Валюта болжамы: 3 сәуір -7 сәуір

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

Atameken Business Channel өз оқырмандарына (3-7 сәуірге арналған) кезекті апталық валюта болжамын ұсынады.

Сарапшылардың пікірінше, келесі аптада валюта бағамына АҚШ-тағы мұнайдың коммерциялық қоры туралы статистикалық мәлімет негізгі ықпал етпек.  Өткен аптада «қара алтын» бағасы нығайғанына қарамастан, алдағы кезеңде баға белгілеуге жағымсыз әсер етуі мүмкін бірқатар фактор бар екенін баса айтады сарапшылар. Жалпы сарапшылар  теңге мұнай бағасының қозғалысын қайталайды деген пікірге саяды. Мұнай бағасынан бөлек, валюта бағамына АҚШ-тағы макроэкономикалық статистиканың жариялануы да әсер етуі мүмкін. Алдағы аптадан күтілетін валюта болжамы туралы толығырақ дәстүрлі сауалнамамыздан оқыңыздар. 

Наталья Мильчакова, «Альпари» талдау департаменті директорының орынбасары:

3 сәуір -7 сәуір

Теңгенің долларға қатысты бағамы бойынша бір доллар 314-316 теңге аралығында, ал теңгенің рубльге қатысты бағамына келсек, бір рубль 5,5-5,6 теңге аралығында саудаланады деп болжаймыз. Жақын арада МЭЕҰ елдерінен жақсы хабар келмесе не АҚШ-тағы  мұнайдың коммерциялық қоры едәуір  қысқармайынша барреліне 51-53 долларға дейін арзандаған мұнай бағасы теңгенің одан әрі нығаюына кедергі келтіруі мүмкін. Алайда Қазақстан енді ресейлік мұнайды Өзбекстанға транзиттеуші болуы теңгеге жергілікті қолдау көрсетуі мүмкін, бұл Қазақстан бюджетіне қосымша табыс әкеліп, дағдарыс жағдайында сақтануға септігін тигізеді.

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің бастығы:

3 сәуір -7 сәуір

Ресейде салық аптасы аяқталды, сондықтан валюта бағамына АҚШ-тағы мұнай қоры мен ЖІӨ туралы статистикалық мәлімет ықпал етеді.

Келер аптада АҚШ долларының теңгеге қатысты бағасы қарқынды жылдамдықпен нығайып келе жатқан рубльге қатынастылығын қайталайтын болады. Осы аптада төл теңгенің нығаюы жалғасты, осылайша 31 наурыздағы таңғы сессиядағы орташа есептелген USD/KZT бағамы бір долларға шаққанда 313,76 теңгені  құрады, ал бір апта бұрынғы USD/KZT бағасы 316,56 теңгені құрады. Рубльдің өсімінен бөлек, мұнай бағасының жағымды динамикасы да теңгенің нығаюына септігін тигізіп келеді. Осы аптадағы АҚШ-тың қоры жөніндегі статистика мұнай өндірісінің артуын, оны импорттаудың қысқарғаны мен бензин мен дистилляттарға деген сұраныстың өскенін көрсетіп нарық қатысушыларын жақсылыққа үміттендіріп қойды, мұны АҚШ-тағы автокөлік маусымының басталуымен байланыстыруға болады. Келесі аптада теңгенің долларға қатысты бағамы рубльдің жолын қайталап, бір АҚШ долларына  310 теңгені құрап 2015 жылдың желтоқсан айындағы деңгейге жетуі мүмкін.

Осы аптада рубль 2015 жылдың орта шеңінен кейінгі ең жоғары көрсеткіштерді жаңартты да, дамушы елдердің валюталары арасында ең үздік нәтижені көрсетті. Нығаюдың себебі – мұнай бағасының күрт ауытқуы және кэрри-трейдерлер үшін алып-сатарлық қызығушылықты үдетіп келе жатқан мөлшерлеме. Рубль таң қаларлық жылдамдықпен нығайып келеді, бұл рубльдің әлсіз бағамын дұрыс көретін билік үшін мазасызданудың себебі болуы мүмкін. Ал мұнай нарығындағы құбылмалылық та, қаржы министрлігінің Резервтік қорға валюта сатып алуы да, салық аптасының аяқталуы да рубльге әсер етіп жатқана жоқ, тіпті, Орталық банктің негізгі мөлшерлемені төмендетуін рубль мүлде елемеді. Рубльдің өсуіне байланысты экспорттан түсетін табыстың төмендеуі биліктің көңілінен шықпайды, сол себепті билік тарапынан жасалуы ықтимал вербальді интервенциялар рубльдің нығаюын тоқтатуы мүмкін. Алдағы аптада рубльдің өсуі бірАҚШ долларына 54-55 рубль деңгейіне дейін өсуі мүмкін. Теңгенің рубльге қатысты бағамы бір ресейлік валютаға  5,5-5,6 теңгені құрауы мүмкін.

Ерлан Қойшыбаев, Gerchik&Co компаниясының веб-серіктесі:

3 сәуір -7 сәуір

Өткен аптада әлемдік валюта нарықтарында доллардың нығаюына байланысты келесі аптада біз теңгенің әлсіреуін көреміз деп ойлаймын. Баға қозғалысының шегі бір долларға 314-320 теңгені құрайды.

Алдағы аптада мұнай бағасы төмендеуі ықтимал, бұл рубльдің құнына әсер етуі мүмкін.  РФ үкіметі өз валютасын нығайтуға шара қолданып  жатса да, баға шегі бір рубльге 5,4-5,6 теңгені құрайды.

Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:

3 сәуір -7 сәуір

Теңгенің долларға қатысты бағамы динамикасы мұнай бағасын белгілеудің қозғалысын қайталайтын болады деп ойлаймын. Осы аптадағы бір доллар үшін болжам шегі 310-317 теңге. Теңге мен рубльдің арақатынасы күшеюі мүмкін. Рубльге қатысты ауытқу шегі 5,4-5,6 теңге болуы мүмкін. 

 

 

Богдан Зварич, «ФИНАМ» компаниясы тобының сарапшысы:

3 сәуір -7 сәуір

Алдағы апта жайын айтар болсақ, онда теңге/доллар жұбының қозғалысына әсер етуі мүмкін бірнеше факторларды атап кету керек. Оның біріншісі – қуат тасымалдаушылар нарығы динамикасының бұрынғыша қалуы. Бұл жерде инвесторлардың  мұнай және мұнай өнімдерінің қорларына қатысты апта сайынғы статистикаға баса назар аударып отырғанын айта кету керек. Егер алдағы аптада қор төмендейтін болса, онда ол мұнай бағасының өсуіне едәуір себеп болады. Сонымен біре көмірсутек нарығы МЭЕҰ+ келісімін екінші жарты жылдыққа ұзарту туралы жаңалықты қолдауға мүмкіндік береді. Былтырғы жылдың соңында осы келісімге қол қойған елдердің ұзарту туралы келісімге жасаған өтініші мұнай бағасын көтеріп,рессейлік активтердің сұраныстың артуына себеп болады. Сондай-ақ АҚШ-тың маңызды мақроэкономикалық статистикасы, яғни алдағы аптада жарияланатын қайта өңделетін өнеркәсіптегі және қызмет көрсету саласындағы іскери белсенділік индексі, құрылысқа, өнеркәсіптік тапсырыстарға жіберілетін шығындар мәліметі, ФРЖ отырысының хаттамасы, еңбек нарығына бойынша статистика топтамасы ойыншылардың назарында болады. Бұл мәліметтердің жарық көруі – инвесторларға алдағы отырыстарда жоғары тәуекелді активтер сегментіндегі сұраныс беталысына әсер ететін америкалық реттеушінің мөлшерлемені көтеру мүмкіндігін қайта қарауға мүмкіндік береді.

Мұндай жағдайда теңге нығайып, доллар 312 теңгеге дейін түседі деп ойлаймыз. Ал рубль 5,6 теңге деңгейінде болады деп ойлаймын. 

Әли Сағындықов, «Евразийский Капитал» АҚ сарапшысы:

3 сәуір -7 сәуір

Дәл қазіргі уақытта теңгенің нығаюына негізгі себеп – шетелдік валютаға деген сұраныстың ұсыныстан асып түсуінде. Ұлттық банктің тікелей араласуының болмауы қазіргі рубльдің теңгеге қатысты арақатынасын қолдауға байланысты болуы мүмкін. Осы аптада мұнай бағасы күрт өзгермесе, рубль бағамы өзгереді деп ойламаймыз. Біздің болжамымыз теңге/доллар – 312-316; теңге-рубль – 5,50-5,65. 

 

Дархан Лұқпанов, «Цесна Капитал» АҚ сарапшысы:

3 сәуір -7 сәуір

Өткен аптадағы теңгенің нығаюы жыл басында болған факторлардың қайталануы негізінде болды. Яғни мемлекеттік құнды қағаздар және банктік депозиттер арқылы ұсынылған ұлттық валютадағы табыстылық тартымдырақ болады. Табыстылықтағы едәуір тиімді ерекшелік валюта бағамдарының керри-трейд арқылы іске асуында. Шетелдік инвесторлар үшін теңгенің қатысуымен керри-трейдті іске асыру белгілі кедергілер туындатады. Теңгенің осылайша нығаюы ресейлік рубль арқылы жүзеге асады. Наурыз айы бойына рубль нығайды, ал теңге болса тұрақты қалпында қалды. 

Біздің ойымызша, осы апта бойына теңге қткен аптадағы рубльдің динамикасын қайталайтын болады. Біздің болжамымыз бойынша, доллар/теңге жұбы 308-312 теңге көлемінде болады. Ал рубль-теңге жұбы 5,5-5,55 теңге болады.  

Иван Капустянский, ForexOptimum сарапшысы:

3 сәуір -7 сәуірДоллар/ теңге валюта жұбы бойынша техникалық сипат айтарлықтай тұрақты және нақты болып қалмақ. Ақпан айының соңынан бастап 310-320 теңге деңгейі барысын байқап отырмыз. Біздің ойымызша, валюталық жұп осы ауқымды ұстап тұрады. Жоқ дегенде мұнай нарығындағы тұрақтылық тұрған кезде осылай тұрады. Дегенмен Brent маркалы мұнай бойынша пайда керісінше шикізат нарығына қатысушы ойыншылардың жағында болып тұр. Бағаны белгілеу әлі де жалғасуда, таяу арада 53,70 деңгей сынақтан өтуі мүмкін. Осының негізінде валюталық жұп доллар/теңгені 310 теңге көлемінде сынақтан өтуі мүмкін. Сонымен бірге теңгенің нығаюына ресейлік валютаның өсуі әсер етуі мүмкін. Осы аптада рубль/теңге жұбын 5,500-5,555 бағдарында нығаюы мүмкін. Осы аптада доллар/рубль жұбы екі жылғы мөлшерді жаңартты. Жалпы валюта жұбы өсетін болады. Ең жоғары деңгей 5,700 болады.

Евгений Чекай, «АНАЛИТИКА Онлайн Казахстан» компаниясының бас қаржылық сарапшысы:

3 сәуір -7 сәуір

Өткен аптада мұнай бағасы апталық максимумға жетіп жоғарылады. Brent маркалы мұнай беррелінің бағасы Ливиядағы ірі мұнай құбырының жұмысы тоқтатылды деген хабардан кейін көтерілді. АҚШ-тағы шикі мұнай қоры туралы статистикалық мәлімет нарық болжамдарына сай келді. Америка мұнай институтының дерегі бойынша, шикізат қоры 1,9 млн баррельге ұлғайды, ал нарық 2 млн баррель деп болжаған болатын. Алайда өткен аптаның басынан бастап байқалған бағаның өсуіне қарамастан, мұнай нарығына жағымсыз әсер ете алатын факторлар жетерлік. Оның ішінде: АҚШ-тағы мұнай өндірісінің артуы, мұнай өндіруді шектеу жөніндегі келісімді бірқатар елдердің сақтамауы, сондай-ақ Сауд Арабиясының сәуір айында қара алтын өндірісін күніне 150 мың баррельден артық мөлшерге ұлғайту туралы жоспары. Мұндай «іргетас» сатуға негіз береді, сондықтан Brent маркалы мұнай тағы сәл жоғарылап, кейінірек барреліне 49 долларға қайта келуі әбден мүмкін. Ал теңге бір долларға 317-318 деңгейіне көтеріледі деп есепетймін.

2016 жылдың ақпан айынан бастап RUB/KZT бағамы әлсіреп келеді және жақын арада бұр үрдіс өзгере қоймас. Бұл 2015 жылы рубльдің құны 2,5 теңгеге дейін жеткен минимумдардан кейін, Қазақстан теңгені рубльге қатысты арзандату саясатын таңдауымен байланысты.  Осыған орай АҚШ долларға да теңгеге қатысты әлсірейді. Мұндай саясат Қазақстан экономикасына Ресейге қатысты бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік берді.

Бүгінде бір рубль 5,603 теңге тұрады, менің ойымша, Қазақстан валютасы осы аптада 5,5-5,7 деңгейінде тұрақтап тұрады.

3 сәуір -7 сәуір

 

 

 

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу