Валюта болжамы: 19 тамыз- 23 тамыз

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
385,900

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
17.8.2019
384-389
Forex Club
17.8.2019
385
Евразийский Капитал
17.8.2019
386-389
IFC Markets
17.8.2019
384-389
DAMU Capital Management
17.8.2019
383-385
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,848

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
17.8.2019
5,89-5,91
Forex Club
17.8.2019
5,7
Евразийский Капитал
17.8.2019
5,86-5,98
IFC Markets
17.8.2019
5,74-5,9
DAMU Capital Management
17.8.2019
5,85-5,95
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
431,000

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
17.8.2019
428-433
Forex Club
17.8.2019
431
Евразийский Капитал
17.8.2019
428-433
IFC Markets
17.8.2019
424-435
DAMU Capital Management
17.8.2019
431-436
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
54,740

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
17.8.2019
54,7-55,2
Forex Club
17.8.2019
54,7
Евразийский Капитал
17.8.2019
54,3-54,9
IFC Markets
17.8.2019
53,9-55,2
DAMU Capital Management
17.8.2019
54,3-55,5

Іnbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (19 тамыз- 23тамыз). ​

 

19 тамыз- 23 тамыз

 

12 тамыз – 16 тамызға арналған валюта болжамы

 

 

 

АҚШ пен Қытай арасындағы күрделі сауда қарым-қатынасы теңге бағамын қалыптастыруға әсер ететін басты факторлардың бірі болып қала бермек. Іnbusiness.kz-тің кезекті сауалнамасын қатысқан сарапшылар тап осындай пікір білдіріп отыр. Бұған қоса, үйреншікті әдетпен осы аптада мұнай бағасы да басты триггер болды. Ол туралы сауалнамаға қатысқан барлық сарапшы атап кетті.

Сарапшылардың пікірінше алдағы аптада теңге бағамын қалыптастыруға әсер ететін басқа да факторлар қатарында Гонконгтегі саяси қақтығыстар, Қытай экономикасындағы проблемалар, аргентина песосының құлдырауы, Қазақстан Ұлттық банкінің белсенділігі, Forex Club америкалық валютасының өсуі бар.

Сарапшылардың толық пікірін inbusiness.kz.әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.

 

Наталья Мильчакова, «Альпари» сараптамалық департаменті директорының орынбасары:

19 тамыз- 23 тамыз

9-15 тамыз аралығында қазақстандық теңге бір апта бұрынғы құлдыраудың орнын толтырмақ болып, өсуге тырысып бақты. Ақыр-соңында бір апта ішінде теңгенің долларға шаққандағы бағамы 0,09%-ға, 387,525 теңгеге дейін өсті, ал теңгенің еуроға қатысты бағамы тіпті 0,7%-ға өсіп, бір еуро 430,56 теңге болды. Жұма, 16 тамыз күні теңге әлемдік екі валютаға қатысты бағамын ақырын өсіруін жалғастырды.

Brent маркалы мұнай бағасы апта ішінде 0,7%-ға өсіп, бір баррелі 57,94 доллар болды. Мұнай бағасын жергілікті қолдау қазір бір баррель үшін 57 доллардан шамалы жоғары, алайда алдағы уақытта мұнай нарығына қатысты жағымсыз жаңалықтардың әсерінен бір баррелі 55 долларға дейін түсіп те кетуі мүмкін.

Өткен аптада мұнай бағасының өсуіне Трамп әкімшілігінің бірқатар қытайлық тауарларға 10%-дық баж салығын енгізуді желтоқсанға дейін шегергені себеп болды. АҚШ-тың Қытайға қатысты ұстанымы біршама саябырсыды, алайда Гонконгтегі қайта-қайта туындап жатқан саяси қарсылық валюталық трейдерлердің Қытай экономикасының тұрақтылығына қатысты алаңдаушылығын туғызып отыр.  

Аргентинадағы саяси дағдларыстың басталу қаупінен өткен аптада аргентина песосының құлдырауы валюта нарықтарының жылдам әрекет етуімен орны толығып, теңге бағамына әсер етпеді.

Алдағы аптада жағымсыз жаңалықтар салдарынан бағам төмендеуі мүмкін деп отырмыз. Келесі аптада доллар/теңге бағамы бір доллар үшін 384-389 теңге, еуро/теңге жұбы бір еуро үшін 428-433 теңге болады деп болжап отырмыз. бұл ретте теңге/рубль бағамы 5,89-5,91 теңге болады, ал қытайлық юаньның теңгеге шаққандағы бағамы 54,7-55,2 теңге шамасында болуы мүмкін.

Айдар Калиаскар, Forex Club қаржы скауты:

19 тамыз- 23 тамыз

Жұма күні Қазақстандық қор биржасында теңгенің доллар мен қытайлық юаньға қатысты бағамы біршама нығайды. Долларға шаққандағы бағамы 0,28 теңгеге өсіп, 386,83 теңге болды. Ал юаньға қатысты бағамы 0,12 теңгеге нығайып, 53,86 теңге болды.

Юаньның төмендеуіне Қытайдың АҚШ-пен арадағы сауда қақтығысының жалғасуы басты себеп. Қазір Қытай билігі экономиканы қолдауға арналған жаңа шараларды дайындап жатыр. Атап айтар болсақ, олар тұтынуды ынталандырмақ. Сондай-ақ қытай билігі егер АҚШ қытайлық тауарларға жаңа импорттық баж салығын салар болса, қарсы шара қолданбақшы.

АҚШ-та тұтыну белсендігі бойынша статистика жақсы екені жарияланғаннан кейін, Халықаралық валюта нарығында америкалық валютаның өскеніне қарамастан, теңгенің долларға шаққандағы бағамы нығайып келеді.

Теңгенің долларға қарсы тұруына әлемдік мұнай бағасының өсуі қолдау болып отыр. Осы қолдау нәтижесінде теңге долларға төтеп бере алады.

Сонымен қатар ішкі валюта нарығында Ұлттық банктің белсенділігі байқалады, ол да теңгенің долларға шаққандағы бағамының тұрақты болуын қамтамасыз етуде. Себебі Ұлттық банкке халықаралық қордың алдағы шығындарының орнын толтыру керек.

Теңге үшін басты бағдар болып саналатын ресейлік рубльге келер болсақ, оның өсіп келе жатқан  қара алтын бағасының есебінен ресейлік валюта нарығында нығайғанын айтуға болады.

Келесі аптада теңгенің өсуін жалғастыруына мүмкіндік бар. Оның долларға қатысты бағамы 385 теңге, еуроға қатысты - 431 теңге, рубльге шаққанда 5,7 теңге, юаньге қатысты – 54,7 аралығында өзгеруі мүмкін.

 

Әли Сағындықов, «Евразиялық Капитал» АҚ сарапшысы:

19 тамыз- 23 тамызАҚШ пен Қытай өздерінің сауда қайшылықтарын реттеу үшін келіссөз жасамайынша, Ресей, Қытай, әсіресе, Қазақстан валютасы қысым астында болады.

Мұнай бағасының қымбаттауына әзірге еш себеп жоқ. Өйткен Таяу Шығыстағы және Иранға қатысты жағдай бірқалыпты.

Сондықтан қыркүйек айының басына шейін валюта жұптарына қатысты пессимистік болжам жасауға болады: яғни USD/KZT – 386-389, RUB/KZT – 5,86-5,98, CNY/KZT – 54,3-54,9, EUR/KZT – 428-433 теңге.

 

 

 

Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:

19 тамыз- 23 тамыз

Өткен аптада теңге бағамы қытайлық юаньнан басқа валюталарға қарсы нығайған болатын. Менің ойымша, бұған Қазақстан үкіметінің 2019 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша экономика жағдайы туралы жағымды ақпараты, сонымен қатар әлемдік мұнай бағасының тұрақтануы себеп болды. Атап айтқанда, 2019 жылдың қаңтар-шілдесінде елдегі ЖІӨ-нің өсуі өнеркәсіптік өндірістің тек 2,7%-ға артақанына қарамастан, 4,2% болды. 2018 жылы бұл екі көрсеткіш 4,1%-ға өскен еді. Осылайша, өнеркәсіптік өндірістің өсу қарқынының баяулауы экономикалық өсуге кедергі келтірмеді. Инвестиция, бөлшектік сауда айналымы, бюджеттің артылуы сияқты басқа да көрсеткіштер де жақсы болып шықты.

Алдағы аптада доллар  384-389 теңге, еуро – 424-435 теңге аралығында, ресейлік  рубль – 5,74-5,9 теңге шамасында, юань – 53,9-55,2 теңге аралығында болуы мүмкін.

 

 

Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:

19 тамыз- 23 тамыз

Өткен апта валюта нарығы үшін тыныш болды. Теңгенің долларға шаққандағы бағамы апта соңында 0,65 теңгеге нығайды. Апта басында теңге АҚШ-тың Қытайға қатысты санкцияны кейінге шегеруінен нығайды. Өткен аптада 10 жылдық кірістілік облигациялары 2 жылдықтан төмендеді, бұл АҚШ-та алдағы екі жылда рецессия болатынын көрсетеді. Осының нәтижесінде барлық шикізат материалдарының (алтыннан басқа) бағасы және дамушы елдер валютасы төмендеді.

Нәтижесінде, рубль мен теңге мұнай котировкасының ықпал етуінен өзгерді. Ұлттық банк теңге бағамын ұстап тұрды. Ірі валюта сатып алушылар доллар одан әрі өседі деген сенімде.

Еуро аймақтың ЖІӨ-сіне қатысты мәліметтер болжанғандай болып шықты, осыдан еуро тұрақты болып қалды.

ҚХР-да өндіріс пен қызмет көрсетуге қатысты шілде айының статистикасы күткеннен де нашар болды, осының салдарынан юаньның әлемдік валюталарға шаққандағы бағамы әлсіреді.

Алдағы аптада инвесторлардың басты назары АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысында болады, өйткені бұл соғыс валюта соғысына ұласып, әлемде девальвация тудыруы мүмкін. Содай-ақ АҚШ ФРЖ-сының соңғы отырысының хаттамасы шығады және Джексон Хоулде барлық орталық банктер басшылары, экономистер, қаржыгерлер кездеседі.

Алдағы аптада доллар 383-385 теңге, еуро – 431-436 теңге аралығында, ресейлік  рубль – 5,85-5,95 теңге шамасында, юань – 54,3-55,5 теңге болуы мүмкін.

 

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу