Валюта болжамы: 4 қыркүйек – 8 қыркүйек

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

abctv.kz-ке пікір білдірген сарапшылардың ойынша, алдағы аптада валюта бағамының қалыптасуына бірнеше фактор әсер етеді. Мәселен, «Қазақстандық қаржы орталығы» ЖШС және «TeleTrade Central Asia» сарапшылары «Харви» құйынының салдарынан мұнай бағасы төмендеп кетті. Баға әлі де құлдырау үстінде» деген ойды алға тартып отыр. Естеріңізге сала кетейік, аталған құйынның салдары мұншалықты мол шығын әкеледі деп күтілмеген еді.

Сарапшылар құйын салдарынан мұнай бағасы барреліне 50 доллардан төмен түсуі мүмкін екенін жасырмайды. Әлбетте, бұл фактор теңге бағамына әсер етеді. «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ және «TeleTrade Central Asia» сарапшылары энергия тасымалдаушылар бағасының төмендеу қаупі барын мәлімдеді. Сондай-ақ IFC Markets өкілінің айтуынша, нарық қатысушылары арасында алдағы жылы Қазақстанда мұнай өндіру деңгейінің өсуіне күдікпен қарайтындар да табылмақ.

Сонымен қатар «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ және «ФИНАМ» компаниялар тобынің өкілдері АҚШ пен КХДР арасындағы геосаяси шиеленісті еске салды. «Қазақстан қаржы орталығы» ЖШС және «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ мамандары доллардың нығайып, осының салдарынан теңгенің әлсіреуі әлі де жалғасып келе жатқанын жеткізді.

Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:

4 қыркүйек – 8 қыркүйекӨткен апта еуроның өсуімен есте қалды. Бірыңғай еуропалық валютаның АҚШ долларына шаққандағы бағамы 2015 жылдан бері алғаш рет 1,207 деңгейіне жетті. Еуроның өсуіне әсер еткен негізгі драйвер – Еуропа орталық банкінің басшысы Марио Драгидің экономикалық симпозиумда жасаған баяндамасы. Ол өз сөзінде еуроны нығайту тақырыбын да қаузап өтті. Бұл өз кезегінде нарық қатысушыларын бірыңғай валютаның ағымдағы бағамын жиі жақсартып тұру керек деген шешімге алып келді. Сондай-ақ Федеральды қор жүйесінің басшысы Джанет Йелленнің аталған ұйымның алдағы саясатына қатысты айқан пікірі де еуроны өсіру керек деген оймен үндесті. Келешктегі монеталық саясатты қатаңдату туралы өтініш доллар индексінің төмендеуіне алып келді. Бұл қадам инвесторлардың көңілін қалдырғануы даусыз. Сонымен қатар еуроның өсіміне АҚШ пен КХДР арасындағы геосаяси шиеленістің күшейе түсуі де ықпал етті. КХДР-дің зымырандарды ұшыруы «қорғалған» активтегі инвесторларды, тиісінше еуроны теңселтті.

Геосаяси штеленіс пен салықтық аптаның аяқталуына қарамастан, өткен аптада рубль өзін сенімді сезінді. Әлсіреген доллар мен мұнай динамикасының тұрақтылығы рубльді нығайта түсті. Рубльдік пайыздық мөлшерлеме әлі де болса инвесторлардың қызығушылығын тудырып отыр. Себебі сәрсенбі күні

РФ қаржы министрлігі федеральды займ облигацияларының екі шығарылымын толық көлемде өтеді. Федеральды займ облигацияларын табысты шығару рубльге айтарлықтай қолдау болды. Десе де, рубль қысым «құшағында» қала бермек. Бұл ретте басты қауіп - мұнай өндірісінің төмендеуі және АҚШ долларының нығайы.

Рубльдің нығаюына және мұнай бағасының жоғарылығына қарамастан, өткен аптада теңге әлсіреді. Республикалық бюджет бір долларға 340 теңге көлеміндегі болжалдық айырбас бағамымен жасақталады деп жоспарлануда. Теңгенің әлсіреуі алып-сатарлық сипатқа ие болып отырған секілді.

Алдағы аптада USD/RUB жұбы 58-61 мөлшерінде саудаланады деген ойдамыз. Ал USD/KZT бағамының мөлшері - 335-340, RUB/KZT - 5,70-5,90 болмақ.

Әліби Нұрбаев, «Қазақстан қаржы орталығы» ЖШС бас сарапшысы:

4 қыркүйек – 8 қыркүйекТеңге бағамы әлемдік нарықтағы доллардың нығаюы аясында әлсіреуін жалғастыруда. 30 тамызда сауда министрлігі америкалық экономиканың 3%-ға өскенін хабарлады. Ал ADP деректеріне сүйенсек, тамыз айында 237 мың жұмыс орны құрылған. Жаңа жұмыс орындарының ашылуы АҚШ-тағы жұмыспен қамту есебіне қатысты болжамдарды жақсартып отыр. АҚШ-тағы жұмыспен қамтудың жоғары нәтижелері федеральды қор жүйесінің пайыздық мөлшерлемесін осы жылы тағы бір мәрте арттырудағы дайындығына сенімділік ұялатады. Естеріңізге сала кетейік, федеральды қор жүйесінің пайыздық мөлшерлемесінің үшінші мәрте өсуінің ықтималдылығының төмендеуі ағымдағы жылы АҚШ долларының құлдырауына, мұнай бағасының нығаюына және теңге бағамының тұрақтылығына алып келді. Доллар өрлеуі теңгені қатты теңселтуі мүмкін.

Ресей рублінің нығаюы уақытша ғана құбылыс. Иә, рубльдік пайыздық мқлшерлемелерге қызығушылық бар. Сондай-ақ федеральды займ облигацияларына деген қызығушылықтың да жоғары екенін ұмытпауымыз керек. Техникалық тұрғыдан алар болсақ, рубль 200 күндік сырғымалы орташа мәннен төмен нығайған. «Харви» құйынының салдары мен америкалық экономиканың көрсеткіштерін де қаперден шығаруға болмайды.

Алдағы аптадағы USD/KZT валюталық жұбына болжам - 338-343, RUB/KZT – 5,75-5,85.

Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:

4 қыркүйек – 8 қыркүйек29 тамызда, сейсенбі күні КХДР тарапынан баллистикалық зымыранды ұшыруы аясында еуропалық индекстер жартыжылдық минимум көрсетті. Өз кезегінде Америкалық биржа алаңдары сәтсіз стартқа қарамастан, сауда сессияларын ойдағыдай аяқтады. Бұл нарықтардың біртіндеп аталған дүниелерге байланысты иммунитет қалыптастыра астағанын дәлелдейді.

Солтүстік Корея айналасындағы жағдай ұзаққа созылып барады. Меніңше, АҚШ пен КХДР арасындағы шиеленіс әскери қақтығысқа алып келуі екіталай. Бәлкім, бұл жағдай ирандық сценарий бойынша өрбитін шығар. Яғни бұл саясат тек санкциялық қысымнан ғана тұруы мүмкін.

Алдағы аптада теңгенің рубльге шаққандағы бағамы 5,2-5,5 мөлшерінде болады деген ойдамыз. Ал теңгенің доллар мен еуроға шаққандағы бағамы – 315,5-327,8 және 362,6-378,2 болмақ.

Дмитрий Лукашов, «IFC Markets» сарапшысы:

4 қыркүйек – 8 қыркүйек31 тамызда америкалық доллардың қазақстандық валютаға қатысты қатынасы 9 айдағы максимумды жаңартты. Әлемдік нарықтағы мұнай бағасының тұрақтылығы аясында теңгенің бұл әлсіреуі ел бюджетінің 2018 жылға арналған параметрлеріне және күтіліп отырған 1 доллар - 340 теңге бағамына қатысты әсері болар. Нақтырақ айтсақ, Қазақстанда экономикалық өсім қарқынын баяулату болжануда. 2017 жылғы 3,4%-дық көрсеткіш 3,1%-ға төмендейді деп күтілуде. Келер жылы инфляцияның мақсатты деңгейі 5-7% көлемінде болады деген болжам бар. Бұл ағымдағы мөлшерден едәуір төмен – 6-8%. Сондай-ақ нарық қатысушылары арасында алдағы жылы Қазақстанда мұнай өндіру деңгейінің өсуіне күдікпен қарайтындар бар. Ал 2018 жылғы бюджет бойынша 88,6 млн тонна өнім өндіру күтілуде. Бұған дейін биыл мұнай өндірісі 84 млн тонна болады деп күтілген еді. Алайда бұл болжам ОПЕК келісімі шеңберінде 81 млн тоннаға дейін төмендеді.

Келер аптада теңгенің доллар мен ресейлік рубльге шаққандағы бағамы 335-340,5 және 5,7-5,95 мөлшерінде болады деген болжам айтамыз.

Сергей Полыгалов, «TeleTrade Central Asia» сараптамалық тобының басшысы:

4 қыркүйек – 8 қыркүйекАлдағы аптадағы USD/KZT жұбының бағамы ең алдымен жуырда Мексика шығанағында орын алған «Харви» құйынының салдарына тікелей байланысты болмақ. Аталған табиғи апат бірінші кезекте әлемдік нарықта төмендеп келе жатқан мұнай бағасына әсер етті. «Қара алтын» құнының төмендеуінің басты себебі - құйын салдарынан Техас және Луизиана штаттарындағы мұнай өңдеу зауыттарының зардап шегуі. Шығынның ресми ақпараты әлі жарияланған жоқ. Бірақ аталған кәсіпорындардағы мұнайға деген сұраныс 4 млн баррельге дейін төмендеген. Бұл өз кезегінде АҚШ-тағы мұнайдың шикізат қорының бірден ұлғаюына алып келуі мүмкін. Табиғи апаттың салдары әлі жойылған жоқ. Сондықтан мұнай өңдеу зауыттарының қаншалықты шығынға ұшырағанын және оны қалпына келтіруге қанша уақыт жұмсалатындығын дөп басып айту мүмкін емес. Бағалау жұмыстары бірнеше аптаға созылмақ.

Дәл осындай жағдайда мұнай бағасы барреліне 50 доллардан төмен түсуі мүмкін. Бұл өз кезегінде теңгені әлсіретеді.

Біздің болжам бойынша USD/KZT жұбының бағамы 338-345 мөлшерін құрамақ.

Өткен аптада теңгенің рубльге шаққандағы бағамының сәл де болса әлсірегені байқалды. Сарапшылардың айтуынша, бұған Қазақстандағы ресейлік тауарлар импортының мейлінші өсуі әсер еткен. Бұл көрсеткіш бірінші жартыжылдықта жылдық есептеу бойынша 35,5%-ға өскен. Ал Қазақстан экспорты 2,4 есеге азайған. Осылайша аталған кезеңде сауда балансында кері сальдо орын алды. Аталған жағдай ҚР ұлттық банкін отандық

тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қолдау және экспорт көлемін сақтау үшін ұлттық валютаны арзандату қадамына баруға мәжбүрлейді.

Тағы бір фактор ретінде рубльдің қымбаттағанын айтуға болады. Рубльдің АҚШ долларына шаққандағы бағамы тамыз айындағы салықтың кезеңнің, 50 доллар көлемінде тұрақты сақталған мұнай бағасының және РФ орталық банкінің депозиттік аукционының аясында 58 рубльге дейін өсіп отыр.

Осылайша өткен аптада RUB/KZT жұбының бағамы 5,7 теңгеге дейін өсті. Біздің болжам бойынша келер аптада теңгенің рубльге шаққандағы бағамы 5,68-5,73 мөлшерінде болмақ.

4 қыркүйек – 8 қыркүйек

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу