Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
21.3.2020 |
425-475 |
Астана-Инвест
21.3.2020 |
435-450 |
Forex Club
21.3.2020 |
440-450 |
DAMU Capital Management
21.3.2020 |
430-450 |
SoftLink
21.3.2020 |
425-465 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
21.3.2020 |
5,30-6,10 |
Астана-Инвест
21.3.2020 |
5,65-5,85 |
Forex Club
21.3.2020 |
5,06 |
DAMU Capital Management
21.3.2020 |
5,75-6 |
SoftLink
21.3.2020 |
5,4-5,77 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
21.3.2020 |
430-460 |
Астана-Инвест
21.3.2020 |
480-495 |
Forex Club
21.3.2020 |
450-460 |
DAMU Capital Management
21.3.2020 |
450-485 |
SoftLink
21.3.2020 |
455-495 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
21.3.2020 |
60-65 |
Астана-Инвест
21.3.2020 |
60-65 |
Forex Club
21.3.2020 |
62-64 |
DAMU Capital Management
21.3.2020 |
58-63 |
SoftLink
21.3.2020 |
60-64 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады.
16- 20 наурызға арналған валюта болжамы
Келесі аптада нарыққа екі негізгі триггер әсер етеді. Біріншісі – мұнай бағасы. Екіншісі – коронавирус пандемиясы. Осы факторларды сарапшылардың барлығы да атап өтті. Олар Дональд Трамптың мұнай өндірісін қысқарту мәселесі бойынша Сауд Арабиясына ықпал жасауына, әлемдік орталық банктердің әрекетіне, Қытай өндірісінің біртіндеп қалыпқа келіп жатқанына, елдердің коронавируспен күресте қабылдаған шараларына тоқталды. Сонымен қатар Ұлттық банктің әрекеті мен алдағы уақытта пайыздық мөлшерлеменің тағы да көтерілу мүмкіндігін сөз етті.
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Анна Бодрова, «Альпари» бас аналитигі:
Қазақстандық валютаның негізгі валютағаларға қатысты бағамы құлдырауын тоқтатты. Бірақ бұл уақытша тенденция болуы мүмкін. Әлемдік капитал нарығындағы жағдай тұрақты емес. Мұнай бағасы да құбылып отыр.
Алдағы уақытта Ұлттық Банк пайыздық мөлшерлемені тағы да көтеруі әбден мүмкін. Бұл сыртқы факторлардан ел экономикасын қорғау мақсатында жасалмақ.
Келесі аптаға болжамым: доллар 425-475 теңге, еуро 430-460 теңге, рубль 5,30-6,10 теңге, юань 60-65 теңге болады деп ойлаймын.
Дмитрий Лукашов, SoftLink аналитигі:
Осы аптада Brent cұрыпты мұнай құны шамамен 18 пайызға түсіп кетті. Бұған түрткі болған - коронавирус пандемиясы. Бірқатар елдердегі карантин мұнайға деген сұраныстың төмендеуіне әкеліп соқты. Мысалы, Жапония ақпан айында мұнай импортын 8 пайызға қысқартты. Бұл тенденция әлі де жалғасуы мүмкін.
Goldman Sachs және Bank of America болжамдарынша, екінші тоқсанда Brent сұрыпты мұнай құны 20 долларға дейін арзандауы мүмкін.
Десе де карантин аяқталғаннан кейін, жағдай реттеледі. Goldman Sachs 2020 жылы мұнайға деген сұраныс тәулігіне небәрі 1,1 млн баррельге дейін қысқарады деп отыр. Ал Rystad Energy болжамы бойынша, күніне 2,8 млн баррельге дейін азаюы ықтимал. Алдағы уақытта шикізат бағасына коронавирус пандемиясы қатты әсер ететін болады.
Теңге бағамының арзандауына Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин енгізілуі түрткі болды. Әрине, бұл керекті шара, дегенмен ел экономикасына ауыртпалық түсіп отыр.
Келесі аптада АҚШ доллары 425-465 теңге, еуро 455-495 теңге, рубль 5,4-5,77 теңге, юань 60-64 теңге болады.
Серік Қозыбаев, «Инвестиционный дом «Астана-Инвест» АҚ инвестициялық сараптама бөлімінің басшысы:
Қазір мұнай нарығын тұрақтандырып отырған - америкалық президенттің мәлімдемесі. Дональд Трамп Сауд Арабиясын мұнай өндірісін қысқартуға көндіретінін айтты. Сондай-ақ әлемдік банктерді қазіргі жағдайда қабылдап жатқан шаралары үлес қосып отыр.
Мұнай бағасы өсу үшін пандемия ауыздықталу керек. Бірақ көптеген елдер шикізатты сатып алуды ысырып қойды. Ерте ме кеш пе коронавирус пандемиясы басылады. Сәл күте тұруымыз керек.
Келесі аптаға болжамым: бір доллар 435-450 теңге, бір еуро 480-495 теңге, бір рубль 5,65-5,85 теңге, бір юань 60-65 теңге болады.
Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
Қазақстандық қор биржасындағы сауда нәтижесі бойынша, теңгенің долларға қатысты бағамы сәл нығайды. Бұған шикізат құнының қымбаттауы әсер етті. Ұлттық валютаның доллар мен юаньға қатысты бағамы қымбаттаса, рубльге қатысты бағамы арзандады. АҚШ пен Еуроодақ биліктері қабылдаған шаралар әлемдік нарықтағы жағдайды тұрақтандырды. Жұма күні мұнай бағасы көтерілді.
Дегенмен коронавирус пандемиясы мен осы орайда кей елдердің жүргізіп жатқан шаралары әлемдік экономиканы бәсеңдетуде.
Келесі аптаға болжамым: бір доллар 440-450 теңге, бір еуро 450-460 теңге, бір рубль 5,06 теңге, бір юань 62-64 теңге болады.
Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:
Осы аптада да құбылмалылық сақталып отыр. Мұнай нарығындағы жағдай тұрақтала қоймады. Өйткені ОПЕК+ техникалық комитетінің отырысы кейінге қалдырылды. Сауд Арабиясы мен Ресей тараптары ортақ мәмілеге келмеді. Дональд Трамп болса, нарықтағы жағдайды тұрақтандырамын деп уәдесін берді. Қазір мұнай өндіруші елдер өзінің резервтерін жоғалтып жатыр. Бұл ОПЕК пен Ресейге тиімді емес. Сондықтан алдағы уақытта тараптар келіссөздер жүргізуі тиіс.
Осы аптада АҚШ экономиканы ынталандыру шараларын қабылдады. Федералдық қор жүйесі пайыздық мөлшерлемені 0-0,25 пайызға дейін төмендетті. Қытайда өндіріс қазір қалыпқа келіп жатыр. Енді қытайлықтар АҚШ пен Еуропадағы сұраныстың тұрақталуын күтеді. Келесі аптада Қытайдың өндірістік көрсеткіші жоғарылауы тиіс. Ресейдің Орталық банкі пайыздық мөлшерлемені өзгертпей, 6 пайыз деңгейінде қалдырды.
Ұлттық Банктің айырбастау пунктеріне сату және сатып алу бағаларының арасындағы айырмашылықты 6 теңге етіп бекітуі теңге бағамының тұрақталуына септігін тигізуі керек.
Алдағы аптаға болжамым: бір доллар 430-450 теңге, бір еуро 450-458 теңге, бір юань 58-63 теңге, бір рубль 5,75-6 теңге болады.