Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
28.3.2020 |
440-450 |
ГК «ФИНАМ»
28.3.2020 |
436-448 |
Forex Club
28.3.2020 |
447-452 |
Евразийский Капитал
28.3.2020 |
445-465 |
SoftLink
28.3.2020 |
440-450 |
DAMU Capital Management
28.3.2020 |
440-450 |
Астана-Инвест
28.3.2020 |
435,0-450,0 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
28.3.2020 |
5,50-6,00 |
ГК «ФИНАМ»
28.3.2020 |
5,5-5,7 |
Forex Club
28.3.2020 |
5,8-6,1 |
Евразийский Капитал
28.3.2020 |
5,5-6,00 |
SoftLink
28.3.2020 |
5,54-5,84 |
DAMU Capital Management
28.3.2020 |
5,8-6,0 |
Астана-Инвест
28.3.2020 |
5,65-5,85 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
28.3.2020 |
460-500 |
ГК «ФИНАМ»
28.3.2020 |
489-495 |
Forex Club
28.3.2020 |
488-492 |
Евразийский Капитал
28.3.2020 |
488,0-510,0 |
SoftLink
28.3.2020 |
478-495 |
DAMU Capital Management
28.3.2020 |
480-495 |
Астана-Инвест
28.3.2020 |
485-495 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
28.3.2020 |
58-65 |
ГК «ФИНАМ»
28.3.2020 |
61-64,20 |
Forex Club
28.3.2020 |
62,8-63,2 |
Евразийский Капитал
28.3.2020 |
62-66 |
SoftLink
28.3.2020 |
61,5-63,5 |
DAMU Capital Management
28.3.2020 |
55-55,5 |
Астана-Инвест
28.3.2020 |
62,0-64,0 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады.
Әлемдік нарықта әлі де құбылмалылық сақталуда. Сарапшылар өз болжамдарында мұнай бағасы, коронавирус пандемиясының таралуы және әлемдік экономиканы қолдау мақсатында қабылданып жатқан шараларды айтып өтті.
Олар әсіресе АҚШ-тағы ахуалға тоқталды. Өйткені бұл елдегі науқастардың саны күрт өсіп кеткен. Сонымен қатар Құрама Штаттардағы жұмыссыздықтың көбеюі, елдің Энергетика министрлігінің мұнайды сатып алудан бас тартуы мен жергілікті биліктің пандемиямен күрес жолындағы шаралары да сөз болды.
Ал ішкі триггерлерден: Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы барлық кәсіпорындардың жұмысының тоқтауы мен оның экономикаға тигізер зиянын атап өтті.
Сарапшылардың пікірінше, алдағы уақытта бюджет тапшылығы белең алуы мүмкін. Сондай-ақ олар өз болжамдарында ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамын тұрақтандыру мақсатында қабылдап жатқан шараларын да ескерусіз қалдырмады.
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Анна Бодрова, «Альпари» бас аналитигі:
Келесі аптада қазақстандық теңгеге әдеттегідей мұнай бағасы, жаһандық нарықтағы жағдай мен инвесторлардың әрекеті ықпал етеді. Қазір әлем елдерінің барлығы дерлік карантинде. Іскерлік белсенділік тоқтап қалмаса да, қарқыны едәуір бәсеңдеді. Оның салдары жаһан экономикасы үшін өте ауыр болмақ.
Brent сұрыпты мұнай баррелінің құны 30 доллардан көтеріле алмады. Қазіргі бағасы 23-30 доллар аралығында. Бұл тенденция енді ұзаққа созылады.
Келесі аптаға болжамым: доллар 440-450 теңге, еуро 460-500 теңге, рубль 5,50-6,00 теңге, юань 58-65 теңге болады деп ойлаймын.
Дмитрий Лукашов, SoftLink аналитигі:
Өткен аптада теңгенің долларға қатысты бағамы өзгермеді. Ел билігінің ішкі валюта саясатын қатаңдатуы жақсы нәтиже берді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік компанияларды валюталық түсімдерінің бөлігін теңге бағамын қолдау үшін ішкі нарықта сатуға міндеттеді. Сонымен қатар ол ел экономикасын тұрақтандыруға бөлінетін қаражат мөлшерін 10 млрд долларға дейін көтеруді бұйырды. Төтенше жағдай енгізілгеннен кейін жұмысынан айырылған азаматтарға айына 42500 теңге бөлінетін болды. Және ол Ұлттық Банкттен валюта бағамын тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдауды талап етті.
Келесі аптада АҚШ доллары 440-450 теңге, еуро 478-495 теңге, рубль 5,54-5,84 теңге, юань 61,5-63,5 теңге болады.
Серік Қозыбаев, «Инвестиционный дом «Астана-Инвест» АҚ инвестициялық сараптама бөлімінің басшысы:
Коронавирус жұқтырғандардың саны күн санап артуда. Адам өлімі бойынша қазір АҚШ, Қытай және Италия елдері көш бастап тұр. Ухань қаласында вирустың таралуы тыйылды. Біз де осындай нәтижеге қол жеткіземіз. Біздің биліктің осы орайда жүргізіп жатқан шаралары тиімді деп есептеймін. Қараша айында АҚШ-та сайлау өтеді. Сондықтан Трамп пен оның әкімшілігі Құрама Штаттар экономикасының пандемиядан қатты зардап шегуіне жол бермеу үшін барын салады. Америкалық қор нарығы сәл көтерілді. Бірақ АҚШ-тағы науқастар саны қарқынды түрде өсіп жатыр.
Трамп мұнай бағасын тұрақтандыруға уәде берді. Шикізаттың қазіргі бағасы 25-30 доллар аралығында. Бүгінгі таңда қор, валюта және шикізат нарығында құбылмалылық сақталып отыр. Бұл біразға дейін жалғасады.
Келесі аптаға болжамым: бір доллар 435-450 теңге, бір еуро 485-495 теңге, бір рубль 5,65-5,85 теңге, бір юань 62-64 теңге болады.
Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
Қазақстандық қор биржасындағы сауда нәтижесі бойынша, теңгенің долларға қатысты бағамы сәл нығайып, 445,84 теңге болды. Ал рубльге қатысты бағамы, керісінше, әлсіреп, 5,765 теңге болды.
Бұған шикізат құны қымбаттауы мүмкін деген болжам әсер етті.Өйкені әлем көшбасшылары пандемия салдарымен күреске қыруар қаржы бөлетінін мәлім еткен болатын. Яғни G20 елдері әлемдік экономиканы тұрақтандыруға 5 трлн доллар шығындайды. Дегенмен де сұраныстың азаюынан мұнай бағасы айтарлықтай көтерілмеді.
Қазақстандағы жағдайды айтатын болсам: індеттен қаза табудың бірінші фактісі тіркелгеннен кейін Алматы мен Нұр-Сұлтанда барлық кәсіпорындардың жұмысы тоқтатылды.
Келесі аптаға болжамым: бір доллар 447-452 теңге, бір еуро 488-492 теңге, бір рубль 5,8-6,1 теңге, бір юань 62,8-63,2 теңге болады.
Сергей Дроздов, «Финам» компаниялар тобының аналитигі:
Өткен сауда қорытындысы бойынша, америкалық биржа алаңдары оң көрсеткіштерге ие болды. S&P 500 индексі 6,24 пайызға көтеріліп, 2630,07 пунктке тірелді. Dow Jones индексі 6,28 пайызға, NASDAQ индексі 5,6 пайызға өсті. АҚШ-тың 10-жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігі 5 базистік пунктке төмендеп, 0,82 пайыз болды. Германияның 10-жылдық қазынашылық облигациялары 10 базистік пунктке төмендеп, -0,36 пайыз болды.
Индекстердің былай көтерілуіне АҚШ-та жұмыссыздықтың 3,28 пайызға көтерілуі кедергі болмады. Инвесторлардың ойынша, АҚШ Сенатының қабылдаған шаралары ел экономикасын пандемия салдарынан қорғап қалуға тиіс.
Өткен сауда қорытындысы бойынша, мұнай бағасы 2,6 пайызға төмендеп, 26,98 доллар болды. Бұған АҚШ-тың Энергетика министрлігінің шикізатты сатып алудан бас тартуы түрткі болған. Сонымен қатар мұнайға деген сұраныстың азаюы да нарыққа кері әсерін тигізіп отыр.
Біздің болжам бойынша, келесі аптада бір доллар 436-448 теңге, бір рубль 5,5-5,7 теңге, бір еуро 489-495 теңге, бір юань 61-64,20 теңге болады.
Әли Сағындықов, «Евразийский Капитал» АҚ аналитигі:
Қазақстандық валюта үшін қиын жағдай туып отыр: әлемдік дағдарыс, мұнай соғысы, коронавирус пандемиясы. Алдағы екі аптада жағдай тез оңала қоймасы анық. Негізгі қалаларда карантин жариялануы еліміздің экономикасына залалын тигізеді. Бюджет тапшылығы айтарлықтай көбеюі мүмкін. Теңгенің құлдырауын Ұлттық Банк тоқтатуы мүмкін. Бірақ қаржы реттеушісінің қауқары ұзақ уақытқа жете қоймас.
Біздің болжам: келесі аптада бір доллар 445-465 теңге, бір рубль 5,5-6,00 теңге, бір юань 62-66 теңге, бір еуро 488,0-510,0 теңге болады.
Бауыржан Ысқақов, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент:
Келесі аптада айтарлықтай өзгеріс болмайды. Теңгенің долларға шаққандағы бағамы 446,5 болады. Мемлекеттің қазіргі уақытта экономиканы жандандыруға, экономиканың кейбір тараптарына бөлген қаражатының мүмкіндігі жоғары болса да, әлемдік экономикадағы алыс-берістің ,экономикалық интеграцияның төмендеуі мемлекет берген мүмкіндіктердің өзін жауып жатыр. Brent cұрыпты мұнайға деген сұраныстың азаюы ұлттық валютаның құнын нығайтып жатқан жоқ. Келесі аптада бір еуро 491,5 теңге, бір рубль 5,73 теңге, бір юань 63-64,5 теңге болады.