Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Atameken Business Channel оқырмандарға алдағы аптаға (26-30 маусым аралығына) теңгенің доллар мен рубльге қатысты валюта болжамын ұсынады.
Кейбір сарапшылардың өткен аптада мұнай бағасына қатысты айтқан ойлары нақтыланбады. Басқа сарапшылар болжағандай кері серпіліс те болмай, баға түсуін жалғастырып, шикізат валютасына тікелей әсер ете бастады. Энергия тасымалдаушылар нарығындағы дәл осы жағдай келесі аптада да негізгі белгілеуші фактор болып қалатыны сөзсіз.
Аbctv.kz сауалнама жүргізген сарапшылардың көбісі жағдайдың нашарлап бара жатқанын сөз етсе, кейбірі оң пікір де білдірді. Алдағы аптадағы теңге бағамына энергия тасымалдаушылар нарығындағы жағдай ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның Ресей, Қытай сияқты ірі сауда серіктестерінің экономикалық жағдайы және АҚШ-та шығатын маңызды макроэкономикалық статистика әсер ететін болады. Ойыншылардың пікірін abctv.kz әзірлеген сауалнамадан толығырақ оқи аласыздар.
Наталья Мильчакова, «Альпари» талдау департаменті директорының орынбасары:
19-21 маусым аралығындағы қысқа кезеңде дамушы елдердің валюта нарығы бұрынғыдан бетер сары уайымға салына бастады. Нақтырақ айтсақ, нарықтың жағдайы бұрын да мәз емес еді. Жоғарыда көрсетілген мерзім ішінде Brent маркалы мұнай бағасы 4,8%-ға түсіп кетті, баға белгілеу бір баррель үшін 45 доллар деңгейінен төмендеді. Осының бәрі көптеген «мұнай» валюталарының, оның ішінде, әсіресе, рубльдің күрт төмендеуіне негізгі себеп болды. Біздің ойымызша, Ливия өкілдерінің жақында мұнай өндіруді өсіру туралы, сондай-ақ Иран өкілдерінің мұнай нарығына мұнай өндіруді қысқарту туралы келісімге қатысушылардың санын ұлғайту керектігі туралы айтқанын дамушы елдердің валюта нарықтары аса үреймен қабылдады.
Ал Қазақстанда мұнай бағасының төмендеуі және оның салдарынан еліміздің ірі сауда серіктесі Ресейде экономикалық проблемалар туындауы мүмкін деген қорқыныштан теңге бағамы тағы да түсіп барады. Алайда Ресейдің бюджеті былтырғы жылға қарағанда мұнай бағасына аса тәуелді емес. Қазақстанның валюта нарығына Қытайдың қарызы болуы мүмкін деген сыбыстар да кері әсерін тигізуі мүмкін. Бұл бірқатар дамушы елдердегі Қытаймен арадағы инвестициялық бағдарлама мен жобаларды тұжыруға әкелуі ғажап емес. Еске сала кетер болсақ, тап қазіргі уақытта Қытай Қазақстанның өндірісіне шамамен 1 млрд доллар инвестиция салу туралы келісім жасалған. Бірақ та Қытай проблемалардан қорқып отырған жоқ, тіпті ҚХР-дың сыртқы істер министрі БРИКС бойынша серіктес-елдерге «алтын онжылдық» өзаратиімді ынтымақтастыққа уәде беріп отыр.
Долларға қатысты теңге бағамы 322-327 теңге шамасында, ал теңгенің еуроға қатысты бағамы 360-364 шамасында болады. Ал теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,36-5,4 теңге болады деп ойлаймыз.
Евгений Чекай, «Аналитика Онлайн Казахстан» компаниясының бас қаржы сарапшысы:
Теңге мұнай бағасының түсуі мен рубльдің әлісеруі салдарынан төмендеуде. Қазір мұнай 2016 жылдың қарашасындағы бағаны сынақтан өткізуде, сынақ кезінде мұнай бағасы бір баррель үшін 39 долларға түсіп, тағы да бір әлсіреу толқынына әкелуі мүмкін. Математикалық және техникалық сараптама тұрғысынан алып қарайтын болсақ, қазір қозғалысты өзгерту үшін жақсы уақыт туындап отыр. Баға бір баррель үшін 47 доллардан жоғары болып бекитін болса, онда мұнай бағасы бір баррель үшін 50 долларға дейін баруы мүмкін. Алдағы аптада бағам бір доллар үшін 325-330 теңге, ал рубль 5,5-5,6 теңге болуы мүмкін.
Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің бастығы:
Өткен аптада рубль соңғы жарты жылда бірінші рет нашар динамиканы көрсетті. Оған мұнай бағасының төмендеу мен сыртқы саяси қауіптің күшеюі, ФҚЖ мөлшерлемесінің артуы, РФ орталық банкінің мөлшерлемені төмендетуі әсер етті. Мұнай бағасы АҚШ-тың өндіруді арттыруы салдарынан төмендеп кетті.
Мұнай бағасының өсу драйверін әзірге көріп тұрғанымыз жоқ. Бірақ ОПЕК мүшелерінң ауызша интервенциясы, сонымен бірге нарық қатысушылары АҚШ –тың мұнай қоры статистикасына мән беруі өсуге себеп болуы мүмкін. Келесі аптада рубльге салықтық кезең әсер ететін болады. Сонымен бірге кэрри-трейдерлердің рубльден кетуі туралы айту әлі ерте, өйткені пайыздық мөлшерлеме айырмашылығы тартымды. Келесі аптада рубль 5,4-5,6 теңге болады.
Өткен аптада мұнай нарығындағы бағаның түсуі мен рубльдің әлсіреуінен 2% жоғалтты. Келесі аптада теңгенің долларға қатысты бағамы 325-330 теңге болады.
Сергей Полыгалов, TeleTradeCentralAsia талдау тобының басшысы:
Келесі аптада АҚШ долларының теңгеге қатысты бағамы мұнай нарығындағы жағдайға байланысты болады. Өткен аптада мұнай бағасы 5,3%-ға түсіп, бір баррель үшін 45 доллар шамасына жетті. Бүгінгі күні Қазақстан бюджеті үлкен шығындарға ұшырауда, өйткені «қара алтынның» қазіргі нарықтық бағасы бұрынғыдан 5 долларға төмен. Мұнай нарығындағы жағдайға қарап отырып, бүгінгі күні доллардың шамамен 30 теңгеге жете бағаланбай отырғанын айтуға болады. Егер мұнай бағасын белгілеуге қатысты жағдай келесі аптада да сақталатын болса, онда USD/KZT валюта жұбы 330-335 теңге шамасында болады деп болжауға болады.
Алдағы аптада рубльдің доллар мен теңгеге қатысты бағамы арзандауы мүмкін. Бұған арзан мұнай мен РФ қазынашылығының валютаны бюджет қажеті үшін сатып алып қоюы себеп.
Ресейлік рубль теңге сияқты шикізат валютасы болып табылады. Оның бағамына әлемдік нарықтағы мұнай бағасы қатты әсер етеді. Өткен аптада мұнай бағасының түсіп кетуі долларға қатысты ресей валютасын 4%-ға және теңгеге қатысты баламасын 1,5%-ға құнсыздандырып тастады.
19 маусым, дүйсенбі күні Ресейдің федаральдық қазынашылығы бюджеттің қазіргі қажеттілігі үшін валютаны ай сайын 200-300 млн долларға алып, 2-3 млрд долларға сатып алуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл сатып алулар қаржы министрінің және валюта қорының валютаны сатып алуына қосымша болады.
Ресейлік валюта нарығында туындап отырған қазіргі жағдай барысында RUB/KZT жұбы бағамын 5,4-5,45 теңге шамасында да болады деп болжауға болады.
Әли Сағындықов, «Еуразиялық Капитал» АҚ сарапшысы:
Өткен аптадағы мұнай бағасының күрт төмендеуінен теңге біршама әлсіреді. Сондықтан мұнай бағасы одан әрі түсіп, бір баррель үшін 43 доллар шамасына баруы мүмкін деп ойлаймыз. Бағаны қазіргі деңгейде ұстап тұратын болсақ, онда теңгенің долларға қатысты бағамы әлсіреуін жалғастырып, 328-332 теңге болады. Ал рубльге қатысты теңге бағамы 5,45-5,55 теңге деп болжануда.
Богдан Зварич, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:
Егер алдағы апта жайын сөз етер болсақ, онда теңге динамикасына әсер ететін негізгі екі факторға мән берген жөн. Оның біріншісі – энергия тасымалдаушылар нарығындағы жағдай. Соңғы уақытта мұнай ойыншылардың қауіп қысымы аясында қалып отыр. Экспорттаушы-елдердің салып жатқан күші нарықты тұрақтандыру үшін жеткіліксіз болып отыр. Инвесторлар мұнай өндіруді қысқарту туралы ОПЕК келісіміне қол қойған елдердің одан әрі қандай қадамға баратынын күтіп отыр. Сондай-ақ нарық «қара алтынның бағасына әсер етіп отырған» АҚШ-тың көмірсутек қорына қатысты мәліметіне қатты мән беруде. Алайда өткен аптадағы бағаның біршама түсуінен кейін мұнай бағасы едәуір қалыпқа келіп, казақстандық теңгенің қайта қалыпқа келуіне көмектеседі деп ойлаймыз.
Ал екінші фактор – бұл маңызды макроэкономикалық статистика блогы. Жарияланған мәліметтер ішінде ұзақ қолданылатын тауарлар тапсырысының индексіне , алғашқы тоқсанда АҚШ-тың ЖІӨ-ні үшінші рет қайта қарауына, сондай-ақ жеке шығын/кіріс индексі мен АҚШ-тың тұтынушылық инфляция жөніндегі мәліметін атап көрсетуге болады. Статистика инвесторлардың АҚШ-тың жыл соңына дейінгі несие-ақша саясатын бағалауды күшейтіп, ойыншылардың жоғары тәуекелді активтерге қатысты пікірлерін қайта қарауға себеп болады.
Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, доллар 320 теңге деңгейіне қайтып келеді деп ойлаймыз. Ал рубль болса 5,5 теңге шамасын сақтап қалады.