Валюта болжамы: 12 сәуір – 16 сәуір

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
432,250

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
10.4.2021
428-435
ГК «ФИНАМ»
10.4.2021
430-435
Forex Club
10.4.2021
433-435
SoftLink
10.4.2021
425-438
Swissquote Bank
10.4.2021
432-437
DAMU Capital Management
10.4.2021
427-432
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,785

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
10.4.2021
6,57-6,70
ГК «ФИНАМ»
10.4.2021
5,55-5,67
Forex Club
10.4.2021
5,6-5,9
SoftLink
10.4.2021
5,53-5,72
Swissquote Bank
10.4.2021
5,45-5,55
DAMU Capital Management
10.4.2021
5,54-5,64
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
513,917

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
10.4.2021
510-520
ГК «ФИНАМ»
10.4.2021
510-517
Forex Club
10.4.2021
516-519
SoftLink
10.4.2021
502-521
Swissquote Bank
10.4.2021
512-520
DAMU Capital Management
10.4.2021
505-515
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
65,954

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
10.4.2021
66-67
ГК «ФИНАМ»
10.4.2021
65,10-65,95
Forex Club
10.4.2021
66-66,7
SoftLink
10.4.2021
64,9-66,5
Swissquote Bank
10.4.2021
65,8-66,5
DAMU Capital Management
10.4.2021
65-66

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады.

 12 сәуір – 16 сәуір

 

5 сәуір – 9 сәуір 

 

 

Мұнай нарығындағы жағдай тағы да өзгерді. Еуропада індеттің кең таралуы салдарынан «қара алтын» бағасы төмендеп, мұнай өндірісіне қатысты қабылданған шешім теңгенің әлсіреуіне түрткі болды.

Inbusiness.kz басылымында өз болжамдарын айтқан сарапшылар қазақстандық валютаға әсер еткен тағы бір факторды, яғни жаһандық инвесторлардың тәуекелге деген ұстанымын, доллардың нығаюын, Еуропадағы жұмыссыздыққа қатысты деректерді,  Ресей мен Украина арасындағы қарым-қатынастың нашарлауынан рубльдың әлсіреуін сөз етті. 

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

Анна Бодрова, «Альпари» бас сарапшысы:

 12 сәуір – 16 сәуірСәуірдің екінші аптасында қазақстандық валютаның доллар мен еуроға қатысты бағамы әлсіреді. Бұған мұнай бағасының төмендеуі себеп болды. Brent баррелі қазір 62-64 доллар шамасында саудаланып жатыр. Нарықты сұраныстың азаюы мен ұсынымның артуы алаңдатып отыр. Келесі аптада да осындай динамика сақталады. Теңге үшін шикізат бағасының тұрақты болғаны маңызды. Қазір доллар позициясы нығаюда, бұл теңгеге кері әсерін тигізіп жатыр.

Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 428-435 теңге, бір еуро 510-520 теңге, бір рубль 6,57-6,70 теңге, бір юань 66-67 теңге болады. 

 

 

 

 

Андрей Маслов, «ФИНАМ» КТ сарапшысы:
 12 сәуір – 16 сәуірӨткен апта қорытындысы бойынша теңгенің барлық валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. Бұған мұнай құнының арзандауы түрткі болды. Өйткені Еуропада коронавирус дертінің өршуі нарықты тұрақсыздандырып жіберді. ОПЕК+ елдері мұнай өндірісіне қатысты квотаны жеңілдетті. 1 сәуірден бастап Brent баррелінің бағасы 4%-ға түсіп кетті, бұл да теңгенің динамикасына кері ықпалын тигізді. ҚР Ұлттық банкінің хабарлауынша, теңге бағамына іскерлік белсенділіктің артуы мен сәуір айынан бастап қазақстандық компаниялардың дивиденд төлеуі әсер еткен. Салдарынан шетелдік валюталарға деген сұраныс артып, бұл факторлар теңгеге «қысым» жасап отыр. Сонымен қатар рубльдың әлсіреуі теңгенің де осындай халге түсуіне себепкер болған. Экономикалық факторлардан бөлек, Қазақстанда жаңа шектеу шаралары енгізілді.

Біздің ойымызша, келесі аптада бір доллар 430-435 теңге, бір еуро 510-517 теңге, бір рубль 5,55-5,67 теңге, бір юань 65,10-65,95 теңге болуы ықтимал.

 

 

Дмитрий Лукашов, SoftLink сарапшысы:
 12 сәуір – 16 сәуірӨткен аптада теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. Бұған сыртқы факторлардың әсер етуі екіталай. Brent баррелінің бағасы 60 доллардан жоғары. Бұл Қазақстан экономикасының 2021-2022 жылғы болжамына енгізілген 50 доллар шамасындағы бағамнан жоғары. Теңгенің әлсіреуіне инфляцияның жоғары болуы түрткі болды деп ойлаймын. 2021 жылдың наурыз айындағы дерек бойынша, бір жылда инфляция 7%, жыл басынан бері 1,9% болды. Қаңтар және наурыз айлары аралығында теңгенің долларға қатысты бағамы небәрі 1%-ға төмендеді. Менің пікірімше, теңгенің құнсыздауына әкеліп соғатын ешқандай себеп жоқ. Егер  де мұнай бағасы өзгертілсе, оның бағамы 2020 жылғы наурыз айындағыдай күрт көтерілуі мүмкін.

Келесі аптаға болжамым мынадай: бір доллар 425-438 теңге, бір еуро 502-521 теңге, бір юань 64,9-66,5 теңге, бір рубль 5,53-5,72 теңге болады.

 

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
 12 сәуір – 16 сәуірҚазақстандық қор биржасында теңгенің долларға қатысты бағамы нығайып, юань мен рубльға қатысты бағамы әлсіреді. Қазақстанда дерт өршіп барады, Елордада күн сайын 430 адамның вирус жұқтырғаны тіркелуде. Мұнай нарығындағы жағдай тұрақсыз. Бірқатар елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты болмағандықтан, шикізат бағасы да тұрақсыздық танытып отыр. Азияда індеттің кең етек жаюы инвесторларды алаңдатып отыр. Олар аймақ экономикасы мен мұнайға деген сұраныс қалыпқа келетініне күмәнмен қарауда. Алдағы аптада теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы тағы да әлсіреуі мүмкін.

Менің болжамым бойынша, бір доллар 433-435 теңге, бір еуро 516-519 теңге, бір юань 66-66,7 теңге, бір рубль 5,6-5,9 теңге болады.

 

 

 

Ерлан Қойшыбаев, Swissquote Bank:
 12 сәуір – 16 сәуірДоллар аздап өсті. АҚШ-тағы жұмыспен қамту туралы мәлімет пен Федералды қор жүйесінің  бейімделу саясаты бекітілгеннен кейін де америкалық валюта ең төмен көрсеткіштерге ие болып отыр. Еуроның долларға қатысты бағамы 5%-ға төмендеді.Украинаның шығысындағы тұрақсыздық және әскери қақтығыс қаупі рубльға кері әсерін тигізіп отыр. Ақ үйдің өкілі Джен Псаки Ресейге қарсы жаңа санкциялар келесі аптада жария етілуі мүмкін екенін мәлім етті. Қазақстанда дивидендтерді төлеу кезеңі салдарынан шет ел валютасына деген сұраныс артты.

Менің ойымша, келесі аптада бір доллар 432-437 теңге, бір еуро 512-520 теңге, бір юань 65,8-66,5 теңге, бір рубль 5,45-5,55 теңге болады. 

 

 

 

Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры: 
 12 сәуір – 16 сәуірӨткен аптада нарықтың назары мұнай бағасында болды. ОПЕК+ елдерінің өндірісті арттыру туралы шешімі мен Сауд Арабиясының қосымша шектеулерден бас тартуынан кейін мұнай нарығындағы ұсыныс артты. Ал сұраныс болса, енгізілген шектеу шаралары салдарынан қысқара бастады. Артынан мұнай нарығында тұрақсыздық орнап, Brent сұрыпты мұнай баррелі бағасының 66 доллардан 62 долларға дейін төмендеді. Сонымен қатар шикізат құнына вакцинациясы қарқынының баяу болуы да әсер етіп отыр. Әлемдік саясаттағы басты тақырып  – Ресей мен Украина арасындағы шиеленіс. Ресейдің өз әскерін Украинамен арадағы шекараға орналастыруы бірқатар елді алаңдатып отыр. Осы орайда ресми Мәскеуге қарсы санкциялар салынуы мүмкін. Бұл фактор рубльға, артынан теңгеге кері әсерін тигізетіні анық. Қазақстанда 2021 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша жылдық инфляция 7% болды. Инфляция қарқыны баяулауда, бірақ Ұлттық банк бекіткен 4-6% деңгейіндегі дәлізден жоғары. Өткен аптада мұнай арзандағаннан кейін, теңге де әлсіреді.

Біздің болжам бойынша, бір доллар 427-432 теңге, бір еуро 505-515 теңге, бір юань 65-66 теңге, бір рубль 65-66 теңге болады.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу