Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
27.7.2019 |
382-385 |
ГК «ФИНАМ»
27.7.2019 |
380-385 |
Евразийский Капитал
27.7.2019 |
382-385 |
Forex Club
27.7.2019 |
384-386 |
DAMU Capital Management
27.7.2019 |
382-385 |
IFC Markets
27.7.2019 |
381-387 |
Астана-Инвест
27.7.2019 |
382-387 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
27.7.2019 |
6,07-6,12 |
ГК «ФИНАМ»
27.7.2019 |
5,95-6,12 |
Евразийский Капитал
27.7.2019 |
6,03-6,12 |
Forex Club
27.7.2019 |
6-6,3 |
DAMU Capital Management
27.7.2019 |
6,07-6,15 |
IFC Markets
27.7.2019 |
6,02-6,1 |
Астана-Инвест
27.7.2019 |
6,05-6,15 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
27.7.2019 |
427-431 |
ГК «ФИНАМ»
27.7.2019 |
428-432 |
Евразийский Капитал
27.7.2019 |
428-432 |
Forex Club
27.7.2019 |
428-429 |
DAMU Capital Management
27.7.2019 |
428-431 |
IFC Markets
27.7.2019 |
424-431 |
Астана-Инвест
27.7.2019 |
425-435 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
27.7.2019 |
|
ГК «ФИНАМ»
27.7.2019 |
|
Евразийский Капитал
27.7.2019 |
|
Forex Club
27.7.2019 |
|
DAMU Capital Management
27.7.2019 |
|
IFC Markets
27.7.2019 |
|
Астана-Инвест
27.7.2019 |
Іnbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (29 шілде – 2 тамыз).
22 шілде – 26 шілдеге арналған валюта болжамы
Геосаяси және сыртқы экономикалық факторлар тағы inbusiness.kz сауалнамасына қатысқан сарапшылардың басты назарында болды. Өткен аптадағыдай, біздің кезекті шолуымызда сарапшылар бірқатар елдің ақша-несие саясатына үлкен мән берді. Жақында АҚШ ФРЖ-сының отырысы болатыны жайлы «Альпари», «ФИНАМ», Forex Club және «DAMU Capital Management» ЖШС компанияларының сарапшылары тағы еске салып кетті. «ФИНАМ», IFC Markets және «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ сарапшылары Ресей банкі шешімі негізгі пайыздық мөлшерлемені төмендететін айтты. Сондай-ақ Forex Club, «DAMU Capital Management» ЖШС және IFC Markets сарапшылары да ЕОБ-ның базалық мөлшерлемені 0% деңгейінде қалдыру туралы шешіміне тоқталып өтті.
Сарапшылар атап кеткен басқа да триггерлер ішінен энергия тасымалдаушылардың бағаға әсерін, АҚШ пен Қытай арасындағы өзара сауда қарым-қатынасын, АҚШ долларының жағдайын және т.б атап кетуге болады.
Сарапшылардың толық пікірін inbusiness.kz.әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.
Анна Бодрова, «Альпари» ақпараттық-сараптамалық орталықтың аға сарапшысы:
Теңге шикізаттық валюта ретінде мұнай бағасының құбылмалығына қатты тәуелді, алайда тап қазіргі уақытта мұнай нарығында мұнай бағасын бірден көтеретін факторлар жоқ. Сондықтан шикізат бағасының құбылуы теңгеге қатты әсер етеді, бірақ та қандай да бір қолдауға сене алмайды.
Қазақстан валюта нарығы үшін шикізат нарығындағы жағдай, әлемдік инвесторлардың жаһандық деңгейдегі тәуекелге қатынасы және АҚШ долларының жайы басты орында. Алдағы аптада нарық АҚШ ФРЖ-сының отырысына басты мән береді. Онда көп жылдан бері алғаш рет пайыздық мөлшерлеме төмендейді деп күтілуде.
АҚШ доллары әзірге 382-385 теңге шамасында болады, ал еуро 427-431 теңге, рубль – 6,07-6,12 теңге, юань – 55,00-56,20 теңге шамасында саудаланатын болады.
Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:
Өткен сауда қорытындысы бойынша мұнай бағасы 0,13%-ға төмендеп, сауданы 63 доллар шамасында жапты. Осы апта басынан бері Brent маркалы мұнай бағасы 62,50-64,50 доллар шамасында саудаланды және бағаның өсуі үшін ойыншыларға «танкерлер соғысынан» гөрі жағымды жаңалықтар қажет.
Жұма күні Ресей банкі пайыздық мөлшерлемеге қатысты шешімін жария етті. Реттеуші пайыздық мөлшерлемені 25 базистік көрсеткішке түсіруге шешім қабылдады, бұл доллар/рубль жұбының сәл құбылуына әкеледі. Жалпы рубль бағамының қатты төмендеуіне себеп болмайды. Өйткені 31 шілде күні АҚШ ФРЖ-сы да осындай шешім қабылдайды.
Біз келесі аптада теңгенің негізгі үш валютаға қатысты бағамы, яғни рубль үшін 5,95 -6,12 теңге, доллар үшін 380-385 теңге, еуро 428-432 теңге және юань үшін 54,85-56 теңге шамасында болады деп отырмыз.
Әли Сагындыков, «Еуразиялық Капитал» АҚ сарапшысы:
Маусым-шілдеде теңгенің дорлларға шаққандағы орташа бағамы 382,7 болып, 377,2-384,8 аралығында құбылып отырды. Теңге әлсіз, бірақ та мұнай бағасының құбылмалығына қарсыласып қояды, рубль бағамы теңгеге былтырғы жылғыдай әсер етпей отыр, ресейлік валютаның осы жылғы жазда бір доллар үшін 63 рубль болғанын теңге ескерусіз қалдырды.
Өйткені Иран мен Ормұз бұғазындағы шиеленіс күшейсе, тамыз айында теңгенің долларға қатысты бағамына мұнай бағасының күрт өзгеруі әсер етуі мүмкін. Егер бұл жағдай бомай қалса, онда бағам тұрақты болып бір доллар үшін 382-385 теңге шамасында қалады.
Юаньның долларға шаққандағы бағамы нығайды және АҚШ пен Қытай арасындағы қатынастың ушығуы салдарынан төмендегеннен кейін тұрақталды. Нарық қатысушыларының қорқыныштары сәл саябырлады. Сондықтан теңге-юань жұбында күрт құбылмалық болады деуге келмейді, тараптар бір бәтуаға келіп, бағам бір юань үшін 55,5-56,1 теңге деңгейінде қалады деген үміт те жоқ емес.
Мұнай бағасының түскеніне қарамастан, рубль нығайды және бір доллар үшін 63 рубль шамасына жақын болып отыр. Теңгенің доллармен қатынасы 6,03-6,12 теңге болады.
Еуроның долларға шаққандағы бағамы арзандады, оның индексі екі айда ең жоғары көрсеткішті көрсетті, алайда бұл уақытша болуы мүмкін. Болжап отырған бағам бір еуро 428-432 теңге.
Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
Теңге бағамы өткен аптада өсудің орнына қысымның астында қалды. Бұл әлемдік мұнай бағасының өсуіне қарамастан, орын алып отыр.
Қазақстан қор биржасындағы жұма күнгі сауда қорытындысынан кейін, теңгенің долларға шаққандағы бағамы 0,12 теңгеге, 384,92 теңгеге дейін түсті. Ал юаньға қатысты бағамы 0,09 теңгеге төмендеп, 55,95 теңгеге дейін жетті. Ал рубльге қатысты бағамы 0,01 теңге, 6,11 теңге деңгейіне түсті. Тек еуро ғана өз шамасын сақтап қалды, яғни жұма күні өсіп 428,7 теңге болды.
Сонымен қатар теңгенің долларға шаққандағы бағамы еуроға қарағанда нық динамиканы көрсетті, бұл еуро/доллар жұбы қарқынымен түсіндіріліп отыр. Еуро бағамына ЕОБ-ның бейсенбі күні мөлшерлемені өзгеріссіз қалдыруы себеп болды. Еуропалық қаржы реттеуші басшысы жаһандық экономикадағы жағдайға байланысты ақша-несие саясатының жұмсаратынын меңзеді.
Енді әлемдік валюта нарығының қатысушылары АҚШ ФРЖ-сы отырысын күтеді. Онда америкалық реттеуші мөлшерлемені 0,25-50 п.к қысқартуы мүмкін. АҚШ экономикасына қатысты мәліметтердің шығуы инвесторлардың мөлшерлеменің төмендеуі күткендей үлкен болмайды деген ойға жетелейді.
Теңгенің юаньмен арадағы бағамына келер болсақ, онда АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келісімі алдағы 30 шілде күні қайта басталатынын айтып кету керек, ал бұл қытайлық валютаның теңгеге қатысты бағамын нығайтады.
Егер теңгенің рубльмен арадағы қатынасын айтар болсақ, онда қазақстандық теңге рубльдің долларға және еурның ресейлік валютаға қатысты бағамының нығаюы салдарынан қысым астында қалады. Бұған мұнай бағасының өсуі әсер етіп отыр.
Алдағы аптада бір доллар 384-386 теңге, бір еуро 428-429 теңге, бір рубль 6-6,3 теңге, юань 55,8-56 теңге болады деп күту керек.
Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:
Теңге бағамы өткен аптада әлсіреді. Қазір теңге тарихи шамасында тұр, бұл ретте бейсенбі-жұма күндері бағам төмендеген көлем негізінде өсті.
Мұнай котировкасы тұрақты, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 63 доллар болып тұр.
Өткен аптада АҚШ ІЖӨ-сі мәліметтері болжанған шамадан жақсы болып шығып, әлемнің жетекші экономикасы өзін жақсы сезініп отыр. Оған әзір Қытаймен арадағы сауда соғысы әсер етпеуде. Америка экономикасының тұрақтылығы Қытайға қарағанда көпке шыдауға мүмкіндік береді. Қазіргі жағдайда сауда келісімінің жасалуы Қытайды көп толғандыруға тиіс. 30-31 шілде күндері ФРЖ отырысы өтеді, содан кейін пайыздық мөлшерлеме жайлы шешім жарияланады. Тап қазір нарық мөлшерлеме 0,25%-ға дейін төмендеуі мүмкін екенін болжап отыр.
Еуропада PMI индексі күткеннен нашар болды, өндірістік сектор қысқару аумағына көшті. ЕОБ мөлшерлемені өзгеріссіз 0% деңгейінде қалдырды. Алдағы аптада еуроаумақта инфляцияға қатысты мәліметтер шығады. Егер ол болжанған 1,1%-дан төмен болатын болса, онда ЕОБ өз саясатын одан әрі жұмсартуы мүмкін, ал бұл еуроға бағамына кері әсер етеді.
Алдағы аптада ҚХР-дағы PMI индексі бойынша мәліметтер шығады, бұл аспан асты елінің шілдедегі экономикасы қандай болғанын көрсетеді.
Негізгі валюталар бойынша яғни доллар 382-385 теңге, еуро – 428-431 теңге, рубль 6,07-6,15 теңге, юань 55,5-56,5 теңге болады деп отырмыз.
Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:
Өткен аптада қазақстандық валютаның еуро мен рубльге қатысты бағамы біршама нығайды. АӨШ доллары мен қытайлық юаньға қатысты бағамы еш өзгермеді. Негізінен, бұл динамикаға сыртқы факторлар себеп болып отыр.
Алайда Fitch Ratings рейтингтік агенттігінің Қазақстан мен жаңа президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа экономикасына арналған баспасөз баянын атап кету керек. Менің ойымша, Fitch-тің жақсы хабары мен премьер-министр Асқар Маминнің АҚШ елшісімен табысты кездесуі инвесторлардың көңілін жайландырды.
РФ ОБ-сы мөлшерлемені төмендеткеннен кейірн ресейлік рубль айтарлықтай төмендеді. Ал еуро бағамы Еуразиялық Орталық банк басшысы Марио Драги 12 қыркүйектегі отырыста мөлшерлеме төмендеуі мүмкін деген мәлімдемесінен кейін түсіп кетті. Америкалық доллар индексі өткен аптада нық өсті. Оған АҚШ ІЖӨ-сінің II тоқсанда ойлағаннан да жоғары 2,1%-ға өскені себеп болды.
Алдағы аптада құбылмалық диапазоны бір рубль үшін 6,02-6,1 теңге, доллар үшін 381-387 теңге, еуро 424-431 теңге, бір юань 55,5-56,5 теңге болады деп отырмыз.
Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ-ның инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:
Салық төлемдерінің басталуынан, рубль бағамы алдағы аптада нығаяды. Рубль үшін қосымша қолдау Ресей банкінің негізгі мөлшерлемені төмендетуі болмақ. Бұл шетелдік инвесторлар тарапынан Федеральдық займ облигацияларына деген сұранысты арттыруы мүмкін.
Ал теңге не болмақ? Теңге сол орнында қалып, қазіргі деңгейде саудалануы мүмкін. Бір жағынан алып қарайтын болсақ, теңге/рубль бағамының жоғары болуы Ресеймен арадағы сауда тепе-теңдігін ретке келтіруі мүмкін. Яғни қазір Қазақстан сатып алуға қарағанда, Ресейге тауарды аз сатуда. Мыссалы, бір рубль 5,6 теңге болғаннан гөрі, бір рубль 6,1 теңге бағамында қазақстандық тауарлар ресейлік сатып алушылар үшін тартымды болмақ. Қазіргі теңге/рубль бағамы бүгінгі күннің шындығы шығар.
Алдағы аптада бір АҚШ доллары 62-63,5 рубль , бір рубль 6,05-6,15 теңге, бір доллар 382-387 теңге, бір еуро 425-435 теңге, бір юань 55,7-56,2 теңге болады деп отырмын.