Валюта болжамы: 3– 7 шілде

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

Atameken Business Channel оқырмандарға алдағы аптаға (3-7 шілде аралығына) теңгенің доллар мен рубльге қатысты валюта болжамын ұсынады.

3– 7 шілде3-7 шілде аралығына валюта болжамы

Өткен апта теңге үшін жайлы болды. Энергия тасымалдаушылар бағасының өсуі Қазақстан валютасының қымбаттауына жол ашты. Алайда мұнай бағасы күрт қымбаттайды деп үміттенуге болмас. Биылғы жылдың соңында мұнай бағасы барреліне 60 долларға жетеді деп болжам жасаған әлемнің жетекші инвестициялық банктері, оның ішінде Goldman Sachs,  Bank of America, Societe Generale және Citigroup Inc, баға енді тіпті 50 доллардан асады деп айта алмай отыр.

Өткен аптада «қара алтын» бағасы рубль бағамына қатты әсер етпейтіні байқалып қалды, өсіп келе жатқаны мұнайға қарамастан рубль әлсіз болып қалды. Алдағы аптада АҚШ-тағы шикі мұнай қоры мен өндіру деңгейі туралы статистикалық мәлімет шикізаттық валюталар құнына әсер ететін басты триггер болмақ. Ойыншылардың пікірін толығырақ abctv.kz әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыз.

Наталья Мильчакова, «Альпари» талдау департаменті директорының орынбасары:

3– 7 шілде26-28 маусым аралығындағы қысқа кезеңде дамушы елдердің валюта нарықтары қайтадан бірқалыпты саудаланды, жағымсыз факторларды жағымды факторлар басып озды. Аталған қысқа кезеңде Brent маркалы мұнай 3%-ға қымбаттады. Мексика шығанағындағы дауылдың салдарынан, сондай-ақ 7-8 шілдеде болатын G20 саммитінен күтілетін қорытынды дамушы елдердің валюталарының құлдырауына мүмкіндік бермейді.

Қазақстанда Ұлттық банк халықтың қолма-қол валюта сатып алуы туралы статистикалық мәліметтерді жариялады. Статистикаға сүйенсек, елдің халқы мамыр айында 828,11 млн сомасында доллар сатып алды, бұл 2016 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 9%-ға төмен, ал 2015 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 50%-ға төмен, алайда биылғы жылдың қаңтар айындағы көрсеткіштен 20%-ға артық. Дегенмен  жалпы үрдіс ұлттық валютаға деген халықтың сенімінің жоғарылағанын көрсетіп отыр.

Теңгенің долларға қатысты бағамы бойынша болжамымызды бір долларға 323-325 теңгеге ауыстырамыз, ал теңгенің еуроға қатысты бағамы бір еуроға 361-365 теңге деңгейінде болады. Теңгенің рубльге қатысты бағамына келер болсақ, бір рубль 5,47-5,5 теңге шамасында саудаланады деп күтілуде.

Михаил Цой, «Аналитика Онлайн Қазақстан» компаниясының бас қаржы сарапшысы:

3– 7 шілдеӨткен апта ішінде теңге америкалық долларға қатысты нығайды, жалпы теңгенің өсімі 1,5%-ды құрады. Қазақстан валютасының қымбаттауы мұнай бағасының өсуімен байланысты болды, алайда бір долларға 58 рубль деңгейінде тұрақтап қалған ресейлік рубль теңгенің өсуіне жол бермей отыр. Техникалық тұрғыдан алғанда, теңге бір долларға 320 теңге көрсеткішіне жетуі тиіс, біз бұны алдағы аптада көруіміз мүмкін. Теңгенің болашағы көп жағдайда мұнай бағасына байланысты болады, ал ол, өз кезегінде, АҚШ, Ливия және Катардағы шикі мұнай қоры мен өндіру деңгейі туралы есепке тәуелді. Жалпы жаздың екінші айының алғашқы аптасы ҚР валюта нарығында елеулі оқиғаларсыз, бірқалыпты өтуге тиіс және теңге Америка долларына қатысты 320-324 диапазонында саудаланады. Ал рубль және теңге жұбында бағам 5,4-5,5 теңгені құрауы мүмкін.

