Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
ГК «ФИНАМ»
18.4.2020 |
427-432 |
Астана-Инвест
18.4.2020 |
422-429 |
DAMU Capital Management
18.4.2020 |
420-435 |
Forex Club
18.4.2020 |
425-430 |
Wall Street Invest Partners
18.4.2020 |
425-430 |
Gold Mining Capital
18.4.2020 |
420-435 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
ГК «ФИНАМ»
18.4.2020 |
5,6-5,8 |
Астана-Инвест
18.4.2020 |
5,7-5,9 |
DAMU Capital Management
18.4.2020 |
5,7-5,95 |
Forex Club
18.4.2020 |
5,7-5,9 |
Wall Street Invest Partners
18.4.2020 |
5,77-5,83 |
Gold Mining Capital
18.4.2020 |
5,5-6,00 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
ГК «ФИНАМ»
18.4.2020 |
440-465 |
Астана-Инвест
18.4.2020 |
460-470 |
DAMU Capital Management
18.4.2020 |
450-475 |
Forex Club
18.4.2020 |
465-467 |
Wall Street Invest Partners
18.4.2020 |
460-465 |
Gold Mining Capital
18.4.2020 |
460-480 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
ГК «ФИНАМ»
18.4.2020 |
60-63 |
Астана-Инвест
18.4.2020 |
59-61 |
DAMU Capital Management
18.4.2020 |
55-60 |
Forex Club
18.4.2020 |
60,15-60,3 |
Wall Street Invest Partners
18.4.2020 |
60-61 |
Gold Mining Capital
18.4.2020 |
60,1-6,29 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (20 сәуір наурыз – 24 сәуір).
13 сәуір – 17 сәуірге арналған валюта болжамы.
Қазір валюта бағамын қалыптастырып жатқан негізгі триггер – нарықтағы ахуал. Осы аптада inbusiness.kz басылымында өз болжамдарымен бөліскен сарапшылар АҚШ-тағы карантиндік шараларының біртіндеп қысқаруы мен кәсіпорындардың жұмысқа кірісуін, ондағы жұмыссыздықтың өсуін сөз етті. Сонымен қатар олар Қытайдың ЖІӨ-нің соңғы отыз жылдағы ең нашар көрсеткішке ие болуына тоқтала кетті. Мұнай нарығындағы жағдай да сарапшылардың назарынан тыс қалмады. Олардың пікірінше, ОПЕК+ елдерінің өндірісті қысқарту туралы шешімі жаһандық сұраныстың құлдырауын өтей алмайды.
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Сергей Дроздов, «Финам» компаниялар тобының аналитигі:
Өткен сауда қорытындысы бойынша, америкалық биржа алаңдары оң көрсеткіштерге ие болды. S&P 500 индексі 0,58 пайызға көтеріліп, 2799,55 пунктке тірелді. Dow Jones индексі 0,14 пайызға, NASDAQ индексі 1,66 пайызға өсті. АҚШ-тың 10-жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігі екі базистік пунктке төмендеп, 0,61 пайыз болды. Германияның 10-жылдық қазынашылық облигациялары бір базистік пунктке төмендеп, -0,47 пайыз болды. Индекстердің көтерілуіне Дональд Трамптың АҚШ-тағы бизнестің жұмысқа оралуы туралы мәлімдемесі себеп.
Brent cұрыпты мұнай баррелінің бағасы 1,8 пайызға көтеріліп, 28,50 долларға жетті. ОПЕК ұйымының пікірінше, 2020 жылы мұнайға деген әлемдік сұраныстың бір тәуліктегі көлемі 6,8 млн баррельге қысқарып, 92,82 млн баррель болады.
Пандемияның салдары екінші тоқсанда қаттырақ байқалады.
Біздің болжам бойынша, келесі аптада бір доллар 427-432 теңге, бір рубль 5,6-5,8 теңге, бір еуро 465-440 теңге, бір юань 60-63 теңге болады.
Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС-ның бас директоры:
Осы аптада Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 32 доллардан 28 долларға дейін түсіп кетті. ОПЕК+ елдерінің бір тәулікте өндірілетін мұнай көлемін 9,7 млн баррельге қысқартуының айтарлықтай көмегі болмады. Сондықтан картель алдағы уақытта өндірісті екі есе азайтуы керек. Мұндай бастаманы ОПЕК+ құрамына кірмейтін АҚШ, Канада, Бразилия елдері қолдауы қажет.
Ұсыным көбейіп барады. АҚШ-та тіпті компаниялардың мұндайды өндірмеуі үшін оларға қаражат бөлу жағы қарастырылып жатыр.
Қазір нарық пандемия динамикасын назарда ұстауда. Еуропада індеттің өршуі сәл басылып келеді. Ал АҚШ-та, керісінше, алдағы апталарда вирус жұқтырғандардың саны артады.
Қытайдың ЖІӨ-і соңғы отыз жылда алғаш рет ең төмен көрсеткішке ие болды: 6,8 пайызға қысқарды. Бірақ мамандардың айтуынша, ондағы экономика қазір нарықтағылар күткеннен де тезірек қалпына келіп жатыр.
Біздің болжам бойынша, келесі аптада бір доллар 420-435 теңге, бір еуро 450-475 теңге, бір рубль 5,7-5,95 теңге, бір юань 55-60 теңге болады.
Данияр Жұмекенов, Wall Street Invest Partners аналитигі:
Теңге бағамына мұнай нарығындағы жағдай ықпал етіп отырғаны анық. ОПЕК+ елдерінің өндірісті қысқартуы азайып кеткен жаһандық сұраныстың орнын толтыра алмады. Сауд Арабиясы өзінің мұнайына деген жеңілдік мөлшерін өзгеріссіз қалдырды, бірақ мамырда оны Азиядағы сатып алушылары үшін 4,2 доллардан 7,3 долларға дейін көтереді.
Еуропалық контрагенттер шикізатты 10,25 доллар мөлшеріндегі жеңілдікпен ICE Brent-тен алады. Мұндай жағдайда «қара алтын» бағасының өсуі мүмкін емес.
Келесі аптаға болжамым: USD/KZT – 425-430, EUR/KZT – 460-465, RUB/KZT – 5,77-5,83, CNY/KZT – 60-61.
Ерлан Қойшыбаев, Gold Mining Capital аналитигі:
Мұнай нарығындағы құбылмалылық пен АҚШ долларының нығаюына байланысты ҚР Ұлттық банкі интервенция жасауы мүмкін. Яғни шаралар теңге бағамын тұрақтандыруға бағытталмақ.
АҚШ экономикасы алдағы күндері қайта қалпына келе бастайды.Бұл фактор рубльдің нығаюына себеп болды. Ал Қытайдың ЖІӨ-і 6,8 пайызға кеміді. Бұл 1992 жылдан бергі ең төмен көрсеткіш. Ондағы кәсіпорындық өндіріс пен бөлшектік сауда да құлдыраған.
Келесі аптаға болжамым: USD/KZT – 420-435, EUR/KZT – 460-480, RUB/KZT – 5,5-6,0, CNY/KZT – 60,1-62,9 болады.
Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
Теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы сауда қорытындысы бойынша біркелкі болмады. Доллар мен еуроға қатысты бағамы нығайса, рубль мен юаньға қатысты бағамы әлсіреді.
Қазақстандық валютаға әлемдік нарықтағы қазіргі ахуал оң әсерін тигізді. АҚШ-та кейбір бизнес орындарының жұмысын жақын арада бастауы индекстердің көтерілуіне және мұнай бағасының өсуіне түрткі болды.
Алдағы уақытта мұнай бағасы кері динамиасы теңгеге әсер ететін анық. Келесі аптаға болжамым: USD/KZT – 425-430, EUR/KZT – 465-467, RUB/KZT – 5,7-5,9, CNY/KZT – 60,15-60,3.
Серік Қозыбаев, «Инвестиционный дом «Астана-Инвест» АҚ инвестициялық анализ бөлімінің басшысы:
ОПЕК+ елдерінің мұнай өндірісін қысқарту туралы шешімі шикізат бағасының өсуіне себепкор бола алмайды. Нарықтағы ұсыным жоғары, ал сұраныс, керісінше, аз. Кейбір елдер, соның қатарында АҚШ бар, біртіндеп карантиндік шаралардың күшін жояды. Содан кейін ғана мұнай бағасы өсуі мүмкін.
Менің ойымша, мұнай бағасы бұдан әрі төмендемейді. Қазіргі бағамен не одан сәл жоғары бағамен сатылады.
Менің алдағы аптаға болжамым: бір доллар 422-429 теңге, бір рубль 5,7-5,9 теңге, бір еуро 460-470 теңге, бір юань 59-61 теңге болады.