Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
25.1.2020 |
377-379,50 |
DAMU Capital Management
25.1.2020 |
377-380 |
Астана-Инвест
25.1.2020 |
376-381 |
ГК «ФИНАМ»
25.1.2020 |
378-382 |
Forex Club
25.1.2020 |
378-379,5 |
SoftLink
25.1.2020 |
375-382 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
25.1.2020 |
6,08-6,15 |
DAMU Capital Management
25.1.2020 |
6,15-6,20 |
Астана-Инвест
25.1.2020 |
6,05-6,20 |
ГК «ФИНАМ»
25.1.2020 |
5,95-6,12 |
Forex Club
25.1.2020 |
6,15-6,2 |
SoftLink
25.1.2020 |
6,06-6,18 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
25.1.2020 |
417-421 |
DAMU Capital Management
25.1.2020 |
418-422 |
Астана-Инвест
25.1.2020 |
415-525 |
ГК «ФИНАМ»
25.1.2020 |
418-422 |
Forex Club
25.1.2020 |
418-419,5 |
SoftLink
25.1.2020 |
415-421 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
25.1.2020 |
54-55 |
DAMU Capital Management
25.1.2020 |
54,5-55 |
Астана-Инвест
25.1.2020 |
54-55 |
ГК «ФИНАМ»
25.1.2020 |
54,50-55 |
Forex Club
25.1.2020 |
54,5-54,7 |
SoftLink
25.1.2020 |
54,2-55,2 |
20қаңтар-24 қаңтарға арналған валюта болжамы
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (27 қаңтар – 31 қаңтар).
Қытайда коронавирустың кең етек жаюы өткен аптада валюта бағамына айтарлықтай әсерін тигізді. Келесі аптада да бұл фактор мұнай нарығына ықпал етпек. Inbusiness.kz сайтында болжамдарын жариялап жүрген сарапшылардың пікірі осындай. Олардың ойынша, егер вирус бұдан да кеңінен таралса, оның салдарынан Қытайдың экономикалық көрсеткіштері, артынан әлемдік экономиканың көрсеткіштері де төмендеуі мүмкін.
Сондай-ақ мұнай бағасына 2020 жылы шикізаттың шамадан тыс өндірілуі мен америкалық мұнай қорының өсуі сияқты факторлар да әсер етпек.
Өзге де триггерлердің қатарында Еуропалық орталық банктің пайыздық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдыруы, Давоста өткен халықаралық форум, Brexit төңірегіндегі жағдай мен Федералдық қор жүйесінің 29 қаңтарға белгіленген отырысы бар. Ал ішкі факторларға келетін болсақ, аналитиктер алдыңғы жұмада өткен үкімет отырысы мен келесі жылға жасалған позитивті экономикалық болжамдарды сөз етті.
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Анна Бодрова, «Альпари» бас аналитигі:
Келесі аптада инвесторлардың назары Қытай еліндегі коронавирус пен мұнай нарығындағы өзгерістерде болады. Осы аптада Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 62 долларға дейін арзандады. Егер коронавирусты жұқтырғандардың қатары көбейетін болса, бұл Қытайдың мұнайға деген сұранысына кері әсерін бермек. Әзірге коронавирустың жайылуына байланысты нарықтағы жағдай қандай болатынын дөп басып айту қиын.
Келесі аптаға болжамым: доллар 377-379,50 теңге, еуро 417-421 теңге, рубль 6,08-6,15 теңге, юань 54-55 теңге болады деп ойлаймын.
Сергей Дроздов, «Финам» компаниялар тобының аналитигі:
Бейсенбідегі саудасының қорытындысы бойынша, америкалық биржа алаңдары оң көрсеткіштерге ие болды. S&P 500 индексі 0,11 пайызға өсіп, 3325,54 пунктке жетті. Dow Jones индексі 0,09 пайызға кеміп, NASDAQ 0,2 пайызға көтерілді. АҚШ-тың 10 жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігі төрт базистік пунктке кеміп 1,73 пайыз болды. Германияның 10 жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігі -0,31 пайызға дейін төмендеді.
Өткен аптаның басты жаңалығы Еуропалық орталық банкінің отырысы болды. Оның қорытындысы бойынша, қаржы реттеушісі пайыздық мөлшерлемені өзгертпеді. Бұл жаһандық қаржы нарығына қолайлы болғанымен, Қытайдағы коронавирустың әлемде алаңдаушылық тудыруы биржа алаңдарындағы көрсеткіштердің өзгерісіне әкеліп соқты.
Өткен сауда қорытындысы бойынша, мұнай бағасы 1,01 пайызға арзандап, бір баррелі 62,06 доллар деңгейінде қалды. Бұған америкалық мұнай қорының өсуі түрткі болып отыр.
Біздің болжам: келесі аптада АҚШ доллары 378-382 теңге, еуро 418-422 теңге, рубль 5,95-6,2 теңге, юань 54,50-55 теңге болады.
Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры
Өткен аптаның негізгі оқиғасы әлем көшбасшылары мен алпауыт бизнесмендерді жиған Давостағы халықаралық форум деуге болады. Жиында климат мәселесі, геосаяси түйткілдер және әлемдік экономикаға төніп тұрған қауіп сияқты тақырыптар аясында талқылаулар өткізілді. Қытайдағы коронавирусты инвесторлар қазір назарда ұстап отыр. Вирус өршіп кетсе, оның әлемдік экономикаға қалай әсер ететіні турасында сарапшылар өз болжамдарын жасап жатыр.
Коронавирусқа қатысты ахуал мұнай нарығына әсер етіп отырғаны анық. Оның салдарын теңге мен рубль де тартып отыр. Жуырда Еуропаның орталық банкі пайыздық мөлшерлемені бұрынғы деңгейде қалдыру туралы шешімге келді. Нәтижесінде еуроның өзге валюталарға қатысты бағамы төмендеді. 31қаңтарда Brexit-ке қатысты отырыс өтеді.
Өткен аптада елімізде үкімет отырысы өтіп, ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияны дұрыстап бақылау керектігін айтты. Біздің ойымызша, осы жылы Ұлттық банк баға өсімін қадағалап, теңгенің доллар мен рубльге қатысты бағамдарының төмендеуін болдырмай, теңгенің негізгі сауда серіктестерінің валюталарына қатысты бағамын нығайтады.
Келесі аптада бір доллар 377-380 теңге, бір еуро 418-422 теңге, бір рубль 6,15-6,20 теңге, бір юань 54,5-55 теңге болады.
Дмитрий Лукашов, IFC Markets аналитигі:
Өткен аптада теңгенің доллардан бөлек негізгі валюталарға қатысты бағамы нығайды. Бұған мұнай бағасының төмендеуі мен әлемдік валюта нарығында доллар бағамының өсуі себеп болды.
Қытайда коронавирустың таралуынан мұнай бағасы арзандады. Сондай-ақ қытайлық Жаңа жылды тамашалауға келетін туристердің саны күрт кеміп кетті. Салдарынан Қытай экономикасы сәл құлдырап, артынан елдің мұнайға деген сұранысы кемиді деген қауіп бар.
29 қаңтарда Федералды қор жүйесі пайыздық мөлшерлемеге қатысты мәлімдеме жасайды. Инвесторлар мөлшерлеменің төмендетілуінен үміттеніп отыр.
Жұма күні елімізде өткен үкімет отырысында экономикаға қатысты бірқатар мәлімдеме жасалды. 2020 жылы ЖІӨ 4,5%-дан 4,7%-ға көтеріледі және инфляция 5,4%-дан төмен түседі деген болжамдар айтылды.
Келесі аптада АҚШ доллары 375-382 теңге, еуро 415-421 теңге, рубль 6,06-6,18 теңге, юань 54,2-55,2 теңге болады.
Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
Теңге өткен аптада негізгі валюталарға қатысты әлсіреді. Бұған әсер еткен – мұнай құнының төмендеуі мен Қытайдағы коронавирустың өзге елдерге таралуы.Инвесторлар эпидемия Қытай мен әлемдік экономиканың көрсеткіштеріне кері әсерін тигізеді деп топшылап отыр. Келесі аптада теңге арзандауы мүмкін. Өйткені коронавирус кесірінен орнаған тұрақсыздық келесі аптада да сақталуы мүмкін.
Біздің болжам: келесі аптада АҚШ доллары 378-379,5 теңге, еуро 418-419,5 теңге, рубль 6,15-6,2 теңге, юань 54,5-54,7 теңге болады.
Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» Инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық анализ бөлімінің басшысы:
2020 жылы мұнай шамадан тыс өндіріледі деген болжам шикізат бағасына кері ықпалын тигізіп отыр. Оның үстіне Қытайдағы коронавирус та отқа май құйып отырғандай. Қазір елдің бірқатар қалаларында карантин жарияланды, тұрғындардың шаһардан шығуына және қалаға басқа адамдардың кіруіне тыйым салынды.
Мұнай бағасының төмендеуі рубльге еш әсер етпеді. Теңгеге де. Өйткені эпидемия – нарыққа уақытша әсер ететін фактор. Қазір әлемнің мықты ғалымдары вирусқа қарсы вакцина жасап жатыр. Сондықтан мұнай бағасының арзандауы көпке созылмайды, яғни теңге де әлсіремейді деген сөз.
Келесі аптаға болжамым: доллар 376-381 теңге, еуро 415-425 теңге, рубль 6,05-6,20 теңге, юань 54-55 теңге болады деп ойлаймын.