Валюта болжамы: 19 сәуір – 23 сәуір

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
429,875

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
17.4.2021
428-435
ГК «ФИНАМ»
17.4.2021
425-430
Forex Club
17.4.2021
429-431
SoftLink
17.4.2021
426-435
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,644

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
17.4.2021
5,50-5,70
ГК «ФИНАМ»
17.4.2021
5,60-5,75
Forex Club
17.4.2021
5,5-5,8
SoftLink
17.4.2021
5,56-5,74
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
514,125

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
17.4.2021
510-520
ГК «ФИНАМ»
17.4.2021
505-520
Forex Club
17.4.2021
514-516
SoftLink
17.4.2021
507-521
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
65,838

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
17.4.2021
65-67
ГК «ФИНАМ»
17.4.2021
65,00-66,50
Forex Club
17.4.2021
65,7-66
SoftLink
17.4.2021
65,2-66,3

 Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (19 сәуір – 23 сәуір).

19 сәуір – 23 сәуір

 

12 сәуір – 16 сәуір

 

 

 

Өткен аптада теңге бағамы әдеттегідей сыртқы экономикалық факторлар, мұнай бағасы әсер етті. Inbusiness.kz басылымында өз болжамдарын айтқан сарапшылар АҚШ-тағы мұнай қорының азаюы салдарынан көтерілген шикіазт бағасын, ОПЕК-тың сұранысқа қатысты болжамын сөз етті. Сонымен қатар олар доллар индексінің төмендеуіна, америкалық қазынашылық облигациялар кірістілігінің азайғанына, ҚР Ұлттық банкінің 2021 жылғы ЖІӨ-ге қатысты болжамына тоқталды.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

 

Анна Бодрова, «Альпари» бас сарапшысы:

19 сәуір – 23 сәуір

Теңгеге әдеттегідей шикізат нарығындағы жағдай әсер етіп отыр. Қазір мұнай нарығындағы ахуал ретке келгендей болды. Brent баррелінің құны 65 доллардан көп. Оның үстіне қатерлерге қатысты ұстаным да тұрақты, бұл фактор теңге оң ықпалын тигізіп отыр. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 428-435 теңге, бір еуро 510-520 теңге, бір рубль 5,50-5,70 теңге, бір юань 65-67 теңге болады.

 

 

 

 

 

Андрей Маслов, «ФИНАМ» КТ сарапшысы:

19 сәуір – 23 сәуір Өткен апта қорытындысы бойынша теңгенің барлық валюталарға қатысты бағамы нығайды. Бұған мұнай құнының қымбаттауы түрткі болды. Нарықтың оңалуына америкалық мұнай қорыныың азаюы, ОПЕК пен халықаралық энергетикалық агенттіктің сұранысқа қатысты болжамдары септігін тигізді. ОПЕК 2021 жылы сұраныс көлемі 5,95 млн баррельге артып, 96,5 млн баррельге жетеді деп отыр. Халықаралық энергетикалық агенттіктің есебінше, бұл көрсеткіш биыл 96,7 млн баррельге жетуі мүмкін. Қазақстанда бірінші тоқсанда ЖІӨ 1,6%-ға төмендеді, өнеркәсіптік өндіріс көлемі наурызда 4%-ға артты. Бірқатар сарапшы ел экономикасы тез қалпына келеді деген пікірде. Олардың болжамынша, ЖІӨ биыл 3%-ға өсуі мүмкін. Біздің ойымызша, келесі аптада бір доллар 425-430 теңге, бір еуро 505-520 теңге, бір рубль 5,60-5,75 теңге, бір юань 65,00-65,50 теңге болуы ықтимал.

 

 

 

Дмитрий Лукашов, SoftLink сарапшысы:

19 сәуір – 23 сәуір

Өткен аптада теңгенің рубльға қатысты бағамы әлсіреп, басқа валюталарға қатысты бағамы нығайды. Бұған сыртқы және ішкі факторлар себеп болды. Доллар индексі екі апта қатарынан төмендеді. Өйткені наурыз айында америкалық инфляция 0,6%-ға төмендеді. Бұл 2012 жылдан бергі ең төмен көрсеткіш. Сонымен қатар АҚШ-тың қазынашылық облигацияларының кірістілігі 1,58%-ға дейін төмендеді. Brent сұрыпты мұнай бағасы 6%-ға көтерілді.Қазақстанда наурыз айында инфляция 7%-ға дейін төмендеді. Келесі аптаға болжамым мынадай: бір доллар 426-435 теңге, бір еуро 502-521 теңге, бір юань 65,2-66,3 теңге, бір рубль 5,56-5,74 теңге болады.

 

 

 

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:

19 сәуір – 23 сәуір

Қазақстандық қор биржасында теңгенің долларға қатысты бағамы нығайып, қалған валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. Бұған 2021 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанның негізгі капиталына құйылатын инвестиция көлемінің 9,6%-ға азайып, 2,1 трлн болуы түрткі болды. Бірақ ҚР үкіметі биыл ЖІӨ 3,1%-ға өседі деп отыр. Мұнай нарығындағы жағдай көңіл көншітерлік. Шикізат бағасы өсіп жатыр. Бұл теңге үшін қолайлы фактор. Менің болжамым бойынша, бір доллар  429-431 теңге, бір еуро  514-516 теңге, бір юань  65,7-66 теңге, бір рубль 5,5-5,8 теңге болады.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу