Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
02.5.2020 |
420-427 |
ГК «ФИНАМ»
02.5.2020 |
424-429 |
Forex Club
02.5.2020 |
420-425 |
Wall Street Invest Partners
02.5.2020 |
424-429 |
Gold Mining Capital
02.5.2020 |
420-430 |
DAMU Capital Management
02.5.2020 |
420-430 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
02.5.2020 |
5,60-5,90 |
ГК «ФИНАМ»
02.5.2020 |
5,6-5,8 |
Forex Club
02.5.2020 |
5,5-5,8 |
Wall Street Invest Partners
02.5.2020 |
5,75-5,80 |
Gold Mining Capital
02.5.2020 |
5,4-6,0 |
DAMU Capital Management
02.5.2020 |
5,8-5,95 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
02.5.2020 |
455-470 |
ГК «ФИНАМ»
02.5.2020 |
461-467 |
Forex Club
02.5.2020 |
455-461 |
Wall Street Invest Partners
02.5.2020 |
461-466 |
Gold Mining Capital
02.5.2020 |
460-470 |
DAMU Capital Management
02.5.2020 |
440-460 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
02.5.2020 |
60-62 |
ГК «ФИНАМ»
02.5.2020 |
59-62 |
Forex Club
02.5.2020 |
60,4-60,8 |
Wall Street Invest Partners
02.5.2020 |
60-61 |
Gold Mining Capital
02.5.2020 |
61-62 |
DAMU Capital Management
02.5.2020 |
55-60 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (4 мамыр – 8 мамыр).
27 сәуір- 1 мамырға арналған валюта болжамы
Қазір валюта бағамын қалыптастырып жатқан негізгі факторлар – макроэкономикалық триггерлер. Осы аптада inbusiness.kz басылымында өз болжамдарымен бөліскен сарапшылар жетекші орталық банктер қабылдаған шараларды сөз етті. Яғни олар АҚШ-тың Федералды қор жүйесі мен Еуропалық орталық банктің пайыздық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдыруына тоқталды. Сонымен қатар ҚР Ұлттық банкінің де әрекетін және мұнай нарығындағы ахуалды да ескерусіз қалдырмады.
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.
Анна Бодрова, «Альпари» бас аналитигі:
Сәуір айында қазақстандық валютаның долларға қатысты бағамы 4,5%-ға нығайды. Соңғы уақыттағы мұнай бағасының динамикасын ескерсек, бұл фактор теңге үшін өте жақсы көрсеткіш. Brent сұрыпты мұнай бағасы 15,98 долларға дейін құлдыраған болатын, қазір ол 24,30 доллар тұрады.Жалпы, теңгенің долларға қатысты бағамының әлсіреу көрсеткіші 12,6%. Келесі аптада, яғни мамырда бір доллар 420-427 теңге болуы әбден мүмкін. Ал бір еуро 450-485 теңге, бір рубль 5,50-6,00 теңге, ал бір юань 58-63 теңге болады.
Сергей Дроздов, «Финам» компаниялар тобының аналитигі:
Өткен сауда қорытындысы бойынша, америкалық биржа алаңдары оң көрсеткіштерге ие болды. S&P 500 индексі 2,66 пайызға көтеріліп, 2939,51 пунктке тірелді. Dow Jones индексі 2,21 пайызға көтеріліп, NASDAQ индексі 3,57 пайызға артты. АҚШ-тың 10-жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігі сол қалпында қалды, яғни 0,61 пайыз болды. Германияның 10-жылдық қазынашылық облигациялары да екі базистік пунктке төмендеп, -0,50 пайыз болды. Индекстердің былай өзгеруіне коронавирусқа қарсы ремдесивир деген препараттың ауруды емдеуде жақсы нәтиже көрсетуі түрткі болды. Сондай-ақ триггерлердің қатарында ақшалай өтімділік көлемінің артуы да бар. Жетекші орталық банктер қаржы нарығын өтімділікпен қамтамасыз еткен көрінеді.
Brent cұрыпты мұнай баррелінің бағасы 8,5%-ға көтеріліп, 22,72 доллар болды. Шикізат нарығына АҚШ-тың Энергетика министрлігі жариялаған деректер оң әсерін берді. Moody’s агенттігінің болжамына сүйенсек, осы жылы Brent сұрыпты мұнай баррелінің орташа құны 35 доллар, келесі жылы 45 доллар болады.
Біздің болжам бойынша, келесі аптада бір доллар 424-429 теңге, бір рубль 5,6-5,8 теңге, бір еуро 461-467 теңге, бір юань 59-62 теңге болады.
Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС-ның бас директоры:
Әлемдік мұнай нарығындағы ахуал тұрақталып келеді. Коронавирус пандемиясының шарықтау шегіне жеттік десек артық болмас. Осыған байланысты Brent бағасы 21 доллардан 26 долларға көтерілген еді, бірақ аптаның ортасында 18 долларға дейін түсіп кетті. АҚШ-та мұнай қоры көбеюі тоқтады, кей елдерде тіпті төмендей бастады.
Құрама Штаттардың ЖІӨ бірінші тоқсанда 4,8%-ға төмендеді,екінші тоқсанда да құлдырау жалғасады. Дегенмен елдің Федералды қор жүйесі пайыздық мөлшерлемені бұрынғы деңгейінде қалдырды. Бұл дегеніңіз экономика үшін енді айтарлықтай қатер төнбейтінін білдіреді.Еуропаның ЖІӨ бірінші тоқсанда 3,8%-ға кеміді. Еуропалық орталық банкі де пайыздық мөлшерлемені өзгертпеді. ҚР Ұлттық банкі пайыздық мөлшерлемені 9,50% деңгейінде қалдырды.
Біздің болжам бойынша, келесі аптада бір доллар 420-430 теңге, бір еуро 440-460 теңге, бір рубль 5,8-5,95 теңге, бір юань 55-60 теңге болады.
Данияр Жұмекенов, Wall Street Invest Partners аналитигі:
Осы аптада нарықтағылардың назары жетекші орталық банктерде болды. АҚШ пен Еуропаның қаржы реттеушілері пайыздық мөлшерлемені өзгертпеді. Дегенмен ведомство басшылары қаржы нарығына қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. АҚШ пандемияға байланысты тағы да 484 млрд доллар көлеміндегі қаражатты экономиканы ынталандыруға бөлді. Жақында Конгресс 550 млрд доллардай қаражат бөлуі мүмкін.
Мұнай бағасының көтерілуіне доллар құнының арзандауы мен АҚШ пен Канададағы кейбір кен орындарының жабылуы түрткі болып отыр. Дегенмен шикізатқа деген сұраныстың аз болуы біраз уақытқа дейін жалғасады. Сұраныс 2021 жылы қалпына келеді деген болжамдар бар.
Келесі аптаға болжамым: USD/KZT – 424-429, EUR/KZT – 461-466, RUB/KZT – 5,75-5,80, CNY/KZT – 60-61.
Ерлан Қойшыбаев, Gold Mining Capital аналитигі:
Осы аптада мұнай бағасы өсті. Ал бірқатар ел өндірісті қысқартуға дайын екенін білдірді. Құрама Штаттардың қаржы реттеушісі пайыздық мөлшерлемені бұрынғы қалпында қалдырды. Елдегі жұмыссыздық деңгейінің көрсеткіші көтерілді: тағы 3,8 миллион тұрғын жұмысынан айырылған. Пандемия салдары америкалық валютаға кері әсерін тигізіп отыр. Сұраныстың кенеттен өсуіне байланысты еуроның долларға қатысты бағамы соңғы екі аптадағы ең жоғары көрсеткішке ие болды. Доллардың юаньға қатысты бағамы 1%-ға өсіп, АҚШ-тың қор индекстеріне белгіленген фьючерстер 1,5%-ға төмендеді. Дональд Трамп мемлекеттік зейнетақы қорына қытайлық компаниялардың акцияларын сатып алуға тыйым салуы мүмкін. Вашингтонның ойынша, бұлар елдің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіруі ықтимал.
Келесі аптаға болжамым: USD/KZT – 427-437, EUR/KZT – 457-467, RUB/KZT – 5,6-6,2, CNY/KZT – 61,5-62,5 болады.
Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
Теңгенің еуро мен долларға қатысты бағамы нығайып, рубльдікіне, керісінше, әлсіреді. Ұлттық валютаның доллар мен еуроға қатысты бағамының өсуіне мұнай құнының қымбаттауы түрткі болды. Шикізат бағасы осы аптада шамамен 30%-ға көтерілді. АҚШ-тың Энергетика министрлігінің дерегінше, елдегі мұнай қорының өсуі тежелген әрі бензинге деген сұраныс біртіндеп қалпына келіп жатыр.
Қазақстанның кей аймақтарында шектеу шараларының біртіндеп қысқартылуы теңгеге оң әсерін бергені сөзсіз. Алдағы аптада ұлттық валюта нығаюы әбден мүмкін. Келесі аптаға болжамым: USD/KZT – 420-425, EUR/KZT – 455-461, RUB/KZT – 5,5-5,8, CNY/KZT – 60,4-60,8.