Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Atameken Business Channel оқырмандарға алдағы аптаға (25 қыркүйек-29 қыркүйек аралығына) теңгенің доллар мен рубльге қатысты валюта болжамын ұсынады.
Аbctv.kz сауалнамасына жауап берген сарапшылар өткен аптадағы сияқты алдағы аптада да бағамның қалыптасуына АҚШ-та өткен федеральдық резервтік жүйе жиналысының қорытындысы әсер етеді деп отыр.
«Астана-Инвест инвестициялық үй» АҚ және «ФИНАМ», «Онлайн Қазақстан сараптамасы» компанияларының сарапшылары осындай пікірді ұсынды. Еске салар болсақ, 20 қыркүйек күні АҚШ ФРЖ пайыздық мөлшерлемені 1-1,25% деңгейінде сақтап қалды, сонымен қатар өз балансындағы акитивтерді қысқартуға шешім шығарды.
Сондай-ақ энергия тасымалдаушылар нарығындағы жағдай да ең басты триггер болмақ. «Астана-Инвест инвестициялық үй» АҚ және «Еуразиялық Капитал» АҚ, «Қазақстан қаржы орталығы» ЖШС, «Альпари», TeleTrade Central Asia және IFC Markets сарапшылары бағаның мұнайға қаншалықты әсер ететініне тоқталды.
Сарапшылар теңгенің құнсыздануы жайындағы сыбысқа да тоқталып өтті. Бұл жайында «Онлайн Қазақстан сараптамасы» компаниясы және «Қазақстан қаржы орталығы» ЖШС сарапшылары толығырақ айтты.
Сарапшылардың егжей-тегжейлі пікірі abctv.kz әзірлеген кезекті сауалнамаға сәйкес, төмендегідей болып отыр.
Әли Сағындықов, «Еуразиялық Капитал» АҚ сарапшысы:
Тап қазіргі уақытта теңге бағамы мұнай бағасының өсуіне тәуелді емес. Brent маркалы мұнай маркасының бағасы бір баррель үшін 56 долларға жетті. Ал ұлттық валюта болса оны қолдан жасаған бағаммен, яғни бір доллар 339-341 теңге шамасында ұстап тұр. Ал теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,85-5,95 теңге шамасында болады.
Әліби Нұрбаев, «Қазақстан қаржы орталығы» ЖШС бас сарапшысы:
Күздің басынада валюта бағамы осынша құбылады деп кім ойлаған. Ішкі факторлар ұлттық валютаның нығаюына жұмыс істегеніне қарамастан, теңгенің долларға қатысты бағамы 341 теңгеге жетті. ФРЖ отырысының қорытындысынан кейін доллар өз позициясын нығайтты, ал Brent маркалы мұнай бағасы бір баррель үшін 56 доллар шамасында саудалануда, жаңа санкциялар мен банк секторындағы турбуленттікке қарамастан рубльдің долларға қатысты бағамы нығайып келеді.
Алайда «сыртқы факторлар» теңге бағамына қолдау бола алмады. Менің ойымша, сыртқы нарықтан қандай да бір жаман жаңалық болса болды, теңге құнсызданады деп үнемі алаңдау ұлттық валютаның әлсіреуіне негізгі фактор болып отыр. Сонымен қатар ЭКСПО мен теңгеге қатысты пікірлер жағдайды одан сайын ушықтырып, отқа май құюда. Осының салдарынан халық теңгені долларға ауыстырып жатыр, ал бұл ақшаның жетіспеушілігіне әкелуде. Сонымен бірге Ұлттық банк пайыздық мөлшерлемені төмендетті. Пайыздық мөлшерлемені төмендету ұлттық валютаның тұрақтануына кері әсер етеді. Ұлттық банк алдағы уақытта да ұлттық валюта бағамының тұрақтылығына қысым жасайтын болады.
Келесі аптада USD/KZT жұбы 337-342 теңге, RUB/KZT жұбы 5,82-5,92 теңге болады деп болжап отырмыз.
Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниясы тобының сарапшысы:
Өткен аптаның сәрсенбісінде АҚШ-тың Федеральдық резервтік жүйесі пайыздық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырып, өз балансындағы активтердің қысқаратынын хабарлады.
Бұған дейін айтылғандай, ФРЖ пайыздық мөлшерлемені көтеруге асықпайды.
Келесі аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,75-6,0 шамасында, ал долларға қатысты бағамы 340-355 теңге, еуроға қатысты бағамы 315-425 теңге болады.
Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:
20 қыркүйек күні ФРЖ мөлшерлемені 1-1,25% деңгейінде сақтап қалды. Америкалық бас банктің басшысы, егер экономикадағы жағдай нашарлайтын болса, онда ФРЖ мөлшерлемені төмендетуге дайын екенін айтты.
Бұл мәлімдеме АҚШ экономикасына оң әсерін тигізіп, орташа мерзімді келешекте долларға қолдау болады. Ал қазіргі уақытта доллар әлсіз болып тұр. Сондай-ақ Корей түбегіндегі геосаяси шиеленісте қосымша қысым.
Қазіргі уақытта Brent маркалы мұнай бір баррель үшін 56 доллар шамасында саудалануда. 22 қыркүйек күні ОПЕК отырысы өтті. «Қара алтынның» ендігі динамикасы осыған байланысты болады. Отырысқа қатысушылар әлемдік мұнай нарығындағы жағдайдың жақсарғанына, сондай-ақ өндіруді қысқартуға қатысты міндетті толық орындау қажет екендігіне тағы да тоқталып өтті.
Мұнай бағасының өсуі ресейлік валюта үшін қолдау болары айтпаса да түсінікті. Алдағы аптада ресейлік валюта мен қазақстандық теңге айтарлықтай өзгереді деп ойламаймыз.
Келесі аптаға ұсынып отырған болжамымыз: Brent маркалы мұнай бағасы – бір баррель үшін 55-57 доллар, ал бір доллар 57-59 рубль, бір доллардың теңгеге шаққандағы құны 338-342 теңге.
Анна Бодрова, «Альпари» компаниясының аға срапшысы:
Доллар/теңге жұбы 340,55-342 теңге шамасында болады. Еуро/теңге жұбы алдағы аптаның бес күнінде 406-407,35 теңге шамасында саудаланатын болады. Рубль/теңге жұбы 5,87-5,95 шамасында болады. Мұнайдың әлемдік бағасы мен әлемдік инвесторлардың тәуекелге деген қарым-қатынасы Қазақстанның валюта нарығы үшін ең басты фактор болып қала береді.
Сергей Полыгалов, TeleTrade Central Asia сараптау тобының жетекшісі:
Алдағы аптада мұнай теңге бағамын қалыптастырушы негізгі фактор болады.
Мұнай нарығына бір баррель үшін 55 долларлық баға ұнап қалған секілді. ОПЕК уағдаластығы мұнайдың әлемдік қорын өзгертуге әсер етті деп ойламаймын, бірақ келісімшартқа қатысушылар тарапынан болған ауызша интервенция «қара алтынның» әлемдік нарығына жағымды әсер етіп, оның бағасын жоғары ұстап тұр.
25 қыркүйек күні Ирандық Күрдістанда өтетін тәуелсіздік туралы референдум да мұнай бағасын жоғары ұстап тұруға қосымша фактор болуы мүмкін. Референдумның нәтижесі емес, референдумды өткізудің өзі өңірдегі геосаяси жағдайды ушықтыруы мүмкін, ал бұл мұнай бағасына жақсы әсер етеді.
Бұрын жұмыс істемей тұрған мұнай өңдеу зауыттарының қайта іске қосылуынан АҚШ-тың мұнай қоры төмендеуі, бірақ та өндіру көлемі артуы мүмкін. Өйткені қазіргі баға АҚШ-та қатпарлы мұнай өндіруді ынталандыруы ғажап емес. USD/KZT жұбы алдағы аптада да 338-342 теңге болады деп ойлаймыз.
Рубль бағасы да мұнайға және ұлттық экспорттаушылар тарапынан болатын сұранысқа тәуелді болады. Алдағы аптада ӨПҚС мен ҚҚС, акциздерден салық төлемі түседі. Пайдалы қазбаларды өндіру салығы 277-325 млрд рубль болады деп бағаланып отыр.
Осының әсерінен ресейлік валютаның долларға шаққандағы бағамы 56,80-57,20 рубль болуы мүмкін, ал бұл RUB/KZT жұбының қозғалысына әсер етеді де бір рубль 5,90-5,98 теңге болады деген сөз.
Михаил Цой, «Аналитика Онлайн Казахстан» компаниясының бас қаржы сарапшысы:
Өткен апта Қазақстанның валюта нарығы елде девальвациялық қауіптердің бар екенін көрсетті. ҚР қаржылық нарығына ірі қатысушылар теңгенің әлсіреуіне себеп болды. ФРЖ долларлық балансты қысқартуға шешім қабалдағаннан кейін олар АҚШ долларының нығаюына бар күштерін салуда. Келесі аптада теңгенің долларға шаққандаға бағамы 339-344 теңге шамасында болады.
Сондай-ақ RUB/KZT баға белгілеуі де өсетін болады. Келесі аптада қазақстандықтар 1 рубльді 6 теңгеден сатып алуы мүмкін. Ал баға белгілеу 5,8-6,1 теңге шамасында болуы мүмкін.
Дмитрий Лукашов, «IFC Markets» сарапшысы:
Осы аптада теңге бағамы бір доллар үшін 338-343 ауқымында тұрақтайтын болады деп ойлаймын. Оған әлемдік мұнай бағасының жоғары болуы мен жақсы макроэкономикалық көрсеткіш әсер етеді. 8 ай ішінде ЖІӨ-нің өсуі 4,3%-ға жеткен. Халықаралық агенттіктер Қазақстанның тәуелсіз рейтінгін жақсартты. Ресейлік валютаға қатысты құбылмалық 5,81-5,95 теңге болуы мүмкін.