторлардың тәуекелге деген қатынасы қазіргідей болатын болса, онда алдағы аптада теңгенің шетелдік валюталарға қатысты бағамы төмендеуді жалғастыруы мүмкін. Қазақстандық валюта үшін шикізат нарығының тұрақсыз болуы да жағымсыз фактор.
Құбылмалық төмендегідей болуы мүмкін: бір доллар 382-385,50 теңге, бір еуро 429-432 теңге, бір рубль 6,07-6,13 теңге, бір юань 55,80-56,05 теңге.
Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:
Өткен сауда қорытындысы бойынша америкалық биржа алаңдары сауданы өсу көрсеткішімен жапты. S&P 500 0,36%-ға өсіп, сауданы 2995,11 көрсеткіште аяқтады, ал өндірістік Dow Jones индексі 0,01%-ға, жоғары технологиялық NASDAQ индексі 0,27%-ға өсті. 10 жылдық қазынашылық облигациялар индексі екі базистік көрсеткішке төмендеп, 2,03%-ға дейін түсті.
Инвесторларға АҚШ ФРЖ-сының негізгі пайыздық мөлшерлемені төмендету туралы айтқаны жаққан сияқты. Өйткені ФРБ президенті Сент-Луис Джеймс Баллардтың айтуынша, мөлшерлемені төмендету саудадағы тұрақсыздық тәуеукелін жеңілдетпек. Оның сөзін Нью-Йорк ФРБ президенті Джон Уильямс та құптап, егер реттеуші экономика қиындыққа тап болды деп есептесе, жылдам әрекет жасауы керек екенін айтты. Бұған дейін Джером Пауэлл ФРЖ 30-31 шілде күні өтетін отырыста мөлшерлемені төмендететінін айтқан болатын. Қазір инвесторларға оның қаншылықты төмендейтіні ғана маңызды болып отыр.
Біз келесі аптада теңгенің негізгі үш валютаға қатысты бағамы, яғни рубль үшін 5,95 -6,15 теңге, доллар үшін 380-385 теңге, еуро 428-433 теңге және юань үшін 54,85-56 теңге шамасында болады деп отырмыз.
Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
Теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамының төмендеуі жалғасуда, оған мұнайдың әлемдік бағасының төмендеп бара жатқаны себеп болып отыр. Мексика шығанағындағы дауыл салдарынан мұнай өндірудің қысқаруы қайта қалыпқа келгеннен кейін, мұнай бағасы айтарлықтай төмендей бастады.
Бұл ретте рубльдің теңге қатысты бағамы бір апта ішінде нығайып алды. Алайда санкция қаупінің күшеюінен төмендеуі мүмкін.
Forex-те доллардың еуроға және басқа да әлемдік валюталарға қатысты бағамының әлсіреуі жалғасуда, өйткені нарыққа қатысушылар АҚШ ФРЖ-сының мөлшерлемені төмендетуін күтіп отыр. Сонымен қатар инвесторлар еуропалық орталық банк ақша-несие саясаты да өзгеруі мүмкін екенін айтты.
Юань бағамына әзірге шешімін таппай отырған Қытай мен АҚШ арасындағы сауда шиеленісі қысым болуда. АҚШ президенті Дональд Трамп жақында Қытай тауарларына жаңа импорттық баж салығын енгізілуі мүмкін екенін мәлім етті. Алайда екі жақ бір шешімге келер деген үміт те жоқ емес.
Ішкі және сыртқы факторлар жиынтығынан алдағы аптада теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы одан әрі төмендейтінін күтуге болады. Оның долларға қатысты бағамы 385-386 теңге, еуроға– 431-432 теңге шамасында болады. Ал ресейлік рубльге қатысты бағамы 6,10-6,20 теңге, қытайлық юаньға деген бағамы 56-56,1 теңге болады деп болжап отырмыз.
Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:
Алда айтқанымыздай, өткен аптада Ұлттық банк мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды, тап қазіргі жағдайда бұл жалғыз дұрыс шешім болды. Егер инфляция қазіргі қарқынмен өсетін болса, онда мөлшерлеме 9 қыркүйекте 0,25-0,50 пайызға өсуі алдын ала шешіліп қойған болып табылады. Сондай-ақ Ұлттық банктің қазіргі саясаты Президент Тоқаевтың көңілінен шығып отырған жоқ. Екінші жартыжылдықта Ұлттық банк теңгенің долларға және рубльге қатысты нығаюына мүмкіндік береді деп ойлаймыз.
Апта бойы мұнай бағасы 62 доллардан төмендеді және Парсы шығанағындағы жаңа қақтығысы мұнай бағасына жұма күні қолдау болды.
Еуропада алдағы аптада ЕОБ-ның негізгі мөлшерлемені белгілеуге қатысты отырысы өтеді. Нарық қатысушыларының болжамы бойынша ол 0% шамасында қалады да, еуроның әлсіреуі жалғасады.
Осы аптада рубльдің бағамы 6,1 теңге шамасынан асып түсті және әлі де өсуді жалғастыруда. Келесі аптада Ресей орталық банкі мөлшерлемеге қатысты шешімді жария етеді, болжам бойынша ол қазіргі 7,5% шамасында қалады.
Қытай ЖІӨ-сі 1990 жылдардан бергі ең аз көрсеткішті көрсетіп отыр. бұл Қытай экономикасындағы тектоникалық өзгерістердің бар екенін тағы бір дәлелдеп отыр. Егер АҚШ-пен арадағы келісім үшінші тоқсан ішінде жасалмаса, онда экономиканың баяулауы қайтымсыз болып, оны тіпті сауда келісімі де тоқтата алмауы мүмкін. Тап Қытай бұрыннан пісіп-жетіліп келе жатқан жаңа әлемдік экономикалық дағдарыстың триггері болуы мүмкін.
Алдағы аптада доллар 381-385 теңге, еуро – 428-432 теңге аралығында, ресейлік рубль – 6,05-6,15 теңге шамасында, юань – 55 теңгеден 57 теңгеге дейінгі аралықта болуы мүмкін.
Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшы:
Өткен аптада теңгенің барлық негізгі валюталарға шаққандағы бағамы әлсіреді. Оған АҚШ доллары индексінің және мұнайдың әлемдік бағасының айтарлықтай төмендеуі себеп болды.
International Energy Agency (IEA) мұнайға деген әлемдік сұранысты тәулігіне 1,2 млн-нан 1,1 млн баррельге дейін төмендетті. Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткіштері жақсы болды. ЖІӨ I тоқсанда жылдық көрсеткіште 4,1%-ға өскен. Бұл 2018 жылғы көрсеткіштен жоғары.
Қазақстан Ұлттық банкі мөлшерлемені 9% деңгейінде сақтады және оны инфляция өскен жағдайда арттыруға дайын. Еске салар болсақ, қазір ол 5,1%. Ұлтық банктің келесі отырысы 5 қыркүйекте болады.
Жалпы теңге бағамының төмен болуын түсіндіру бұрынғыша қиын. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банкке халықтың пен бизнестің айырбас бағамының саясатына деген сенім арттырудың жолдарын табуға тапсырма берді.
Алдағы аптада құбылмалық диапазоны бір рубль үшін 6,06-6,17 теңге, доллар үшін 380-388 теңге, еуро 427-436 теңге, бір юань 55,5-56,5 теңге болады деп отырмыз.