Валюта болжамы: 13 сәуір – 16 сәуір

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
431,333

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
11.4.2020
425-440
ГК «ФИНАМ»
11.4.2020
420-425
Gold Mining Capital
11.4.2020
438-448
DAMU Capital Management
11.4.2020
420-435
Wall Street Invest Partners
11.4.2020
430-435
SoftLink
11.4.2020
420-440
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,790

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
11.4.2020
5,50-6,00
ГК «ФИНАМ»
11.4.2020
5,6-5,8
Gold Mining Capital
11.4.2020
5,5-6,00
DAMU Capital Management
11.4.2020
5,8-5,95
Wall Street Invest Partners
11.4.2020
5,8-5,9
SoftLink
11.4.2020
5,76-5,87
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
469,083

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
11.4.2020
460-480
ГК «ФИНАМ»
11.4.2020
458-463
Gold Mining Capital
11.4.2020
475-485
DAMU Capital Management
11.4.2020
450-470
Wall Street Invest Partners
11.4.2020
471-476
SoftLink
11.4.2020
465-476
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
61,000

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
11.4.2020
58-65
ГК «ФИНАМ»
11.4.2020
58-61
Gold Mining Capital
11.4.2020
62,5-64,5
DAMU Capital Management
11.4.2020
57-61
Wall Street Invest Partners
11.4.2020
61-62
SoftLink
11.4.2020
60,4-61,6

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (13 сәуір – 16 сәуір).

13 сәуір – 16 сәуір

 

 

6 сәуір - 10 сәуірге арналған валюта болжамы

 

 

Бұл жолы да сарапшылардың барлығы мұнай нарығындағы жағдайды атап өтті. Олардың пікірінше, ОПЕК+ ұйымының шикізат өндірісін қысқарту туралы ұсынысы азайған сұраныстың салдарын жеткілікті түрде еңсере алмайды. Келесі аптада картель мен басқа да мұнай өндірушілер осыған қатысты нақты бір мәмілеге келгеі тиіс. Сонымен қатар аналитиктер өз болжамдарында АҚШ-тағы жұмыссыздық деңгейіне, пандемиямен күрес және індеттің экономикалық салдарына тоқталды. ҚР Ұлттық банкінің пайыздық мөлшерлемені қысқартуы да ескерусіз қалмады.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

13 сәуір – 16 сәуір Анна Бодрова, «Альпари» бас аналитигі:

Сәуір айының басында капитал нарығына мұнай бағасы әсер етеді. ОПЕК+ мүшелері мамыр айынан бастап тәуліктік өндіріс көлемін азайтатын болды. Ал оған дейін нарық сәл де болса тұрақталады. Егер Brent сұрыпты мұнай бағасы 31-35 доллар болса, бұл фактор теңгеге оң әсерін береді.

Келесі аптаға болжамым: доллар 425-440 теңге, еуро 460-480 теңге, рубль 5,50-6,00 теңге, юань 58-65 теңге болады деп ойлаймын.

 

 

 

 

13 сәуір – 16 сәуір

Дмитрий Лукашов, SoftLink аналитигі:

Өткен аптада теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы нығайды. Бұған мұнай бағасы мен ОПЕК+ мүшелерінің өндірісті қысқарту бойынша өткізген онлайн кездесуі түрткі болды. Картель бір тәулікте өндірілетін шикізат көлемін 10 млн баррельге қысқартады. Банктер мен аналитикалық орталықтардың есебі бойынша, мұнайға деген әлемдік сұраныс 25-30 млн баррельге азаюы мүмкін. Сондықтан эталон маркалы мұнай бағасы қаңтардағы көрсеткішке жетуі мүмкін емес.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы жүйесін тұрақтандыруға тапсырма берді. Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бизнесті жеңілдікпен несиелеу, тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету сияқты шараларды қабылдауы мүмкін. Бұл теңгенің нығаюына кедергі келтіргенімен, валюта бағамы тұрақты болмақ.

Келесі аптада АҚШ доллары 420-440 теңге, еуро 465-476 теңге, рубль 5,76-5,87 теңге, юань 60,4-61,6 теңге болады.

 

13 сәуір – 16 сәуір Сергей Дроздов, «Финам» компаниялар тобының аналитигі:

Өткен сауда қорытындысы бойынша, америкалық биржа алаңдары оң көрсеткіштерге ие болды. S&P 500 индексі 1,45 %-ға көтеріліп, 2789,82 көрсеткіште тірелді.  Dow Jones индексі 1,22 %-ға, NASDAQ индексі 0,77 %-ға өсті. АҚШ-тың 10-жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігі 5 базистік пунктке төмендеп, 0,72 % болды. Германияның 10-жылдық қазынашылық облигациялары 4 базистік пунктке төмендеп, -0,43 % болды. Индекстердің көтерілуіне мұнай құнының қымбаттау себеп болды.

Brent cұрыпты мұнай баррелінің бағасы 5 %-ға көтеріліп, 31,82 доллар болды. Нарықтағылардың пікірінше, ОПЕК+ мүшелерінің мұнай өндірісін қысқарту туралы шешімі нарықты тұрақтандыра алмайды. Дегенмен картель келесі аптаның соңына қарай тағы да кездесу өткізіп, ортақ шешім қабылдайды.

Біздің болжам бойынша, келесі аптада бір доллар 420-425 теңге, бір рубль 5,6-5,8 теңге, бір еуро 458-463 теңге, бір юань 58-61 теңге болады.

 

13 сәуір – 16 сәуір Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС-ның бас директоры:

Осы аптада мұнай бағасы сәл көтерілді. Бұған ОПЕК+ елдерінің нарықты тұрақтандыруға қатысты өткізген онлайн конференциясы себеп болды. Мексикадан басқа елдердің барлығы мұнай өндірісін қысқартуға дайын екенін білдірді. Егер де мұнай өндірушілер келісімге келмесе, шикізат бағасы 20 долларға дейін құлдырап кетеді. Қазақстан үшін 30 доллар – жақсы баға, өйткені біздің бюджет бір баррельдің ең арзан бағасы мен  доллардың орташа бағамы бойынша есептеліп қойған. АҚШ-та экономиканы ынталандыру мақсатында 2,3 трлн доллар бөлінеді. Өйткені ондағы жұмыссыздық деңгей өсіп кеткен: осы аптада 6,6 млн америкалық азамат күнкөріс көзінен айырылған. Еуропада коронавирустың таралуы шарықтау шегіне жетті, енді індеттің жайлау қарқыны бәсеңдейді.

Біздің болжам бойынша, келесі аптада бір доллар 420-435 теңге, бір еуро 450-470 теңге, бір рубль 5,8-5,95 теңге, бір юань 57-61 теңге болады.

 

 

13 сәуір – 16 сәуір Данияр Жұмекенов, Wall Street Invest Partners аналитигі:

Мұнай нарығындағы жағдай теңгеге әсер етіп жатқаны анық. ОПЕК+ мүшелерінің келісімі бойынша,алдағы екі айда өндіріс көлемі 10 млн баррельге қысқармақ. Бірақ картель қабылдаған шешім нарықтағы жағдайды тұрақтандыра алмай қалуы мүмкін. Келесі аптаның басында мұнай бағасы төмендеуі мүмкін.

Келесі аптаға болжамым: USD/KZT – 430-435, EUR/KZT – 471-476, RUB/KZT – 5,8-5,9, CNY/KZT – 61-62.

 

 

 

13 сәуір – 16 сәуір Ерлан Қойшыбаев, Gold Mining Capital аналитигі:

Ұлттық банк 6 сәуірде пайыздық мөлшерлемені 12%-дан 9,5%-ға дейін төмендетті. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин енгізілгелі вирустың таралу қарқыны бәсеңсіді. Ал қалған өңірлерді, керісінше, індет жайлауда. АҚШ-тың Федералды қор жүйесі 2,3 трлн долларды шағын бизнеске, муниципалитетке бөліп, корпоративті облигациялар нарығына қолдау көрсетпек. Ал ЕО-ның қаржы министрлері 540 млрд еуроны экономиканы ынталандыруға жұмсамақ. ОПЕК+ 2020 жылдың мамыр айынан бастап мұнай өндірісін 23%-ға қысқартпақ.

USD/KZT – 438-448, EUR/KZT – 475-484, RUB/KZT – 5,5-6,0, CNY/KZT – 62,5-64,5.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу