Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Atameken Business Channel теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (4 желтоқсан – 8 желтоқсан).
Өткен бейсенбідегі ОПЕК-тің кезекті саммиті мұнай өндіру көлемін шектеу туралы келісімнің мерзімін ұзартып, нарықтың күткен үмітін ақтады десе болады. Осыны күтіп тұрғандай-ақ «қара алтын» бағасы бірден көтерілді. Алайда кейбір сарапшылар мұның артынша баға қайта реттелуі мүмкін екенін айтып отыр. Өткен аптада осындай пікірді TeleTrade компаниясы тобының сарапшысы айтса, осы аптада бұл пікірді TeleTrade Central Asia тобының сарапшысы алға тартып отыр.
Ал IFC Markets сарапшысы болса келесі жылдың маусым айында нарық келісімді қайта қарауды күтетінін болжап, мұндай екіжақтылық мұнайдың әлемдік бағасының өсу әлеуетін шектейді деп есептейді. Сондай-ақ «Альпари» компаниясы жақын арада мұнай бағасынан алып-сатарлық баға кететінін, ал ол валюта бағамына бірден әсер ететінін баяндады.
«Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ, «ФИНАМ» компаниясы тобы сарапшылары мұнай бағасына қатысты жағымды пікір білдіруде.
Аbctv.kz-ке пікір білдірген сарапшылар АҚШ ФҚЖ-ның жаңа басшысының пайыздық мөлшерлемені қалыпқа келтіретінін, доллардың нығаятынын, АҚШ халқының қазан айында табысының өскенін, Трамптың салық реформасын және осы жылдың он айындағы ЖІӨ-нің 4%-ға өсуі сияқты ойларды тілге тиек етті.
Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған төмендегі сауалнамадан оқи аласыздар.
Мырзажан Байғонысов, Gerchik&Co - ның өңірлік серіктестігі – Bekis компаниясының аға менеджері:
Теңгенің долларға қатысты бағамы өткен аптада 330-333 шамасында болды. Алдағы аптада доллар бағасы 335 теңгеге дейін көтеріледі деп болжанып отыр, өйткені Дональд Трамп ФРЖ басшысы етіп тағайындаған Джерем Пауэлл саяси салдарға қарамастан, өзінің алдындағылардың жолын ұстанатынын айтты. Ол экономиканың күшті екенін, сондықтан ФРЖ балансы мен пайыздық мөлшерлемені қалыпқа келтіретін уақыт келді деп атап кетті. Тұтынушылық сенім бесінші ай қатарынан артып, 2000 жылдан бастап 17-ші максимумда қалып отыр.
Теңгенің рубльге қатысты бағамы өткен аптада 5,61-5,71 деңгейінде болды. Алдағы аптада баға шамасы 5,61-5,71 теңге болады деп болжанып отыр. Рубльге Ресей ОБ-ның саясаты қысым жасап отыр.
Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:
Рубль бағамының қозғалысы үшін басты драйвер соңғы кезде тек рубльге қатысты ғана емес, сонымен қатар басқа да негізгі әлемдік валюталарға қатысты доллар индексі болып табылады. Кез келген активтің төмендеуі шексіз жағдай емес, сондықтан қысқамерзімді кезеңде, яғни келесі аптада доллар шамалы болса да нығаяды деп ойлаймыз. Сол себепті рубль оның артынша теңге де әлсіреуі мүмкін. Мұнай әлі оң трендті ұстап тұр. Келесі аптада біршама өсуді көретін боламыз. Алдағы аптада бір доллар 58-60 рубль, бір рубль 5,6-5,8 теңге, бір доллар 330-335 теңге болады деп болжап отырмыз. Ал мұнайдың бір баррелі 63-66 доллар болады.
Сергей Полыгалов, TeleTrade Central Asia сараптау тобының жетекшісі:
Алдағы аптада теңге бағамына әсер ететін негізгі фактор мұнай бағасы болады.
Өткен бейсенбі күні Венада ОПЕК саммиті өтті. Онда мұнай өндіруді қысқарту туралы келісімнің алдағы уақыттағы тағдыры талқыға түсті. Саммитке қатысушылар келісімді 2018 жылдың маусым айына дейін ұзартқанына қарамастан, болжам жасау бойынша қарайтын болсақ, мұнай бағасы қысым астында қалуы мүмкін. Мұнай бағасы бір баррель үшін 62 доллар деңгейінен жоғары болу үшін қысқарту көлемін арттыру, өндіруге арналған квотаны төмендету, келісімге қатысушылар санын арттыру, келісімшартты орындау барысында қатаң шектеулер қою сияқты қосымша факторлар қажет. Саммиттен не күтілмеді. Менің ойымша, бұл кездесуден талап етілгеннен де зор үміт күтілген еді. Келісімнің жарамдылығы 2018 жылдың соңында аяқталады, ал осы уақытқа дейін қолда бар уағдаластықтан бірдеңені өзгерту оңай болмайды. Келісімді ұзарту туралы келіссөздер теориялық сипатқа ие болды ма деп ойлаймын. Нақты уағдастық туралы келісімшарттың уақыты бітуге жақындағанда айтуға болады. Менің ойымша, нарық тек үміт отын үрлеп отырған сияқты. Ертең саммит аяқталғаннан кейін мұнай бағасының құлдырап кетпесіне кім кепіл.
