Валюта болжамы: 3 ақпан – 7 ақпан

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
378,929

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
01.2.2020
377-381
Forex Club
01.2.2020
379,5-380,5
Евразийский Капитал
01.2.2020
378-382
Астана-Инвест
01.2.2020
376-381
DAMU Capital Management
01.2.2020
376-378
ГК «ФИНАМ»
01.2.2020
377-381
SoftLink
01.2.2020
375-383
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
6,054

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
01.2.2020
5,98-6,10
Forex Club
01.2.2020
6,1-6,3
Евразийский Капитал
01.2.2020
6,0-6,15
Астана-Инвест
01.2.2020
5,9-6,1
DAMU Capital Management
01.2.2020
5,95-6,05
ГК «ФИНАМ»
01.2.2020
5,95-6,2
SoftLink
01.2.2020
5,9-6,08
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
418,214

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
01.2.2020
416-422
Forex Club
01.2.2020
418-419
Евразийский Капитал
01.2.2020
417,0-422,0
Астана-Инвест
01.2.2020
415-420
DAMU Capital Management
01.2.2020
413-415
ГК «ФИНАМ»
01.2.2020
418-422
SoftLink
01.2.2020
415-423
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
54,571

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
01.2.2020
54-55
Forex Club
01.2.2020
54,5-55
Евразийский Капитал
01.2.2020
54,0-54,9
Астана-Инвест
01.2.2020
54,0-55,0
DAMU Capital Management
01.2.2020
54,5-55,5
ГК «ФИНАМ»
01.2.2020
54-55
SoftLink
01.2.2020
53,8-54,8

3 ақпан – 7 ақпан

 

27 қаңтар - 31 қаңтар

 

 

Қытайдағы эпидемиологиялық жағдай әлі де нарыққа әсер етуші маңызды фактордың бірі болып отыр. inbusiness.kz пікірін білген сарапшылардың айтуынша коронавирустың таралуы туралы жаңалық мұнай бағамына қатты әсер етті, оның өз кезегінде дамушы елдердің валюталарына ықпалы байқалды.

Мұнай бағасына коронавирустың айналасындағы жағдаймен қатар алдағы аптада ОПЕК-тің шұғыл отырысы, Таяу Шығыстағы жағдай және сәрсенбі күні жарияланатын АҚШ мұнайының қоры туралы жаңалық та әсер етеді.

Сарапшылар бұлармен қатар нарықтағы бағамдарға әсер етуші сыртқы фактор ретінде АҚШ, Канада, Мексика арасындағы жаңа сауда келісімі мен Brexit «хикаясының» аяқталуын айтады.

Ішкі факторға әсер етуші ретінде Қытайдан импортың азаюы мен Қазақстанның сауда сальдосының жақсаруын уақытша, оң әсер етуші жағдай ретінде бағалайды.

Сарапшылар сонымен қатар Қазақстан мұнайын Беларуське жеткізу бойынша өтетін келіссөздің, ҚР Ұлттық банкінің базалық сыйақы мөлшерлемесі бекітілетін отырысы туралы да атап өтті.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

 

Анна Бодрова, «Альпари» бас аналитигі:

3 ақпан – 7 ақпанТеңге мұнай саласындағы өзгерістердің әсерін бірден сезінуде. Brent баррелі әзірше толық өзгеріске дайын емес, өткен кезеңдегі төмендеу «аюларға» $55-ға жол ашты.

Тәуекел жағынан ойласақ жағдай кез-келген уақытта қытайдағы коронавирусқа байланысты нашар жаққа өзгеруі мүмкін. Бұл жағын ұдайы назарда ұстау керек.

АҚШ доллары алдағы уақытта 377-381 теңге, евро – 416-422 теңге, рубль – 5,98-6,10 теңге, юань – 54-55 теңге аралығында сатылады.

Рубль/теңге қозғалысы ресей валютасының құбылмалы болуына байланысты әлі тұрақты болмайды.

 

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:

3 ақпан – 7 ақпанТеңгенің құны Қазақстандық қор биржасындағы өткен жұманың қорытындысында доллар бағамы бойынша сәл арзандады, бірақ ресейлік рубль мен еуро бойынша көтерілді. Америкалық валюта бойынша төмендеу  0,17 теңге, 379,02 теңгеге дейін, ресейлік рубль бойынша төмендеу 0,0081 теңге, 6,0168 теңгеге дейін. Еуроға 0,41 теңге, 417,9 теңгеге дейін.

Қазақстандық валютаның доллар бағамына қарағанда құнсыздануы коронавирустың ары қарай таралу қаупінен әлемдік қаржы нарығының қиын жағдайға тап болуы аясында байқалды. Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы бұл вирустың пайда болуын әлемдік маңызы бар төтенше жағдай деп мойындады. Оның алдын-алу үшін Қазақстан үкіметі 3 ақпаннан бастап Қытаймен арадағы әуе қатынасын жапты.

Коронавирусқа байланысты жағдай әлемдік мұнай бағасының құлдырап, оның салдары Қазақстан экономикасына кері әсер етуі мүмкін.

Сонымен қатар жұма күні қара алтын нарығында соңғы күндері мұнай бағамының құлдырауынан кейін бағаның сәл түзелуге бағыты алғаны байқалды. Алайда бұған Қытайдан импорттың уақытша тоқтауы мен Қазақстанның сауда сальдосының уақытша жағымды әсері болуы мүмкін.

Қазақстанға келесі аптада Беларусьтың «Белнефтехим» концерні делегациясының келіп, Қазақстаннан Беларуське мұнай жеткізу бойынша келіссөзі де басты назарда.

Келесі аптада теңге негізгі валюталармен салыстырғанда құнсыздануы мүмкін. Теңгенің долларға шаққандағы құны 379,5-380,5 теңге, еуроға 418-419 теңге, ресей рубліне 6,1-6,3 теңге және қытай юанына 54,5-55 теңге көлемінде болуын күтеміз.

 

Әли Сағындықов, «Евразиялық Капитал» АҚ сарапшысы:

3 ақпан – 7 ақпанКелесі аптада теңге бағамы мұнай бағасының ықпалында болады.

Brent баррелі жұма күні  $57 түсті, бұған коронавирустың таралуы мүмкін деген қауіптің әсері болды.  Бұл тақырып барлық ақпарат агенттіктерінің басты тақырыбына айналды.

Келесі аптада мұнай бағасына Таяу Шығыстағы жағдай, АҚШ-тың мұнай қоры туралы ақпарат ықпал етеді.

Осы аптада мұнай қорының көлемі сәл ұлғайды, сондықтан келесі аптада АҚШ-тың энергетика ақпарат агенттігі еләуір ұлайды деген ақпарат таратуы мүмкін. Сондықтан Таяу Шығыста жағдай ушықпаса мұнай дағасы барреліне $60 көтерілу мүмкіндігі бар.

Теңге құны сәрсенбіге дейін төмендеп, бейсенбіде көтеріле бастауы мүмкін. Келесі аптада валюта бағамы төмендегідей болуы мүмкін: USD/KZT – 378-382 теңге, RUB/KZT – 6,0-6,15 теңге, CNY/KZT – 54,0-54,9 теңге, EUR/KZT – 417,0-422,0 теңге.  

 

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» Инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық анализ бөлімінің басшысы:

3 ақпан – 7 ақпанМұнай бағасының жаңа вирусқа байланысты «тоқтап» қалғанын мойындау керек. Бұдан рубльдің құны түсті, теңге болса өз құнын сақтап қалды деуге болады. Жеке өзім коронавирус туралы мәселе сәл әсіреленген деп ойлаймын. «Қорқыныштың көзі үлкен» деген. Адамдардың әдеттегі тұмаудан өлу көрсеткіші жаңа вирусқа қарағанда жоғары. Егер бұған дейінгі «құс тұмауы», «Эбола» т.б аты қорқынышты вирустық инфекциялар қысқамерзімді болды. Коронавирустың таралуы да сол сияқты болады деп үміттенеміз. Мұндай жағдайда мұнай бағасы сәл өсіп, рубль мен теңгеге қолдау болады.

Менің алдағы аптаға болжамым: долларға 62,5-64,0 рубль, 58,0-61,0 доллар мұнайдың Brent маркасының баррелі үшін 5,9-6,1 теңге/рубль, 376-381 теңге/доллар, 54,0-55,0 теңге/юань, 415-420 теңге/еуро.    

 

 

 

Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:

3 ақпан – 7 ақпанНарықтағы басты тақырып ҚХР-да тараған коронавирус болды. Басында ешкім мұндай деңгейде болады деп ойламады, кейін жаһандық мәселеге айналды. Оның әсерін бірінші туризм, әуе компаниялары, Қытайдағы түрлі зат сатушылар сезді. Егер одан ары жылдам тараса Токиодағы жазғы олимпиаданы өткізу, Дубайдағы EXPO-ны табысты өткізуге қауіп бар.

Осы аптада тәуекелі жоғары активтердің, шикізаттың құны түсіп, сақтандырылған активтер АҚШ доллары, швейцариялық франк, алтын қымбаттады.

Мұнай $56 долларға дейін арзандады, салдарынан ОПЕК+ елдері мұнай өндірісін тағы да азайтуы мүмкін деген қауесет тарады.

Солтүстік Амрикада АҚШ, Канада, Мексика арасында ескріген NAFTA сауда одағының орнына USMCA аталатын жаңа сауда келісімі жасалды.

АҚШ-тың ФРЖ кезекті отырысында сыйақы мөлшерлемесін  өзгеріссіз, 1,75% деңгейінде қалдырды.

31 қаңтар күні Brexit атты ұзақ жылдық хикая аяқталып, Ұлыбритания Еуроодақты 47 жылдық мүшеліктен шықты. Еуроаймақта ІЖӨ өсімі жылына 1,0% төмендеді.

Қазақстанда Ұлттық банк базалық сыйақы мөлшерлемесі туралы бойынша шешімін жариялайды. Біз мөлшерлеменің сақталуын және 9,0% төмендеу мүмкіндігі барын да жоққа шығармаймыз.

Келесі аптада теңгенің долларға шаққанда құны 376-378 теңгеге дейін өсуін, еуро құнының 413-415 теңгеге төмендеуін, рубль құнының 5,95-6,05 теңгеге төмендеуін және юаньның 54,5 немесе 55,5 теңге көлемінде болуын күтеміз.

 

Сергей Дроздов, «Финам» компаниялар тобының аналитигі:

3 ақпан – 7 ақпанАмерикалық биржалар бейсенбіде өсіммен жабылды. S&P 500 индексі 3283,66 пунктке көтеріліп, 0,31% қосылды. Өнеркәсіптік Dow Jones индексі 0,43% өсті, жоғары технолигиялық  NASDAQ 0,26% көтерілді. MSCI Emerging Markets индексі 2,2% құлдырады. АҚШ-тың 10 жылдық қазынашылық обликациясы бір базистік пунктке 1,57% түсті. Германияның 10 жылдық обликациясы үш базистік пунктке құлдырады.

Нарықтар үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қытайдағы коронавирусқа байланысты қарым-қатынас пен сауданы тоқтату міндетті шара емес екендігін айтуы сәл позитивті жағдай болды. Ұйым Бейжіңнің коронавирусты тоқтату бойынша әрекетін жоғары бағалады. Ойыншылар мұны жаңа вирус жақында шарықтау шегінеғ төмендейтіні туралы белгі деп қабылдады. Алайда инвесторлар үшін босаңсуға ерте.

Өйткені әлемдік БАҚ беттерінде қытайдағы жағдайдың әлі де жазылатынын ескерсек әлемдік қаржы нарығында құбылу жоғары деңгейде сақталады.

Өткен сауда қорытындысы бойынша мұнай бағамы 0,87% төмендеп, $59,09 деңгейінде жабылды. Мұнай нарығында негативті көңіл-күйдің орнауына коронавирус тақырыбының аясындағы алып-сатарлық әсер етуде. Ойыншылардың пікірінше жаңа вирустың таралуы энерготасымалдаушыларға сұранысты азайтады.

Сонымен қатар, қара алтын бағасына АҚШ Энергетика министрлігінің елдегі мұнай қоры 3,5 миллион баррельге өсті деген ақпараты әсер етті. Алайда «бұқалар» үшін ақпанның басында өтуі мүмкін ОПЕК-тің шұғыл отырысы жақсы жаңалық болуы мүмкін. Алжирдің энергетика министрі және картель төрағасы Мұхамед Аркабтың айтуынша бұл мәселе бойынша шешім жақын уақытта қабылдануы мүмкін.

Біз келесі аптада теңгенің негізгі төрт валюта бойынша курсы мынандай болады деп ойлаймыз: 5,95-6,2 теңге/рубль, 377-381 теңге/доллар, 418-422 теңге/евро, 54-55 теңге/юань.

 

Дмитрий Лукашов, IFC Markets аналитигі:

3 ақпан – 7 ақпанӨткен аптада теңгенің ресей рубльіне шаққандағы құны өсті, қытай юаньі мен доллан, еурода төмендеді.

Қытайдағы коронавирустың әлі таралуда. Инвесторлар мұның қытай экономикасына әсер етіп, мұнайды тұтыну көлемін азайтуға әкеледі деген пікірде. Бұл жағынан пікірлер де, бағалау, болжам да әртүрлі.

2020 жылы бірінші тоқсанда мұнайды тұтыну көлемі тәулігіне 500 мың баррелге азаяды деген болжам бар.

Brent қаңтардағы ең жоғарғы бағадан 20% төмендеді.

Алайда бұлардың барлығына қарамастан теңге қазақстандық экономиканың жақсы көрсеткіштеріне байланысты жақсы көрсеткіш көрсетті.

Мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуіне шектеу болуы мүмкін. ОПЕК 5-6 наурызға жоспарланған отырысын ақпанға ауыстырады деген ақпарат бар. Онда мұнай бағамын құлдыратпау үшін мұнай өндіру көлемін тағы да азайту мәселесі қарастырылуы мүмкін.

Әлемдік шикізат нарығындағы жағымсыз жағдайлардың Қазақстан экономикасына әзірше теріс әсері болмады. Әйтсе де ДВҚ биыл қазақстандық ІЖӨ бойынша болжамды 3,6% төмендетті.

Алайда мен мұның теңге құнын әлсіретеді деп ойламаймын. Өйткені Ұлттық банк сыйақы мөлшерлемесін 3 ақпандағы отырысында  9,25% деңгейінде қалдыруы мүмкін.

Алдағы аптаға валюта курсы төмендегідей болуы мүмкін: 5,9-6,08 теңге/рубль, 375-383 теңге/доллар, 415-423 теңге/евро және 53,8-54,8 теңге/юань.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу