Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
10.8.2019 |
386-389 |
ГК «ФИНАМ»
10.8.2019 |
384-389 |
DAMU Capital Management
10.8.2019 |
385 |
Forex Club
10.8.2019 |
387-388 |
IFC Markets
10.8.2019 |
385-390 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
10.8.2019 |
5,94-5,98 |
ГК «ФИНАМ»
10.8.2019 |
5,95-6,05 |
DAMU Capital Management
10.8.2019 |
5,9-6 |
Forex Club
10.8.2019 |
5,9-6,2 |
IFC Markets
10.8.2019 |
5,84-6 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
10.8.2019 |
434-437 |
ГК «ФИНАМ»
10.8.2019 |
432-437 |
DAMU Capital Management
10.8.2019 |
432-436 |
Forex Club
10.8.2019 |
434-435,5 |
IFC Markets
10.8.2019 |
431-437 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
10.8.2019 |
54,8-55,2 |
ГК «ФИНАМ»
10.8.2019 |
54,85-55,10 |
DAMU Capital Management
10.8.2019 |
55-55,5 |
Forex Club
10.8.2019 |
54,8-55 |
IFC Markets
10.8.2019 |
53,9-55,2 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (11 тамыз – 16тамыз).
Inbusiness.kz сайтына сұхбат берген сарапшылар бірнеше рет айтылып өткен жаһандық трендтерге қайтадан тоқталды. Әсіресе олар АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысының валютаға қалай әсер еткенін айтып өтті. Сарапшылар қос алпауыт арасындағы сауда қарым-қатынасының шиеленісуі әлем экономикасының өсуін бәсеңдетуі мүмкін екендігіне назар аударды(DAMU Capital Management ЖШС, IFC Markets).Сонымен қатар Қытай Халық банкінің юаньнің АҚШ долларына қатысты орташа бағамын әлсіретуі туралы шешімі де атап өтілді («ФИНАМ» КТ, «DAMU Capital Management» ЖШС, Forex Club).
Әдеттегідей сарапшылардың барлығы дерлік өткен аптада төмендей бастаған бағалардың энергия тасымалдаушыларына ықпалы қалай болғанын айтты.Сарапшылар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің елдегі айырбастау пункттерінің қызметін реттеуді қатаңдату ниетіне назар аударды ( «DAMU Capital Management» ЖШС, Forex Club).
Сарапшылардың толық пікірін Inbusiness.kz әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.
Наталья Мильчакова, «Альпари» ақпараттық-сараптамалық орталығының аналитикалық бөлімі басшысының орынбасары:
2-8 тамыз аралығында қазақстандық теңге тағы да арзандады.Бір аптаның ішінде теңгенің долларға шаққандағы биржалық бағамы 0,43% түсіп, бір доллар 387,875 теңгеге дейін төмендеді. Ал теңгенің еуроға шаққандағы бағамы 0,9% арзандап, бір еуро 433,88 теңге болды.
9 тамызда қазақстандық ұлттық валютаның долларға және еуроға қатысты бағамы көтеріле алды, алайда ол қайта төмендеуі ықтимал.Brent маркалы мұнай бағасы 5,8% төмендеп, ICE мұнай биржасында барреліне 57,5 долларды құрады.
Қытай мен АҚШ арасындағы сауда қақтығысының кесірінен мұнай бағасының құлдырауы әлемдік қаржы нарықтарын қатты алаңдатып отыр.Бұл фактор теңге мен рубль бағамдары және дамушы елдердің басқа да «мұнай» валюталарына теріс әсер етті.Апта соңында қытай юані тұрақтанып, әлемдік қор нарықтары өсе бастады. Дегенмен әлі күнге дейін бұл мұнай нарығына және дамушы елдердің валюталарына көп көмектесе қойған жоқ.
Біз келесі аптада теңгенің құлдырауы жалғасады деп ойлаймыз.АҚШ доллары 386-389 теңге шамасында болады, ал еуро 434-437 теңге, рубль – 5,94-5,98 теңге, юань – 54,8-55,2 теңге шамасында саудаланатын болады.
Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:
Өткен сауда-саттық нәтижесінде америкалық биржалар юаньнің тұрақтануы арқасында өсумен жабылды.S&P 500 нарық индексі 1,88% артып, 2938,09 тармаққа жетті, Dow Jones өнеркәсіптік индексі 1,43% көтерілді, жоғары технологиялық NASDAQ 2,24% өсті.
Қытай банкінің ұлттық валютаның эталондық бағамын бір доллар үшін 7.0039 деңгейінде орнатуы нарыққа оң әсерін тигізді.Инвесторлардың ойынша, Бейжіңнің юаньді тұрақтандыруы Қытайдың сауда қақтығысын шиеленістіргісі келмейтінін және оның Вашингтонмен келесі келіссөздерге дайын екендігін білдіреді.
Соңғы сауда нәтижелері бойынша мұнай бағасы 0,6% -ға өсіп, 57,41 долларды құрады.
Сауд Аравиясының ОПЕК-ке мүше елдермен қара алтын бағасының құлдырауын талқылауы нарықтағы жағдайды тұрақтандырды. Алайда Brent және WTI фьючерстері тығырықтан шығу үшін $60 деңгейден асуы керек.
Біз келесі аптада теңгенің негізгі үш валютаға қатысты бағамы, яғни рубль үшін 5,95 -6,05 теңге, доллар үшін 384-389 теңге, еуро 432-437 теңге және юань үшін 54,85-55,10 теңге шамасында болады деп отырмыз.
Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:
Бір апта ішінде теңгенің долларға қатысты бағамы 1,25 теңгеге төмендеді. АҚШ пен Қытай сауда соғысындағы шиеленістің жаңа кезеңі, АҚШ-тың Ресей Федерациясына қарсы жаңа санкциялары, АҚШ Федералды қор жүйесінің пайыздық мөлшерлемені төмендетуі бірқатар дамушы елдер бағамдарының төмендеуіне әкеліп соқты. Өз кезегінде мұнай бағасының құлдырауы рубльдің әлсіреуіне ықпал етті.
Жалпы, өткен аптада әлемдік нарықтарда дүрбелең туындады, қорлар мен шикізат нарықтары төмендеді. Ұлттық банктің қолдауының арқасында теңге бұл факторларға төтеп бере алды.
Келесі аптада жағдай тұрақталады деп күтеміз. Ұлттық банк валютаны қазіргі деңгейде ұстайды деп үміттенеміз. Қазіргі саяси жағдайда теңгенің әлсіреуі әлеуметтік ахуалды ушықтырып жіберуі мүмкін, ал үкімет бұған жол бермеуі керек.
Келесі аптада негізгі валюталар бойынша, яғни доллар 385 теңге, еуро – 432-436 теңге, рубль 5,9-6 теңге, юань 55-55,5 теңге болады деп отырмыз.
Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
Өткен аптада сауда-саттық нәтижелері бойынша АҚШ долларына қатысты теңге 0,26 теңгеге көтеріліп, 387,47 теңгеге дейін нығайды, бірақ апта ішінде ол біршама төмендеді. Ресей рубліне қатысты 0,04 теңгеге көтеріліп, бір рубль 5,95 теңге болды. Ал бір юань 54,88 теңгені құрады.
Осы аптада Қазақстан Ұлттық Банкі елдегі валюта айырбастау пункттерінің қызметіне қатысты (жұмыс уақыты мен айырбастау сомасын шектеу) түзетулерді ұсынды. Бұл теңгенің айырбастау бағамының динамикасына әсер етуі мүмкін.Келесі аптада егер қазақстандық валюта нарықтағы негізгі ойыншының қолдауына ие болмаса, онда ол долларға қатысты сәл әлсіреуі мүмкін.Бұған, әрине, мұнай бағасының арзандауы әсер ететіні сөзсіз. Бейжің мен Вашингтон арасындағы сауда текетіресі әлем экономикасына кесірін тигізіп отырғаны анық. Сауда соғысы салдарынан доллар да сәл арзандау үстінде.
Бейсенбіде Қытай Халық банкі 2008 жылғы әлемдік қаржы дағдарысынан кейін алғаш рет юаньнің орташа бағамын бір доллар үшін 7 юаньнен төмен түсірген болатын. Қытайдың қаржылық реттеушісінің мұндай қадамға баруына АҚШ-тың 1 қыркүйектен бастап 300 миллиард долларға бағаланатын Қытай тауарларына жаңа баж салығын енгізу туралы шешімі түрткі болды.
Жұма күні Ресей рубліның доллар мен еуроға қатысты бағамы төмендеді, соңғы күндері бұл валютаның тұрақсыздығы байқалады.
Алдағы аптада бір доллар 387-388 теңге, бір еуро 434-435,5 теңге, бір рубль 5,9-6,2 теңге, юань 54,8-55 теңге болады деп күту керек.
Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:
Өткен аптада қазақстандық валюта АҚШ долларына және еуроға қатысты әлсіреді, ресей рубліне қатысты өзгеріссіз қалды және қытай юаніне қатысты нығая түсті. Менің ойымша, валюта нарығының динамикасына тек сыртқы факторлар әсер етуде.
Осы аптаның басты оқиғасы - АҚШ-тың 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 300 миллиард доллар тұратын қытайлық тауарларға 10% жаңа баж салығын енгізу туралы хабарламасы. Осыдан кейін юань құлдырай түсті. Сонымен қатар сыртқы саудадағы қауіп-қатерге байланысты доллардың еуроға қатысты бағамы арзандап кетті.
Ал теңге юаньге қатысты нығайа түсті. Оның еуро мен долларға қатысты әлсіз динамикасы әлемдік мұнай бағасының төмендеуіне байланысты болуы мүмкін. Соңғы төрт апта ішінде Brent бағасы 12% арзандады. Инвесторлар АҚШ-Қытай сауда соғысы әлемдік экономиканы бәсеңдетіп, шикізатқа деген сұранысты азайтады деп топшылап отыр.
Алдағы аптада құбылмалық диапазоны бір рубль үшін 5,84-6 теңге, доллар үшін 385-390 теңге, еуро 431-437 теңге, бір юань 53,9-55,2 теңге болады деп отырмыз.