Валюта болжамы: 30 сәуір - 4 мамыр

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

Atameken Business Channel теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (30 сәуір – 4 мамыр).
30 сәуір - 4 мамыр30 сәуір – 4 мамырға арналған валюта болжамы

Аbctv.kz сауалнамасына қатысқан сарапшылардың пікірінше, алдағы аптада валюта бағамын қалыптастыруда сыртқы факторлар тағы да негізгі рөл атқаратын болады. «Альпари» компаниясының сарапшысы әсер етуші триггерлер ішінен шиеленіскен геосаяси жағдай мен АҚШ Федералдық резервтік жүйесінің пайыздық мөлшерлемені көтеруі мүмкін екендігін ерекше атап кетті. Ал «Астана-Инвест» компнаиясы болса Федерацияның экономикасына қысым көрсетіп отырған Ресейге қарсы санкцияларға назар аударады. Сондай-ақ «Астана-Инвест» инвестициялық үй» және «Телетрейд Групп» компаниясының сарапшылары доллар индексінің өсіне мән берді. «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ сарапшылары бұған АҚШ еңбек нарығы бойынша жағымды мәліметтердің болуы әсер етіп отыр деп түсіндірсе, «Телетрейд Групп» компаниясының сарапшылары 10 жылдық америкалық қазынашылық облигациялардың табыстылығы динамикасының өсуі көмек болды дегенді айтты.

Біздің сауалнамаға қатысқан сарапшының барлығы дерлік энергия тасымалдаушылар нарығындағы жағдайға баса назар аударып отыр. Оның ішінде АҚШ-тың ирандық келісімнен шығуға және Ақ үйдің Иранға қарсы санкциясына қатысты шешімді күту тақырыбына байланысты алып-қашпа әңгіменің жалғасып жатқаны ерекше атап көрсетілді.

Ішкі факторлар туралы сөз қозғағанда сарапшылар 2018-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бюджеттің түзетілгенін және Қазақстан экономикасының көрсеткіштері, оның ішінде банк депозиттерінің динамикасы, ЖІӨ-нің өсуін атап кетті.

Сарапшылардың толық пікірін аbctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.

 

Наталья Мильчакова, «Альпари» сараптамалық компаниясы департаментінің орынбасары:

30 сәуір - 4 мамырШиеленіскен геосаяси жағдай мен 2 мамыр күнгі отырыста АҚШ-тың пайыздық мөлшерлемені жаңадан көтеруін күту – биржа ойыншыларының тәуекелді активтерден шығуына әкеліп отыр. Егер АҚШ пайыздық мөлшерлемені көтермейтін болса, онда бұл дамушы нарықтардағы жағымсыздықты жояды. Brent маркалы мұнай бағасы көрсетілген уақыт ішінде 0,1%-ға арзандап, дамушы елдердің «мұнай» валютасын шамалы болса да қолдаудан айырды.

Қазақстанда 2018-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет түзетілді, бұл осы кезеңге арналған ресми макроэкономикалық болжамның түзетілуімен байланысты. Қазақстан қаржы министрлігі 2018 жылы мұнайдың бір баррелінің орташа бағасы 55 доллар болады да, теңгенің долларға қатысты айырбас бағамының орташажылдық деңгейі бір долларға 340 теңгеге жетеді деп отыр. Сонымен қатар қаржы министрлігі 2018 жылы Қазақстандағы ЖІӨ-нің өсуі 3,8%-ға жетіп, тұтыну бағасының инфляциясы жылына 5-7%-ға дейін төмендейді дегенді айтты. Осыған сәйкес шикізат бағасының өсуімен байланысты 2018 жылы мемлекеттік бюджетке 181,4 млрд теңге қосымша табыс түсуі мүмкін.

Теңгенің долларға қатысты бағамы бойынша жаңа болжамымыз бір доллар 326-328 теңге болады. Сонымен қатар теңгенің рубльге қатысты бағамы да өзгеріп бір рубль 5,21-5,26 теңгеге дейін өседі деп отырмыз.

 

Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:

30 сәуір - 4 мамырБейсенбі күні америкалық биржа алаңдары сауда сессиясын 10 жылдық қазынашылық облигациялардың кірістілігі үш пайыздық көрсеткіштен төмен болуымен аяқтады.

S&P 500 нарығының индексі 1,04%-ды қосып алып, 2666, 94 пункт деңгейінде жабылды. Сондай-ақ, Dow Jones өнеркәсіптік индексі 0,99%-ға, NASDAQ жоғары технологиялық индексі 1,64%-ға өсті.
Ал 10 жылдық қазынашылық құнды қағаздардың кірістілігі 2,99%-ға дейін үш базистік көрсеткішке төмендеді.

Өткен сауда қорытындысы бойынша мұнай котировкасы 0,86%-ға өсіп, сауданы 74,74 доллар шамасында жапты.

АҚШ-тың иран келісімінен шығуы және 30 сәуір күні The ICE Futures Europe биржасында өтетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстік экспирация тақырыбындағы алып-қашпа әңгіменің жалғасуы, «қара алтынның» бағасын жылдық максимумға жақын етіп ұстап тұр.

Осы орайда Oxford Economics компаниясының сарапшылары мұнай бағасының жоғары болуы әлемдік экономиканың өсу қаупін тудыруы мүмкін дегенді айтты. Егер мұнай бағасы 85 доллар болатын болса, әлемдік ЖІӨ екі жыл ішінде шамамен 0,6% жоғалтуы мүмкін.

Қазіргі уақытта Brent маркалы мұнай жергілікті қолдау арқылы 74 және 72,80 доллар бағасында саудаланып отыр. Негізгі орналасым 71 долларға шамасында. 
Біздің болжамымызша, келесі аптада негізгі үш валюта жұбы бойынша теңге бағамы рубльге шаққанда 5,2-5,5 теңге, доллар – 325-328 теңге және еуро 398-401 теңге аралығында болады.

 

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:

30 сәуір - 4 мамырБатыстың санкциялары Ресей экономикасына, оның ішінде рубльге қысым жасауы жалғасуда. Бұған АҚШ еңбек нарығы бойынша мәліметтер арқасында өсіп отырған доллар индексі қосымша фактор болып отыр. Таяу арада рубль нығаяды деп күтіп керек емес. Теңге де рубльдің бағамын қайталап, төмендеуі мүмкін. Бірақ Ұлттық банк саудаға араласа қоймайды және ресейлік рубльдің күрт төмендеп кеткенін көрмейміз. Бірақ теңге де рубль сияқты жақын арада нығая қоймады.

Мұнай бағасының өсу-өспеуі Ақ үйдің Иранға қарсы санкциясына қатысты шешімге тәуелді болады. Санкция енгізілетін болса, онда мұнай бағасы өсуі мүмкін. Бірақ мен мұнай өсуін тоқтатады деп ойлаймын.

Келесі аптаға ұсынып отырған болжамым: бір доллар 62-64 рубль, бір АҚШ доллары 326-331 теңге, бір рубль 5,2-5,4 теңге, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 71-75 доллар, бір биткойн 8000-11000 доллар.

 

Олег Богданов, «Телетрейд Групп» компаниясының бас сарапшысы:

30 сәуір - 4 мамырӘлемдік қаржы нарығындағы басты қозғалыстар қазір АҚШ қазынашылық облигацияларының кірістілік динамикасымен анықталады. 10 жылдық қағаздар бойынша кірістіліктің 4 жылда ең жоғарғы шамаға яғни 3%-ға дейін өсуі, валюта нарығында доллардың күрт қарқын алуына әкелді. DXYдолларының индексі 89-дан 92 көрсеткішке дейін өсті. Доллар негізгі валюталарға қатысты ғана нығайып қойған жоқ, сондай-ақ emerging markets валютасына қатысты да нығайды. Рубль, аустралиялық, канадалық доллар және қазақстандық теңге төмендеді. АҚШ қазынашылық облигацияларының кірістілігі ойыншылардың тәуекелге деген тәбетін азайтты. Бұл үрдіс жалғасады деп ойлаймыз. Осыған сәйкес теңгенің доллар мен еуроға қатысты бағамы әлсірейді. USD/KZT жұбы бойынша мақсат 335, EUR/KZT жұбы бойынша 405 болады. Ресейлік рубль теңгеге қарағанда төмен болып көрінеді, бұл жерде теңгенің рубльге қатысты бағамы 5 теңгеге дейін өседі деуге болады.

 

Дмитрий Лукашов, IFC Markets компаниясының сарапшысы:

30 сәуір - 4 мамырӨткен аптада теңгенің долларға қатысты бағамы еш өзгермеді. Бұған Сүриядағы жағдай мен мұнай бағасының жоғары болуы себеп болды. Brent маркалы мұнай бағасы үш жылдағы шамасын өзгертіп, әзірге 70 доллардан жоғары бағада сенімді саудаланып отыр. Инфляцияны одан әрі төмендету теңгеге қолдау болды. 2018 жылдың бірінші тоқсанында инфляция 4,2%-ға қысқарды, ал 2017 жылы ол небәрі 1,7%-ға ғана қысқарған болатын. Валюта бағамының тұрақтылығы Қазақстандағы банк депозиттерінің динамикасына әсер етті. Наурыз айында шетелдік валютада салынған салымдар көлемі 3,1%-ға азайды, ал теңгемен салынған салымдар 1,8%-ға өсті. Қазақстандық валютаның нығаюына 2017 жылы Қазақстанның сыртқы қарызының 7,7 млрд долларға өскені туралы хабар кедергі болуы мүмкін. Сыртқы қарыз ЖІӨ-ден 29%-ға жетті.

Өткен аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы біршама нығайды. Бұған Қазақстандағы ЖІӨ-нің бесенді өсуі көмек болған болу керек. Осы жылдың бірінші тоқсанында ЖІӨ 4,1%-ды құрады, ал Ресейде ол 1,1% болды. Ресейлік рубльге РФ Орталық банктің негізгі мөлшерлемені 7,25% деңгейінде сақтау туралы шешімі қолдау болды.

Келесі аптада құбылмалықтың болжамдық ауқымы бір рубль 5,13-5,34 теңге, бір доллар 323-332 теңге болады.

30 сәуір - 4 мамыр

 

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу