Валюта болжамы: 28 қаңтар-1 ақпанға

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
378,500

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
26.1.2019
375-381
Wall Street Invest Partners
26.1.2019
377-382
ARUM Capital
26.1.2019
377-382
IFC Markets
26.1.2019
375-381
Gold Mining Capital
26.1.2019
375-380
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,680

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
26.1.2019
5,5-5,8
Wall Street Invest Partners
26.1.2019
5,54-5,74
ARUM Capital
26.1.2019
5,72-5,76
IFC Markets
26.1.2019
5,65-5,79
Gold Mining Capital
26.1.2019
5,55-5,75
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
430,500

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
26.1.2019
427-432
Wall Street Invest Partners
26.1.2019
428-433
ARUM Capital
26.1.2019
429-434
IFC Markets
26.1.2019
426-436
Gold Mining Capital
26.1.2019
428-432
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
26.1.2019
Wall Street Invest Partners
26.1.2019
ARUM Capital
26.1.2019
IFC Markets
26.1.2019
Gold Mining Capital
26.1.2019

Atameken Business теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (28 қаңтар – 1 ақпан). 

Бірқатар экономикалық және саяси жағдайлардың әсерінен қаңтар айының екінші жартысы бағам белгілеу үшін біршама ауыр болды. Атап айтқанда, abctv.kz-ның кезекті валюта болжамына пікір білдірген сарапшылар бірнеше маңызды факторларды атап көрсетті. Олардың ішінде АҚШ пен Қытайдың өзарасауда қатынасы және халықаралық саудадағы қақтығысы («ФИНАМ», Gold Mining Capital), Штаттардағы «шатдаунның» жалғасуының әсері («ФИНАМ», Wall Street Invest Partners), Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуына қатысты тұрақсыздық (Wall Street Invest Partners, Gold Mining Capital), сондай-ақ  мұнай бағасын ұстап тұруға негіз болатын Венесуэладағы саяси дағдарыс  («ФИНАМ», Wall Street Invest Partners, ARUM Capital, IFC Markets, Gold Mining Capital) бар.

Сондай-ақ сарапшылар энергия тасымалдаушылар нарығындағы жағдайды сөз еткенде, АҚШ энергетика министрлігінің статистикалық мәліметтерінің әсер ететінін еске салды («ФИНАМ», Wall Street Invest Partners, ARUM Capital). 

Жоғарыда айтылғандардан басқа сарапшылар өз болжамдарында Давосте өткен Бүкіләлемдік экономикалық форумға, әлемдік экономиканың дамуының баяулауына, АҚШ ФРЖ-сының ақша-несие саясатына, ХВҚ-ның болжамына (Wall Street Invest Partners, Gold Mining Capital) және Ресейдегі салықтық кезеңге тоқталып кетті.

Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар

Сергей Дроздов,  «ФИНАМ» компаниялары тобының сарапшысы:   

28 қаңтар-1 ақпанға

Компаниялардың есеп беру маусымының жалғасуынан, өткен сауда қорытындысы бойынша америкалық биржа индикаторлары негізінен өсу көрсетті.

S&P 500 индексінің фьючерсі 0,14%-ға өсіп, сауданы 2642,33 көрсеткішімен жапты. Өндірістік Dow Jones индексі 0,09%-ды қосып алды, ал жоғары технологиялық NASDAQ болса 0,08%-ға көтерілді.  10 жылдық қазынашылық облигациялардың кірістілігі төрт базистік көрсеткішке 2,7%-ға дейін түсті. Дамушы нарықтардың MSCI индексі 0,2%-ға өсті.

АҚШ пен ҚХР арасындағы сауда келісімінің келешегі жайлы қарама-қайшы жаңалық, сондай-ақ «шатдаунның» жалғасуы теңіздің арғы бетіндегі биржалардың жоғары болуына себеп болды.

АҚШ-тың сауда министрі Уилбур Росс CNBC-ке берген сұхбатында Вашингтон мен Бейжіңнің сауда келісімін жасауы «ауылы алыс» шаруа екенін айтқан еді. Алайда кейін Ақ үйдің экономикалық кеңесшісі Лоуренс Кудлоу Трамп Аспан асты елімен сауда келіссөздерін жасауға әлі үміті бар екенін айтты.

Алдағы аптада сауда келісімі бойынша келіссөздерді жалғастыру үшін Вашингтонға вице-премьер Лю Хэның басшылығымен қытайлық делегация келеді. Ал АҚШ жақтан келіссөздерге сауда өкілі Роберт Лайтхайзер қатысады.

Өткен сауда қорытындысы бойынша Brent мұнайының бағасы 0,31%-ға өсіп, 61,16 доллар шамасында болды.

Ойыншылар АҚШ энергетика министрлігінің мәліметтеріне мән берген жоқ. Мәліметтерге сүйенер болсақ, елдегі апталық қор 7,97 млн баррельге артқан, ал бұл 0,75 млн баррельге дейін төмендеу болады деген сарапшылардың айтқанынан нашар болып шықты.

Қара алтын бағасын ұстап тұруға Венесуэладғы ушыққан  геосаяси жағдай қолдау болды. Осыған байланысты Трамп әкімшілігі америкалық мұнай компанияларына елдің энергетика секторына қарсы санкциялар енгізу ойы бар екенін ескертті. Алайда Боливария республикасында мұнай өндіру біраз уақыттан бері ең төменгі көрсеткіште болса да, қосымша шектеулерді енгізу бағаның алыпсатарлық өсуіне әкелуі мүмкін.

Алдағы аптаның соңына дейін теңгенің негізгі үш валютаға қатысты бағамы бір рубль үшін 5,5-5,8 теңге, бір доллар 375-381 және бір еуро 427-432 теңге болады отырмыз.

Данияр Жұмекенов, Wall Street Invest Partners сарапшысы:  

28 қаңтар-1 ақпанға

Өтіп бара жатқан апта әлемдік экономиканың дамуына тағы да жағамсыз жаңалық әкелді. Қытай экономикасының баяулауы жалғасуда, ол соңғы отыз жылда ең төмен көрсеткіш көрсетті. ХВҚ-ның әлемдік экономиканың дамуы жайындағы кезекті болжамы 3,5%-ға дейін төмендеді. Сонымен қатар Давоста өткен жыл сайынғы Бүкіләлемдік экономикалық форумда әлемдік нарықты серпілте алмады. АҚШ-та штатдаун салдарынан қарама-қайшылықтар сақталуда. Ұлыбритания парламентінде Brexit келісімі бойынша шешім  қабылдау тағы тоқтап қалды. Апта соңына қарай Венесуэладағы жағдай ушығып кетті. АҚШ-та мұнай өндіру одан сайын өсуде. Апта бойына Brent  маркалы мұнайдың бір баррелі 60 доллармен 63 доллар арасында саудаланды. Алтын бағасы тұрақты. Бірыңғай еуропалық валюта америкалық доллар алдында басымдығын жоғалтып алды. Еуроның АҚШ долларына қатысты бағамы 1,13 деңгейіне жуық. Ресейлік рубль экспорттаушылардың валютаны сатуынан және ішкі сауда бойынша жақсы көрсеткіштерден қолдау көрді.

Алдағы аптада британдық парламентте Еуроодақтан шығу шарты бойынша тағы дауыс беру болады. Осыған байланысты британдық және еуропалық валюталардың құбылуы күтіліп отыр. Сонымен қатар АҚШ ФРЖ-сының пайыздық мөлшерлемесі бойынша мәселені қарауға байланысты оқиғаны ерекше атап кету керек. Соңғы мәлімдемелерге мән беретін болсақ, бұл АҚШ доллары қатысатын валюталық жұптардың қозғалысында құбылмалық тудыруы мүмкін. Мұнай бағасын белгілеуге Венесуэладағы жағдайдың даму барысы және мұнай қоры бойынша жаңа мәліметтер әсер етеді. Теңге бағамына әсер ететін факторлар бұрынғыша.

28 қаңтар-3 ақпан аралығында бір доллар 377-382 теңге, бір еуро 428-433 теңге және ресейлік рубль 5,54-5,74 теңге болады деп отырмыз.

Владислав Воробьёв,  ARUM Capital компаниясының аға сарапшысы: 

28 қаңтар-1 ақпанға

Әлемдік нарықтар тынышталды, ал бұл теңге бағамын бір доллар үшін 380 теңге шамасында ұстап тұруға мүмкіндік берді. Дегенмен, төмендетуші тәуекелдер әлі де бар, өйткені инвесторлар әлемдік нарықтағы турбеленттік салдарынан дамушы елдердің активтерімен байланысуға әзірге асығар емес. Төмендеу кез келген уақытта қайталануы мүмкін, ал бұл дамушы елдердің активтері мен шикізатта көрініс табатыны, сөзсіз.

Мұнай котировкасы қысым астында қалып, тіпті Венесуэладағы саяси дағдарысқа қарамастан, қайта өсе алмай отыр. Бұл жағдай энергетикалық секторға қарсы кезекті санкциялар енгізу қаупін тудыруда. Жағдайдың жақын арада  өзгере қоятынына сенуге болмайды, АҚШ-тағы шикі мұнай қоры одан сайын артуда, ал ОПЕК-тің жақында жасаған келісімінің нәтижесін әзірге күте тұру қажет.

Дегенмен, теңгенің ресейлік рубльге қатысты бағамы өзін нық сезіну керек. Ресейде салық төлемін аяқталды, осы кезде экспорттаушылар валюталық түсімді айырбастап, рубльдің тұрақты болуына қолдау жасаған болатын. Бұған қоса, Ресей Орталық банкі бюджеттік ереже барысында операциялар көлемінің артуы туралы хабарлады, ал бұл баға белгілеуге бірден әсер етті.

Теңге бағамы бір доллар үшін 377-382 теңге, бір еуро 429-434 және бір рубль 5,72-5,76 теңге шамасынлда болады деп күтіліп отыр.

Дмитрий Лукашов,  IFC Markets сарапшысы:

28 қаңтар-1 ақпанға

 

Өткен аптада теңгенің долларға шаққандағы бағамы мүлдем өзгерген жоқ. Венесуэлаға қарсы америкалық санкциялар енгізіліп, оның арты әлемдік мұнай  бағасын арттыруға әкелетінін жоққа шығармаймын. АҚШ бұл елдің уақытша, жаңа президенті Хуана Гуаидоға қазіргі президент Николас Мадуромен күресте қолдау танытып отыр.

Еуропалық орталық банктің кезекті отырысынан кейін бірыңғай еуропалық валютаның шамалы әлсіреуінен теңгенің еуроға қатысты бағамы біршама нығайды. ЕОБ басшысы марио Драги Еуроаймақтағы экономикалық өсудің баяулауына алаңдаушылық танытты.

Теңгенің ресейлік рубльге қатысты бағамы болмашы ғана әлсіреді. Бұған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлттық банктің инфляцияны төмендетуге бағытталған саясатына қатысты сын-ескертуі әсер еткен болуы керек. Атап айтқанда, ол ұзақмерзімді несиелер санын айтарлықтай азайтты.

Алдағы аптада құбылмалық бағамы бір рубль үшін 5,65-5,79 теңге, бір доллар үшін 375-381 теңге, бір еуро 426-436 теңге болады деп  болжап отырмыз.

Ерлан Қойшыбаев, Gold Mining Capital сарапшысы:

28 қаңтар-1 ақпанға

Мұнай бағасының өсуіне тап қазіргі уақытта Венесуэладағы саяси жағдайдың тұрақсыз болуынан өндірілетін мұнай көлемінің қысқаруы айтарлықтай әсер етеді. Венесуэла АҚШ-қа мұнай жеткізуші төрт елдің құрамында. 2018 жылдың алғашқы 10 айында америкалық МӨЗ күніне орташа есеппен 500 мың баррель жоғары күкіртті мұнай импорттаған. Саяси дағдарыс ұзаққа созылатын болса, Венесуэланың энергетикалық секторына қарсы санкциялар енгізілуі мүмкін.

KASE-дегі бұрынғы сауда көлемі сақталса, айырбас бағамының қозғалысы бұрынғыша бір доллар үшін 375-380 теңге болатынын көреміз.

Еуроаймақтың экономикасына әсер етіп отырған халықаралық сауда қақтығыстары, сондай-ақ Brexit-ке қатысты келіссөздердің тұрақсыз болуы, инвестициялардың шығысы мен көлемдерінің төмендеуінен еуропалық экономиканың өсу қарқыны соңғы тоқсанда екі есе төмендеп кетті. ІЖӨ бойынша мәліметтер шыққаннан кейін, жаңа есептер экономикалық өсудің баяулауы жалғасып отырғанын көрсетті. EUR\USD айырбас бағамын 1,1300 деңгейінен кері қайтаратын болса, онда бір еуро 428-432 теңге болуы мүмкін.

Орталық банк тарапынан итервенциялар қайта жанданатын болса, салықтық төлемдер аяқталғаннан кейін ресейлік рубль аяқ астынан құбылмау керек. Бір рубль 5,55-5,75 теңге шамасында болады деп күтілуде.

Геосаяси жағдай алтын бағасының өсуіне себеп болуы мүмкін. Алдағы аптада алтын бағасы бір троя унциясы үшін 1300 доллардан асып, 1375 доллар деңгейіне жуықтауы мүмкін.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу