Валюта болжамы: 28 қазан-1 қараша

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
388,357

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
25.10.2019
387-390
Астана-Инвест
25.10.2019
387-392
Евразийский Капитал
25.10.2019
387-390
ГК «ФИНАМ»
25.10.2019
386-390
Forex Club
25.10.2019
388-389
DAMU Capital Management
25.10.2019
386-388
IFC Markets
25.10.2019
386-391
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
6,064

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
25.10.2019
6,07-6,13
Астана-Инвест
25.10.2019
6,05-6,15
Евразийский Капитал
25.10.2019
6,05-6,16
ГК «ФИНАМ»
25.10.2019
5,9-6,1
Forex Club
25.10.2019
6,05-6,1
DAMU Capital Management
25.10.2019
5,95-6,05
IFC Markets
25.10.2019
6-6,13
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
432,571

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
25.10.2019
431-437
Астана-Инвест
25.10.2019
430-440
Евразийский Капитал
25.10.2019
430-436
ГК «ФИНАМ»
25.10.2019
431-435
Forex Club
25.10.2019
432-433
DAMU Capital Management
25.10.2019
428-430
IFC Markets
25.10.2019
428-435
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
54,846

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
25.10.2019
54-55,25
Астана-Инвест
25.10.2019
54,5-55,5
Евразийский Капитал
25.10.2019
54,6-55,3
ГК «ФИНАМ»
25.10.2019
54,30-55
Forex Club
25.10.2019
55-55,1
DAMU Capital Management
25.10.2019
54,5-55,0
IFC Markets
25.10.2019
54,4-55,4

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (28 қазан-1 қараша)

28 қазан-1 қараша                  21 қазан – 25 қазанға арналған валюта болжамы
 

Қаржы аналитиктері болжамдарында теңге бағамына әсер ететін негізгі факторлардың бірі, мұнай бағасына тоқталды. Сарапшылар АҚШ-тағы мұнай қорының көлемін атап өтті. Сондай-ақ олар Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда соғысы мен Брексит төңірегіндегі ахуалды қарастырды.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

Анна Бодрова, «Альпари» бас аналитигі:

28 қазан-1 қараша

Келесі аптада инвесторлар шикізат нарығындағы жағдайды назарда ұстайды. Қазір Brent сұрыпты мұнай баррелі 61 долларға сатылып жатыр. АҚШ мұнай қорының азаюы бағалардың көтерілуіне әсер етуде. Айта кету керек, келесі аптада Қазақстан Ұлттық банкінің кезекті отырысы өтіп, мөлшерлемеге қатысты шешім қабылданады. Біздің болжам бойынша, пайыздық мөлшерлеме өзгеріссіз қалады.

Келесі аптаға болжамым: доллар 387-390 теңге, еуро 431-437 теңге, рубль 6,07-6,13 теңге, юань 54-55,25 теңге болады деп ойлаймын.

Айдар Қалиаскар, Forex Club қаржы скауты:

28 қазан-1 қараша

Осы апта бойы қазақстандық валютаның долларға қатысты бағамының динамикасы тұрақты болды. Ал басқа валюталарға қатысты бағамы көтерілді.

Қазақстан мен Беларусьтің беларусьтік мұнай өндіруші зауыттарына мұнай жеткізу туралы келісімге келуі теңгеге оң әсерін берді. Қазір тараптар бастаманы жүзеге асыру жолдарын талқылап жатыр.

Қазір нарықтағылар Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда келіссөздерінің нәтижесін күтуде. Қос елдің басшылары тиісті құжатқа келесі айда қол қоюы мүмкін.

Брексит төңірегіндегі ахуалға байланысты еуро қазір қазақстандық валюта нарығында әлсіреуде. Ұлыбританияның одақтан 31 қазан шығу-шықпауына қатысты шешім әлі қабылданған жоқ.

Біздің болжам  бойынша, келесі аптада АҚШ доллары 388-389 теңге, еуро 432-433 теңге, рубль 6,05-6,1 теңге, юань 55-55,1 теңге болады.

Әли Сағындықов, «Евразийский Капитал» АҚ аналитигі:

28 қазан-1 қараша

АҚШ мұнай қорының қысқаруы - әлемдік мұнай құнының оңалуының басты факторы. Бұл өз кезегінде теңге бағамына да әсер етеді. Осы аптада теңге сәл нығайды. Бірақ нарыққа негативті фактор әсер етсе, 1 доллардың құны 390 теңгеге жетуі мүмкін.

Рубль бағамы тұрақтылық таныту мүмкін, өйткені бұған шикізат бағасы әсер етуде.

Келесі аптада АҚШ доллары 387-390 теңге, еуро 430-436 теңге, рубль 6,5-6,16 теңге, юань 54,6-55,3 теңге болады.

Серік Қозыбаев,  «Астана-Инвест» Инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық сараптама бөлімінің басшысы:

28 қазан-1 қараша

Мұнай бағасы өсіп, рубль нығаюда. Ал теңге бағамы тұрақтылық танытуда. Бұл тенденция көптен бері сақталып отыр. Алдағы уақытта да осылай қалуы әбден мүмкін. Негізі, қазіргі нарықтық жағдайда теңгенің долларға қатысты бағамы төмен болуы тиіс еді. Бірақ жергілікті халық долларды сатып алып жатыр. Ұлттық банк бұған араласып жатқан жоқ. Қара алтын бағасының көтерілуіне америкалық мұнай қорының азаюы түрткі болуда. Жұма күні Ресей Банкі пайыздық мөлшерлемені 6,5 пайызға дейін қысқартты. Бірақ бұдан рубль бағамы әлсіремеді.

Біздің ойымызша, келесі аптада бір доллар 387-392 теңге, бір еуро 430-440 теңге, бір рубль 6,05-6,15 теңге, бір юань 54,5-55,5 теңге болады.

Дмитрий Лукашов, IFC Markets аналитигі:

28 қазан-1 қараша

Өткен аптада теңге нығайды.Өйткені қазақстандық экономика тұрақты түрде дамып келеді. 2020 жылы инфляция бәсеңдеуі тиіс, осы орайда Ұлттық Банк валюта бағамын қолдау мақсатында бірқатар шара қолданбақ. Елдің ЖІӨ 2020 жылы 4,1 пайыздан 4,7 пайызға дейін көтерілуі мүмкін деп топшылап отыр сарапшылар.

Америкалық мұнай қорының азаюы теңгеге оң әсер етті. Сонымен қатар алдағы уақытта ОПЕК+ елдері шикізат өндірісін қысқарту туралы келісімнің мерзімін ұзартуы мүмкін.

Келесі аптада АҚШ доллары 386-391 теңге, еуро 428-435 теңге, рубль 6-6,13 теңге, юань 54,4-55,4 теңге болады.

Сергей Дроздов, «Финам» компаниялар тобының аналитигі:

28 қазан-1 қараша

Сауда нәтижесінде америкалық биржа алаңдары әр түрлі көрсеткіштерге ие болды. S&P500 индексі 0,19 пайызға өсіп, 3010,29 деңгейіне жетті. Dow Jones 0,11, ал NASDAQ 0,81 пайызын жоғалтты. АҚШ-тағы 10 жылдық қазынашылық облигациялардың кірістілігі шамамен 1 базистік пунктке көтеріліп, 1,77 пайыз болды.

Сауда қорытындысы бойынша, мұнай бағасы 0,41 пайызға өсіп, 61,42 доллар болды. АҚШ-тың Энергетика министрлігі жариялаған мәліметтерден кейін, инвесторлар мұнай бағасының баррелін 62 долларға дейін көтерді.

Біздің болжам: келесі аптада АҚШ доллары 386-390 теңге, еуро 431-435 теңге, рубль 5,9-6,1 теңге, юань 54,30-55 теңге болады.

Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:

28 қазан-1 қараша

Осы аптада теңге бағамы нығайды. Алдағы уақытта тенденцияның қандай болатыны белгісіз. Теңгенің нығаюына мұнай бағасының өсуі мен рубльдің негізгі валюталарға қатысты бағамының көтерілуі себеп болды. Сондай-ақ Таяу Шығысағы саяси шиелініс те шешімін тапты. АҚШ-та PMI көрсеткіштері қазан айында көтерілді,яғни америкалық экономиканың өсімі байқалды.

Ал Еуропада PMI көрсеткіштері төмен, сондықтан аймақта рецессия болуы мүмкін деген күдік сейіле қоймады. Әзірге Еуропалық Орталық Банк мөлшерлемені өзгертпейтінін мәлімдеді. Қытай реттеушісі де мөлшерлемені 4,2 пайыз деңгейінде қалдырды.

Біздің ойымызша, келесі аптада бір доллар 386-388 теңге, бір еуро 428-430 теңге, бір рубль 5,95-6,05 теңге, бір юань 54,5-55 теңге болады.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу