Валюта болжамы: 5 тамыз-9 тамыз

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
384,679

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
03.8.2019
383-385,50
Астана-Инвест
03.8.2019
380-387
ГК «ФИНАМ»
03.8.2019
382-387
Евразийский Капитал
03.8.2019
383-385
Forex Club
03.8.2019
386-387
IFC Markets
03.8.2019
383-388
DAMU Capital Management
03.8.2019
382-387
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,986

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
03.8.2019
5,96-6,05
Астана-Инвест
03.8.2019
5,95-6,05
ГК «ФИНАМ»
03.8.2019
5,95-6,05
Евразийский Капитал
03.8.2019
5,97-6,05
Forex Club
03.8.2019
6-6,2
IFC Markets
03.8.2019
5,84-6,04
DAMU Capital Management
03.8.2019
5,8-5,9
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
428,571

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
03.8.2019
425-429
Астана-Инвест
03.8.2019
425-435
ГК «ФИНАМ»
03.8.2019
425-430
Евразийский Капитал
03.8.2019
427-430
Forex Club
03.8.2019
428-429
IFC Markets
03.8.2019
423-432
DAMU Capital Management
03.8.2019
430-432
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
03.8.2019
Астана-Инвест
03.8.2019
ГК «ФИНАМ»
03.8.2019
Евразийский Капитал
03.8.2019
Forex Club
03.8.2019
IFC Markets
03.8.2019
DAMU Capital Management
03.8.2019

Іnbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (5 тамыз-9 тамыз). ​

  5 тамыз-9 тамыз

 

       29 шілде – 2 тамызға арналған валюта болжамы

 

Өткен аптадағыдай inbusiness.kz сауалнамасына қатысқан сарапшылар осы аптада да теңге бағамына әсер етуі мүмкін дәстүрлі факторларды атап кетті.

Сарапшылар АҚШ пен Қытай арасындағы сауда текетіресі мен оның валюта бағамына қалай әсер еткеніне тоқталды. Олар Дональд Трамптың қытайлық тауарларға енгізілген салығы туралы өз болжамдарында айтып кетті. Трамптың бұл мәлімдемесінің мұнай нарығына да кері әсер еткенін сөз етті.

Сонымен қатар сарапшылар бірнеше апта бойы АҚШ-тың монетарлық саясатына да назар аударып келеді.  Федералдық қор жүйесінің пайыздық мөлшерлемені түсіруі және оның доллар индексінің көтерілуіне ықпал еткені туралы «Астана-Инвест» Инвестициялық үйі» АҚ,  «Евразиялық Капитал» АҚ, IFC Markets пен «DAMU Capital Management» ЖШС компанияларының сарапшылары айтып өтті.

Скрипаль ісіне қатысты Ресейге қарсы жаңа санкциялардың салыну мүмкіндігі (Forex Club, IFC Markets,  «DAMU Capital Management» ЖШС), рубль бағамының түсуі және Ұлттық банктің инвервенция жасауы туралы сөз болды.(«Астана-Инвест» Инвестициялық үйі» АҚ, Forex Club, «Евразиялық Капитал» АҚ).

Сарапшылардың толық пікірін inbusiness.kz.әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.

Анна Бодрова, «Альпари» ақпараттық-сараптамалық орталығының бас сарапшысы:

5 тамыз-9 тамызҚазақстанның валюта нарығы айтарлықтай теңдестірілген,қауіп сақталып отыр: мұнай секторындағы теңгерімсіздік пен әлемдік инвесторлардың тәуекелге деген позициясы. Доллардың күшеюі теңгенің қалыпқа келуіне мүмкіндік бермейді.

Сауда соғысының ушығуы шикізат бағалары мен дамушы елдердің валюталарына қатты әсер етуде. АҚШ валютасы қазіргі таңда мұнай бағасының өсуін тежеп отыр. Жалпы, Brent сұрыпты мұнай баррелі 62-64 доллар шамасында сақталуы мүмкін, бірақ 60-66 доллар болып қалуы да ықтимал. 

Құбылмалық төмендегідей болуы мүмкін: бір доллар 383-385,50 теңге, бір еуро 425-429 теңге, бір рубль 5,96-6,05 теңге, бір юань 54-56 теңге.

 

 

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» Инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық сараптама бөлімінің басшысы:

5 тамыз-9 тамызТрамптың Қытайға жаңа салық салуынан мұнай бағасы бейсенбіде 6 пайызға түсіп кетті. Салдарынан рубль де зардап шекті. Теңге жұма күні әлсіреді. АҚШ-тың Федералдық қор жүйесі пайыздық мөлшерлемені азайтты. Бірақ олардың  базалық мөлшерлемені қайтадан түсірмейміз деп мәлімдеуі доллар индексінің көтерілуіне әкеліп соқты.

Келесі аптада рубль бағамы сәл түсуі мүмкін. Бірақ теңге түспейді деген ойдамын. Бұған дейін теңгенің беріктік қоры бар екенін айтқан болатынмын. Теңге/рубль бағамы 5,5 деңгейіне қайта оралуы мүмкін. Бірақ ол үшін Ұлттық банк интервенция жасауы керек.

Біз келесі аптада теңгенің негізгі үш валютаға қатысты бағамы, яғни  рубль үшін 5,95 -6,05 теңге, доллар үшін 380-387 теңге, еуро 425-435 теңге және юань үшін 55,0-57,0 теңге шамасында болады деп отырмыз.Ал Brent сұрыпты мұнай баррелі 60-64 доллар шамасында болуы мүмкін.

 

 

Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялары тобының сарапшысы:

5 тамыз-9 тамызӨткен сауда қорытындысы бойынша америкалық биржа алаңдары сауданы өсу көрсеткішімен жапты.

S&P 500 0,9%-ға кеміп, сауданы 2953,56 көрсеткіште аяқтады, ал өндірістік Dow Jones индексі 1,05 %-ға,  жоғары технологиялық NASDAQ индексі 0,79%-ға түсіп кетті. 10 жылдық қазынашылық облигациялар индексі 12 базистік көрсеткішке төмендеп, 1,89%-ға дейін түсті.

Инвесторлардың тәуекелді активтерден сапаға асығыс шығуының салдарынан 10 жылдық қазына облигацияларының кірістілігі 2016 жылдан бергі ең төменгі деңгейге, ал екі жылдық бағалы қағаздар бойынша кірістілік 18 базистік көрсеткішке төмендеді. Жаппай сатулардың себебі АҚШ президенті Дональд Трамптың 1 қыркүйектен бастап 300 миллиард доллар тұратын Аспан асты елінен импортталатын тауарларға 10% жаңа баж салығын енгізуі себеп болды. Нарықтар жабылғаннан кейін, Трамп баж салығының 25 пайызға  көтерілуі мүмкін екенін жариялады.

Өткен сауданың нәтижелері бойынша мұнай бағалары 5,54% -ға құлдырап, 61,05 долларды құрады. Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда соғысы әлемдік экономиканы әлсіретіп, мұнайға деген сұранысты азайтып жіберуі мүмкін. Қазіргі жағдайда Brent фьючерстері келісім-шартында көрсеткіш 60 доллар деңгейінде тұр, егер бұл көрсеткіш сақталмаса, мұнай бағасы барреліне 55 долларға дейін төмендеуі ықтимал.

Алдағы аптада доллар 382-387 теңге, еуро – 425-430 теңге аралығында, ресейлік  рубль – 5,95-6,05 теңге шамасында, юань – 54,75 теңгеден 55,95 теңгеге дейінгі аралықта болуы мүмкін.

 

Әли Сағындыков, «Евразиялық Капитал» АҚ сарапшысы:

5 тамыз-9 тамызМұнай бағасының төмендеуі және рубльдің құнсыздануы салдарынан теңгенің долларға қатысты бағамы төмендеді. Brent сұрыпты мұнай жұма күні таңертең 62 доллардан төменгі бағамен сатылды, бұл алты айлық минимум деңгейіндегі көрсеткіш және доллар мен рубль қатынасы 65-тен асты. Мұнай мен рубльге әсер еткен негізгі фактор – Федералдық қор жүйесінің шешімінен кейін доллардың нығаюы. Сондай-ақ мұнай бағасының құлдырауына Трамптың 300 миллиард доллар көлеміндегі Қытай тауарларына 10% баж салығын енгізу туралы мәлімдемесі әсер етті.

Біз келесі аптада теңгенің негізгі үш валютаға қатысты бағамы, яғни  рубль үшін 5,97 -6,05 теңге, доллар үшін 383-385 теңге, еуро 427-430 теңге және юань үшін 55,0-55,7 теңге шамасында болады деп отырмыз.

 

 

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:

5 тамыз-9 тамызОсы аптада теңгенің негізгі валюталарға қатысты әлсіреуі жалғасады.

Дүйсенбіде Қазақстан қор биржасындағы сауданың қорытындысы бойынша долларға қатысты «ертеңгі» есеп айырысулар бойынша теңге тағы да әлсіреп, 0,75 теңгені жоғалтып, 385,76 теңгені құрады.

Еуроға қатысты төмендеу 2,1 теңгені құрады, қазақстандық валюта бағамы 427,5 теңге деңгейіне дейін төмендеді. Сонымен бірге теңге рубльге қатысты - 0,07 теңгеге өсіп, 5,99 теңге болды, ал Қытай юанына қатысты - 0,32 теңгеге көтеріліп, 55,41 теңгені құрады. АҚШ 1 қыркүйектен бастап Қытайдан келетін тауарларға 10 пайыздық салық енгізді деген жаңалық Қытай валютасына кері әсерін тигізді.

Сондай-ақ теңге бағамына Қазақстан Ұлттық Банкінің алты айда шет елдерден 173 миллиард теңге аударылғандығы туралы мәлімдемесі әсер етті. Ресейден жарты жыл ішінде Қазақстанға 72 миллиард теңге жіберілген.

Қазіргі уақытта теңге біршама көтеріліп, жақын арада ол қалыпты деңгейге оралады деп айта аламыз. Келесі аптада долларға қатысты теңге 386-387 теңге, еуроға қатысты - 428-429 теңге, рубльге шаққанда 6-6,2 теңге, юаньге қатысты - 55-55.4 аралығында өзгеруі мүмкін.

Валюта бағамның одан әрі қалыптасуы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Банкке ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін валюта бағамы саясатын анықтау туралы тапсырмасына байланысты болады.

 

Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:

5 тамыз-9 тамызӨткен аптада қазақстандық валюта рубль мен юаньге қатысты едәуір нығайды. Еуроға қатысты оның бағамы айтарлықтай өзгерген жоқ, ал АҚШ долларына қатысты ол аздап төмендеді. Жалпы, менің ойымша, теңге тұрақтылықты сақтап қалды.

Өткен аптада Федералдық қор жүйесі пайыздық мөлшерлемені 0,25% төмендеткеннен кейін, АҚШ долларының индексі көтеріліп кетті.

Мұнай бағасы АҚШ-тың Қытайға қарсы салынған жаңа санкцияларының кесірінен арзандады. Сауда соғысы әлемдік экономика үшін қауіп төндіріп тұр, салдарынан мұнайды тұтыну азайып кетуі мүмкін. Жұма күні юань айтарлықтай құлдырады.

Ресейлік рубль де әлсіреді. Мұнай бағасының құлдырауынан басқа, оған Вашингтонның Ресейге қарсы жаңа санкциялары, сондай-ақ Ресей Федерациясы Орталық банкінің бағаны одан әрі төмендетуге бағытталған саясаты да біраз түрткі болды.

Қазақстанда, керісінше, шілдеде инфляцияның қалыпты өсуіне байланысты Ұлттық банк ставкаларының төмендеуі екіталай.

Алдағы аптада доллар 383-388 теңге, еуро – 423-432 теңге аралығында, ресейлік  рубль – 5,84-6,04 теңге шамасында, юань – 54,9-56 теңге аралығында болуы мүмкін.

 

Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:

5 тамыз-9 тамызОсы аптаны теңге долларға қатысты 1 теңгеге жуық әлсіреуімен жапты. АҚШ-тың Федералды қор жүйесі пайыздық мөлшерлемені 0,25% -ға төмендетті. Алайда келесі күні Дональд Трамп Қытайға қарсы жаңа санкция жариялады, бұл сауда соғысының жаңа кезеңінің басталуын білдіреді. Бұл оқиғалар нарықты тұрақсыздандырып, нәтижесінде доллар нығая бастады, салдарынан негізгі шикізаттар, оның ішінде мұнай бағасы арзандады.

Рубль Скрипаль ісі бойынша Ресей Федерациясына қарсы жаңа санкциялар туралы сыбыстар пайда болғаннан кейін әлсіреді.

Аталған оқиғалар теңгеге де әсер етті.Біздің ойымызша, оны Ұлттық Банк қазір сәтті ұстап тұр. Шамасы, нарықтың Ұлттық банкке қарсы ашық ойнауға батылы жетпейді. Нарық ойыншыларының пікірінше, Ұлттық банк теңгенің қазіргі деңгейден төмендеуіне жол бермейді. Сондықтан банк қысымға төтеп беріп, келесі аптада бағаны төменгі белгілерге дейін түсіреді деп күтеміз.

Біздің ойымызша, алдағы аптада доллар 382-384 теңге, еуро – 430-432 теңге аралығында, ресейлік  рубль – 5,8-5,9 теңге шамасында, юань – 55 теңге болуы мүмкін.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу