Валюта болжамы: 25 наурыз – 29 наурыз

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
377,500

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
22.3.2019
375-378
Астана-Инвест
22.3.2019
375-380
ГК «ФИНАМ»
22.3.2019
375-380
IFC Markets
22.3.2019
375-382
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,808

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
22.3.2019
5,65-5,90
Астана-Инвест
22.3.2019
5,7-5,9
ГК «ФИНАМ»
22.3.2019
5,6-6
IFC Markets
22.3.2019
5,75-5,96
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
429,000

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
22.3.2019
427-430
Астана-Инвест
22.3.2019
425-435
ГК «ФИНАМ»
22.3.2019
427-431
IFC Markets
22.3.2019
424-433
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
22.3.2019
Астана-Инвест
22.3.2019
ГК «ФИНАМ»
22.3.2019
IFC Markets
22.3.2019

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (25 наурыз – 29 наурыз). ​

25 наурыз – 29 наурыз

 

18 наурыз – 22 наурызға арналған валюта болжамы

 

 

Өткен аптада Қазақстанның тұңғыш президентінің өкілеттігін тоқтатылуы inbusiness.kz сауалнамасына қатысқан сарапшылардың валюталық болжамдарында да маңызды орын алды. Алайда сарапшылар бұл мәселеге қатысты, яғни аталған оқиға қаншалықты маңызды болғанымен, теңге бағамына тікелей әсер етпейді деген тоқтамға келіп отыр. «Альпари», «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ, IFC Markets компанияларының сарапшылары тап осындай пікір білдіруде.

Сондай-ақ сарапшылар өз болжамдарында теңге үшін құнсыздану және Қазақстанның Ұлттық банкі құбылмалықты ұстап тұру үшін («Альпари») рубль бағамына және энергия тасымалдаушылар бағасына («Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ), доллардың нығаюына («ФИНАМ») және Ұлттық банктің ағымдағы шот тапшылығын биылғы жылы төмендетуге қатысты (IFC Markets) тәуекелдің жоқ екенін атап кетті.

Сарапшылардың толық пікірін inbusiness.kz. дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.

Анна Бодрова,«Альпари» компаниясынң аға сарапшысы:

25 наурыз – 29 наурызҚазақстан президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкаға кетуі туралы ақпарды сараптап, електен өткізуде, сондықтан жақын арада бұл жаңалықтан асып түсетін ақпарат бола қоймас деген ойдамыз. Назарбаевтың орнын президенттің лауазымдық мерзімі біткенге дейін атқаратын Қасым-Жомарт Тоқаев басты.

Бұл жерде саяси бағыттың ауысуы жайлы әңгіме жоқ. Қалғандарының бәрі бос қаңқу сөз. Теңге үшін де құнсыздану қаупі жоқ. Өйткені аса даурығатындай ештеңе болған жоқ. Қазақстан үшін маңызды болған бір саяси адамның орнын басқа бір адам басты, әзірге тек осы ғана. Назарбаев саясаттан түбегейлі кетіп қалған да жоқ.

Қазір және таяу күндері теңге бағамы эмоцияларға байланысты болатыны анық. Ал ол жоғары құбылмалықты тудырып отыр. Доллардың қысқа мерзімді қозғалысы 377-379,50 теңге, ал орташа мерзімді бағамы 375-378 теңге. Инвесторларға болып жатқан жайтты сараптауға уақыт керек, сондықтан қазіргі орын алып отырған құбылмалық қалыпты жағдай. Еуро 427-430 теңге шамасында қалады, ал рубль 5,65-5,90 теңге ауқымында болады. Әзірге валюталар өз шектерінен шығып кеткен жоқ.

Әрі қарай не болады? Бұдан әрі Тоқаев әкімшілігінен тапсырмалар түсіп, нарық маңызды ақпараттарға толып, толқу басылады. Алайда бұған уақыт керек.

 

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ-ның инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:

25 наурыз – 29 наурызКезекті саяси жаңалықтан кейінгі валюта нарығында тағы орын алған даурығудың куәсі болып отырмыз. Тағы да өз пікірімді қайталап айтқым келеді. Теңге бағамы мен мемлекет басшысының ауысының арасында еш байланыс жоқ. Оның үстіне президент биліктен алыстап бара жатқан жоқ, яғни саяси тұрақтылық сақталады. Ресей рублінің бағамы мен мұнай бағасы теңгеге үлкен қолдау болып отыр. Сондықтан дүрбелең басылғаннан кейін, теңгенің долларға қатысты бағамы нығаяды.

Биткоинмен айналысатын кез келген компанияның қандай да бір қаржылық көрсеткіші болмағандықтан, негізінен техникалық сараптамаға аса мән беремін. Нақтырақ айтсам, биткоин бағасына қатысты бағалар қозғалысы жайлы. Тап қазіргі уақытта егер баға 4000 мың доллардан жоғары болатын болса, онда баға 4500 долларға дейін өсуі мүмкін. Алайда тәуекелдің, әсіресе, криптовалюталармен сауда жасауда тәуекелдің бар екенін ескерткім келеді. Егер баға кері бағытқа кететін болса, ал сіз актив сатып алып қойған болсаңыз, онда өз шығыныңызды азайту үшін оны қаншаға сататыныңызды білуіңіз керек.

Алдағы аптада бір АҚШ доллары 64-65 рубль, бір рубль 5,7-5,9 теңге, бір доллар 375-380 теңге, бір еуро 425-435 теңге, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 66-68 доллар, биткоин 4000-4500 доллар болады деп отырмын.

 

Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялары тобының сарапшысы:

25 наурыз – 29 наурызАмерика биржа алаңдары ФРЖ-ның уәделерінен кейін, бейсенбі күні сауданы өсу көрсеткішімен жапты.

S&P 500 индексінің фьючерсі 1,09%-ға төмендеді, сауданы 2854,88 көрсеткішімен жапты. Өндірістік Dow Jones индексі 0,84%-ды қосып алды, ал жоғары технологиялық NASDAQ болса 1,42%-ға көтерілді. Дамушы нарықтардың MSCI индексі 0,1%-ға өсті. 10 жылдық қазынашылық облигациялардың кірістілігі бір базистік көрсеткішке 2,54%-ға дейін өсті.

Сәрсенбі күнгі айтарлықтай құбылмалықтан кейін, бейсенбі күні теңіздің арғы бетіндегі биржаларда нарыққа қатысушалар бастаманы өз қолдарына алды. Алайда америкалық акциялардың деңгейінің соншалық жоғары болуы көптеген сұрақ тудырса да, техникалық тұрғыдан барлығы дұрыс. Нарықтан пайда көрушілер мен оның өскенін қаламайтындарға S&P 500 индексінің 2800 көрсеткіш деңгейіне жіті назар аударған жөн. Өйткені бұл біріншілер үшін одан әрі өсуге плацдарм болса, ал екіншілер үшін қайта төмендеуге негіз болмақ.

Өткен сауда қорытындысы бойынша Brent маркалы мұнай бағасы 0,88%-ға төмендеп, 67,73 доллар шамасында сауданы жапты.

Бейсенбі күні мұнай саласына қатысты болған жаңалықтар ағынынан кейін, ойыншылар Америка долларының нығаюына мән бергенді жөн көрді.

Алдағы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,6-6 теңге, долларға қатысты бағамы 375-380 теңге және еуроға қатысты бағамы 427-431 теңге болады деп болжап отырмыз.

 

Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:

25 наурыз – 29 наурызӨткен аптада теңге қарқыны өзгермеді. Теңгенің Ресей рубліне қатысты бағамы өзгерді, ал доллар мен еуроға қатысты бағамы мүлдем өзгерген жоқ. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ойламаған жерден отставкаға кетуі валюта бағамына еш әсер етпеді десе болады. Менің ойымша, тап осылай болуы керек болатын, өйткені елдің экономикасы тұрақты дамуды көрсетіп отыр. Нұрсұлтан Назарбаевтың қауіпсіздік кеңесі төрағасы болып сайланғаннан кейін инвесторлардың жаны жай тауып, саяси тәуекелдер азайды.

Теңге бағамы бұрынғыша, нақты макроэкономикалық көрсеткіштердің әсерінен өзгеретін болады деп ойлаймын. Қазір олар негізінен, оң көрсеткіштерді көрсетіп отыр. Биылғы жылдың қаңтар-ақпанында Қазақстанда мұнай мен газ конденсатын өндіру 4,3%-ға, ал мыс өндіру 5,4%-ға өсті. Осыған орай, Ұлттық банк 2019 жылы ағымдағы шот тапшылығы болжамын бұрынғы болжанған ЖІӨ-нің 3,9%-ынан 3%-ға дейін төмендетті.

Алдыңғы шолуға қарағанда рубльдің тұрақталу себептері өзгерген жоқ. Алайда оның өсуі РФ-ның Орталық банкінің төмен инфляция салдарынан оның мөлшері төмендеуі мүмкін екендігі туралы мәлімдемесінен кейін баяулайды. Әзірге ОБ оны 7,75% деңгейінде сақтап қалды.

Алдағы аптада құбылмалық бағамы бір рубль үшін 5,75-5,96 теңге, бір доллар үшін 375-382 теңге, бір еуро 424-433 теңге болады депболжап отырмыз.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу