Валюта болжамы: 5 ақпан – 9 ақпан

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

Atameken Business Channel теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (5 ақпан – 9 ақпан).

5 ақпан – 9 ақпан5 ақпан – 9 ақпанға арналған валюта болжамы

Алдағы апта қазақстандық валюта үшін бір қалыпты өтеді деп күтілуде. Аbctv.kz-ке пікір білдірген сарапшылардың болжамынша, бағамда анау айтқандай қатты құбылмалылық орын алмайды. Әсіресе, бұған «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ, Wall Street Invest Partners және IFC Markets сарапшылары ерекше мән беріп отыр.

Әдеттегідей қазақстандық валютаға энергия тасымалдаушылар нарығы, доллар мен рубльдің бағамы секілді дәстүрлі факторлар әсер етеуін жалғастыруда.

Сарапшылар өткен апта бойы бағасы құбылмалы болған мұнайдың саудасы аптаны оң көрсеткіштермен түйіндегенін еске салды («Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ, «ФИНАМ», Wall Street Invest Partners). Десе де, «Аналитика онлайн Қазақстан» компаниясы бұл пікірмен келіспейді. Компания өкілінің айтуынша, мұнай бағасы әлі де өзгереді. Бұған АҚШ энергетика министрлігінің жаңа статистикалық деректері әсер етпек.

Сарапшылардың дені АҚШ-тың экономикалық жағдайына көңіл бөлді. Мәселен, «Альпари» компаниясы АҚШ президенті Дональд Трамптың салық реформасының сәтті жүзеге асырылуы туралы мәлімдемесіне назар аударса, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ, «ФИНАМ» және Wall Street Invest Partners компаниялары федералды қор жүйесінің (ФҚЖ) наурыз айында өтетін отырысында пайыздық мөлшерлеме өседі деген сенімде. Ал «Аналитика онлайн Қазақстан» компаниясының сарапшысы еңбек нарығы, инфляция және ішкі жалпы өнімнің статистикалық деректерімен таныстырды. Сонымен қатар, «ФИНАМ» өкілі АҚШ-тың 10 жылдық қазынашылық облигацияларының өсімінің артқанын еске салды.

Сарапшылар президенттік сайлау қарсаңында рубль бағамы тұрақты болады деген пікірде. «Аналитика онлайн Қазақстан» және Wall Street Invest Partners өкілдері 9 ақпанда өтетін Орталық банктің отырысында Ресей банкінің пайыздық мөлшерлемесі төмендеуі мүмкін екенін алға тартып отыр.

Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған төмендегі сауалнамадан оқи аласыздар.

Наталья Мильчакова, «Альпари» компаниясы сараптамалық департамент директорының орынбасары:

5 ақпан – 9 ақпанРесейге қарсы санкциялар жағдайында рубль емес, керісінше теңге арзандап кетті. Давоста өткен экономикалық форумда АҚШ президенті Дональд Трамп өзі жүргізген салық реформасының қаржы нарықтары үшін қазірдің өзінде-ақ табысты болғанын мәлімдеді. Осылайша, АҚШ экономикасы бұрынғыдан әлдеқайда мықты бола түсті деп сендірді ол. Оның бұл мәлімдемесі ортамерзімді жағдайда доллардың нығаюын қаламайтын дамушы елдердің валюта нарығын алаңдатып отыр. АҚШ-та «Кремль есебі» деп аталатын құжаттың жариялануы ресейлік нарықтарды аса қатты әбігерге түсіре қойған жоқ. Дегенмен, ресейлік бизнес пен оның еуразиялық кеңістіктің бірқатар еліндегі серіктестері үшін екіұштылық пен белгісіздік арта түсті.

Өткен аптада қазақстандық теңгенің долларға қатысты бағамы арзандады. Теңгенің динамикасына ФҚЖ шешімін ішінара күту, сондай-ақ мұнай бағасының төмендеуі және Ресейде 210 кәсіпкер мен лауазымды тұлғадан тұратын санкциялық тізімнің жариялануы әсер етті. Әзірше Қазақстан мұндай ақпаратты қалай пайдалану керектігін білмей отыр.

Қазақстанда 2017 жылғы ІЖӨ-нің динамикасына қатысты алдын-ала деректер жарияланды. Алдын-ала бағалауға сәйкес, 2017 жылы Қазақстанның ІЖӨ 4%-ға өскен. ІЖӨ-нің өсімін қамтамасыз еткен негізгі драйвер көлік саласы болып отыр. Былтыр бұл сала 4,8% өсім көрсетті. Алайда, бұл статистика теңге динамикасына әсер еткен жоқ.

Алдағы аптада теңгенің долларға қатысты бағамы долларына 321-323 теңге деңгейінде, ал рубльге қатысты бағам рубліне 5,67-5,73 теңге деңгейінде қалыптасады ойдамыз.

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:

5 ақпан – 9 ақпанӨткен аптада ресей рублі мұнай бағасының құбылмалылығы жағдайында өзгере отырып саудаланды.

Наурызда ФҚЖ отырысы өтеді. Сарапшылардың болжамынша, аталған отырыста негізгі мөлшерлеме өседі.

Салықтық кезең тәмамдалды. Онымен бірге теңгені қысқамерзімді қолдау кезеңі да аяқталды. Демек, алдағы бағам рубльдің жағдайына байланысты болмақ.

Біздіңше, теңге алдағы аптада ағымдағы деңгей шамасында саудаланады.

Өткен аптада мұнай саудасы бірқалыпты болған жоқ. Апта соңында қымбаттады. Оған бұған дейінгі аптада АҚШ-та сұраныстың артуына байланысты бензин мен дистиллят қорының айтарлықтай қықсаруына байланысты жарияланған деректер түрткі болды.

Биткоин төмен құлдырауын жалғастыруда. Бұған дейін де айтқанымдай, кәсіби емес қатысушыларға ешқандай базасы жоқ (бизнестік, қаржылық көрсеткіштері жоқ) аталған алыпсатарлық құралмен сауда жасамауға кеңес беремін.

Келесі аптаға арналған болжам мынадай: АҚШ доллары – 56-57,5 рубль, АҚШ доллары – 320-325 теңге, ресей рублі – 5,7-5,8 теңге, Brent сұрыпты мұнайдың баррелі – 68-71 АҚШ доллары, биткоин – 6000-9000 АҚШ доллары.

Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:

5 ақпан – 9 ақпанӨткен сауда сессиясының қорытындысы бойынша Dow Jones және S&P500 биржалық индекстері жан-жақты динамика көрсетті. NASDAQ 0,35%-ға төмендеді. Өз кезегінде еуропалық алаңдардағы немістің DAX индексі сауда сессиясы жабылар тұста 1,41%-ға құлдырады. Бұл үш айдағы ең үлкен төмендеу.

Нарықтар АҚШ-тың 10 жылдық қазынашылық облигациялары өсімінің артқанына алаңдаулы. Бейсенбі күні оның өсімі 2,78%-ға жетті. Сондай-ақ, инвесторлар ФҚЖ-дағы төменгі мөлшерлемелер дәуірінің аяқталар уақыты жақындап қалғанын біртіндеп түсіне бастағандай. Наурызда өтетін отырыста реттеуші мөлшерлемені арттыруға кіріседі.

Өткен сауда сессиясының қорытындысы бойынша мұнай бағасы 1,03%-ға өсіп, доллардың әлемнің негізгі валюталарына қатысты бағамының әлсіреуінің жалғасуы және бейсенбіде Brent бойынша келісімшарттың аяқталып, ойыншылардың наурызға ауысуы жағдайында 69,74 доллар деңгейінде жабылды.  

Өз кезегінде «қара алтын» бағасының оптимистік сипат алуына Goldman Sachs-тың энергия тасымалдаушылар нарығына деген көзқарасы ықпал етті. Компания сарапшылары үш ай ішінде Brent сұрыпты мұнайдың бағасы 75 доллар деңгейіне жететінін хабарлады. Сондай-ақ, алдағы жарты жылда 82,5 долларды бағындыруы мүмкін екенін де атап өтті. Сарапшылардың бұлайша ой қорытуына әлемдік нарықта мұнай жеткізілімі тапшылығының пайда болуы алғашарт болып отыр.

Ағымдағы жадғайда Brent үшін жергілікті қолдау мәні 68,95 долларды және негізгі қолдау 68 долларды құрады. Ал қарсы мән тиісінше 70,20 доллар және 70,80 доллар болып қалыптасты.

Жұма күні Baker Hughes мұнай-газ сервистік компаниясының статистикасы шықты. Оның қорытындысы бойынша дүйсенбі күнгі саудада нарықтар мұнай бағасының қандай болатынын анықтайды.

Біздім болжамға сәйкес, келер аптада теңгенің негізгі үш валютаға қатысты бағамы мынадай болмақ: рубль – 5,6-5,8 теңге, доллар – 322-325 теңге, еуро – 398-402 теңге.

Олег Богданов, «Телетрейд Групп» компаниясының бас сарапшысы:

5 ақпан – 9 ақпанСоңғы сауда күндерінде қазақстандық теңге түрлі валюталарға қарсы бейтарап позицияда болды. Негізінен доллар, еуро және рубльге қатысты сыртқы құбылмалылықты өткерді. Бағам тұрақтылығындағы фактордың бірі – шикізат бағасы. Шикізат бағасы әзірше тұрақты немесе өсім көрсетуде. Бұл, әрине, қазақстандық валютаға айтарлықтай қолдау. Десе де, соңғы уақытта әлемдік нарықтарда құбылмалылық арта түсті. Осының салдарынан облигациялар нарығындағы бағалардың үздіксіз төмендеуіне байланысты ойыншылар әрі-сәрі күй кешетін болды. Бағаның төмендеуі және бондтардың кірістілігінің артуы акциялар нарығындағы құлдырауды тудыруы мүмкін. Бұл қаржы жүйесіндегі қауіп-қатердің айтарлықтай өсуіне алып келеді. Осылайша, кэшке қосылу басталады. Қазір әлемдік қор баланстарындағы кэштің үлесі өте аз. Тарихтағы ең төменгі көрсеткіш тіркеліп отыр. Нарықтарда дүрбелең туға қалса, ойыншылар әдеттегідей долларға қарай ойысуы мүмкін. Барлық еуропалық валюталарға және ЕМ (emerging markets – дамушы елдердің) валюталарына қысым көрсетіле бастайды. Дегенмен, соңғы жылдары инвесторлардың дамушы елдердің тәуекелін бағалауы біршама өзгерді. Енді кейбір сарапшылар дамушы елдердің жеке нарықтарына деген көзқарасы мүлдем бөлек. Меніңше, жаһандық турбуленттілік жағдайында барлығы бірдей зардап шегеді. Егер дүрбелең орын алатын болса, қазақстандық теңге долларына 340 теңгеге дейін төмендеуі мүмкін. EUR/KZT – 410, RUB/KZT 5,7-5,8 деңгейінде қалады.

Сергей Полыгалов, «АНАЛИТИКА онлайн Қазақстан» компаниясының шеф-сарапшысы:

5 ақпан – 9 ақпанҚазақстандық теңге өткен аптаны «тар диапазонда» өткізіп, аптаны өз деңгейінде тәмамдады.

Ұлттық валюта әдеттегідей мұнай бағасына, әлемдік нарықтағы доллар бағамына және ресейдің валюта нарығындағы ахуалға мән береді.

Бұған дейін ұзақ уақыт бойы өсім көрсеткен «қара алттынның» бағасы түзелуін жалғастыруда. АҚШ энергетика министрлігінің соңғы деректеріне сүйенсек, штаттардағы шикі мұнайдың қоры 6,8 млн баррельге өскен. Бұл сарапшылар күткендегіден әлдеқайда көп болып шықты. Ал мұнай өндіру көлемі тәулігіне 10 млн баррельге жетті. «Барлығы жоспар бойынша жүріп жатыр» деп мұнайға қолдау көрсететін ОПЕК+ өкілдерінен жаңа мәлімдемелер түскен жоқ. Осы уақытқа дейін сақталған мұнай бағасының жоғарылығы тақтатас мұнайының өндірісін ұлғайтуға жол ашуы мүмкін. Сондықтан, мұнай бағасы барреліне 67,80-70 доллар деңгейінде қала бермек. 

АҚШ доллары бағытын оңтүстікке қарай жалғастыра береді. Америка экономикасының жай-күйі туралы маңызды деректер жарияланды. Төртінші тоқсандағы қайта қаралған ІЖӨ-нің көрсеткіші болжамнан 2,6%-ға төмен болып шықты. АЛ ФҚЖ ақша-несие саясатын өзгеріссіз қалдырды. Еңбек нарығы тұрақты. Бірақ, инфляциялық қысым көрсетіп отырған жоқ. Ауыл шаруашылығы секторынан тыс 200 мың жаңа жұмыс орыны ашылды. Алайда, жалақының өсімі 0,3% деңгейінде қалды. Ал жұмыс аптасы қысқартылды. Сонымен қатар, қайта өңдеу өнеркәсібіндегі жұмыс орындарының саны 15 мыңға қысқарды. Ал инфляция 2%-ға да жетпейді. Жалпы алғанда, бәрі ойдағыдай. Бірақ тұрақты экономикалық өсу мәні жоқ. Тек америкалық валютаға деген жағымсыз пікір ғана туындап отыр. Өсім түзелуі мүмкін. Бірақ тенденцияны қалпына келтіру туралы айтуға әлі ертерек. 

Ресей валютасы долларларына 55,50-56,50 деңгейінде сақталуын жалғастыруда. Жоғарыда аталған факторлардың бәрі ресей валютасының бағамына қолдау көрсетуде. Рубльдің шетелдік валюталарға қатысты бағамының күрт өзгеруіне алғышарт жоқ. Сарапшылар осындай болжамды алға тартуда. Себебі, президенттік сайлау алдында ұлттық валюта тұрақты әрі мықты болуы керек.

9 ақпанда РФ Орталық банкінің кезекті отырысы өтеді. Меніңше, реттеушіден ақпан айында ақша-несие саясатын қатаңдатуды күтудің қажеті жоқ.

Рубльдің қазақстандық теңгеге қатысты бағамы барынша тұрақты болуда. RUB/KZT жұбының құбылмалылығы рубліне 5,7-5,8 теңге шегінде орын алды. Бұл қазақстандық валютаның доллар мен рубльге қатысты тепе-теңдікті тапқанын көрсетеді. 

USD/KZT жұбының бір АҚШ долларына 319-323 теңге шегінде саудалануы жалғаса бермек. Ал RUB/KZT жұбы рубліне 5,70-5,80 теңге шегінде қалыптаспақ.

Ілияс Басшығұл, Wall Street Invest Partners компаниясының жетекші сарапшысы:

5 ақпан – 9 ақпанТеңгенің нығаюы баяулауда. Ұлттық валюта өткен аптада мұнай бағасының түзілуіне байланысты аздап төмендеді. Мұнай бағасының төмендеуіне АҚШ-тағы «қара алтын» қоры мен мұнай өндірісі көлемінің күрт өсуі себеп болды. Алайда, өткен аптаның соңында мұнай бағасы өзінің жоғары мәніне қайтып оралды. Бұл жағдай теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамының одан әрі төмендеуіне жол бермеді. Еуропалық орталық банктің «Көгершін риторикасы» сандық жұмсарту бағдарламасының одан әрі қысқартылуын қарастырмайды. Сондай-ақ, қаңтардың соңғы күніндегі отырыстан кейінгі ФҚЖ мәлімдемесінде оң ноталар көрсетілген. Жалпы алғанда, осының бәрі долларға айтарлықтай қолдау көрсетті. Адайда, бұл ұл АҚШ долларының күшеюіне байланысты айтарлықтай қозғалыс қалыптастыруға жеткіліксіз болды. 21 наурызда пайыздық мөлшерлемені көтеру ортамерзімді перспективада долларға қолдау көрсетуі мүмкін. Федералды қызмет мұндай қадамның ықтималдылығын 83%-ға бағалап отыр. 31 қаңтар күні АҚШ президенті Дональд Трамп Конгреске арнаған «Елдегі жағдай туралы» жолдауында мәлімдегендей, АҚШ экономикасы баяу өсім көрсетсе де, дұрыс жолмен өрлеп келеді. Бұл – АҚШ билігінің ауызша болса да долларға көрсеткен қолдауы.

Келесі аптада ұлттық валюта бағамының айтарлықтай өзгере қоюы екіталай. Дегенмен, USD/KZT жұбына АҚШ ФҚЖ шенеуніктерінің мәлімдемесі әсер етуі мүмкін. ҚР Ұлттық банкінің болжамынша, 2018 жылы жылдық инфляция жыл соңына дейін бекітілген жаңа 5-7% шегін сақтай отырып, біртіндеп баялайды. Біздіңше, теңгенің америкалық валютаға қатысты бағамы 321-324 шегінде болады.

Теңгенің рубльге қатысты нығаюы апта соңында әлсіздік танытуы мүмкін. Бұған Ресей банкінің пайыздық мөлшерлемені 25 пайыздық пункттен 7,50-ге дейін төмендетуі әсер етпек. Бұл жағдайда теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,71-5,8 шегінде қалыптасады деген болжам бар.     

Дмитрий Лукашов, IFC Markets компаниясының сарапшысы:

5 ақпан – 9 ақпанӨткен аптада теңге бағамы шамалы ғана өзгерді. Brent мұнайының бағасы бірнеше апта бойы барреліне 70 доллар деңгейін еңсере алмай келеді. Бұл жағдай қазақстандық валюта нарығының қатысушыларын сәл-пәл күте тұруына мәжбүр етті. Олар сатылым мен сатып алулар қарқынын бәсеңдетті. Меніңше, инвесторлар елдің макроэкономикалық жақсы көрсеткіштерін қаперге алған секілді. Атап айтқанда, осы жылдың қаңтар айындағы инфляцияның төмендігі, 2017 жылғы Қазақстанның төлем балансындағы ағымдағы шотының тапшылығын төмендету секілді жағымды факторлар инвесторларға сенімділік ұялатты. Егер мұнай бағасы төмен құлдырай берсе де, алдағы аптада теңге айтарлықтай әлсірей қоймайды. Біздің болжам мынадай: рубль – 5,67-5,8 теңге, доллар – 318-325 теңге.

5 ақпан – 9 ақпан

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу