Валюта болжамы: 31 шілде - 4 тамыз

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

Atameken Business Channel оқырмандарға алдағы аптаға (31 шілде - 4 тамыз аралығына) теңгенің доллар мен рубльге қатысты валюта болжамын ұсынады.

31 шілде - 4 тамыз Аbctv.kz сауалнама жүргізген сарапшылардың басым бөлігі алдағы аптада теңге бағамы мұнай  бағасына қарай анықталады деген ойда. Ол түсінікті де.  АҚШ пен Ресейдің Орталық банктері өткен аптада негізгі  мөлшерлемелерді өзгеріссіз қалдырды.

Бір апта бұрын  Ұлттық банк те осындай шешім қабылдаған болатын. Өткен аптаның соңына қарай «қара алтын» бағасы барреліне 52 долларға дейін көтерілді. Бұл жаңалық теңгеге әсер ете қоймаса да, ішкі валюта нарығына үлкен психологиялық әсер берері сөзсіз. Отандық сарапшылардың бірқатары теңге мұнай бағасының көтерілуіне міз бақпай келе жатқан рубльмен қосақталып жылжып келеді дейді.

Дегенмен abctv.kz сауалнама алған сарапшылардың консенсус болжамы  өткен аптамен салыстырғанда теңгенің нығаятынын көрсетеді. Әдеттегідей сарапшылардың пікірін толығырақ abctv.kz әзірлеген сауалнамадан оқи аласыз.

Наталья Мильчакова, «Альпари» талдау департаменті директорының орынбасары:

31 шілде - 4 тамыз

19-26 шілде аралығында дамушы елдердің нарығы нақты жылжу бағытын айқындай алмаған жағдайда болды.  Бұл негізінен АҚШ ФРЖ-ның пайыздық мөлшерлеме мен мұнай нарығының серпіні туралы шешім күтуге байланысты болды.  ФРЖ мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды, бұлай болады деп күтілген еді. Brent маркалы мұнай 2,4%-ға қымбаттап, психологиялық маңызды барреліне 50 доллар көрсеткішінен асып түсті, алайда «мұнай» валюталарына шикізаттың қымбаттауы әрқалай әсер етті.  Мұнай бағасы жыл басындағы деңгейіне жете ме, жоқ па ол әлі белгісіз.

Қазақстанда Ұлттық банк пайыздық мөлшерлемені 10,5% деңгейінде қалдыру шешімін қабылдады. Бұл жаңалық теңгеге керемет әсер еткен жоқ, себебі Ұлттық банктен осындай шешім күтілген еді. Алайда кейбір БАҚ-та теңгеге девальвация жасалады деген негізсіз сыбыстар пайда болды, бірақ ол расталмады. Теңгенің долларға қатысты бағамына мұндай жаңалық жағымсыз әсер еткен сияқты.

Теңгенің долларға қатысты бағамы бойынша болжамымызды бір долларға 325-328 теңге деп өзгертеміз, теңгенің рубльге қатысты бағамы бойынша бір рубль 5,45-5,65 теңгеге саудаланыд деп болжам жасаймыз.

Әліби Нұрбаев, «Қазақстан қаржылық орталығы» ЖШС бас сарапшысы:

31 шілде - 4 тамыз

Санкт-Петерборда өткен ОПЕК+ мұнай өндірісін шектеуді бақылау жөніндегі комитет отырысының қорытындысы  теңге үшін өткен аптаның ең маңызды оқиғасы болды. 2018 жылдың бірінші тоқсанынан кейін мұнай өндірісін бұғаттау туралы келісімді ұзартуға ұсыныс жасалды, Сауд Арабиясы бірінші тамыздан бастап мұнай экспортын тәулігіне 6,6 млн баррельге дейін қысқартуға дайын екенін білдірді, Нигерия өндіріс көлемін тәулігіне 1,8 млн баррельге жеткізгеннен кейін мұнай келісіміне қосылуға дайын. Осы жаңалықтардың әсерінен кездесуден кейін мұнай бағасы шамамен 3%-ға көтерілді.

Мұнайға жағымды әсер еткен басқа да жаңалықтар болды. Американың тақтатас мұнайшылары мұнай бағасын ретту мәселесі бойынша Картелмен келіссөз жүргізуге тілек білдірді.

Дональд Трамптың әкімшілігі Венесуэлаға қатысты санкция қолданбақшы, яғни бұл елден мұнай импорттауға тыйым салынбақшы. Венесуэланың президенті Николас Мадуро Ұлттық ассамблеяның билігін әлсіретіп, мемлекет басшысының құзыреттерін күшейту мақсатында ел конституциясын өзгертуге бел буды. Еске сала кетсек, Венесуэлада сәуір айының басынан бастап жаппай наразылық шерулері өтіп жатыр, соңғы мәлімет бойынша 90-нан астам адам қаза болған.

Осы аптада АҚШ-тың мұнай және мұнай өнімдерінің қоры туралы энергетика министрлігінің есебі жарияланды, оған сәйкес АҚШ-тың мұнай қоры есептік аптада 7,21 млн беррельге қысқарған.

Кувейт Сауд Арабиясының үндеуіне құлақ асып, мұнай нарығында тепе-теңдікке қол жеткізу үшін күш біріктіруге қосыламын деп шешті. Кувейттің мемлекеттік мұнай корпорациясы (KuwaitPetroleumCorporation) ресми түрде АҚШ-тың клиенттерін 2017 жылға белгіленген мұнай сату көлемін қысқартатыны туралы хабарлағанын мәлімдеді.

Осындай жағымды жаңалықтардан кейін мұнай бағасы көтеріліп келеді. Сондықтан аптаның соңында жақсы көрсеткішке жету әбден мүмкін, мұнай бағасы барреліне 50 доллардан жоғары саудаланып тұр, бұл болашақта бағаны барреліне 55 доллар деңгейіне жеткізуге мүмкіндік береді.

Жақсы жаңалықтардың әсерінен және мұнай бағасының қымбаттауына орай теңгенің долларға қатысты бағамы едәуір нығаюы ықтимал.

Ал көршілеріміздің жағдайы біз ойлағандай мәз емес. АҚШ-тың Ресейге қатысты қолданып жақтан санкциялары  достық қатынастарды қалпына келтіруге еш мүмкіндік қалдырмай жатыр. АҚШ сенаты Ресей, Иран және ҚХДР-ге қатысты қосымша санкциялар қолдануды көздейтін заң жобасын мақұлдады. 25 шілдеде заң жобасын АҚШ конгресі өкілдерінің палатасы да құптады. Одан әрі заң жобасы АҚШ президенті Дональ Трампқа қол қоюға жіберіледі. Заң жобасында Ресей экономикасының түрлі салаларына қатысты санкция қолдану көзделген. Одан бөлек қолданыстағы санкцияларды кодтау ұсынылып отыр, бұл АҚШ президентін қолданылған санкциялардың тағдыры бойынша шешім қабылдау мүмкіндігінен айырады. Қосымша санкциялардың әсерінен ресейлік рубль ортамерзімдік болашақта қысымға алынады.

Валюта жұптары бойынша алдағы аптаға берер болжамымыз: USD/KZT жұбы бойынша бір долларға – 322-327 теңге, RUB/KZT жұбы бойынша бір рубльге – 5,45-5,55 теңге.

Әли Сағындықов, «Еуразиялық Капитал» АҚ сарапшысы:

31 шілде - 4 тамыз

ОПЕК кездесуінде тамыз айынан бастап мұнай экспортын қысқарту туралы Сауд Арабиясының мәлімдемесі, Нигерияның өндіріс көлемін қысқартам деген уәдесі, сондай-ақ АҚШ-тағы мұнай қорының қысқаруы туралы мәліметтер Brent маркалы мұнай бағасын барреліне 51 долларға дейін көтерді. Осыған орай алдағы аптада мұнай бағасы ауытқусыз 50-51 доллар деңгейінде сақталып тұруы ықтимал. Бұл рубль мен теңгенің нығаюына жол ашады. Теңгенің долларға қатысты  бағамы 323-326 шамасында, теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,45-5,55 шамасында болады деп күтіледі.

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің бастығы:

31 шілде - 4 тамыз

Өткен аптада АҚШ-тағы мұнай қорының қысқаруы мен ОПЕК + бақылау комитетінің кездесуінен кейін мұнай бағасы өсті, кездесу барысында Сауд Арабиясы мұнай экспортын төмендету туралы ал Нигерия мұнай өндірісін қысқарту туралы уәде етті. Мұнай бағасының өсуі рубльге көрсетілген саяси қысымды сәл әлсіретті – АҚШ сенаты төменгі палатаның артынан Ресей, Иран және ҚХР-ге қатысты жаңа санкциялар қабылдау туралы заң жобасын қабылдады. АҚШ президенті қол қойғаннан кейін заң жобасы заңды күшіне енеді. Дегенмен бұл жаңалық федералдық қарыз облигацияларына деген қызығушылықты әлсірете қойған жоқ, сәрсенбі күнгі сауда-саттық сәтті өтті. ФРЖ-ның шешіміне орай доллардың төмендеуі де рубльге қолдау көрсетті. Әзірше рубльге деген қызығушылық сақталып тұр, алайда оған деген қысым артып келеді. Мұнай бағасының қымбаттауына қарамастан оның нығаю жылдамдығының әлсіздігі осыны байқатады. Алдағы аптада рубль бір АҚШ долларына шаққанда 58-61 рубль шамасында саудаланды деп ойлаймыз, USD/KZT бағамы бойынша 325-330 шамасында, RUB/KZT  жұбы бойынша бағам – 5,40-5,60.

Сергей Полыгалов, TeleTradeCentralAsia талдау тобының басшысы:

31 шілде - 4 тамыз

Келесі аптада USD/KZT жұбының бағамын мұнай нарығы мен АҚШ-тың сататистикалық мәліметтері қалыптастырады.

Мұнай нарықтың барлық қатысушыларына ыңғайлы болатын Brent маркасы бойынша  46-51 долларды құрайтын баға дәлізін қалыптастыруы ықтимал. Жаз соңына қарай баға жоғарғы шегінде сақталып тұруы мүмкін, бұл қазақстандық теңгеге нығаюға жол ашады.

Долларға макростатистика қолдау көрсетуі мүмкін. Алдағы аптада дәстүрлі түрде АҚШ-тың еңбек нарығы туралы мәліметтер жарияланады. Жұмыссыздық деңгейі 0,1%-ға төмендеп, 4,3%-ға жетеді деп күтілуде, шілде айында 188 жаңа жұмыс орны ашылды. Еңбек нарығы бойынша жағымды жаңалық ФРЖ-ға пайыздық мөлшерлемені кестеге сәйкес көтеруге мүмкіндік беруі ықтимал.

Алдағы аптаға USD/KZT жұбы бойынша бағам бір долларға 323-330 теңгені құрайды.

Мұнай бағасының қымбаттауы рубльге қолдау көрсетіп тұр. АҚШ Конгресінің Ресейге қатысты жаңа санкциялар қолдану туралы шешімі жағымсыз ықпал етіп отыр. Егер мұнай бағасы 49-50 доллар шамасында сақталып тұрса, бұл РФ-ның ұлттық валютасын бір америкалық долларға қатысты 60 рубльге саудалануына мүмкіндік береді. Ал егер мұнай бағасы 48 доллардан төмен түссе,  рубль бір долларға 61-63 рубльге дейін әлсірейді.

RUB/KZT жұбы бойынша болжамымыз бір ресейлік рубльге 5,45-5,55 теңге деңгейінде сақталады.

Ерлан Қойшыбаев, Gerchik&Co компаниясының веб-серіктесі:

31 шілде - 4 тамыз

 

Әлемдік валюта нарығында доллар бағамының әлсіреуі, сондай-ақ мұнай бағасының көтерілуі теңгенің айырбас бағамы бір долларға шаққанда 325-330 теңге шамасында қозғалуына ол ашады. Теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,3-5,8 шамасында болады деп күтіледі.

 

 

Дархан Лұқпанов, «Цесна Капитал» АҚ сарапшысы:

31 шілде - 4 тамыз Теңге мен рубльдің долларға қатысты бағамдары алдағы аптада қымбаттаған мұнай мен Ресейге қатысты қолданылатын санкцияларға байланысты тепе-теңдікті сақтап тұрады. Сәйкесінше, келер аптада бұл валюталардың бағамы екі фактордың қайсысы күшеюіне байланысты белгілі бір бағытқа қарай күрт өзгеруі мүмкін. Біздің ойымызша, санкция алдағы аптада шешім таппайды және аталған фактор уақытша екінші орынға ысырылады. Осыған орай алдағы аптада USD/RUB және USD/KZT жұптары бойынша сәл нығаю байқалады деп ойлаймыз. USD/RUB жұбы бойынша орташа апталық бағам – 58-59, USD/KZT – 322-327, RUB/KZT – 5,45-5,5.

Михаил Цой, «Аналитика Онлайн Қазақстан» компаниясының бас қаржы сарапшысы:

31 шілде - 4 тамыз

Бұл апта теңге үшін тыныш өтті, жалпы, теңге долларға қатысты 325 деңгейіне дейін нығайып, 326,7 деңгейінде саудаланып отыр. Келер апта да теңге үшін жайла болады деп күтілуде, бағам бір долларға 325-330 теңге шамасында саудаланады деп ойлаймыз.

Рубль теңгеге қатысты 5,4-5,52 шамасында саудаланып тұр. Алдағы аптада Ресейде соңғы салық төлемдері жүргізіледі, бұл рубльге қолдау көрсетіп тұрған еді. RUB/KZT жұбының бағамы 5,4-5,52 шамасында саудалануын жалғастырады.

Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:

31 шілде - 4 тамыз

Әлемдік нарықта қымбаттап жатқан мұнай бағасы теңге бағамына қатты әсер ете қойған жоқ. Инвесторлар Brent маркалы мұнай бағасының өсу үрдісіне сенімсіздік танытқан сыңайлы. Дегенмен Қазақстан валютасы сәл де болса нығаяды деп ойлаймын. Алдағы аптаға берер болжамымыз бір долларға 320-328 теңге және бір ресейлік рубльге 5,42-5,52 теңге.

 

Богдан Зварич, «ФИНАМ» компанияла тобының сарапшысы:

31 шілде - 4 тамыз

Алдағы аптада теңгеге екі негізгі актор ықпал етеді. Біріншісі энергия тасымалдаушылар нарығы – АҚШ-тағы көмірсутек қорының қысқаруының арқасында Brent маркалы мұнай 52,5 доллар деңгейінде нық тұрып, барреліне 54-58 долларға дейін жетуі мүмкін, бұл өз кезегінде қазақстандық валютаға қолдау көрсетеді. Екінші фактор – АҚШ-тың макроэкономикалық статистикасы. Статистика инвесторлардың көңіл-күйіне әсер етіп, жоғары тәуекелді активтерге деген көзқарасына ықпал етеді.

Орын алған жаңдайда доллардың сәл әлсіреуі байқалады, бір америкалық доллар 323 теңге шамасында саудаланады, ал рубль 5,5 теңге шамасында болады.

31 шілде - 4 тамыз

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу