Валюта болжамы: 4 маусым – 8 маусым

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

Atameken Business Channel теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (4 маусым - 8 маусым).

Келер аптада қазақстандық валютаның бағамына әдеттегідей сыртқы факторлар әсер етпек. Бұл ретте, аbctv.kz-ке пікір білдірген сарапшылар әлемдік деңгейдегі сауда соғысының шиеленісу ықтималдығы арта түскенін атап өтіпті. «Альпари», «ФИНАМ», Wall Street Invest Partners және «Телетрейд Групп» компанияларының өкілдері өз болжамдарында АҚШ-тың Канададан, Мексикадан және Еуроодақтан жеткізілетін тауарларға қатысты импорттық баж салығын енгізгенін, сондай-ақ бұған жауап ретінде Еуроодақтың да қарсы әрекетке көшкенін айтыпты.

Бұдан бөлек, сарапшылар америкалық доллардың бүгінгі жағдайын валюта нарығындағы тағы бір маңызды фактор ретінде атапты. Еске сала кетейік, америкалық доллар әлемнің бірқатар валюталарына қатысты бағамын нығайту үстінде. Сондай-ақ, федералды қор жүйесі пайыздық мөлшерлемені арттырады деген әңгіме бар. Аталған жағдайларды «Альпари», «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ, Gerchik&Co және IFC Markets сарапшылары өз болжамдарына арқау етіпті.     

Сондай-ақ, сарапшылар дәстүрлі триггер – энергия тасымалдаушылар нарығындағы жағдайға да назар аударыпты. Өзге де сыртқы факторлар ретінде болашақта орын алуы мүмкін әлемдік дағдарыс туралы Джордж Соростың болжамын («Альпари»), сонымен қатар, Италияда жаңа коалициялық үкіметтің құрылуын (Wall Street Invest Partners және «Телетрейд Групп») атап өтіпті.

Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар. 

Наталья Мильчакова, «Альпари» компаниясының сараптамалық департамент директорының орынбасары:

4 маусым – 8 маусым

Доллардың әлемнің бірқатар валюталарына қатысты бағамы нығайып келеді. Өз кезегінде бұл жағдай дамушы елдердің валюталарына қосымша құбылмалылық «сыйлап» отыр. Сондай-ақ, АҚШ-тың Қытай мен Канададан жеткізілетін тауарларға импорттық баж салығын арттыруы да жағдайды күрделендіре түскендей. Оның үстіне бұған Джордж Соростың алдағы уақытта орын алуы мүмкін әлемдік дағдарыс туралы болжамы қосылды. Десе де, Morgan Stanley жаһандық инвестициялық банкінің өкілдері бұл болжамның бос сөз екенін алға тартуда. Brent сұрыпты мұнай бағасы бір аптада 2,3%-ға арзандады. Тиісінше мұнайға тәуелді валюталар бұл жағдайға да жауап қатты.       

Әлеуметтік желілерде «Қазақстан Ұлттық банкінің жуырда жарияланған есебінде еліміздің банк жүйесінің тұрақсыздығы туралы айтылған» деген ақпарат тараған еді. Алайда қаржылық реттеушінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ұлттық банктің есебі ресми сайтында жарияланған. Бұл жаңалық нарық пен халықты тыныштандырғанымен, теңге бағамына оң әсер бере алмады.

Теңгенің долларға қатысты бағамы бір доллар үшін 328-330 теңге, ал рубльге шаққандағы бағамы бір рубль үшін 5,32-5,38 теңге деңгейінде болады деп болжам жасап отырмыз.

Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:

4 маусым – 8 маусым

Сауда соғысының басталуы мүмкін деген инвесторлардың қауіпінен кейін бейсенбі күні америкалық қор биржалары сауда сессиясын төмендеумен тәмамдады.

S&P500 нарығының индексі 0,69%-ға төмендеп, 2705,27 пункт деңгейінде жабылды. Dow Jones өндірістік индексі 1,02%-ға құлдырады. Ал жоғары технологиялық NASDAQ индексі 0,27%-ға кеміді. 10 жылдық қазынашылық облигациялар бір базистік көрсеткішке төмендеп, 2,84%-ды құрады.

Екі жылға созылған әлемдік қор биржаларындағы өсу процесі құбылмалы кезеңмен алмастырылып отыр. Бұл Трамптың ымырасыз протекционистік саясатының салдары. Ол өзіне дейін қызмет атқарғандар барлық жағдайда тұтылуы үшін одақтастармен де, бәсекелестермен де ымыраға келмеуді қаламайды.

Жұма күні Еуроодақтан, Канада мен Мексикадан жеткізілетін алюминий импортына 10 пайыздық және болат импортына 25 пайыздық баж салықтарын салу нормасы өз күшіне енді. Осыған байланысты 1 маусымнан бастап Еуроодақ Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберінде салықтарға қарсы құқықтық рәсімдерді іске қосады. Ал Ұлыбритания америкалық тарифтерге қарсы жауап қатамыз деп қорқытып отыр. Сарапшылар мен саясаткерлердің пікірінше, АҚШ-тың біржақты әрекеті әлемдік сауда тәртібін бұзып, экономикалық өсімге қауіп төндіріп отыр.

Мұнай бағалары бейсенбі күні сауда сессиясы жабылар тұста сәл-пәл өзгеріске түсті. Бұған АҚШ энергетика министрлігінің жарияланған деректері әсер етті. Ведомстваның дерегінше, елдегі «қара алтынның» коммерциялық қоры 3,6 млн баррельге төмендеген. Алайда, мұнай өндірісі қайтадан рекордтық деңгейге жетті.   

Келесі аптаға арналған болжам мынадай: бір рубль 5,2-5,5 теңге, доллар 328-331 теңге, еуро 387-390 теңге.

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:

4 маусым – 8 маусым

Теңге мен рубльдің жақын уақыттағы бағамы федералды қор жүйесінің ақша-несие саясатына және әдеттегідей мұнай бағасына байланысты болмақ. Мұнай бағасының барреліне 80 доллардан артуы мүмкін емес. Біздіңше, «қара алтын» барреліне 73-75 доллар деңгейін құрайтын секілді. Бұл жағдай теңге мен рубль бағамына кері әсер етеді.

Алдағы аптаға ұсынып отырған болжамым: бір доллар 61-64 рубль, бір АҚШ доллары 328-333 теңге, бір рубль 5,25-5,4 теңге, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 72,5-77,5 доллар, бір биткоин 6500-9000 доллар.

Ілияс  Басшығұл,  Wall Street Invest Partners шеф-сарапшысы:

4 маусым – 8 маусым

Өткен аптада теңгенің долларға қатысты бағамы сәл-пәл әлсіреп, долларына 331 теңге деңгейіне жақындады. Айтарлықтай оң өсімнен соң USD индексі түзелу мәніне ауысты. Қазір 94 пункт деңгейіне жақын мәнде құралып отыр.   

Өткен аптада мұнай нарығына маңызды әсер берген фактор АҚШ-тың коммерциялық шикі мұнай қорына қатысты деректерінің жариялануы болды. АҚШ энергетика министрлігінің мәліметінше, коммерциялық шикі мұнай қоры 3,62 млн баррельге дейін төмендеп, 434,51 млн баррельді құраған. Десе де, мұнай өндіру арта түскен. Деректер жарияланған соң, Brent мұнайының бағасы бірден көтерілді. Артынша қайта қалпына келды. Осылайша, барреліне 77,50-77,80 доллар деңгейінде шоғырланды. ОПЕК әлемдік сұраныс пен ұсыныс теңгерімін теңестіру үшін мамыр айында мұнай өндіруді тәулігіне 70 мың баррельге қысқартқанын хабарлады. ОПЕК-ке мүше мемлекеттердегі мұнай өндіру деңгейі мамыр айында күніне 32 млн баррельге дейін қысқарған. Бұл 2017 жылдың сәуір айынан бергі ең төменгі көрсеткіш болып саналады.       

Еуроаймақтың валютасы өткен аптаның бірінші бөлігінде айтарлықтай құлдыраған соң, өз позициясын қалпына келтіруге кірісті. Еуроға Италияда жаңа коалициялық үкіметтің құрылуы оң әсер етті. Жаңа үкіметтен орын бұйырған партиялардың үлесі төмендегідей: «Лига» – 17%, «Бес жұлдыз қозғалысы» – 33%. Екі партия да антиеуропалық көзқарастарын жасырып отырған жоқ. Партия көшбасшылары салықтарды қысқартып, экономиканы ынталандыруды арттыруды ұсынып отыр. Бұл қаржы дағдарысын сейілтіп (Италияның мемлекеттік қарызы – 2,3 трлн еуро немесе ЖІӨ-нің 130%-ы), еуроаймақтағы елдер үшін белгіленген деңгейден жоғары болып отырған бюджет тапшылығының өсуін тежейді. Инвесторлар жаңа сайланған үкіметтің іс-әрекеті мен болашақтағы мәлімдемелерін айырықша назарда ұстайтын болады.

АҚШ Еуроодақтан, Канада мен Мексикадан жеткізілетін болатқа 25 пайыздық, ал алюминийге 10 пайыздық баж салықтарын ресми түрде енгізіп, ауқымды сауда соғысын бастап кетті. Сондай-ақ, бұған дейін Ресей, Қытай, Жапония және тағы да басқа елдерге қатысты дәл осындай талаптар енгізілген болатын. Канада АҚШ-тан келетін виски, дәретхана қағазы және металл өнімдеріне салынатын салықты арттыру арқылы жауап қатса, Еуропа Harley Davidson секілді америкалық мотоциклдерге арналған салықты арттыруға дайын.

Ал алдағы аптада қандай маңызды оқиғалар болмақ. Енді соған тоқталайық. Бұл аптада Аустралия пайыздық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдайды (өзгеріссіз қалады деп күтілуде). Еуроодақ, Жапония және Аустралия жалпы ішкі өнімнің өсуіне қатысты есеп бермек. Жалпы алғанда, келер апта тыныш өтетін секілді. Валюта нарығында айтарлықтай өзгерістер күтіліп отырған жоқ. Теңгенің долларға қатысты бағамы 326-332 теңге мәнінде, ал рубльге қатысты бағамы 5,27-5,37 мәнінде болады деген болжам бар.   

Испания криптовалюта нарығын реттеу және блокчейн технологияларын пайдалану туралы заң жобасын мақұлдағаннан кейін Bitcoin-ның бағасы сәл қымбаттады. Халықаралық валюта қоры ресми түрде криптовалютаны реттеуге шақырды. Халықаралық валюта қоры ақша-несие және валюта нарықтары департаменті директорының орынбасары Дун Хэнің пікірінше, ХХІ ғасырда орталық банктер фиаттық валюталарды тартымды ете түсуі керек, ал криптоактивтерді реттеу міндетті болып табылады. Оның айтуынша, бұл ақшаны жымқыруға және терроризмді қаржыландыруға жол бермеуге бағытталған заңды бұзбауға, тұтынушыларды қорғауды күшейтуге, сондай-ақ криптовалюта транзакцияларына тиімді салық салуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Олег Богданов, «Телетрейд Групп» компаниясының бас сарапшысы:

4 маусым – 8 маусым

Бірінші жартыжылдықтың соңына қарай әлемдік қаржы нарықтарында айтарлықтай қаржылық тәуекелдер қалыптасты. Олар осы жылдың соңына дейінгі трендтерді анықтайтын болады. Жалпы алғанда, нарықтай әр ай сайын қалтырай түсуде. АҚШ-та мемлекеттік облигацияларға қатысты проблема бар. Оның кірістілігі инвесторлардың дамушы нарықтардың активтеріне деген тәбетін айтарлықтай жоғалтып отыр. Мамыр айында облигациялар нарығындағы еуропалық дағдарыс қайта келді. Бұл дағдарыс жаңа үкіметтің қалыптасу проблемаларына байланысты Италиядан орын алып отыр. Италияның мемлекеттік облигацияларының ыдырауы осы нарықтағы төмен өтімділік проблемасын анықтап берді.  

Әлемдік экономиканың бас ауруына айналған тағы бір дүние – АҚШ бастаған сауда соғысы. Оның салдары барлық елдер үшін жақсы болмасы анық. Осылайша, қаржы нарықтарында түрлі шиеленістер орын алады деп күтілуде. Мұндай жағдайда дамушы елдердің валюталарының тартымдылығын арттыру күтіліп отырмағаны даусыз. Сондықтан, осыған байланысты қазақстандық теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы әлсіреуі әбден мүмкін.  

Келесі аппта USD/KZT жұбы 333-335 деңгейінде болады деп болжап отырмыз. Ал EUR/KZT жұбы шамамен 400 деңгейіне қайта келуі мүмкін. Рубльмен салыстырғанда теңгеның деңгейі әлдеқайда жақсы болмақ. Өйткені, жоғарыда аталған тәуекелдер рубльге тікелей қатысты, сондай-ақ Ресейдің қаржы министрлігі шетел валютасын үнемі сатып алады (бюджеттік ережелер жұмыс істейді). Бұл өз кезегінде рубльді әлсірете түседі. RUB/KZT жұбына қатысты болжам – рубліне 5,1-5,2 теңге.

Ерлан Қойшыбаев, Gerchik&Co компаниясының веб-серіктесі:

4 маусым – 8 маусым

Егер америкалық доллардың түзелуі аяқталса және ол АҚШ-тың ауыл шаруашылығы секторындағы жұмыспен қамту көрсеткішіне қатысты жағымды жаңалықтар жағдайында одан әрі нығая түссе, қазақстандық теңгенің айырбастау бағамы өсуі мүмкін. Сондай-ақ, мұнай бағасының барреліне 66 доллардан төмендеуі де теңгеге қосымша қысым көрсетуі ықтимал. Егер айырбастау бағамының күрт өсуі тіркелетін болса, Қазақстанның Ұлттық банкі бағаларды тұрақты деңгейде ұстап тұруға  араласады деп үміттенеміз. Келер аптада теңгенің айырбастау бағамы бір америкалық долларға 328-333 теңге болады деген болжам бар.  

Ал ресейлік рубльге қатысты ауырбастау бағамы рубліне 5,2-5,5 теңге мәнінде қалыптасуы мүмкін.

Дмитрий Лукашов, IFC Markets компаниясының сарапшысы:

4 маусым – 8 маусым

Өткен аптана теңгенің АҚШ доллары мен ресей рубліне қатысты бағамы шамалы әлсіреді. Теңге бейтарап диапазонда қалып отыр. Бұл тенденция қатарынан жеті апта бойы жалғасып келеді. Теңге бағамының төмендеуіне әсер еткен негізгі факторлар – мұнай бағасының арзандауы және америкалық доллардың әлемнің негізгі валюталарына қатысты бағамын нығайтуы. ОПЕК-тің мұнай өндіруге қатысты шектеуінің күшін жоюы мүмкін екендігіне және 22 маусымда өтетін картельдің отырысында тәуелсіз өндірушілердің бас қосуына қарамастан Brent мұнайының бағасы төмендеуде. Доллар индексі өсу үстінде. Өйткені, инвесторлар федералды қор жүйесінің 13 маусымдағы отырысының қорытындысына сәйкес пайыздық мөлшерлемелер кезекті рет артады деген сенімде.

Меніңше, теңгенің ресей рубіне қатысты бағамының әлсіреуіне 2018 жылдың мамыр айындағы Қазақстандағы инфляцияның сәуірдегі 0,4%-бен салыстырғанда 0,2%-ға дейін төмендеуі әсер еткен секілді. Бұл Ұлттық банктің пайыздық мөлшерлемені одан әрі төмендетуіне алып келуі мүмкін. Қазір пайыздық мөлшерлеме 9,25%-ды құрап отыр және ол РФ Орталық банкінің мөлшерлемесіне (7,25%) қарай жақындай түсті. 2018 жылдың қаңтар-мамыр аралығында Қазақстандағы инфляция 2,4%-ды, ал Ресейдегі инфляция 1,6%-ды құрады.

Осы аптадағы бағамның құбылмалығы жайлы айтар болсақ, рубль 5,22-5,4 теңге, доллар 325-335 теңге болуы мүмкін.

4 маусым – 8 маусым

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу