Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Atameken Business Channel өз оқырмандарының назарына алдағы аптада (27-31 наурыз) теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамы қандай болатындығы туралы кезекті апталық валюта болжамын ұсынады
Келесі аптада нарықтың басты назары энергия тасымалдаушыларға ауады. МЭЕҰ елдері мен Ресей жексенбіде Кувейтте өткен келіссөз барысында мұнай өндірісін тәулігіне 1,8 млн баррельге дейін төмендету жөніндегі «мұнай пактісін» тағы жарты жылға ұзарту бойынша ортақ келісімге келе алмады. Сонымен бірге кездесуге мұнай картелінің басты қатысушысы Сауд Арабиясының делегациясы қатыспады, бұл келісуші тараптар арасындағы араздық деңгейін көрсетсе керек. Өндіру мөлшерінің төмендеуі қатпарлы мұнай өндірісін алға жетелейді, бұл дәстүрлі энергия тасымалдаушылар нарығының үлесін ығыстырады. Мұнай өндіруші елдер арасындағы келіссөздің тұйыққа тірелуі қара алтынға қалайша әсер ететінін шамалап жорамалдау ғана қалады. Нарықта қандай валюта болжамдары басым екенін біздің дәстүрлі сауалнамамыздан оқыңыздар.
Максим Романчук, Альпари компаниясының сарапшысы:
Мұнай нарығын жайлаған жағымсыз жағдай жалғасын тауып келеді. Осы аптада АҚШ мұнай қоры ұлғайғаны турла мәлімет жария болғаннан кейін қара алтын бағасы бір мезетте Brent маркалы мұнайдың барреліне 50 доллар деңгейінен түсіп кетті. Бұл оқиға алдағы аптада мұнай активтеріне деген «аюлардың» шабуылы өрши түсетінінің белгісі болуы мүмкін. Егер осындай оқиға орын алса, бұл, әрине шикізат валюталарының бағасына қысым көрсетпей қоймайды.
Қара алтын бағасының төмендеуіне байланысты теңге долларға қатысты әлсірейді деп болжаймыз. Наурыз аяқталғаннан кейінгі аптада доллар/теңге жұбының саудалану шегі 318,50-322,00 белгісіне дейін ауысады деп күтіледі. Ал рубль/теңге жұбына жұма, 24 наурызда қабылданған РФ Орталық банкінің негізгі мөлшерлемені төмендету жөніндегі шешімі әсер етеді. Рубль/теңге жұбы бойынша күтілетін саудалану шегі 5,45-6,50 диапазонында болады.
Богдан Зварич, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:
Келесі апта туралы сөз қозғасақ, теңгеге әсер ететін негізгі фактор энергия тасымалдаушылар нарығындағы жағдай болмақ. Ал мұнда ойыншылардың назары АҚШ-тағы мұнай мен мұнай өнімдерінің қоры, сондай-ақ өндіру мөлшеріне ауады. Келесі аптада қордың төмендеуін көре алатын шығармыз, бұл мұнай бағасының өсуіне жол ашып, Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 52 доллар деңгейіне дейін көтерілуге мүмкіндік береді. Бұл, өз кезегінде, теңгеге қолдау көрсетіп, Америка валютасының бірлігі 312 теңгеге дейін төмендеуіне әкеледі. Ал рубльдің динамикасына келер болсақ, біздің ойымызша, оның нығаюы жалғасады, соның салдарынан ресейлік валюта бір рубльге 5,6 теңгеге дейін көтеріледі.
Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:
Менің ойымша, теңгенің америкалық валютаға қатысты сәл әлсіреуі келер аптада жалғасуы мүмкін. Шикізаттық тауарлар бағасының төмендеуі жағдайында бағам 320-325 теңгеге дейін жоғарылауы ықтимал. Бейтарап диапазонның төменгі шегі бір долларға 314 теңгені құрауы мүмкін. Ресей рубліне қатысты да теңге 5,58-5,6 дейін сәл әлсіреуі мүмкін. Жұма күні РФ Орталық банкі негізгі мөлшерлемені 0,25%-ға төмендетті. Инвесторлар 4,5% инфляция жағдайында бұл тым аз деп ойлауы мүмкін және рубльдің бағамы аздап нығаяды.
Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» Инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:
Brent маркалы мұнай бағасы бұрынғы 54-57 доллар деңгейінен жаңа 50-52 доллар деңгейіне түзетілді. Жаңа маңызды жаңалықтар шықпайынша, осы аралықта саудалануы ықтимал. Біз алдағы аптада бағам бойынша әлдебір күрт ауытқушылықтар болады деп ойламаймыз. 27-31 наурыз аптасына берер болжамымыз: бір рубльге 5,4-5,55 теңге және бір долларға 315-320 теңге.