Валюта болжамы: 28 тамыз – 1 қыркүйек

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

Atameken Business Channel оқырмандарға алдағы аптаға (28 тамыз-1 қыркүйек аралығына) теңгенің доллар мен рубльге қатысты валюта болжамын ұсынады. 

28 тамыз – 1 қыркүйек

 Аbctv.kz сауалнамасына жауап берген сарапшылардың  дені  осы аптаның бейсенбісінде Джексон-Хоул  қаласында  басталған экономикалық симпозиум  бағамның қалыптасуына әсер етуші бірден бір фактор  болады деп отыр. «Астана-Инвест инвестициялық үй»  АҚ, «ФИНАМ»   компаниясы және  TeleTrade Central Asia сарапшылары сипозиумдағы әлемдік орталық банк басшылары айтқан сөздердің маңызына тоқталды.

Сондай-ақ TeleTrade Central Asia сараптама тобы мен «Қазақстан Қаржы орталығы» ЖШС сарапшыларының айтуынша, АҚШ-тың еңбек нарығы бойынша статистика да бағамның қалыптасуына әсер етеді.

Энергия тасымалдау нарығындағы жағдай да әсер етпей қоймайтыны анық. Тропикалық «Харви» дауылы мұнай бағасын ұстап тұруға негіз болып отыр. Дауыл Мексика шығанағына дейін жетеді деген болжам бар. Осылай болса   АҚШ мұнай өнімінің қоры қысқаруы мүмкін. Бұл «Астана-Инвест инвестициялық үй», «Цесна капитал» АҚ және «Қазақстан Қаржы орталығы» ЖШС сарапшыларының пікірі. Ал TeleTrade Central Asia тобының болжамы бойынша, мұнай бағасын белгілеуге демалыс кезеңінің аяқталуы әсер етуі мүмкін.

Көптеген сарапшы алдағы уақытта бағамның  қалыптасуына әсер ететін факторлардың қатарында ҚР Ұлттық банкінің пайыздық мөлшерлемені 11,25%-дан 10,25%-ға түсіргені және АҚШ-тың саяси тұрақсыздығын көрсетті.

Сарапшылардың пікірі abctv.kz әзірлеген кезекті сауалнамаға сәйкес, төмендегідей болып отыр.

Наталья Мильчакова, «Альпари» талдау департаменті директорының орынбасары:

28 тамыз – 1 қыркүйек

Қазақстан Ұлттық банкі 2017 және 2018 жылға арналған ЖІӨ динамикасы бойынша болжамды қайта қарау керектігін мәлімдеді. Қазақстандағы ЖІҚ 2017 жылғы болжам бойынша 2,8%-дан  3,1%-ға дейін өскен, ал 2018 жылдың болжамы 3,6%-дан 3,1%-ға дейін төмендеген.  Бұл болжам 2017-2018  жылдарға болжанған мұнайдың орташа жылдық бағасы  бір баррель үшін 50 долларға дейін көтерілуіне байланысты қайта қалды. Еске сала кетсек, Қазақстанның ЖІӨ-сі 2017 жылдың алғашқы жартыжылдығында  жылдық есептеу бойынша 4,2%-ға өскен, ал 2016 жылдың осындай кезеңінде ол тек 0,1% ғана болған. Алайда болжам теңге бағамына айтарлықтай әсер еткен жоқ. Қазақстандық теңге бірте-бірте төмендеп барады.

Теңгенің долларға шаққандағы бағамы сол қалпында қалады деп ойлаймыз, яғни бір доллардың бағасы 332-334  теңге болады, сондай-ақ теңгенің рубльге қатысты бағамы да өзгермейді деп отырмыз. Біздің болжамымыз бойынша бір рубль 5,57-5,72 теңге шамасында болады.

Айнұр Дүйсембаева, «Цесна капитал» АҚ сарапшысы: 

28 тамыз – 1 қыркүйек

Өткен аптада Brent маркалы мұнайдың бағасы бір баррель үшін 51,5-53 доллар шамасында болды. Апта соңына қарай мұнай бағасы жақсы көрсеткіш көрсетті. EIA мәліметі бойынша, 12 тамыз бен 18 тамыз аралығында АҚШ қоймаларындағы мұнай қоры 3,30 млн баррельден 463,16 млн баррельге дейін сарқылған. АҚШ бензин қоры бойынша жақсы мәлімет беріп отыр, екі апта бойы өсуден кейін бензин қоры 1,2 млн баррельге дейін қысқарған. Осыған қарап, АҚШ-тың «Автокөлік маусымы» қыркүйектің ортасына дейін созылатын шығар деген болжам бар, ал бұл бензин қорына қатысты статистикаға қолдау болады. Алайда бұдан кейін МӨЗ-де жөндеу жұмысы басталады да, бензинге деген сұраныс төмендейді.

Алдағы уақытта мұнай бағасын ұстап тұруға «Харви» тропикалық дауылы да  ықпал етеді. Болжам бойынша, дауыл құйынға ұласып, Мексика шығанағына дейін жетеді. Қазірдің өзінде Мексика шығанағындағы көптеген бұрғылау  қондырғыларында өндіру  тоқтатылып, жұмыскерлер қауіпсіз жерге көшірілген. Бұл жағдай алдағы аптада бұрғылау және қор статистикасына әсер етуі мүмкін. Техникалық тұрғыдан алып қарайтын болсақ, Brent маркалы мұнай бағасы тек бір баррель 53 доллар болған кезде ғана өсуі мүмкін, бірақ та бұл үшін қосымша триггер қажет болады. Егер баға аталған деңгейге жетпейтін болса, онда мұнай бағасы бір баррель үшін 50-53 доллар шамасында қалады.

Келесі аптада мұнай бағасына әсер ететін триггерлер болмағандықтан, бір баррель бағасы 50-53 доллар шамасында болады деп болжап отырмыз. Біздің ұсынып отырған орташа бағамымыз USD/RUB жұбы бойынша 59,5-60, USD/KZT жұбы бойынша – 331-334, RUB/KZT бойынша – 5,57-5,62 теңге.

Сергей Полыгалов, TeleTrade Central Asia сараптау тобының жетекшісі:

28 тамыз – 1 қыркүйек

Алдағы аптада америкалық валютаға Джексон-Хоул қаласындағы әлемдік орталық банк басшыларының кездесуі және АҚШ-тың еңбек нарығындағы мәліметтер әсер ететін болады. Джексон-Хоул қаласында өтіп жатқан кездесуде ФРЖ басшысы Джанет Йелен Құрама штаттың экономикалық жағдайына оң баға береді деген болжам бар, бұл жыл соңына дейінгі несие-ақша саясатын одан әрі күшейтуі мүмкін. Егер жағдай осылай дамитын болса, онда АҚШ долларының басқа негізі валюталарға қатысты бағамы нығаяды, ал бұл USD/KZT жұбына әсер етпей қоймайды.  

АҚШ еңбек нарығы жайына тоқталар болсақ, онда өткен екі айда 200 мыңнан астам жұмыс орны ашылған, ал жұмыссыздық деңгейі 4,3-4,4% шамасында болған. Бұл құрама штаттың экономикалық көрсеткішінің өскенін көрсетеді. Жаңа мәліметтер оң динамиканы көрсетіп, нарыққа қатысушылардың күткен оң болжамы АҚШ долларына қолдау болуы мүмкін.

USD/KZT жұбына қосымша ықпал ететін факторлардың бірі деп мұнай нарығын айтуға болады. Мұнайға деген жоғары сұранысқа қолдау көрсететін демалыс кезеңінің аяқталуы да мұнай бағасына әсер етуі мүмкін. Brent маркалы мұнай бағасы бір баррель үшін 49,50-51,50 доллар шамасында болуы мүмкін деп болжап отырмыз. Жоғарыда айтылғандардың бәрін ескеретін болсақ, USD/KZT жұбы бір доллар үшін 332-336 теңге шамасында болуы мүмкін.

Өткен аптада 59 рубльден сатылған ресейлік валюта тағы да көтеріліп, бір долларға шаққанда 60-61 рубльге жетуі мүмкін. Өйткені ресейлік валютаға демеу болған салық аптасы аяқталды, енді бірінші орынға АҚШ санкциясына және ФРЖ-ның несие-ақша саясатын күшейтуі, әлемдік нарықтағы мұнай бағасына қатысты проблемалар шығады. Рубльдің АӨШ долларына қатысты бағамы әлсірейтін болса, онда RUB/KZT жұбы 5,52-5,57 теңге болады. 

Әліби Нұрбаев, «Қазақстан қаржылық орталығы» ЖШС бас сарапшысы:

28 тамыз – 1 қыркүйек

Мұнай бағасы бір баррель үшін 50 доллардан жоғары саудалануда. Жалпы апта бойына ештеңе өзгермеді. Өткен аптада АҚШ-та мұнай өндіру тәулігіне 9,53 млн баррельге дейін жеткен, бұл көрсеткіш 2015 жылдың шілдесінен бергі ең жоғары көрсеткіш. Алдағы уақытта мұнай бағасы «Харви» дауылының салдарынан көтерілуі мүмкін. Дауыл мұнай көлік инфрақұрылымының орнына жетіп, Мексика шығанағына да келеді деген болжам бар. Exxon Mobil және  Shell компаниялары   мұнай мен газ өндіруге шектеу қоюда. Алайда табиғаттың «тосын» жайлары уақытша құбылыс.  

Ресейлік рубльдің долларға қатысты бағамы АҚШ-тағы саяси жағдайдың салдарынан нығаюда. Келесі аптада рубль әлсіреуі мүмкін. Жұма күні еңбек нарығының бюросы ауыл шаруашылығы емес секторда жұмыс істейтіндердің өзгерген санын, сондай-ақ жұмыссыздық деңгейі мен АҚШ-тың орташа сағаттық жалақысы жайлы мәліметті жариялайды. Егер нәтижелер оң көрсеткішті көрсетсе, онда ФРЖ-ның несие-ақша саясатын күшейеді.  

Алдағы аптадағы  USD/KZT жұбы бойынша валюталық болжам  330-335, RUB/KZT – 5,60-5,70 теңге.

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің басшысы: 

28 тамыз – 1 қыркүйек

Өткен аптада айтарлықтай еш өзгеріс болмады. Рубльге салық аптасы мен тұрақты жоғары мұнай бағасы қолдау болды. Рубльдік инвестициялар мен кэрри-трейдерлерге деген қызығушылық сақталып отыр, оған РФ экономика министрлігінің кезекті федералдық қарыз облигацияларын шығаруы куә. Әлсіз доллар рубльге өзі демеу болды. Мұнай бағасы да әзірге тұрақтылық көрсетіп, бір баррель үшін 50 доллардан жоғары болып тұр. Бұған АҚШ мұнай қорының қысқаруы әсер етуде.

ФРЖ және ЕЦБ басшыларының Джексон-Хоулдегі сөйлеген сөзі аптаның ең есте қаларлық оқиғасы болмақ.  Сонымен қатар келесі аптада салық апталығы рубльге қолдау көрсетуді тоқтатады  да, рубльдің динамикасы мұнай нарығының беталысына тәуелді болады. Өткен аптада теңгеге де Ресейдегі салық апталығы қолдау болды. Алдағы аптада USD/RUB жұбы 58-61 рубль шамасында саудаланатын болады, USD/KZT бағамы 332-336 теңге, RUB/KZT жұбы– 5,60-5,70 теңге шамасында болмақ. 

Михаил Цой, «Аналитика Онлайн Казахстан» компаниясының бас қаржы сарапшысы:

28 тамыз – 1 қыркүйек

Өткен аптада қазақстандық теңге, ресейлік рубль сияқты төменгі құбылмалықты көрсетті. Теңгеге бірқатар факторлар қолдау болды. Оның ішінде рубльдің долларға қатысты бағамының тұрақталуы, мұнай бағасының бір баррель үшін 50 доллардан жоғары болуы бар. Сондай-ақ Қазақстанның Ұлттық банкі есептік мөлшерлемені 11,25%-дан 10,25%-ға төмендеткені де маңызды екенін айта кету керек. Пайыздық мөлшерлемені төмендету Қазақстандағы инфляцияның өсуін баяулатты. Бұл шешім теңге бағамының әлсіреуіне әсер етпеді, бірақ та алдағы уақытта қазақстандағы теңге депозиттерінің арзандауына әкелуі мүмкін, ал бұл долларлық активтерге деген қызығушылықты арттырады. Мұның бәрі теңге бағасында көрініс табуы мүмкін.

Келесі аптада мерекелік күндердің болуынан Қазақстанның қаржы нарығы үш күн ғана жұмыс істейді. Теңгенің долларға шаққандағы бағасы 331-335 теңге болады, ал рубль 5,4-5,6 теңге шамасында саудаланады.

Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:

28 тамыз – 1 қыркүйек

Brent маркалы мұнай бағасының бір баррель үшін 50 доллар деңгейінде және одан жоғары болуынан теңге бағамы тұрақты болады. 2017 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы жақсы макроэкономикалық көрсеткіштердің арқасында қазақстандық валюта Ұлттық банктің мөлшерлемені төмендеткеніне мән бермеді. Менің ойымша, алдағы аптада бір доллар 327-335 теңге шамасында , ал рубль болса 5,57-5,67 теңге болады.

 

Сергей Дроздов,  «ФИНАМ» компаниясы тобының сарапшысы:

28 тамыз – 1 қыркүйек

Өткен аптада әлемдік нарық Джексон-Хоулдегі кездесуге ерекше мән берді. Инвесторлар реттеушіден монетарлық саясатқа қатысты пікір білгісі келеді. Осы кезде АҚШ президенті Дональд Трамптың үкіметпен арадағы дауына уақытша мән  бермеуді жөн көрді.

Алайда Джексон-Хоулдағы кездесу қорытындысы инвесторларды қуанта қоюы екіталай.

Алдағы аптада рубль 5,5-5,7 теңге, доллар 324,5-337,8 теңге болады, ал еуро 382,6-398,2 теңгеде саудаланады. 

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу