Валюта болжамы: 4 сәуір - 8 сәуір

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
475,333

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
04.4.2022
465-485
Forex Club
04.4.2022
473-477
SoftLink
04.4.2022
466-486
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,677

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
04.4.2022
5,50-5,80
Forex Club
04.4.2022
5,7-6,1
SoftLink
04.4.2022
5,13-5,83
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
537,833

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
04.4.2022
515-535
Forex Club
04.4.2022
562-566
SoftLink
04.4.2022
516-533
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
74,650

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
04.4.2022
73,30-74,50
Forex Club
04.4.2022
74,5-75
SoftLink
04.4.2022
73-77,6

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (4 сәуір-8 сәуір).

4 сәуір - 8 сәуір

28 наурыз-1 сәуірге арналған валюта болжамы

 

 

Геосаяси шиеленіс теңге бағамының қалыптасуына ықпал етуде. Бұл фактор біртіндеп үйреншікті деңгейге оралуда. Inbusiness.kz порталында өз болжамымен бөліскен сарапшылар Украинадағы қақтығыстардың жалғасуын, мұнай бағасының төмендеуін, Ресей билігінің табиғи газды және басқа да тауарларды рубльге сату туралы шешімін, сондай-ақ АҚШ президентінің елдің стратегиялық резервтерінен мұнайды шығаруы туралы мәлімдемесін атап өтті. 

Ішкі триггерлерге келетін болсақ, сарапшылар бірінші кезекте ҚР Ұлттық Банкінің ауқымды интервенцияларын сөз етті. Сондай-ақ сарапшылар Қазақстанның Қытаймен және Еуроодақпен арадағы сауда-саттығын және ҚР Ұлттық экономика министрінің теңге бағамын тұрақтандыру және ревальвациялау туралы мәлімдемесіне тоқталды.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

Андрей Маслов,"ФИНАМ" КТ сарапшысы:

4 сәуір - 8 сәуірҚазақстандық валютаның ресей рублінен басқа барлық валюталарға қатысты бағамы нығаюда. Ресей президенті Владимир Путин "достас емес елдерге" газ рубльға сатылады деп мәлімдегеннен кейін теңгенің долларға, еуроға және юаньға қатысты бағамы үйреншікті деңгейге орала бастады. Алайда төлемдердің қалай жүргізілетіні әлі белгісіз. Өйткені көптеген елдер рубльмен төлеуден бас тартып отыр. Олардың қатарында Германия, Франция, Италия, Болгария, Балтық жағалауы елдері бар. АҚШ президенті Джо Байденнің мәлімдемесінен кейін, яғни алты ай ішінде стратегиялық резервтерден тәулігіне 1 миллион баррель мұнай шығарылады деп жариялауынан соң, Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 110 доллардан 100 долларға дейін төмендеді. Бұл мұнай экспорттаушы елдердің, оның ішінде Қазақстанның валюталарына теріс әсер етті. "Доллар бағамының 500 теңгеден төмен екенін көрдік. Біздің бағам тұрақтанып, ревальвация болды ", – деді ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров. Бұған дейін ол  биыл мұнай барреліненің бағасы 60 доллардан жоғары, бірақ 120 доллардан аз болады деп айтқан болатын. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 465-485 теңге, бір еуро 515-535 теңге, бір рубль 5,50-5,80 теңге, бір юань 73,30-74,50 теңге болады.


 

 

 

Айдар Калиаскар, Forex Club қаржылық скауты:

4 сәуір - 8 сәуірҚазақстан Ұлттық Банкінің қолдауына қарамастан, теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы өткен аптаның соңында айтарлықтай төмендеді. Қазақстандық қаржы реттеушісі хабарлағандай, оның валюта нарығындағы интервенциялары наурыз айында валюталық биржалық сауда-саттықтың жартысынан астамын құрады. Айдың қорытындысы бойынша ол $990,5 млн немесе сауданың жалпы көлемінің 29%-на жетті. Наурыздың соңында халықаралық қаржы нарықтарындағы түзетулер мен Қазақстанда басталған салық төлемдері кезеңінде ұлттық валюта 6%-ға дерлік нығая түсті.
Келесі аптада бір доллар 479-477 теңге, бір еуро 562-566 теңге, бір юань 74,5-75 теңге, бір рубль 5,7-6,1 теңге болады деп ойлаймын. 

 

 

 

Дмитрий Лукашов, аналитик SoftLink:

4 сәуір - 8 сәуірӨткен аптада теңгенің рубльдан басқа барлық валюталарға қатысты бағамы нығайды. Бұған Қазақстанның Қытаймен және Еуроодақпен арадағы саудасы ықпал етті. Нақтырақ айтқанда, ЕО елдерімен арадағы тауар айналымы 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында 70%-ға артты. Теңгені нығаюына Ұлттық Банктің валюталық интервенциялары түрткі болды. Ұлттық валютаның рубльға қатысты әлсіреуі қазақстандық экономиканың жағдайына байланысты емес екенін атап өтуге болады. Бұл Ресей билігінің табиғи газды және басқа да тауарларды рубльге сату туралы шешіміне байланысты.

Менің болжамым бойынша, алдағы аптада бір доллар 466-486 теңге, бір еуро 516-533 теңге, бір рубль 5,13-5,83 теңге, бір юань 73-77,6 теңге болуы мүмкін. 

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу