Валюта болжамы: 24 – 28 сәуір

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

Atameken Business Channel оқырмандарға алдағы аптадағы (24-28 сәуір) теңгенің долларға және рубльге қатысты апта сайынғы кезекті валюта болжамын ұсынады.

Келер аптада Қазақстан валютасының бағамын айқындайтын негізгі фактор энергия тасымалдаушылар нарығындағы жағдай болып қала бермек. Сарапшылардың басым бөлігі жағымсыз динамика сақталады деп болжап отыр, себебі АҚШ «қара алтын» өндірісін арттыруды тоқтатпай, МЭЕҰ+ талпынысын жоққа шығарып отыр. Осылайша теңгенің долларға қатысты бағамы түсуі ықтимал. Ал теңге/рубль жұбына келер болсақ,  мұнда сарапшылардың пайымынша, бағамға әсер ететін негізгі фактор РФ-да  салық кезеңінің басталуы мен РФ ОБ монетарлық саясат жөніндегі отырысы болмақ, онда пайыздық мөлшерлемені азайту туралы шешім қабылдануы әбден мүмкін. Бұл рубльдің теңгеге қатысты бағамының төмендеуіне әкелуі ықтимал. Толығырақ төмендегі abctv.kz әзірлеген сарапшылардан алынған сауалнамадан біле аласыздар.

Максим Романчук, «Альпари» компаниясының сарапшысы:

24 – 28 сәуір

Жақын уақытта доллар/теңге валюталық жұбының бағамына, бірінші кезекте, мұнай фьючерстерінің бағалары әсер етеді. Егер қара алтын нарығында баға төмендей берсе, біз Қазақстан ұлттық валютасының долларға қатысты әлсірегенін көреміз. Келесі аптадағы доллар\теңге жұбының бағамы 311-317 шегінде болады деп күтіледі. Ал рубль/теңге жұбына келер болсақ, жалпы, ресейлік валюта Қазақстанның төл теңгесіне қарағанда мықтырақ көрінеді. Осылайша, рубль/теңге жұбы алдағы аптада да нығаюын жалғастыруы мүмкін. Алайда негізгі мөлшерлемеге қатысты РФ ОБ-ның 28 сәуірде директорлар кеңесінің отырысында қабылданатын шешімі бағамның тым жоғары нығаюына кедергі келтіруі мүмкін. Қазіргі кезде негізгі мөлшерлемені төмендеу ықтималдығы жоғары. Осыған байланысты рубль/теңге жұбының саудалану диапазоны бір ресейлік валютаға 5,50-5,63 теңге шамасында болады деп ойлаймыз.

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің бастығы:

24 – 28 сәуір

Бұл апта мұнай нарығының құлдырауымен есте қалды, АҚШ энергетика министрлігі жария еткен мұнай қоры туралы жағымсыз мәліметтерден кейін сәрсенбі күні Brent маркалы мұнай бағасы 3,5%-ға төмендеді. Мұнай бағасының арзандауының салдарынан рубль сәл әлсіреді.  Ресейде салық кезеңінің басталуы мен кэрри-трейдерлердің рубльдік инвестицияларға деген қызығушылығы рубльге қолдау көрсетіп отыр. Осы аптада РФ Орталық банкінің басшысы реттеуші 28 сәуірде өтетін келесі отырыста негізгі мөлшерлемені 0,25 немесе 0,5 пайыздық тармаққа төмендетуі мүмкін екенін мәлім етті. Орталық банктің отырысына дейін нарықта рубльдік құралдарға деген сұраныс артады деп болжауға болады, бұл да, өз кезегінде, рубльге қолдау көрсетеді. Атап өту керек, реттеушінің мәлімдемесі рубльге еш әсерін тигізген жоқ, себебі мөлшерлеме 0,25 пайыздық тармаққа төмендетілсе де, рубльге деген қызығушылық жоғалмайды. Алдағы аптада мұнай нарығындағы жағымсыз жағдай сақталады деп ойлаймыз. Салық аптасының жалғасуына байланысты рубль тұрақтылығын сақтайды. USD/KZT жұбы бойынша диапазон – 310-314, RUB/KZT жұбы бойынша – 5,50-5,56.

Евгений Чекай, «АНАЛИТИКА Онлайн Қазақстан» компаниясының басы қаржы сарапшысы:

24 – 28 сәуір

Жағымсыз жайттарға қарамастан, АҚШ долларының әлсірейтін түрі жоқ. Тұтынушылық шығындар екінші ай қатарынан құлдырап кетті, тұтынушылық баға соңғы бір жылда алғаш рет түсті, жұмыскерлер саны наурыз айында 98 мыңға дейін тежелді, ал Нью-Йорктің Федералды резервтік банкі сәуір айында өңірдегі өндірістік белсенділік өсуін доғарғанын айтты. Менің болжамым бойынша, теңгенің долларға қатысты бағамы 313-315 шамасында болады. Өткен аптаның қорытындысы бойынша АҚШ-та мұнай өндірісінің артқаны мәлім болғаннан кейін, жоғары сұрыпты мұнай бағасына айтарлықтай қысым көрсетілді. Brent маркалы мұнай барреліне 52-53 доллар шамасында сақталуы әбден мүмкін. Энергия тасымалдаушылар нарығындағы жағдай ресейлік валютаның бағамына біртіндеп кедергі келтіруде. Соңғы уақытта рубль мұнай бағасынан тәуелсіз болғанына қарамастан, қара алтын бағасының ауытқуы Ресейдің валюта нарығының тұрақтылығын бұзуы мүмкін. Болжалды бағам бір рубльге 5,6-5,7 теңгені құрайды.

Әли Сағындықов, «Еуразиялық Капитал» АҚ сарапшысы:

24 – 28 сәуір

Мұнай бағасының төмендеуіне байланысты теңге долларға қатысты әлсіреуі мүмкін, біздің болжамымыз бойынша, теңгенің долларға қатысты бағамы 312-314 құрайды.  Рубльдің  бағамы да төмендеуі мүмкін, рубльдің долларға қатынасы 56,0-57,5 шамасында болады деп күтіледі. Осыған сәйкес теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,45-5,65 шамасында болады.

 

Ерлан Қойшыбаев, Gerchik&Co компаниясының веб-серіктесі:

24 – 28 сәуір

Мұнай бағасы төмендеді, бұл теңге құнының арзандауына әкеліп соқты. АҚШ доллары айтарлықтай әлсіреген жоқ. Менің пайымдауым бойынша,айырбас бағамының қозғалысы бір долларға 312-318 теңге шамасында болады.

Жетекші ресейлік компаниялардың акцяларынан құралған RTS индексінде айтарлықтай өзгерістер орын алған жоқ, осыған сәйкес қозғалыс болжамы бұрынғы деңгейінде 5,3-5,6 теңге шамасында сақталады.

 

Сергей Полыгалов, TeleTrade Central Asia сараптамалық тобының басшысы:

24 – 28 сәуір

Қазақстан теңгесінің бағамы алдағы аптада әдеттегідей мұнай нарығына, РФ-да  салық кезеңінде ресейлік валютаға деген сұраныс пен РФ ОБ монетарлық саясат жөніндегі отырысына байланысты болады.

Өткен аптада қазақстандық валюта бір долларға 310,50-313 теңге және бір рубльге 5,4-5,6 теңге шамасында саудаланды, бұл мұнай бағасының қымбаттауы мен экспорттаушы компаниялар тарапынан ресейлік рубльге деген сұранысқа байланысты болды (РФ-де салық кезеңі басталды).

Ал АҚШ долларына келер болсақ, алдағы аптада мұнай бағасының төмендеуіне байланысты ол сәл нығаюы мүмкін. Мұнай арзандай беруі ықтимал, себебі жалпы өндірілетін мұнай қоры нарық сұранысынан артық болып тұр, МЭЕҰ+ «қара алтын» өндірісін қысқарту үшін қолдан келгеннің бәрін істеуде. Нарықта «артық» мұнайдың өндірілуіне бірінші кезекте АҚШ кінәлі, ол әлемде мұнай өндірісі қысқарған сайын өзіндегі өндірісті арттырып келеді. Мұнай бағасының арзандау тенденциясы одан әрі жалғасса, қазақстандық валютаның баға дәлізі бір АҚШ долларына 313-315 теңгені құрайды. Ал жағдай керісінше өзгерсе дәліз 310-313 теңге белгісінде сақталады.

Келер аптада да ресейлік рубльге деген сұраныс әлсіремейді, себебі 24-28 сәуір аралығы салық төлемдерінің қызыған кезі, бұл кезде ҚҚС, ПҚӨС, табыс салығы мен акциздердің төленетін шағы. Сәуір айында салық төлемдерінің жалпы мөлшері орташа айлық деңгейден асып түсіп, шамамен 1,05 трлн рубльді құрады. Бұл ресейлік валютаның бағамына апта соңына дейін қолдау көрсетуі мүмкін.

Жұма, 28 сәуірде, ресейлік рубльдің бағамына РФ ОБ пайыздық мөлшерлеме жөніндегі шешімі әсер етуі мүмкін. Отырыста РФ ОБ негізгі пайыздық мөлшерлемені төмендету туралы шешім қабылдайды деп күтіледі. Инвесторлар тек қаншалықты төмендетілетініне күдіктенеді. РФ ОБ мөлшерлемені 0,5%-ға дейін төмендетуі мүмкін деген пікір басым.

Егер пайыздық мөлшерлеме 50 базистік тармаққа  төмендетілсе және мұнай бағасының төмендеуі жалғасса рубль де бүгінгі орнынан жылжып, бір долларға 58-62 рубль деңгейіне түсуі ықтимал. Олай болса теңгенің рубльге қатысты бағамы да бір ресейлік валютаға 5,35-5,45 теңге диапазонына дейін төмендеуі мүмкін. Ал егер РФ ОБ-нің әрекеті рубльді әлсіретуге жеткіліксіз болса, ал мұнай бағасы бір барреліне 53-56 доллар шамасында болса, рубльдің қазақстандық валютаға қатысты бағамы 5,4-5,6 теңге шамасында сақталады.

Дмитрий Лукашов, IFC Markets компаниясының сарапшысы:

24 – 28 сәуір

Солтүстік Корея дағдарысының бейбіт жолмен шешілуі мұнай бағасының төмендеуіне әкеп соқты. Бұл теңгенің әлсіреуіне әкелді. Алайда тым қатты төмендейді деп ойламаймын, себебі Қазақстанның экономикасы қарыштап дамып келеді. Бірінші тоқсанда ЖІӨ 3%-ға өсті. Болжалатын диапазон бір долларға 311-317 теңге және бір рубльге 5,48-5,6 теңгені құрайды деп ойлаймыз.

 

Богдан Зварич, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:

24 – 28 сәуір

Келесі аптада теңге бағамына әсер ететін негізгі фактор қуат тасымалдаушылар нарығындағы жағдай болмақ, мұнда инвесторлардың назары МЭЕҰ+ аясында жасалған келісім мерзімін ұзартуға қатысты мәлімдемелерге және АҚШ-тағы мұнай қорына ауады. Алдағы аптаның қорытындысы бойынша Brent маркалы мұнай бағасы қайтадан 54 доллардан жоғары деңгейге шығуы мүмкін, бұл қазақстандық валютаның бағамына қолдау көрсетер еді. Екінші фактор АҚШ-тан маңызды макроэкономикалық статитика болмақ, онда тұтынушылық сенім индексі, Мичиган университеті тұтынушыларының жай-күйі, үйдің сатылуы және бірінші тоқсандағы АҚШ-тың ЖІӨ туралы ақпарат беріледі. Осыдан шығатын сандарға байланысты ойыншылар америкалық долларға қатысты ендігі әрекетін ойластырады, бұл халықаралық валюта нарығындағы бағаның белгіленуіне әсер етеді. Қазіргі жағдайға қарай алдағы аптада америкалық валютаға 310 теңге бағамын белгілейміз. Ал ресейлік рубльге қатысты, ол 5,6 теңге деңгейіне дейін көтерілуі мүмкін.

24 – 28 сәуір

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу