Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
24.4.2021 |
428-433 |
ГК «ФИНАМ»
24.4.2021 |
425-432 |
Forex Club
24.4.2021 |
429-431 |
SoftLink
24.4.2021 |
426-435 |
DAMU Capital Management
24.4.2021 |
425-430 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
24.4.2021 |
5,60-5,70 |
ГК «ФИНАМ»
24.4.2021 |
5,67-5,76 |
Forex Club
24.4.2021 |
5,5-5,8 |
SoftLink
24.4.2021 |
5,6-5,8 |
DAMU Capital Management
24.4.2021 |
5,70-5,75 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
24.4.2021 |
517-522 |
ГК «ФИНАМ»
24.4.2021 |
515-523 |
Forex Club
24.4.2021 |
519-521 |
SoftLink
24.4.2021 |
508-524 |
DAMU Capital Management
24.4.2021 |
508-512 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
24.4.2021 |
66-67 |
ГК «ФИНАМ»
24.4.2021 |
65,90-66,70 |
Forex Club
24.4.2021 |
66,2-66,5 |
SoftLink
24.4.2021 |
66-66,8 |
DAMU Capital Management
24.4.2021 |
65,5-66 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (26 сәуір – 30 сәуір).
Теңге бағамы әдеттегідей сыртқы экономикалық факторлар әсер етіп жатыр. Inbusiness.kz басылымында өз болжамдарын айтқан сарапшылардың айтуынша, бұл факторлардың қатарында доллар индексінің төмендеуі, инфляцияның өсуі мен АҚШ президенті Джо Байденнің байларға салынатын салық мөлшерін арттыру туралы жоспары бар. Сонымен қатар олар мұнай бағасын, Ресей әскерінің Украина шекарасынан шығарылуын, Еуропалық Орталық банкінің пайыздық мөлшерлемені 0% деңгейінде қалдыруын сөз етті. Алдағы аптада ұлттық валютаға әдеттегідей шикізат бағасы, әлемдегі эпидемиологиялық жағдай мен АҚШ-тың Федералды қор жүйесінің кезекті отырысы әсер етеді.
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Анна Бодрова, «Альпари» бас сарапшысы:
Сәуір айының соңында теңге әлсіреуі мүмкін. Нарықтағы бейтарап ахуалға және Brent сұрыпты мұнай баррелінің 66 долларға саудалануына қарамастан теңгенің динамикасы мәз емес. Бұл ҚР Ұлттық банкінің интервенциясы болуы мүмкін, бірақ реттеуші мұндай әрекет жасағанын жарияламады. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 428-433 теңге, бір еуро 517-522 теңге, бір рубль 5,60-5,70 теңге, бір юань 66-67 теңге болады.
Андрей Маслов, «ФИНАМ» КТ сарапшысы:
Өткен аптада теңгенің рубль, юань, еуроға қатысты бағамы әлсіреді. Бұған аталған валюталардың нығаюы себеп болды. Еуропаның Орталық банкі пайыздық мөлшерлемені 0% деңгейінде қалдыруы және екінші тоқсанда Еуропаға 100 млн вакцина дозасы жеткізіледі деген ақпарат жарияланғаннан кейін, еуро бағамы нығайды. Ресей Украина шекарасынан өз әскерін шығарғасын, рубль бағамы да нығая бастады. АҚШ-тағы мемлекеттік облигациялар кірістілігі төмендеген соң, доллар әлсіреді. Джо Байден байларға салынатын салық мөлшерін арттыруды көздеп отыр. Бұл қаражат әлеуметтік шығындарды өтеуге жұмсалмақ. Теңге бағамына мұнайдың арзандауы ықпал етті. 26 сәуірде ҚР Ұлттық банкі кезекті отырысын өткізеді. Жиында пайыздық мөлшерлемеге қатысты шешім қабылданады. Біздің ойымызша, реттеуші көрсеткішті 9,0% деңгейінде қалдыруы мүмкін. Келесі аптада бір доллар 425-432 теңге, бір еуро 515-523 теңге, бір рубль 5,67-5,76 теңге, бір юань 65,90-66,70 теңге болуы ықтимал.
Дмитрий Лукашов, SoftLink сарапшысы:
Өткен аптада теңгенің рубльға, еуроға, юаньға қатысты бағамы әлсіреп, долларға қатысты бағамы өзгермеді. Бұған сыртқы факторлар себеп болды. Ресейдің Орталық банкі пайыздық мөлшерлемені 0,5%-ға көтерді. Бұл фактор рубльді нығайтты. АҚШ-та наурызда инфляция өсіп, доллар осымен үш апта бойы әлсіреді. 28 сәуірде АҚШ-та Федералды қор жүйесі кезекті шешімін жариялайды. Қазақстан үкіметінің болжамына сүйенсек, 2021 жылы бір доллар 425 теңге деңгейінде болады. ҚР Ұлттық банкі ресейлік реттеушісі сияқты пайыздық мөлшерлемені көтеруі мүмкін. Бірақ оның мұндай қадам жасауы екіталай. Келесі аптаға болжамым мынадай: бір доллар 426-435 теңге, бір еуро 508-524 теңге, бір юань 66-66,8 теңге, бір рубль 5,6-5,8 теңге болады.
Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
Өткен аптада теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы нығайды. Ішкі нарықтың оңалуына мұнай бағасының көтерілуі түрткі болып отыр. Бұған дейін Азияда коронавирус індет өршіп барады деген ақпарат жарияланғаннан кейін,шикізат арзандаған еді. Оның үстіне АҚШ-тағы мұнай қоры 0,6 млн баррельге артты. Теңгенің нығаюына сонымен қатар доллардың әлсіреуі себеп болды. Менің болжамым бойынша, келесі аптад бір доллар 429-431 теңге, бір еуро 519-521 теңге, бір юань 66,2-66,5 теңге, бір рубль 5,5-5,8 теңге болады.
Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:
Осы аптада Brent баррелінің бағасы 68 долларға дейін көтерілді. Бірақ АҚШ-та мұнай қоры өсіп, салдарынан шикізат құны 66 долларға дейін арзандады. Нарықты вакцинация процесінің баяу жүргізілуі алаңдатып отыр. Үндістанда күн сайын індет өршіп барады. Еуропаның Орталық банкі пайыздық мөлшерлемені 0% деңгейінде қалдырды. Ресейдің қаржы реттеушісі көрсеткішті 5%-ға дейін өсірді. Бұл фактор рубльдың нығаюына себеп болды. Қазақстанда келесі аптада Ұлттық банк пайыздық мөлшерлемі туралы шешімін жариялайды. Біздің болжам бойынша, көрсеткіш 9% деңгейінде қалуы мүмкін. Келесі аптада бір доллар 425-430 теңге, бір еуро 508-512 теңге, бір рубль 5,70-5,75 теңге, бір юань 65,5-66 теңге болады.