Сергей Полыгалов, TeleTrade Central Asia :талдау тобының басшысы:

3– 7 шілдеКелесі аптада АҚШ-тың еңбек нарығы жөніндегі мәліметтер мен мұнай нарығындағы жағдай доллар бағамын қалыптастыратын негізі фактор болады. Американың еңбек нарығының жағдайы бүгінгі күні жаман емес. Жұмыссыздық деңгейі төмен – 4,3%, бұл Құрама штаттардың жалпы экономикалық жағдайын бағалауда жағымды фактор ретінде қарастырылады. Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы мәліметтер жұма, 7 шілдеде жарияланады, бірақ көрсеткіштердің одан әрі жақсаруы америкалық валютаның бағамына келесі аптаның өзінде әсер ете бастайды, бұл доллар бағамының негізгі валюталарға қатысты көтерілуіне жол ашады.

Мұнай нарығы өткен аптада алдыңғы болжамдардың тас-талқанын шығарып, шығынның бір бөлігінің орнын толтырды. Бірақ мұнай бағасы қайтадан құлдырауы әбден мүмкін, себебі «қара алтын» нарығындағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы айырмашылық әлді де болса білініп тұр. Егер келесі аптада АҚШ-тағы мұнай қоры артқаны туралы кезекті мәлімет жарияланса, нарықта «аюлардың» болжамдары басым түсіп, Америка валютасына қолдау көрсетуі ықтимал. Егер күтпеген жағдайлар болмаса USD/KZT жұбында бір америкалық долларға 322-328 теңге шегінде саудалануы мүмкін.

Салық кезеңінің аяқталуы экспортшылар тарапынан ресейлік валютаға деген сұранысты төмендетеді.  Ресейдің қарыздарын алуға  тыйым салатын Құрама штаттардың санкция енгізу мүмкіндігі де рубль бағамына кері әсерін тигізетін болады, себебі ірі шетелдік инвесторлардың Ресейдің активтерінен шығып, рубльді шетелдік валютаға ауыстыра бастауына себеп болады.

Мұнай бағасының қымбаттауы ресейлік рубльдің бағамына мүлде әсер етіп отырған жоқ деуге болады, бірақ егер мұнай бағасы қайта құлдырай бастаса бұл рубльді долларға қатысты арзандатады.

Қорытындылай келе USD/RUB бағамы бір долларға 61-63 рубльді құрауы ықтимал. Теңге мен рубльдің долларға қатысты әлсіреуі RUB/KZT жұбының бір ресейлік рубльге 5,4-5,5 теңге диапазонында саулануына әкеледі.

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің бастығы:

3– 7 шілдеӨткен апта USD/KZT бағамы үшін айтарлықтай құбылмалы болды. Ұлттық валюта мен рубль арасындағы тепе-теңдік алшақтап, апта қорытындысы бойынша теңге рубльге қарағанда едәуір нығайды.  Ал рубль салық аптасы мен апта қорытындысы бойынша 5%-ға қымбаттаған мұнай бағасының қолдауына қарамастан өткен аптада әлсіреді. Алдаға аптада бір доллар 58-60 рубль диапазонында сақталады деп есептеміз, бірақ айта кету керек, рубльге деген валюталық алыпсатарлардың қызығушылығы бірте-бірте төмендеп келеді. Мұнай бағасы көтеріле берсе алдағы аптада бұл рубль мен теңгеге қолдау көрсетеді. USD/KZT жұбы бойынша диапазон - 320-325, RUB/KZT жұбы бойынша –5,45-5,55.

Богдан Зварич, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:

3– 7 шілдеАлдағы апта туралы айтар болсақ, теңге бағамын қалыптастыратын негізгі фактор энергия тасымалдаушылар нарығындағы жағдай болып қала бермек. Мұнай бағасы қалпына келе бастауы әбден мүмкін, оған АҚШ-тағы көмірсутек қорының төмендеуі септігін тигізер еді. Бұл өз кезегінде Қазақстан валютасына әсер етеді. Екінші маңызды фактор – макроэкономикалық статистикалық мәліметтер. Мұхиттың ар жағында өнеркәсіп және қызмет көрсету саласындағы іскерлік белсенділік индекстері, өнеркәсіптік тапсырыс, құрылысқа кеткен шығындардың индекстері, сондай-ақ еңбек нарығы бойынша маңызды мәліметтер жарияланады. Бұның барлығы халықаралық валюта нарығындағы доллардың динамикасына әсер етіп, АҚШ-тағы ақша-несие саясатын қаталдандыруға қатысты болжамдарды түзетуге әсер етеді.

Орын алған жағдайға байланысты алдағы аптада теңге долларға қатысты сәл нығаяды деп күтілуде. Яғни, доллар 318 теңгеге дейін әлсіреуі мүмкін. А ресейлік рубльге келер болсақ, ол 5,4 теңгеге түсуі ықтимал.

3– 7 шілде

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу