Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
25.4.2020 |
425-435 |
ГК «ФИНАМ»
25.4.2020 |
432-438 |
Forex Club
25.4.2020 |
430-440 |
Wall Street Invest Partners
25.4.2020 |
428-433 |
Астана-Инвест
25.4.2020 |
420-435 |
Gold Mining Capital
25.4.2020 |
427-437 |
DAMU Capital Management
25.4.2020 |
420-435 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
25.4.2020 |
5,50-6,00 |
ГК «ФИНАМ»
25.4.2020 |
5,6-5,8 |
Forex Club
25.4.2020 |
5,6-5,9 |
Wall Street Invest Partners
25.4.2020 |
5,77-5,83 |
Астана-Инвест
25.4.2020 |
5,6-5,8 |
Gold Mining Capital
25.4.2020 |
5,6-6,2 |
DAMU Capital Management
25.4.2020 |
5,7-5,9 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
25.4.2020 |
450-485 |
ГК «ФИНАМ»
25.4.2020 |
465-470 |
Forex Club
25.4.2020 |
463-467 |
Wall Street Invest Partners
25.4.2020 |
463-468 |
Астана-Инвест
25.4.2020 |
460-470 |
Gold Mining Capital
25.4.2020 |
457-467 |
DAMU Capital Management
25.4.2020 |
450-460 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
25.4.2020 |
58-63 |
ГК «ФИНАМ»
25.4.2020 |
59-62 |
Forex Club
25.4.2020 |
60,9-61,3 |
Wall Street Invest Partners
25.4.2020 |
60-61 |
Астана-Инвест
25.4.2020 |
60,5-61,5 |
Gold Mining Capital
25.4.2020 |
61,5-62,5 |
DAMU Capital Management
25.4.2020 |
57-61 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (27 сәуір наурыз – 1 мамыр).
Қазір валюта бағамын қалыптастырып жатқан негізгі триггер – мұнай бағасы. Осы аптада inbusiness.kz басылымында өз болжамдарымен бөліскен сарапшылар шикізат нарығындағы ахуалды сөз етті. Сонымен қатар олар Таяу Шығыстағы шиеленіске, АҚШ пен Иран қарым-қатынасы мен пандемияға қатысты соңғы деректерге тоқталды.
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Анна Бодрова, «Альпари» бас аналитигі:
Капитал нарығына әсер етіп отырған мұнай бағасы мен пандемия салдары. Әлемдегі карантиндік шаралардың тоқтатылуы экономиканың қалпына келуіне тікелей әсер етеді. Қазір биржадағы жағдай тұрақты. Теңге үшін Brent сұрыпты мұнай бағасының 18-25 доллар деңгейінде қалуы оң әсерін береді. Келесі аптада бір доллар 425-435 теңге, бір еуро 450-485 теңге, бір рубль 5,50-6,00 теңге, ал бір юань 58-63 теңге болады.
Сергей Дроздов, «Финам» компаниялар тобының аналитигі:
Өткен сауда қорытындысы бойынша, америкалық биржа алаңдары әр түрлі көрсеткіштерге ие болды. S&P 500 индексі 0,05 пайызға төмендеп, 2797,80 пунктке тірелді. Dow Jones индексі 0,17 пайызға көтеріліп, NASDAQ индексі 0,01 пайызға кеміді. АҚШ-тың 10-жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігі екі базистік пунктке төмендеп, 0,59 пайыз болды. Германияның 10-жылдық қазынашылық облигациялары да екі базистік пунктке төмендеп, -0,42 пайыз болды. Индекстердің былай өзгеруіне коронавирусқа қарсы препараттың сынақтан сәтсіз өтуі себеп болған.Brent cұрыпты мұнай баррелінің бағасы 3,95 пайызға көтеріліп, 21,56 доллар болды. Осы орайда қазір бірқатар өндірушілер мұнай өндірісінің көлемін қысқартып жатыр.
Біздің болжам бойынша, келесі аптада бір доллар 432-438 теңге, бір рубль 5,6-5,8 теңге, бір еуро 465-470 теңге, бір юань 59-62 теңге болады.
Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС-ның бас директоры:
Осы аптада Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 27 доллардан 22 долларға дейін түсіп кетті. Аптаның ортасында 16 доллар деңгейінде тіркелді. Мұнайға деген сұраныстың аздығы ұзаққа созылуы мүмкін, өйткені пандемия әлі басылмай тұр. Осыған байланысты жақын арада бағалар тағы да құлдырауы мүмкін. 27 сәуірде ҚР Ұлттық Банкі пайыздық мөлшерлемеге қатысты өз шешімін айтады. Нарықтағылардың пікірінше, мөлшерлеме деңгейі өзгеріссіз қалуы ықтимал.
Біздің болжам бойынша, келесі аптада бір доллар 420-435 теңге, бір еуро 450-460 теңге, бір рубль 5,7-5,9 теңше, бір юань 57-61 теңге болады.
Данияр Жұмекенов, Wall Street Invest Partners аналитигі:
Қазір сыртқы факторлар негізгі драйверлер болып саналады. Осы аптада Федералды қор жүйесінің балансы 6,57 трлн долларға жетті. Ведомство доллар құнының өсуін тежеп отыр. Әлемдік орталық банктері қабылдаған шаралардың арқасында шикізатқа тәуелді елдердің валюталарына осы аптада мұнай бағасының күрт құлдырауы әсер ете қоймады. Әлемдік индекстердің көрсеткіштері төмендеп жатыр. Өткен аптада АҚШ-тағы жұмыссыздардың саны тағы 4,4 миллионға артып, 26 миллионға жеткен.
Келесі аптаға болжамым: USD/KZT – 428-433, EUR/KZT – 463-468, RUB/KZT – 5,77-5,83, CNY/KZT – 60-61.
Ерлан Қойшыбаев, Gold Mining Capital аналитигі:
Мұнай нарығындағы күрт құлдыраудан кейін, бағалар қайта өсті. Пандемияның басылмауы қазір әлемдік экономиканы тежеп отыр. Құрама Штаттарда жұмыссыздардың қатары артып келеді. Доллардың әлсіреуіне негіз жоқ, өйткені бұл валюта негізгі есеп айырысу бірлігі болып есептеледі. Еуроодақ 3 трлн еуро тұратын қор құрғаннан кейін, одақ валютасының құны түсіп кетті. Бұған түрткі болып отырған Италиядағы экономикалық жағдай. 24 сәуірде Ресейдің жетекші қаржы реттеушісі негізгі пайыздық мөлшерлемені төмендетті. Қазіргі дағдарыс рубльдің нығаюына мүмкіндік бермей тұр.
Келесі аптаға болжамым: USD/KZT – 427-437, EUR/KZT – 457-467, RUB/KZT – 5,6-6,2, CNY/KZT – 61,5-62,5 болады.
Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
Теңгенің негізгі долларға қатысты бағамы нығайды. Өйткені мұнай бағасы аптаның соңында өскен болатын. Ал шикізаттың қымбаттауына бірқатар елдің өндірісті қысқартуы мен Таяу Шығыстағы шиеленіс түрткі болды. Теңге бағамына Қазақстандағы коронавирустан қайтыс болу фактілері де әсер етіп отыр. Соңғы мәлімет бойынша, елімізде 25 адам осы дерттен көз жұмған. Алдағы уақытта ұлттық валютаға шикізат нарығындағы жағдай әсер ететін болады.
Келесі аптаға болжамым: USD/KZT – 430-440, EUR/KZT – 463-467, RUB/KZT – 5,6-5,9, CNY/KZT – 60,9-60,3.
Серік Қозыбаев, «Инвестиционный дом «Астана-Инвест» АҚ инвестициялық анализ бөлімінің басшысы:
Осы аптада эталон маркалы негізгі мұнай бағалары құлдырады, бірақ кейін қайта өсті. Таяу Шығыстағы шиеленіс шикізат нарығына әсерін тигізіп отыр. Сонымен қатар кей елдер мұнай өндірісін қысқартуға дайын екенін білдірді. 1 мамырдан бастап ОПЕК+ пен G20 елдерінің келісімі күшіне енеді. Менің ойымша, картель қабылдаған шаралар бағаның өсуіне ықпал ете алмайды. Алдағы уақытта мұнай бағасы әлі де құбылуы мүмкін.
Менің алдағы аптаға болжамым: бір доллар 420-435 теңге, бір рубль 5,6-5,8 теңге, бір еуро 460-470 теңге, бір юань 60,5-61,5 теңге болады.