Ал мұнай бағасының төмендеуі қазақстандық теңге бағамына кері әсер етуі мүмкін. Осының салдарынан USD/KZT жұбы бір доллар үшін 332-335 теңге болуы ғажап емес.
Сондай-ақ ресейлік валютада мұнай бағасына тәуелді болады. Салық төлемдерін жасаудағы сұраныстың артуы сияқты факторда нарықтан кетеді. Тек ФОЗ-ды орналастыру мен төмен инфляция ғана қолдау болады. Сонымен қатар рубльге РФ қаржы министрлігінің және корпорациялардың сырты қарызды төлеу үшін шетелдік валютаны сатып алуы қысым болады.
Келесі аптада USD/RUB жұбы бір доллар үшін 58,50-59,00 рубль шамасында болуы мүмкін, осының нәтижесінде RUB/KZT жұбы бір рубль үшін 5,60-5,65 теңге болады деп отырмыз.
Михаил Цой, «Аналитика Онлайн Казахстан» компаниясының бас қаржы сарапшысы:
Теңге мұнай бағасының құбылмалығына тәуелді, сондықтан қазақстандық валютаның бағамы үшін басты фактор ОПЕК отырысының қорытындысы болмақ. Мұнай картелінің келісімді ұзартуға келіскенін ескеретін болсақ, теңге өзінің шектік деңгейіне жетіп бір доллар 330 теңге болуы мүмкін. Жалпы алдағы аптада USD/KZT бағамы бойынша баға белгілеу 329-334 теңге болады деп ойлаймын.
Ал RUB/KZT жұбы болса 5,55-5,65 теңге шамасында болады.
Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:
Бейсенбі күнгі сауда қорытындысы бойынша америкалық индекстер жаңа рекорд көрсетті. Dow Jones 24272 көрсеткішіне жетіп, соңғы 22 жылда алғаш рет сегіз айлық өсуді көрсетті.
Кеан қор алаңдарының оң динамикасы қазан айында халық табысының өсу статистикасы мен Трамптың слық реформасы бойынша сенатта дауыс беруді күту есебінен болып отыр.
ОПЕК-ке мүше елдер бейсенбі күні келісімді ұзартуға шешім қабылдады, сондай-ақ Нигерия мен Ливия үшін мұнай өндіруге шектеу қойды. Мұнай саудасы өткен сауда сессиясында бір баррель үшін 63,54 доллар болды. Егер қара алтын бағасы бір баррель үшін 65 доллардан асатын болса, онда оның бағасы 69,50 доллар болуға мүмкіндік бар.
Келесі аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,6-5,8 теңге, теңгенің долларға қатысты бағамы 330-332 теңге және теңгенің еуроға қатысты бағамы 390-393 теңге болады деп отырмыз.
Анна Бодрова, «Альпари» компаниясының аға сарапшысы:
Жаңа аптада доллар/ теңге жұбы 330,6-332,6 шамасында болады. Еуро/теңге жұбы 392,70-394,00 теңге шамасында қалады. Бағамға мұнай бағасының құбылмалығы және әлемдік инвесторлардың дамушы экономика валютасына деген сұранысы әсер етеді.
Рубль/теңге жұбының қозғалысы бойынша болжанып отырған шама 5,60/5,68 теңге.
Дмитрий Лукашов, IFC Markets компаниясының сарапшысы:
Өткен аптада теңге бағамы мүлдем өзгерген жоқ. Инвесторлар ОПЕК отырысы қорытындысы бойынша мұнай бағасы өзгереді деп күткен сияқты. Картель формалды түрде келісімді келесі жылдың соңына дейін ұзартты, бірақ ол шын мәнісінде маусым айында қайта қаралады. Мұндай екіжақтылық, менің ойымша, әлемдік мұнай бағасының өсу әлеуетін шектейді. Алдағы аптада теңге бағамы тұрақты болады деп ойламын. Оған осы жылдың он айындағы ЖІӨ-нің 4%-ға өсуі қолдау болады.