Валюта болжамы: 6 сәуір – 10 сәуір

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
441,750

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
04.4.2020
430-460
ГК «ФИНАМ»
04.4.2020
431-443
Forex Club
04.4.2020
438-442
DAMU Capital Management
04.4.2020
425-440
Астана-Инвест
04.4.2020
435-445
SoftLink
04.4.2020
440-450
Wall Street Invest Partners
04.4.2020
442-447
Gold Mining Capital
04.4.2020
445-455
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,736

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
04.4.2020
5,50-6,00
ГК «ФИНАМ»
04.4.2020
5,6-5,8
Forex Club
04.4.2020
5,5-5,8
DAMU Capital Management
04.4.2020
5,7-5,9
Астана-Инвест
04.4.2020
5,6-5,8
SoftLink
04.4.2020
5,71-5,87
Wall Street Invest Partners
04.4.2020
5,7-5,8
Gold Mining Capital
04.4.2020
5,5-6,00
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
485,000

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
04.4.2020
440-500
ГК «ФИНАМ»
04.4.2020
484-490
Forex Club
04.4.2020
493-495
DAMU Capital Management
04.4.2020
480-500
Астана-Инвест
04.4.2020
480-490
SoftLink
04.4.2020
471-486
Wall Street Invest Partners
04.4.2020
477-482
Gold Mining Capital
04.4.2020
487-505
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
62,263

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
04.4.2020
60-68
ГК «ФИНАМ»
04.4.2020
59-62
Forex Club
04.4.2020
63-63,5
DAMU Capital Management
04.4.2020
58-63
Астана-Инвест
04.4.2020
60-65
SoftLink
04.4.2020
61-63,7
Wall Street Invest Partners
04.4.2020
62-63
Gold Mining Capital
04.4.2020
61,5-63,5

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (6 сәуір наурыз – 10 сәуір).

6 сәуір – 10 сәуір

 30 наурыз – 3 сәуір

 

 

Бұл жолы inbusiness.kz басылымында өз болжамдарымен бөліскен сарапшылардың барлығы мұнай бағасының көтерілуін атап өтті. Оның қымбаттауына Дональд Трамптың Сауд Арабиясы мен Ресей шикізат өндірісін қысқартуға дайын деп мәлімдеме жасауы түрткі болды. Сонымен қатар келесі аптада ОПЕК+ видео конференция форматында нарықтағы жағдайға байланысты шұғыл кездесу өткізеді. Сарапшылар бұл факторлардан бөлек коронавирус пандемиясының салдарын да сөз етті.

Ал ішкі факторларға келер болсақ, Қазақстанда инфляция деңгейінің өсімі 9-11 пайызға жетуі мүмкін. Биліктің айтуынша, ЖІӨ көрсеткіші төмендеуі ықтимал. Сонымен қатар аналитиктер Ұлттық Банктің пайыздық мөлшерлемені төмендетуіне де тоқталды.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

Анна Бодрова, «Альпари» бас аналитигі:

6 сәуір – 10 сәуір  Мұнай нарығындағы құбылмалық әлі де сақталуда. Трамптың мәлімдемесінен кейін, яғни ірі мұнай өндірушілер ортақ мәмілеге келеді деп жариялағаннан кейін, шикізат құны 42 пайызға қымбаттады. Дегенмен тараптардың нақты қандай келісімге келетіні белгісіз болса да, қазіргі көрсеткіштер осындай. Сауд Арабиясы қайткен күнде де сатып алушыны табады. Ал Ресей болса, мұнай өндірісін кеңейтуден бас тартуда. Екі тараптың ойы бір жерден шықпай отыр.

Келесі аптаға болжамым: доллар 430-460 теңге, еуро 440-500 теңге, рубль 5,50-6,00 теңге, юань 60-68 теңге болады деп ойлаймын.

 

 

Дмитрий Лукашов, SoftLink аналитигі:

6 сәуір – 10 сәуір  Өткен аптада теңгенің долларға қатысты бағамы өзгермеді. Дегенмен оның еуроға қатысты бағамы нығайып, рубльге қатысты бағамы сәл әлсіреді. Осы аптада мұнай бағасы күрт қымбаттады. Бұған Ақ Үй басшысы Дональд Трамптың мәлімдемесі түрткі болды. ОПЕК+ пен Ресейдің отырысы 6 сәуірде өтеді. Бір тәулікте өндірілетін мұнай мөлшері 6-10 млн баррельге қысқаруы мүмкін деген болжам бар. ҚР Ұлттық Банкі экономиканы қолдау мақсатында пайыздық мөлшерлемені 12 пайыздан 9,5 пайызға дейін төмендетті. Теңге үшін инфляцияның өсуі жағдайында бұл қауіпті фактор саналады. Қаржылық реттеушінің болжамы бойынша, 2020 жылы инфляция 9-11 пайызға дейін жетуі әбден мүмкін.

Келесі аптада АҚШ доллары 440-450 теңге, еуро 471-486 теңге, рубль 5,71-5,87 теңге, юань 61-63 теңге болады.

 

Серік Қозыбаев, «Инвестиционный дом «Астана-Инвест» АҚ инвестициялық сараптама бөлімінің басшысы:

6 сәуір – 10 сәуір  Мұнай бағасы осы аптада көтерілді. Бұған Сауд Арабиясы мен Ресей мұнай өндірісін қысқартады деген Трамптың мәлімдемесі мен келесі аптаға белгіленген ОПЕК+ кездесуі әсер етті. Бұл жақсы жаңалық болса да, мына жайттарды ескере кету керек. Біріншіден, Мәскеу саудиялықтармен келісім туралы ақпаратты жоққа шығарып отыр. Екіншіден, мұнайға деген сұраныс вирустың кесірінен азаюда. ОПЕК+ елдері мұнай өндірісін қысқартатын шығар. Бірақ Ресейдің бұған қатысты позициясы әлі де белгісіз. Ал АҚШ болса, өндіріс көлемін қысқартпайды. Егер де Ресей келісетін болса, теңге де, рубль де нығаяды.

Келесі аптаға болжамым: бір доллар 435-445 теңге, бір еуро 480-490 теңге, бір рубль 5,6-5,8 теңге, бір юань 60-65 теңге болады.

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:

6 сәуір – 10 сәуір  Қазақстандық қор биржасындағы сауда нәтижесі бойынша, теңгенің долларға қатысты бағамы нығайса, рубльге қатысты бағамы әлсіреді. Бұған әсер еткен – мұнай бағасының көтерілуі. 6 сәуірде ОПЕК+ елдері видео конференция форматында кездесу өткізеді. Мұнай өндіруші елдер шикізат өндірісін қысқартуы ықтимал. Қазір еліміздің экономикасына пандемия салдары кері әсерін тигізіп отыр. 2020 жылы ЖІӨ 0,9 пайызға қысқаруы мүмкін. Сондай-ақ осы жылы мұнай өндірісі 4 млн баррельге қысқарып, 86 млн баррелге дейін төмендеуі мүмкін.

Келесі аптаға болжамым: бір доллар 438-442 теңге, бір еуро 493-495 теңге, бір рубль 5,5-5,8 теңге, бір юань 63-63,5 теңге болады.

 

 

Сергей Дроздов, «Финам» компаниялар тобының аналитигі:

6 сәуір – 10 сәуір  Өткен сауда қорытындысы бойынша, америкалық биржа алаңдары оң көрсеткіштерге ие болды. S&P 500 индексі 2,28 пайызға көтеріліп, 2526,90 пунктке тірелді.  Dow Jones индексі 2,24 пайызға, NASDAQ индексі 1,72 пайызға өсті. АҚШ-тың 10-жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігі 3 базистік пунктке төмендеп, 0,61 пайыз болды. Германияның 10-жылдық қазынашылық облигациялары 3 базистік пунктке көтеріліп, -0,43 пайыз болды. Индекстердің көтерілуіне мұнай құнының қымбаттау себеп болды.

Өткен сауда қорытындысы бойынша, мұнай бағасы 26,69 доллар болды. Бұған Дональд Трамптың Сауд Арабия мен Ресей келісімге келедә мәлімдеме жасауы әсер еткен. Тараптың өндірісті қысқартуы азайған сұраныстың салдарын жоймаса да, мұнай нарығына айтарлықтай оң әсерін тигізеді.

Біздің болжам бойынша, келесі аптада бір доллар 431-443 теңге, бір рубль 5,6-5,8 теңге, бір еуро 484-490 теңге, бір юань 59-62 теңге болады.

 

Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС-ның бас директоры:

6 сәуір – 10 сәуір  Әлемдік нарықта құбылмалылық сақталуда. Пандемия ырық берер емес. Апта соңында мұнай бағасы көтерілді. Дональд Трамп Сауд Арабиясы мен Ресейді ортақ мәмілеге келтіруге уәде берді. АҚШ-та осы аптада жұмыссыздық көрсеткіші еке есе өсті: осы күнге дейін 6 миллион адам жұмысынан айырылған. Ал Қытай экономикасы болса, қазір қалыпқа келіп жатыр, өйткені бұл елде карантиндік шаралардың күші жойылды.

ҚР үкіметі болжамдық бюджеттік көрсеткіштерін қайта қарастыратынын мәлім етті. Ол бойынша жыл соңына дейін мұнай бағасы 28 доллар деңгейінде, ал доллардың орташа бағасы 440 теңге болмақ. Ал инфляция 2020 жылы 9-11 пайызға дейін жетуі мүмкін. Осы аптада ҚР Ұлттық Банкі пайыздық мөлшерлемені төмендетті. Қазіргі жағдайда бұл өте дұрыс шешім.

Біздің болжам бойынша, келесі аптада бір доллар 425-440 теңге, бір еуро 480-500 теңге, бір рубль 5,7-5,9 теңше, бір юань 58-63 теңге болады.

 

 Данияр Жұмекенов, Wall Street Invest Partners аналитигі:

6 сәуір – 10 сәуір  Теңгенің долларға қатысты бағамы осы аптада нығайды. АҚШ президентінің Твиттердегі мәлімдемесі мұнай бағасының көтерілуіне түрткі болды. Жуырда Сауд Арабиясы мен Ресей келіссөздер жүргізіп, нарықты тұрақтандырмақ.

Пандемия кесірінен мұнайға деген сұраныс күрт төмендеп кетті. Сондықтан мұнай өндірісі айтарлықтай қысқаруы тиіс. Бұл дегеніңіз, осыған қатысты келіссөздер ұзаққа созылып кетуі мүмкін.

Келесі аптаға болжамым: USD/KZT – 442-447, EUR/KZT – 477-482, RUB/KZT – 5,7-5,8, CNY/KZT – 62-63.

 

Ерлан Қойшыбаев, Gold Mining Capital аналитигі:

6 сәуір – 10 сәуір  Осы аптаның соңында мұнай бағасы көтерілді. Теңгенің долларға қатысты бағамы сәл нығайды. ҚР үкіметі тұтынушы сұранысын қамтамасыз ету үшін, шағын және орта бизнес арналған шаралар қабылдады. Трамптың мәлімдесінен кейін рубльдің де бағамы сәл нығайды. Еуропадағы жағдай көңіл көншітіп отырған жоқ. Одақ қабылдаған шаралар еуроның нығаюына сеп бола алмады. Ал юань өзгере қоймады. Қытайдағы өнеркәсіп орындары жұмыстарын бастағанымен, қазіргі қарқыны баяу, бұрынғы қалпына әзірге келмеді.

USD/KZT – 445-455, EUR/KZT – 487-505, RUB/KZT – 5,5-6,0, CNY/KZT – 61,5-63,5.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу