Валюта болжамы: 27 мамыр – 31 мамыр

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
379,242

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
25.5.2019
377,50-380,20
Астана-Инвест
25.5.2019
375-380
Forex Club
25.5.2019
378,5-379
ГК «ФИНАМ»
25.5.2019
380,15-380,55
IFC Markets
25.5.2019
376-382
DAMU Capital Management
25.5.2019
380-382
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,721

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
25.5.2019
5,82-5,89
Астана-Инвест
25.5.2019
5,8-5,9
Forex Club
25.5.2019
4,5-5,5
ГК «ФИНАМ»
25.5.2019
5,87-5,89
IFC Markets
25.5.2019
5,83-5,95
DAMU Capital Management
25.5.2019
5,8-5,9
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
424,200

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
25.5.2019
420,50-424,00
Астана-Инвест
25.5.2019
421-428
Forex Club
25.5.2019
424-426
ГК «ФИНАМ»
25.5.2019
425,55-426,35
IFC Markets
25.5.2019
420-429
DAMU Capital Management
25.5.2019
421-425
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
25.5.2019
Астана-Инвест
25.5.2019
Forex Club
25.5.2019
ГК «ФИНАМ»
25.5.2019
IFC Markets
25.5.2019
DAMU Capital Management
25.5.2019

Іnbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (27 мамыр  – 31 мамыр). ​

27 мамыр  – 31 мамыр

 

20 мамыр  – 24 мамырға арналған валюта болжамы

 

 

Іnbusiness.kz сауалнамасына қатысқан сарапшылар тағы да энергия тасымалдаушылар нарығына мән берді. Апта соңында төмендеген мұнай котировкасына сауалнамаға қатысқан барлық сарапшы тоқталып өтті.

Екінші бір басты триггер АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленіскен сауда қатынасы болып қала бермек. Бұған «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ және «ФИНАМ» КТ мән берді. Сондай-ақ «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ және Forex Club сарапшылары ресейлік рубльдің қозғалысына да тоқталып кетті.

Басқа да факторлар ішінен сарапшылар әлемдік инвесторлардың тәуекелге қатынасын («Альпари»), Ресей мен Беларусь басшыларының алдағы кездесуін (Forex Club), Brexit  жайын («ФИНАМ»), сондай-ақ АҚШ ФРЖ-сы саясатын және Қазақстанның мемлекеттік қарызын арттыруға (IFC Markets) тоқталды. .

Сарапшылардың толық пікірін inbusiness.kz.әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.

 

Анна Бодрова, «Альпари» ақпараттық-сараптамалық орталықтың аға сарапшысы:

27 мамыр  – 31 мамыр

 Егер мұнай саласында жағжай дұрысталып, әлемдік инвесторлар тәуекелге мән беретін болса, мамыр айының соңғы аптасы теңге үшін тыныш өтеді. АҚШ долларына қатысты болжам 377,50-380,20 теңге, еуро бойынша 420,50-424,00 теңге, рубль бойынша 5,82-5,89 теңге болады деп отырмыз. Егер қаржылық нарықтарда құбылмалық болатын болса, шама одан да жоғары болады. 

 

 

 

 

 

 

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ-ның инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:  

27 мамыр  – 31 мамыр

Бейсенбі күні мұнай бағасы айтарлықтай төмендегеннен кейін, рубль де төмендеді. Алайда жұма күні төмендеуін тоқтатты. «Қара алтын» бағасының төмендеуіне АҚШ-тың мұнай қоры туралы мәліметінде мұнай өскеннен кейін, АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қақтығысы күшейгені себеп болды. Инвесторлардың басты қорқынышы – сауда соғысы Қытай экономикасына кері әсер етуі мүмкін. Рубльдің төмендеуін алдағы аптадаға салық кезеңі ретке келтіруі мүмкін. Сондықтан алдағы аптада валюта бағамдарында қатты құбылмалық болады деп ойламаймын.

Алдағы аптада бір АҚШ доллары 64-66 рубль , бір рубль 5,8-5,9 теңге, бір доллар 375-380 теңге, бір еуро 421-428 теңге, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 65-67 доллар, биткойн 7700-8300 доллар болады деп отырмын. 

 

 

 

 

Айдар Қалиаскар, Forex Club-тың қаржылық скауты:

27 мамыр  – 31 мамыр

 

27 мамыр мен 2 маусым аралығында теңге бағамына мұнайдың әлемдік бағасымен белгіленетін болады. Ал әлемдік мұнай бағасы соңғы кезде өте құбылмалы және нарыққа түскен жаңалықтар легіне қарай бағытын үнемі өзгертіп отыр.

Жалпы мұнай котировкасы өсуі мүмкін. Таяу Шығыстағы шиеленіскен жағдайдың жағымсыз әсерінен, сондай-ақ Иран мен Венесуэланың мұнай көлемі жайлы ұсынысына қарсы америкалық экономикалық санкциялардың болуынан, мұнай бағасы өсуі мүмкін.

Сондай-ақ теңге мұнай бағасы кқтерілгенде көтерілетін ресейлік рубльдің де динамикасына тәуелді болады.

Теңге үшін тағы бір маңызды жайт – 29 мамырға белгіленген Ресей президенті мен Беларусь президентінің кездесуі болмақ. Осы аптада мемлекет басшылары Минскінің Қазақстаннан мұнай сатып алуын талқылайтын болады. Бұл ретте Қазақстан Минскіге мұнай жеткізуге дайын екенін хабарлаған.

Алдағы аптада теңгенің долларға шаққандағы бағамы 378,5-379 теңге, еуроға қатысты бағамы 424-426 теңге, ал рубль 4,5-5,5 теңге болады болжап отырмыз.

 

Алексей Коренев,  «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:

27 мамыр  – 31 мамыр

 

Бейсенбі күні басталған көмірсутектердің айтарлықтай төмендеуі қазақстандық теңге бағамына қатты әсер етуі мүмкін. Бір жағынан алып қарайтын болсақ, мұнай бағасының кешегі түскенінен кейін, айтарлықтай түзету болуы да мүмкін. Қазіргі факторларға және АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы, ЕО-дан шыққан кейінгі Британия мәселелерінің жалғасуынан және әлемдік экономиканың өсу қарқынының төмендеуінен қолдау тапқан халықаралық нарықтардағы сақталып отырған тұрақсыздық салдарынан, алдағы аптаның соңына қарай теңгенің долларға қатысты бағамы 380,15-380,55 теңге, еуроға қатысты 425,55-426,35 теңге және рубльге қатысты 5,87-5,89 теңге болуы мүмкін.

 

 

 

 

Дмитрий Лукашов, аналитик IFC Markets:

27 мамыр  – 31 мамыр

 

Өткен аптада теңгенің долларға қатысты бағамы еш өзгермеді, ал рбуль мен еуроға қатысты бағамы біршама төмендеді. Осылайша, әлемдік мұнай бағасының төмендеуі әзірше қазақстандық валютаға жағымсыз әсер еткен жоқ. АҚШ-тағы мұнай қоры 2017 жылдың шілдесіндегі шамаға дейін өскеннен кейін, Brent бір апта ішінде 6%-ға дейін арзандады.

Теңгенің рубль мен еуроға қатысты бағамының шамалы төмендегені, менің ойымша, сыртқы факторлар әсерінен орын алды. Нарықа қатысушылар АҚШ ФРЖ-сы биылғы жылы мөлшерлемені төмендетуді жалғастырады деп отыр. Бұған қоса америкалық валютаға мамыр-сәуір айларында АҚШ-тағы өндірістік белсенділігіне қатысты бірқатар мәліметтің әлсіз болғаны жағымсыз әсер етті.

Өткен аптада теңге Қазақстанның мемлекеттік қарызының 2018 жылы 14%-ға артқаны жайлы жағымсыз факторды елемеді. ІЖӨ-ге қатысты мемлекеттік қарыз 25,8%-ға жетті. Ресейде аталған көрсеткіш екі есеге төмен және ол RUB/KZT бағамына қолдау болуы мүмкін.

Алдағы аптада құбылмалық диапазоны бір рубль үшін 5,83-5,95 теңге, доллар үшін 376-382 теңге, еуро 420-429 теңге болады деп отырмыз.

 

Мұрат Қастаев, DAMU Capital Management ЖШС бас директоры:

27 мамыр  – 31 мамыр

Өткен аптада доллар бұрынғы 378-382 теңге шамасында саудаланды, 378 теңгеден төмен шамада болған кездері болды. Апта бойына айтарлықтай оқиғалар болған жоқ. АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысында еш өзгеріс болмады. Мұнай біршама төмендеп, ресейлік рубльді де төмендетті. Осының нәтижесінде мұнай бағасының қозғалысы мен ресейлік рубльдің артынша нығайған теңге апта ортасында әлсірей бастады. Апта соңын теңге 380 теңге шамасында аяқтады. Біздің болжамымыз бұрынғыша қалады, яғни президенттік сайлау өткенге дейін теңге 378-382 теңге шамасында болады және келер аптада 380,382 теңге шамасына ұмтылады.

Brexit бойынша келісімде ілгерілеу болмағандықтан, еуро өзінің жергілікті шамасына жетті, сондай-ақ доллармен тепе-теңдікке қол жеткізудің орта мерзімді тренд шеңберінде қозғалысын жалғастырады. Алдағы аптада бір еуро 421-425 теңге шамасында болады деп отырмыз.

Өткен аптада мұнай бағасыының артынша ресейлік  рубльде төмендеді. Халықаралық нарықтардағы көңіл-күйдің бірте-бірте өзгергенін атап кету керек. АҚШ-тың Ресейге қарсы жаңа санкцияларының тақырыбы бірте-бірте екінші орынға қалып отыр, қазір басты назарда Қытай. Алдағы уақытта теңге мен рубльдің 3-5%-ға нығаюына әкеледі. Алдағы аптада қатты құбылмалық болмайды деп ойлаймыз, рубль 5,8-5,9 теңге шамасында саудаланады.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу