Валюта болжамы: 24-28 шілде аралығы

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

Atameken Business Channel оқырмандарға алдағы аптаға (24-28 шілде аралығына) теңгенің доллар мен рубльге қатысты валюта болжамын ұсынады.

24-28 шілде аралығы24-28 шілде аралағына арналған валюта болжамы

Өткен апта энергия тасымалдаушылар нарығы үшін жақсы болды. Маусым айынан бері Brent маркалы мұнай бағасы алғаш рет бір баррель үшін 50 доллар бағасынан аса алды. Бірақ та бұл деңгейді сақтап қала алған жоқ. Мұнай бағасының бұдан әрі қалай болатыны дүйсенбі күні Санкт –Петербордағы ОПЕК кездесуінен кейін белгілі болады. Бұл кездесуде Нигерия мен Ливиядағы мұнай өндіруді қысқарту турады келісімге қосылу мәселесі шешілетін болады. Алайда кейібір сарапшылар бұл отырыс еш нәтиже бермейді деп есептейді, ал Нигерия болса бұған қатысудан мүлдем бас тартқан. Сондай-ақ Эквадор да келісімнен шығатынын ашық жариялады. Егер бәтуаластық жасалмайтын болса, онда мұнай бағасы тағы да түсіп кетеді, ал бұл теңгенің бағамына әсерін тигізеді.

Сонымен бірге келесі аптада ұлттық валюта бағамына әсер ететін бірден-бір фактор  АҚШ ФРЖ отырысының нәтижесі, яғни  Штаттағы көмірсутек қоры бойынша және басқа макроэкономикалық статистика мәліметтерін  жариялау, сондай-ақ РФ ОБ отырысы және рубль құнына әсер етіп отырған АҚШ пен Ресейдің шиеленіске қарым-қатынасы. Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған кезекті сауланамадан оқи аласыздар.
Наталья Мильчакова, «Альпари» талдау департаменті директорының орынбасары:

24-28 шілде аралығы17 шілдеден бастап 19 шілде аралығындағы қысқа мерзімде дамушы елдердің валюта нарығындағы сауда бірқалыпты болды. Brent маркалы мұнайдың бағасы көтеріліп келеді, ал бұл «мұнай» валюталарына оң әсерін тигізуде. Көптеген елдердің макроэкономикалық статистикасы бұл елдердің дағдарыстан шығу жағдайын көрсетіп отыр, бұл валютаға қолдау болуда.

Әзербайжан халықаралық банкі дефолт жағдайында болған проблемалық облигацияларға қайта құрылымдау жүргізуі Қазақстандағы валюта нарығына өз әсерін тигізіп отыр. Қайта құрылымдау жоспары бойынша, резервтік валютада белгіленген проблемалық облигациялар 15 жылға жылдық  3% купондық мөлшерлемемен шығарылған Әзербайжанның манатпен есептелетін мемлекеттік облигациясына айырбасталатын болады.  Еске салар болсақ, қазақстандық мемлекеттік зейнетақы қоры БЖЗҚ Әзербайжан халықаралық банкі облигацияларына 71 млрд теңге салған болатын. Бұл жаңалық теңгенің долларға қатысты бағамына жағымсыз әсер етті.

Теңгенің долларға қатысты бағамы бір доллар үшін 324-326 шамасында болады деп ойлап отырмыз. Ал теңгенің рубльге қатысты бағамы бір рубль үшін 5,43-5,58 теңгеге дейін жетуі мүмкін.

Ерлан Қойшыбаев, Gerchik&Co компаниясының веб-серіктесі:

24-28 шілде аралығыӘлемдік қаржы нарығындағы АҚШ долларының әлсіреуі, сондай-ақ мұнай бағасының тұрақты болуы келесі аптада теңгенің нығаюына себеп болады. Келесі аптада бір доллар 324-329 теңге шамасында болады деп ойлаймын. Теңгенің ресейлік рубльге қатысты бағамы 5,2-5,4 теңге болады.

 

 

 

 

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің бастығы:

24-28 шілде аралығыӨткен апта мұнай мен рубль бағасының тұрақтылығы үшін тиімді болды. Мұнай бағасы маусым айынан бері алғаш рет бір баррель үшін 50 доллар шамасынан асты, бірақ та осы қарқынды ұстап тұра алмады. Нарық қатысушылары Санкт-Петерборда өтетін ОПЕК кездесуіне көп үміт артып отыр. Кездесуде Нигерия мен Ливияның мұнай өндіруді шектеу туралы келісімге қосылуы туралы мәселе шешілу керек. Кездесу қорытындысы мұнай нарығының келешектегі динамикасын көрсететін болады.  

Өткен аптада рубльдің тұрақтылығына әсер еткен факторлар – мұнай нарығының оң динамикасы, доллар индексінің және салық кезеңінің азаюы болды. Келесі аптада рубльге қолдау болып тұрған салық кезеңі өз күшін жояды, сонымен бірге доллар мен мұнай бойынша түзетуі болуы мүмкін, мұның барлығы рубльдің әлсіреуіне әкеледі. Бірақ та ОПЕК кездесуінің жақсы нәтижесі мұнай бағасын 50-55 долларға дейін көтеруі мүмкін, ал бұл рубльге қолдау болатыны белгілі. Келесі аптада бір доллар 58-60 рубль, USD/KZT жұбы бойынша бағам 323-328 теңге,  RUB/KZT  жұбы 5,50-5,60 теңге болады.

Әли Сағындықов, «Еуразиялық Капитал» АҚ сарапшысы:

24-28 шілде аралығыҚазақстан мен Ресейдің ұлттық валютасы бағамын белгілейтін негізгі фактор бұрынғыша  мұнай бағасы болып қала береді. Бейсенбі, 20 шілде күні Brent маркалы мұнай бағасы 50 долларға жетті де, жұма күні қайтадан түсіп кетті. Дүйсенбі, 24 шілде күні картель құрамына кірмейтін елдер өкілінің қатысуымен өтетін ОПЕК отырысы басты назарда болады. Отырыста Ливия мен Нигериядағы мұнай өндіру мәселесі шешілетін болады. Біз бұл отырыстан керемет өзгеріс пен нақты бір уағдастық болады деп ойламаймыз, сондықтан баға өседі деп үміттенбейміз. 

Осыған байланысты теңгенің долларға қатысты бағамы 324-327 теңге, рубльдің долларға қатысты бағамы 5,45-5,55 теңге болады.

Әліби Нұрбаев, «Қазақстан Қаржы Орталығы» бас сарапшы:

24-28 шілде аралығыАҚШ, Ливия және Нигерия мұнай қорын өсіріп келеді, ал бұл ОПЕК келісімі үшін үлкен ыңғайсыздық тудырады. Эквадор қазірдің өзінде ат-тонын ала қашып отыр, олар келісімнен шығатынын ашық жариялады. Келесі кім? Осыдан-ақ ОПЕК жоспарының іске аспай қалғанын көруге  болады. Картель америкалық қатпарлы мұнай өндірушілерге, Ливия мен Нигерияға әлі келмейді. 24 шілде күні Санкт-Петерборда ОПЕК-тің мұнай өндіруді шектеу мониторингі жөніндегі комитеттің кездесуі өтеді, оған Ливия мен Нигерия қатысады. ОПЕК оларға мұнай өндіруді шектеуге өтініш жасайды.

Кездесу қорытындысы бойынша қандай да бір келісімге қол жететін болса, онда мұнай бағасы өседі. Картель келісімінен Эквадор шығып кеткеннен кейін Нигерия мен Ливияның мұнай өндіруді шектеуге келісе қоюы қиын. Бұл елдердің экономикасы қаржыландыру өте қажет етеді. Сондықтан АҚШ, Нигерия және Ливия сияқты елдердегі мұнай өндіруді бақылап отырған жөн. Өндіруді шектеуден бас тарту қара алтынның жаппай сатылымға шығуына әкеледі. Ал бұл теңге бағамына әсер етеді.

Ресей рублі АҚШ пен Ресей арасындағы шиеленіс салдарынан туындап отырған жаңа санкциялардың енуінен қысым көруі мүмкін. Бұл қазақстандық теңгеге де әсерін тигізбей қоймайды, өйткені санкция тауар тасымалдау, қызмет көрсету және ресейлік газ бен мұнай құбырының жұмысына арналған технологияға енгізіледі. Ал біз мұнайды ресейлік мұнай құбырлары арқылы экспортқа шығарып отырмыз.

Сондай-ақ санкция басқа елдерде жұмыс істейтін америкалық компанияларға зиянын тигізеді. Соған қарағанда заңнамаға өзгертулер енгізіліп, оның америкалық компанияларға қатысы болмай қалады.

Егер бұл іске асатын болса, USD/KZT жұбы 330-335 теңге, RUB/KZT жұбы 5,55-5,60 теңге болады деп ойлаймыз.

Сергей Полыгалов, TeleTradeCentralAsia талдау тобының басшысы:

24-28 шілде аралығыКелесі аптада доллар бағамын белгілейтін негізгі фактор 26 шілде күні шығатын АҚШ-тың ФРЖ нәтижесі болмақ.

Негізгі макроэкономикалық индикаторларға қарап отырып, Штат экономикасы төмендендеп бара жатқанын көруге болады. Барлығы америкалық реттеуші монетарлық саясатты өзгертпейтінін айтады. Ал бұл доллар бағымына кері әсерін тигізуде. АҚШ-тың ішкі саяси жағдайына байланысты инвесторлардың америкалық валютаға деген сенімінің болмауы және ФРЖ-ның шешімі америкалық валюта бағамына қосымша қысым жасауы мүмкін.

Ал доллар мен теңгенің ара қатынасы жайлы айтар болсақ, онда оған 24 шілде күні өтетін ОПЕК отырысы әсер ететін болады. Кездесудің күн тәртібінде қаралатын негізгі мәселе – Ливия мен Нигерияны мұнай өндіруді шектеу келісіміне кіргізу. Жағдай бірқалыпты емес. Нигерия отырысқа қатысудан бас тартады.  Ливия кездесуге келеді, бірақ бұл келісімге кіреді деген сөз емес. Егер шешім қабылданбайтын болса, онда бұл теңге бағамына қатты әсер ететін болады.

Алдағы аптадағы  USD/KZT жұбы бойынша болжам – 322-337 теңге деп отырмыз.

28 шілде күні РФ ОБ кезекті отырысы болады. Ресейлік реттеуші монетарлық саясатты өзгеріссіз қалдырады. Өйткені негізгі көрсеткіш – инфляция өткен айда болжамнан жоғары (4,4%) болды.

Салықтық кезеңнің аяқталуы рубльге деген сұранысты азайтуы мүмкін. Өткен аптада ресейлік валюта бір доллар үшін 58,60-59 рубль болды. Ал қазақстандық валюта бір рубль үшін 5,2 теңге болады.

Ресейлік ірі қатысушылар тарапынан ұлттық валютаға деген сұраныстың түсуі рубль бағамын әлсіретіп жіберуі мүмкін. Ал көптеген ресейлік шенеуніктер ресейлік валюта қазіргіден де төмен болуы керек деп отыр. Менің ойымша, бағам 61-63 рубль шамасында болады, ал егер мұнай бағасы төмендейтін болса, онда 65 рубль болады.

RUB/KZT жұбы бойынша болжам  – 5,43-5,53 теңге болады.

Михаил Цой, «Аналитика Онлайн Қазақстан» компаниясының бас қаржы сарапшысы:
24-28 шілде аралығыТеңге өткен аптада өсіп, бір доллар үшін 325-328 теңге болды. Бұған бірнеше себеп бар. Біріншіден, мұнай бағасының 50 долларға дейін көтерілуі. Екіншіден, америкалық долларға қатысты бағамын нығайтып алған рубль де теңгеге қолдау көрсетті.

Келесі аптада теңге бағамына мұнай әсер ететін болады. Ал мұнай бағасы ОПЕК отырысының қорытындысына байланысты шешіледі. Келесі аптада USD/KZT жұбы 323-327 теңге шамасында болады.

Сондай-ақ теңгенің рубльге қатысты бағымы да өсті. Келесі аптада RUR/KZT жұбы 5,4-5,6 теңге шамасында саудаланатын болады деп болжап отырмыз.

Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:

24-28 шілде аралығыКелесі аптада қазақстандық валютаның бағамы тұрақты болады деп ойлаймын. Нарықта жағымды және жағымсыз факторлар да бар. Әлемдік мұнай бағысының төмендеуі кері әсерін тигізуі мүмкін. Brent маркалы мұнай бағасы бір баррель үшін 50 доллардан аса алмай отыр, ОПЕК құрамындағы бірқатар ел шілде айында өндіруді шектеу бойынша келісімді орындамағаны белгілі болды.

Ал Ұлттық банктің мөлшерлемені төмендету және оны 10,5% деңгейінде сақтап тұру туралы шешімі теңге бағамына қолдау болуы мүмкін. 2017 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша елдегі ЖІӨ-нің 4,2% болуы да оң әсерін тигізді. Теңгенің долларға қатысты бағамы 321,5-329 теңге, рубльге қатысты бағамы 5,4-5,56 теңге болады деп болжап отырмыз.

Богдан Зварич, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:

24-28 шілде аралығыЕгер алдағы апта жайын сөз етер болсақ, онда теңге үшін бірнеше фактор маңызды рөл атқаратынын ескерген жөн. Оның біріншісі – энергия тасымалдау нарығындағы жағдай, яғни Санкт-Петерборда өтетін ОПЕК кездесуі. Мұның барлығы қазақстандық валютаны қолдау үшін тиімді болады.

Ал екінші фактор – ФРЖ отырысы. Бұл отырыста мөлшерлеме көтеріле қоймайды, сондықтан нарық үшін негізгі мәселе аталған шешімге деген ойыншылардың  пікір болады. Сондай-ақ инвесторлар АҚШ-тың маңызды макроэкономикалық статистикасына мән береді. Жарияланған мәліметтер нарықтың жағдайына әсер етіп, жоғары тәуекелді активтердің қозғалысына көмектеседі.

Жоғарыда баяндалғандарды есепке ала отырып, доллар 320 теңгеге дейін түседі деп ойлаймыз. Ал рубль болса, 5,5 теңгеден сәл ғана жоғары болады.

24-28 шілде аралығы

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу