Валюта болжамы: 23 шілде - 27 шілдеге арналған валюта болжамы

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

Atameken Business Channel теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (23 шілде - 27 шілде).

Аbctv.kz сауалнамасына қатысқан сарапшылардың қазақстандық валютаға қатысты болжамы әлі көңіл көншітпей тұр. Бұған бірнеше себеп бар, оның біршамасын сарапшылар өткен аптада айтып кеткен болатын.

Біріншіден, бағам қалыптастыруға  барлық әлемдік валюталарға қатысты нығайып келе жатқан доллар әсер етеді. Бұл факторды «Альпари»,  «ФИНАМ» КТ, TeleTrade және IFC Markets сарапшылары өз болжамында атап кетті. «Альпари» және TeleTrade компаниясының сарапшылары осы арада АҚШ ФРЖ төрағасы Джером Пауэлланың АНС-ны одан әрі күшейтеміз деп сенімді айтқанына ерекше тоқталды.

Екіншіден энергия тасымалдаушылар нарығындағы жағдай маңызды және қалыпты болып қала бермек. Арзандап бара жатқан қара алтын жайына сауалнамаға қатысқан  сарапшылардың барлығы дерлік тоқталды. Сонымен қатар сарапшылар мұнай бағасының төмендеуіне доллардың күшеюі де себеп дегенді айтты.

Бұған қоса сарапшылар АҚШ-тың бірқатар елмен, оның ішінде Ресеймен, Қытаймен, Еуроодақ елдерімен сауда жайына қатысты қарым-қатынасы мәз емес екенін атап кетті.

Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар. 

Анна Бодрова, «Альпари» аға сарапшысы:

23 шілде - 27 шілдеге арналған валюта болжамы

Теңге бұрынғыша мұнай бағасының құбылуына, әлемдік инвесторлардың дамушы елдер экономикасының активтері мен нарықтың тәуекелге қызығушылық танытуына тәуелді. Тап қазіргі уақытта осы үшеуінің де жағдайы мәз болып тұрған жоқ, сондықтан теңгенің долларға шаққандағы бағамы төмендеп барады.

Сонымен қатар соңғы уақытта әлемдік капитал нарығында америкалық валютаның нығайғанын да назардан тыс қалдыруға болмайды. Америкалық валютаның тұрақты болуына АҚШ статистикасы мен ФРЖ басшысы Джером Пауэллдың сенімді түсініктеме беруі себеп болып отыр.

Шілде айының үшінші аптасында доллар 345-348,00 теңге, ал еуро 400-403,50 теңге шамасында саудаланатын болады деп болжап отырмыз. Рубль мен теңге жұбы 5,46-5,50 теңге шамасында болады.

Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:
23 шілде - 27 шілдеге арналған валюта болжамы

Өткен сауда сессиясының қорытындысы бойынша биржалық көрсеткіштер АҚШ-тың протекционистік саясатымен байланысты жаңа қауіптердің қызыл аймағында жабылды. 

S&P500 нарығының индексі үш күн ішінде алғаш рет төмендеп, 2804,49 шамасында жабылды.  Өндірістік Dow Jones индексі 0,53%-ға түсті, ал жоғары технологиялық NASDAQ болса 0,37% жоғалтты. 10 жылдық қазынашылық облигациялар табыстылығы үш базистік көрсеткішке, 2,84%-ға дейін түскен. 

Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда текетіресі тамыз айының ортасына қалдырылғасын, нарықтар АҚШ пен Еуроодақ арасындағы сауда қатынастарына қатысты қауіптері күшейгенін айтып отыр. Өйткені сәрсенбі күні Трапм министрлер кабинетінің отырысында АҚШ-тағы еуропалық көлік экспортына салық салатынын айтқан еді.

Үлкен сауда соғысына ұласу қаупі бар әлемдік ірі экономикалар арасындағы сауда қатынастарының қақтығысы, биржа алаңдары динамикасына кері әсер ететініне дау жоқ. Дегенмен JPMorgan сарапшылары циклдың соңында емес ортасында орналасқанына қарап, қор нарығынан әлі де үміттерін үзіп отырған жоқ. Сондай-ақ акциялардың көтерілу нарығы АҚШ-тағы өсу саябырлағанда, 2020 жылға дейін соңғы кезде акциялары қайта сатылған дамушы елдердің нарығын жаулап алу мүмкіндігі бар екенін айтып отыр.

Өткен сауда қорытындысы бойынша мұнай бағасы 0,70%-ға төмендеп, жағымсыз факторлар әсерінен сауданы 72,54 доллар шамасында жапты. Жағымсыз факторлар ішінде шикізат активтерінің барлығына қысым жасап отырған доллар да бар.

Тап қазіргі уақытта жергілікті қолдаумен Brent маркалы мұнай бағасы 71,20 доллар болып отыр.

Алдағы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,4-5,8 теңге, долларға қатысты бағамы 341-345 теңге және еуроға қатысты бағамы  399-404 теңге болады деп болжап отырмыз. 

Анастасия Игнатенко, TeleTrade компаниялар тобының аға сарапшысы:

23 шілде - 27 шілдеге арналған валюта болжамы

Америкалық валютаға деген қызығушылықтың қайта артуы осы аптада рубль мен теңге бағамында айқын көрініс тапты. USD/RUB және USD/KZT бағамы тиісінше 1,35% және 0,51-ға өсті.

АҚШ-тың ФРЖ төрағасы Джером Пауэллдың алдағы уақытта ақша-несие саясатын күшейтуге сенімді уәде беруі «америкалық» валютаның көтерілуіне күш берді. Ал АҚШ-тың 10 жылдық табыстылық қазынашылық қағаздары үш апта бойына өзгеріссіз тұр. Бұған мұнай бағасының айтарлықтай төмендеуі мен юаньның кезекті девальвациясын қосыңыз. Осының барлығы жақсылыққа апармасы анық.

20-25 аралығында ресейлік рубль салықтық төлемнің әсерінен шамалы болса да табандылық танытады, ал ол оның төмендеуін біршама ұстап тұрады. Қазақстандық теңге болса осы уақыт ішінде ештеңеге иек арта алмайды.

USD/KZT бағамы 2017 жылдың қаңтарындағы жағдайды қайталады, егер бағам 345,75 теңге бағамы деңгейінен жоғары көтерілетін болса, онда америкалық валюта бір доллар үшін 355 теңге шамасына жақындауы мүмкін.

Ұлттық банктің соңғы баспасөз баянында инфляциялық тәуекелдердің артуы және әлемдік нарықта АҚШ долларының нығаюы бағамға қысым жасайтын фактор деп көрсетілген. Орташамерзімді келешекте аталған факторлар жойылмайды деп ойлаймын, ал 10%-ға дейін төмендеп кетеді деп болжанып отырған мұнай бағасының жағымсыз динамикасы қазіргі жағдайды қиындатпаса, жеңілдетпесі анық.

Ал RUB/KZT жұбына тоқталар болсақ, онда ресейлік рубль 5,55 теңгеге жеткеннен кейін, түсіп кетті. Алайда сәуірден бері өсіп тұрған тренд рубльге әзірге қолдау болып тұр. Яғни ресейлік рубль 5,40 теңге шамасында саудаланады деуге болады. Сондықтан RUB/KZT жұбы қазіргі деңгейден тағы көтеріліп, 5,60-5,65 теңгеге өсуі мүмкін.

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің басшысы: 

23 шілде - 27 шілдеге арналған валюта болжамы

Рубльге санкция мен арзан мұнайдың қысым жасауы жалғасады. Бұған қоса бюджеттік жоспарлау аясында Ресей қаржы министрлігінің валюта сатып алуы да қысым болмақ. АҚШ пен Ресей президенттерінің кездесуі, бір қарағанда, жақсы болғанмен, артынан барлығы жоққа шықты. Нақты бір уағдаластық болған жоқ. Ал кездесуден кейінгі президенттердің айтқан жаттанды сөздерді, ресей активтерінен кетіп жатқан инвестолрларды ұстап қала алмады.

Егер мұнай бағасы төмендетуін тоқтататын болса, онда қазіргі шамада саудаланатын болады, ал рубль болса одан әрі әлсіреуі мүмкін. Бұған негізгі себеп – санкция. Америка мен АҚШ арасындағы қатынас қазір күшейіп тұр, АҚШ Путиннің Ресей-АҚШ саммиті барысында айтқан ұсыныстарынан бас тартты.  

Рубльдің артынан теңгенің түсетіні де анық. Теңге бағамы күрт өзгеріп кете алмайды. Яғни рубльдің әлсіреуі мен Ұлттық банктің араласуының арқасында нарықта долларды сатуда теңге/доллар бағамын бір қалыпты ұстап тұруы мүмкін, ал теңге/рубль бағамы төмендейтін шығар. Теңгенің рубльге шаққандағы құны бір рубль үшін 5,45 теңге емес, 5 теңге болады.

Мұнай бағасына саудиялықтардың мұнай нарығында қосымша ұсыныс болмайды дегені де қолдау болады.

Келесі аптада доллар 343-348 теңге, рубль 5,4-5,5 теңге, Brent маркалы мұнай бағасы 68-73 доллар, бір биткоин 6000 -9000 АҚШ доллары болады.

Дмитрий Лукашов, IFC Markets компаниясының сарапшысы:

23 шілде - 27 шілдеге арналған валюта болжамы

Өткен аптада қазақстандық теңгенің долларға қатысты бағамы әлсіреді. Бұған үш апта бойына төмендеп бара жатқан мұнай бағасы басты себеп болды. Осы уақыт ішінде Brent маркалы мұнайдың баррелі шамамен 10%-ға түсті. Сонымен қатар доллардың басқа әлемдік валюталарға қатысты бағамы біршама нығайды. Мамыр айының басынан бері теңгенің долларға қатысты бағамының әлсіреуі 6,5%-ға жетті. Бұл мұнай бағасына қарағанда шамалы болса да аз көрсеткіш. Теңгені ұстап тұруға 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда  мұнай мен газ конденсатын өндірудің 6,2%-ға, 45,16 млн тоннаға дейін өсуі негізгі фактор болды деп есептеймін. Ал рубльге қатысты бағамы өткен аптада нығайған сияқты. Ресейлік валютаның теңгеге қатысты бағамының әлсіреуіне Ресейде ҚҚС-ны 18%-дан 20%-ға дейін өсіру жоспарланып отырағаны себеп болады деп айта аламын. Бұл Қазақстандағы ҚҚС-дан өте үлкен.

Алдағы аптада құбылмалық бағамы бір рубль үшін 5,39-5,49 теңге, бір доллар үшін 343-349 теңге болады деп  болжап отырмыз.

23 шілде - 27 шілдеге арналған валюта болжамы

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу